1. Интерерді көркем безендіруге қойылатын шарттар мен талаптар



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі450 Kb.
#124522
  1   2   3   4


Мазмұны
Кіріспе ...................................................................................................... 3

1. Интерерді көркем безендіруге қойылатын шарттар мен талаптар….. 5

1.1 Ғимараттар мен имараттардың түрлері...................................................10

1.2 Көркем безендірудегі (эстетикалық) талаптар.........................................16

1.3 Көркем безендірудегі ою-өрнектер...........................................................21

2 Безендірудегі түстік үйлесімдер (полихромия) және оптикалық түзетпеле......................................................................................................24

2.1 Интерерді безендірудегі жарық және жарық техникасының маңызы.... 28 2.2 Көркем безендірудің алғашқы әдістері мен жайғасымдары................31

2.3 Киіз үйдің ішкі көрінісі және оның бұйымдарын жасау.......................37

2.4 Практикалық жұмыс барысы....................................................................39

3 Жас ұрпақтың бойында эстетикалық мәдениет қалыптастыруда ұлттық өнеріміздің маңызы.................................................................................. 40

3.1 Технолгияны оқыту әдістемесі ..............................................................43

3.1 Техналогия пәнінің күнтізбелік жоспары................................................

3.2 Техналогия пәнінің сабақ жоспарлары....................................................47

Қортынды..........................................................................................................50

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................52

Қосымшалар......................................................................................................54



Кіріспе
Өнер - өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін, қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын форма. Адамзатпен бірге пайда болған өнер салалары ғасырлар бойы дамып, өз жанрларын жетілдіре түсті. Өнердің дамуы тікелей қоғамда болатын құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетілдіріп отырды. Ол әрдайым шығармашылық табыстарымен бағаланады.

Өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды ұдайы сұлудық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады. Өнердің қай түрі болса да өмір шындығын көркем образдар арқылы бейнелеп жеткізеді. Өнер адамзаттың дамуымен бірге жетіліп, өркендеп келеді.

Қазақстандағы өнер түрлері де ерте кезде-ақ пайда болып, адамның жан азығына, рухани байлығына айналған. Адамдар өмір сүре бастағаннан-ақ өнердің алғашқы нышаны қалыптасқан. Сондықтан да қазақ өнерін әлем өнерінің құрамдас бөлігі ретінде оқып-тануға міндеттіміз

Қандайда болмасын қоғамның мәдениетінің ілгері дамуы, әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Мәдениеттің қақ ортасында өнер тұр. Өнер-адамзат өмір жолының ең ертедегі формаларының бірі болып келеді. Адамның әлемге көзқарасы өнер тұрғысынан алғанда, айналадағы, қоғамдағы құбылыстардың ортасында тұрады. Бейнелеу өнері болсын, өнердің қай бір түрі болсын өз шығармаларында қоғамдағы, өмірдегі болып жатқан құбылыстарды бейнелемей оны айналып өте алмайды. Сондықтан халқымыздың алыс заманалардан бері қалыптасқан, өзіндік мәдениетінен сыр шертетін бейнелеу өнер туындылары, сол ұлттық мәдениетіміздің ғұмыр жолының айнасы.

Еліміздің әлеуметтік және рухани өміріндегі жаңа бетбұрыстарға сәйкес , әрқашанда мәдени игіліктерді қайта қараудан басталады.

«Қазақстан жаңғырған Ренессанстық мемлекет. Ренессанс адамзат тарихында болған істің қайта жаңғыруы .Ренессанс өткенді ой елегінен өткізіп содан болашаққа тірек болатын құндылықтар тауып, оны жаңа заманға сай жаңарту, жаңғырту.» Ғарифолла Есім «Қазақ ренессансы» Алматы 2006.

Жаңа Қазақстанның оқу жүйесінің сапасын арттыруда оқытушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайының маңызына ерекше көңіл бөлу қажет. Оқытушыларға қазіргі таңда үлкен жоғарғы талаптар қойылып отыр.

Диплом жұмысымның тақырыбы интерерді көркем безендіру , соның ішінде №4 оқу ғимаратының кіре берісін безендіру. Практикалық жұмысынд итерерді әрлеу жұмыстары орындалды Түсініктеме хаттамада көркем безендіру тәсілдерімен ондағы қойылатын талаптар қарастырылд.

Қазіргі таңда жас ұрпақтардың бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда ұлттық өнер түрімен жаңа заман өнер түрлерінің араласу синтезінен туған өнер туындыларының рөлі зор.

Диплом жұмысында қазіргі замандағы Қазақстан дизайнда және бйнелеу өнерінде әр түрлі халықтар өнерлерінің синтезінен құралған өнер туындылары қарастырылды. Үшінші тарауда әдістемелік бөлім онда еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары, бейнелеу өнерінің күнтізбелік және сабақ жоспары ұсынылып отыр.

Қазақ халқының қолөнері соану ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының тарихы, басқа халықтардікі сияқты өндірістік қатынастар дамуының шежіресі. «Қазақстан тарихы – бұл ең алдымен материалдық байлықтарды өндірушілердіңі тарихы, еңбекші бұқараның тарихы, олардың әлеуметтік және езушілердің езушілерге қарсы күрестерінің тарихы ».Міне, сондықтан да қазақ халқында қолөнердің қалыптасу кезеңдерін Қазақстан тарихымен байланыстыра сөз еткен дұрыс сияқты.

Өресі биік, өрісі кең өнер атаулының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық талантарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім.



1. Интерерді безендіруге қойылатын шарттар мен талаптар.
Сәулетшілік өте ертедегі замандардан бері адамзат мәдениетінің қажетті бөлігі ретінде алғы беттен көрініс тауып келеді. Ол өз мазмұнында әлемді игеруге арналған және нәтижесінде бұл қызметтері көзге көрінерлік болатын жасампаз, шығармашылық қызметтер процестерін біріктіре отырып, оның жүйесінің көпқырлылығын, күрделілігін тудырады.

Қалалармен шоғырланған архитектуралық мұралар адамзаттың ұжымдық жадысы нысандарының біріне айналды. Архитектура осының арқасында қоғамның билігіндегі құндылықтар қорын тек тұрақты түрде кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ қоғамның өзін де тарихи уақыттағы өмір сүруші әлеуметтік жүйе ретінде бейнелеуге қызмет етеді.

Архитектура туындысының бірінші қасиеті – белгілі бір әлеуметтік мәнді мақсаттар үшін орынды ұйымдастырылған, адам сыйысатын және ол көзкөрімдікпен қабылдайтын кеңістік. Сонымен бірге мұнда тек ғимараттың ішкі көрінісіндегі (интерьеріндегі) сияқты жан-жағынан шектелген кеңістік туралы ғана емес, сондай-ақ сыртқы, ғимараттар мен имараттар көлемдерімен, жер бетін абаттандыру мен және жасыл екпелермен ұйымдастырылған кеңістік туралы да сөз болып отыр. Нақтылап айтқанда, «архитектура» ұғымына ғимараттармен бірге бүтіндей алғанда құрылыс кешендері және елді мекендер де кіреді. Оған ішкі кеңістігі болмайтын, бірақ сыртқы кеңістіктерді ұйымдастыруға арналған имараттар да (шарбақтар, қолайлы ашық алаңдар, жағалаулықтар, көпірлер, эстакадалар, автомагистральдар айырымдары, монументтер және т.б.) енеді.

Архитектураны, оны құрылыс қызметі түрлерінен бөліп алатын екінші маңызды қасиеті- бұл оның туындысына салынатын ақпарат. Бұл ақпарат өзіне адамдарың іс жүзінде бағдарлануы үшін, олардың психологиялық қондырмаларын қалыптастыру және тұлғаны тәрбиелеу үшін маңызды жалпы мәдиниеттік, сезімдік-эстетикалық және идеялық-көркем мазмұнды енгізеді. Сонымен архитектура тіршілікті ұйымдастыруға тек процестерді жүзеге асырудың қажетті шарттарын қамтамасыз ететін өз материалдық құрылымдарымен ғана емес, сонымен бірге әрі өзі алып келетін сол ақпаратпен де қызмет етеді. Сондықтан оның туындылары материалдық – тәжірибелік және ақпараттық-эстетикалық сынды екі түрлі құндылыққа ие.

Сонымен архитектураның маңызды үшінші белгісі – оның жүйелілігі.

Сәулет онері туындысы кеңістіктің белгілі бір бөлігін қалыптастыра отырып, сонымен бірге объектілер жүйесіне кіреді- ол ғимараттар кешенінің элементін тудырады; кешен, өз кезегінде, бүтіндей алғанда , қоныс тепкен орынның элементі болып табылады. Бұл ретте архитектуралық объектілер заттық- кеңістіктік ортаның – субъектімен бірлесіп әрекет ететін және оның мінез- құлқымен өзектендірілетін заттық-кеңістік қоршаған ортаның құрылымдық негізіне қаланады. Бұл жағдайда субъект ретінде жеке адам, адамдар тобы, қалалық қауыдастық немесе тіпті халық және адамзат бола алады – субъектімен жүйелік ұйымдастырудың орта қарастырылатын деңгейі анықталады.

Ортаны ескеру жолы сәулет өнері және дизайнға тән жүйелілікті мінез- құлықтар пішіндері мен олар қамтамасыз етілген материалдық құрылымдардың бірлігі ұғымымен, қоршаған ортаны «адмиландыруды» қажетті сапа ретінде бағыттай отырып, байланыстырады. Архитектура туындысы осындай адамиландырылған жүйенің бөлігі ретінде тәжірибелік пайдаланыста да, өзінің ақпараттық сапаларында да көрініс табады.

Ортаны жүйелі ұйымдастырудың әр алуан деңгейлері объектілердің әр түрлі санаттарына айналады. Жеке процестерді қамтамасыз етумен байланысты қарапайым деңгей заттарға немесе заттар тобына қалыптастыру – бұл дизайн саласы. Өзін ұйымдастыруға орнықты кеңістік құрылымдарды талап ететін күрделі, құрамдас қызметтер архитектура саласын анықтайды. Елдімекен (қала) құрылысы мен сәулет арасындағы шекара мейлінше шартты болса да, ортаны қалыптастырудың жүйелік міндеттерінің салаларын кеңейтудің нәтижесі елдімекен құрылысының – жаңа жерге қоныстандырудың және елді мекендерді ұйымдастырудың теориясы мен практикасының бөліктенуі болып табылады. Бір жағынан, архитектура проблемаларын шешу елдімекен құрылыстық деңгейде басталуы тиіс, өзге жағынан алғанда – кез келген елдімекен құрылыстық шешімдер архитектураға тән дәстурлі деңгей арқылы (ғимарат, ғимараттар кешені, ансамбль, ансамбльдер жүйесі) іске асырылады.

Біз бүгінде тығыз қоңыстанған, кенттендірілген әлемде тұрамыз. Қалалар неғұрлым өскен сайын, олардың құрылыстары тығыз болған сайын, соғұрлым жасанды ортаның сілімдерінің адамға және табиғатқа түсірер қысымы да барынша күшейе бастайды. Адамзаттық азаптан аман қалу проблемасына айналған экология проблемалары алдыңғы орынға шықты. Бірақ сауықтырылған орта туралы қамқорлық тек қана оның физикалық сапаларымен және де атмосферадағы және су қоймасындағы ластануды немесе табиғат жүйелеріндегі тепе-теңсіздікті алдын ала болдырмауымен ғана шектелуі мүмкін емес. Ортаның пішіндері мен адамның мінез-құлықтары арасындағы өзара байланыс әлеуметтік және психологиялық проблемалар- «мәдениет экологиясы» туралы да ойлануға міндеттейді.

Архитектураның үш сипатты – қызметтік, эстетикалық және құрылымдық ерекшеліктері болады. Архитектуралық ғимараттардың функциялары – бұл ғимараттардың қызметтері, олар көбіне бөлмелердің санын, олардың құрамын, олардың орналасуын және өлшемдерін анықтайды. Ғимараттың қызметтік мазмұны адамдардың күнделікті тәжірибеге сүйенген (утилитарлық) және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.

Сәулеттік имараттардың көркемдік құндылықтары ғимараттың сыртқы және ішкі келбетінің шешімімен анықталады. Витрувий, көне римдік сәулетші салынымдарға ол «ұнамдылық», «әсемдік», «мінсіздік» түрін қамтамасыз етуі тиіс деп атап көрсетті. Келбеттің жарасымдылығы, айшылықтығы әрбір ғимаратта көрінуі тиіс. Имарат тұрақты түрде оны пайдаланатындармен, оларға арналғандармен және мұнан өзге оны сырттан байқайтын сандаған адамдардың көзкөрімдігімен қабылданады. Барша дәуірлердің құрылысшыларының өздерінің салынымдарына кез келген бір түрде жарасымды келбет беру талап-тілегі де осыдан келіп шығады. Бұл жарасымдылықтың дәрежесі әр түрлі болады. Ол имараттың арналған мақсатына, оның жалпы салынымдар жүйесіндегі орнына және өзге себептерге байланысты болады. Ғимараттың көркем келбеті екі негізгі сәтті - жалпы- үйлесімдік пішіндерін және жеке, бөлшектік пішіндерді анықтайды. Жалпы архитектуралық пішіндер – біз ғимараттың үйлесімі деп атайтын – имараттың бас көлемдері, оның массаларын, пропорцияларын негізгі топтау. Жалпы архитектуралық пішіндердің ұғымына сыртқы ғана емес, сонымен бірге ішкі көлемдер де кіреді. Біз «жеке» пішіндер деп, ғимараттың барлық үйлесімділігіне қатыстылығы жағынан жеке сипат иеленетін архитертуралық (сонын ішінде сәндік) элементтерді ұғынамыз. Оған ернеулерді, мандайша қабырғаларды, балкондарды, терезелер мен есіктердің жақтауларын, имараттың сыртындағы және ішіндегі мүсіндік бөлшектерді және сәндіктің өзге элементтерін жатқызуға болады.

Жеке архитектуралық элементтер үлкен мәнге ие, олар ғимараттың негізгі көлемдерін толықтырады және аяқтайды, оларды иілімді түрде барынша айшықты жасайды, имараттың масштабын дәл айқындауға мүмкіндік береді. Бірақ сөйтсе де ғимараттың көркем айшықтылығы бүтендей алғанда, үйлесімділікке, имараттың жалпы массаларын топтауға, оның сұлбалығына , жалпы пропорциясына байланысты.

Сәулеткерлер қашанда өздерінің жабарарын неғұрлым үнемді әдісамалмен іске асыруға тырысады, бұған тек шығармашылық, жобалық әдістің дәлдігі болған жағдайда ғана қол жеткізіледі. Архитектор жұмысты бір мезгілде бірден үш өлшемде - жайғасымдармен, қималармен және қасбеттермен жүргізуі тиіс. Тек «үшөлшемдік», кеңістік елестетіп, көзге әкелу ғана оңтайлы сәулеттік шешімді қамтамасыз етеді. Архитектор үйлесімдікпен жұмыс істеу процесінде имараттың сыртқы және ішкі көлемдерінің барабарлығын жасауға тырысуы керек.

Жоғарыда келтірілгендей, архитектураның беріктікті қамтамасыз ететін үшінші жағы - құрылымдық ерекшеліктері. Имарат, ереже бойынша ұзақ уақытқа арналып салынады. Беріктік пен орнықтылық ғимараттың ұзақ мерзімге қолданылып тұруының маңызды шарты болып табылады.

Барлық «тариха» құрылымдық жүйелерді ұстап тұрушы (қабырғалар, жеке тұрған тіреулер) және жабушы – арқалықтар, күмбездер құрылымдарына жіктеп, бөліге болады. Барлық дәуірлердің құрылысшылары үшін айрықша күрделілікті әрқашанда жабуды құрылымдар тудырды.

Архитектураның құрылымдық жағы – ғимараттың үйлесімін анықтау кезінде маңызды және органикалық фактор болып табылады. Сонымен бірге құрылымдар өз алдына айтарлықтай эстетикалық әсер туғызуға қабілетті.

Сәулет өнерінің тарихи құрылыс материалдарының және олардан жасалған құрылымдардың тұрақты өзгерісіне күә бола алады. Бұл өзгерістерге өндіргіш күштердің дамуы мен өмір ұсынған жаңа міндеттер алғышарт жасады. Бұл өзгерістер тек дәуірлерден дәуірлерге ғана емес, сондай-ақ уақыттың неғұрлым шектеулі шеңберінде де өтті. Құрылыс материалдарының технологиялық ерекшеліктері көп ретте құрылымның сипатын да анықтайды.

Құрылыс өндірісінің құрылымдары мен технологиялары архитектуралық жүйелерді қалыптастырудың белсенді факторы болып отырады. Сәулеттік бейнеге де үлкен назар аударылады - ол туралы ұғым пішін тудыру әдіс-амаладарын, ғимараттардың, олардың қасбеттері мен интерьерлерінің жалпы тектоникалық және әсемдік айшылықтылығын анықтауға көп рөл атқарды.

Қызметтер және пішіндер, сәулеттік түрлер мен тәсілдер қатынастары проблемалары, сәулеттік пішін беретін бейне және оны іске асырудың әдістері проблемалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Сонымен, архитектураны дамыту процесінде және құрылыс ісінде ғимараттар типтерін әзірлеудегі және олардың ішкі жайғастыруындағы сияқты тұрақты және соншалықты ірі өзгерістер өтеді. Архитектураның құрылымдық , қызметтік және көркем ерекшеліктері тарихи процесс барысында өзгерген және қайсы бір кез келген архитектуралық стильде өзінің нақты көрінісін тапқан тарихи санаттар болып табылады.

Әрбір стиль белгілі бір дәуірде туады, онымен бірге эволюциялық дамуын өткереді және өшеді немесе одан көп ерекшеленетін және тіпті алдында-ақ оның шеңберінде қалыптасатын өзге стильге өтеді. Бұдан ертеде болған стильді, оның пайда болғанын анықтайтын дәуірді де қайта жаңғырту болмайтыны секілді, жасанды қалпына келтіруге болмайды деген қорытынды жасауға болады.

Архитектура – бір мезгілде әрі техника әрі өнер. Ғимараттарды жобалау және тұрғызу инженерлік –техникалық білімдердің негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге, ол өнер болып табылады, өйткені архитектор болашақ ғимаратты жобалай отырып, көркем сезімдік бейнелермен ой толғайды. Архитектор ғимараттың жобасын әзірлеуге арналған тапсырма алғанда, учаскені ойға ала отырып, құрылысқа бөлінген қаржылар туралы мәліметті иелене, алдымен болашақ ғимараттың бейнесін, оның келбетін, оның көлемдерін құрайтын негізгі пішіндемесін жалпы нысанда, сосын барынша нақты құруға тырысып, жобалауға кіріседі. Бұл шығармашылық процесс жайғасымды әзірлеу мен жобаланған ғимаратты құрылымдау жалғаса, қатар жүреді. Суреткер адамдар және табиғат бейнелерімен, ал архитетор – негізінен геометриялық пішіндермен ой тербейді, бірақ онда да және мұнда да көркем шығармашылықтың негізгі белгісі болып табылатын бейнелеп ойлау талап етіледі.

Архитектураның негізгі байланысты бөлімін интерьер және оған қойылған жиһаз мүліктері құрайды. Интерьерге бейнелеу өнері (живопись), мүсін, қолданбалы қолөнер бұйымдары жиі енгізіледі. Интерьер принципінде ғимараттың сыртқы бейнесіне стильдік және көркемдік жағынан сәйкес келуі қажет. Интерьермен стильдік жағынан біртұтас, онда ораналасқан заттар дүниесі болуы тиіс. Интерьер жаңа уақытқа қоғаи өміріне сәйкем талғам мен сәннің өзгерісіне негұрлым сезімтал және бейімделгіш келеді.

Сәулеткерлер шығармашылығың көрініс табуының жоғарғы түрі көркем - жайғастырушылық бірлігін иеленетін, бір-бірімен кеңістікті түрде әрекет ететін бірқатар архитектуралық ғимараттардың жиынтығы түріндегі архитертуралық ансамбль болып табылады. Архитертуралық ансамбльдер бірыңғай ойдың негізінде әрдайым бірден орнай бермейді, оның біртіндеп, ұзақ уақыт бойы қалыптасатын кезі аз емес.

Архитектура – бұл жеке ғимараттар ғана емес. Архитектура - бұл әрі көшелері, алаңдары және мүсіндері, павильондары мен кішкене көпірлері, алаңшалары мен суқоймалары, бақтары мен аллеялы саябақтары бар қалалар.

Бақтардың, саябақтардың жайғасымдауы және барлық кеңістіктік үйлесімі де «архитектура» ұғымының бөлігін құрайды. Бұл – бақтық- саябақтық архитектура.

Өнердің жинақталуы (синтезі) - сәулеттің, мүсіннің және бейнелеу өнерінің тығыз байланыстығы қашанда ерекше мәнге ие болады. Бейнелеу өнері мен мүсіннің басты мақсаты - ғимараттың бейне сипаты мен оның қызметтік ерекшілігін көркемдік әдістермен ашу. Бұған қоса бейнелеу мен мүсін архитектуралық кешеннің көркемдік-әсемдік айқындығын арттырады.

Сонымен сайып келгенде , сәулеткердің архитектуралық шығарманы – жеке ғимаратты, тұтас ансамбльді немесе қалаларды жасаудағы рөлі әрқашан жеке өзіндік, жауапты және көпқырлы. Егер оның туындысы қазіргі өзінің заманы бір дәуіріне үйлесімді және үндес болса, бүгінгі сұраныстарға жауап берсе және архитектурадағы келешек ағымдарды алдын ала сезіне білсе, ол назарды ләззатқа бөлей отырып және замандастары мен адамдардың көптеген келешек ұрпақтарының қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ғасырлар бойы сақталып қала бермек.



1.1 Ғимараттар мен имараттардың түрлері.
Сәулетшілер мен құрылысшылардың жасампаз жұмыстарының нәтижесі дайын ғимараттар мен имараттар болып табылады. Кең мағынада «имарат» деген ұғымға «ғимарат» ұғымы да енеді.

Бөлмелері бар және адамдар тұруға және қандай бір тұрмыстық, мәдени-қоғамдық, өндірістік немесе шаруашылық қызметтерді орындауға арналған құрылыстар ғимараттарға жатады.

Инженерлік имарат - әр түрлі өндірістік процестерді орындауға, материалдарды сақтауға арналған және өзге (суқабылдағыш имарат, сұйықты сақтауға арналған резервуар, құбыр, түгін мұржасы, газгольдер, канализациялық тазалағыш имарат және т.с.с.) арнайы қызметтік құрылыстар.

Ғимараттар мен имараттардың қызметтеріне байланысты құрылысты - өнеркәсіптік , азаматтық ( тұрғын, қоғамдық және коммунальдық- шаруашылық ғимараттар мен имараттар), гидротехникалық (теңіз және өзен), темір жол, автомобиль жолы, көпірлер және тоннельдер, ауылшаруашылық, мелиоративтік, шахталық, құбырлардың сыртқы тораптары, энергетика және байланыс тораптары, қорғаныстық түрлері бойынша бөледі.

Ғимараттар мен имараттардың жіктелуі оларды жобалау кезінде экономикалық орынды шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасау мақсатын көздейді. Жіктеудің негізіне ғимараттар мен имараттарды олардың қызметі мен мәнділігіне байланысты кластарға бөлу алынған.

Ғимараттар өзінің қызметтеріне қарай - тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік кәсіпорындар және ауылшаруашылық ғимараттары болып бөлінеді.

Тұрғын ғимараттарға қарттарға және орындық-арбаларда жылжитын мүгетектері бар отбасыларына арналған пәтерлік үйлер қоса кіретін пәтерлік үйлер, биіктігіне 25 қабат қоса кіретін жинақханалар ҚР ҚНжЕ, шаруашылық-тұрмыстық және шағын кәсіпкерліктің өзге құрылыстары ҚР ҚНжЕ қоса кіретін жеке тұрғын үйлер, қонақ үйлер , мүгедектерге және қарттарға арналған интернат үйлер жатады.

Қоғамдық ғимараттарға - ҚР ҚНжЕ бойынша алынған қоғамдық ғимараттар, кешендер және имараттар топтары тізіміне сәйкес жеке тұрған ғимараттар мен имараттар, тұрғын ғимараттардың құрамдарына енгізілген қоғамдық қызметтік бөлмелер кіреді.



1. Білім беруге, тәрбиелеуге және кадрлар даярлауға арналған ғимараттар:

  • мамандандырылған, сауықтырушы және сақтауыш мектеппен біріктірілген балалардың жалпы типті мектепке дейінгі мекемелері;

  • жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер және мектеп- интернаттар, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар;

  • кәсіптік- техникалық училищелер және жұмысшы кадрларын даярлауға және қайта даярлауға арналған оқу орындары;

  • орта арнаулы оқу орындары;

  • жоғары оқу орындары;

  • мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға арналған оқу орындары;

  • мектептен тыс мекемелер.

2. Ғылыми- зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдарына және басқаруға арналған ғимараттар:

  • ғылыми-зерттеу институттарына арналған (ірі арнаулы ғимараттарды қоспағанда);

  • жобалау және конструкторлық ұйымдарға арналған;

  • ақпараттық орталықтарға арналған;

  • басқару органдарына арналған;

  • қоғамдық ұйымдарға арналған;

  • кредит беруге, сақтандыруға және коммерциялық қызметке арналған;

  • мұрағаттарға арналған.

3. Денсаулық сақтауға және демалысқа арналған ғимараттар мен имараттар:

  • жатып емделуші емдеу орындары, перзентхана үйлері, амбулаторлық емханалық, дәріханалар, сүтханалар, сумен және балшықпен емдеу орындары;

  • санаторийлер; санаторий-профилакторийлер;

  • демалыс және туризм мекемелері.

4. Денешынықтыру-сауықтыру және спорттық ғимараттар мен имараттары:

5. Мәдени-ағартушылық және ойын-сауық мекемелерінің ғимараттары:

  • кітапханалар;

  • мұражайлар мен көрмелер;

  • клубтық ғимараттар (клубтар, мәдениет үйлері мен сарайлары, демалыс орталықтары және т.б. );

  • ойын-сауық ғимараттары (театрлар, концерт залдары, кинотеатрлар, цирктер және т.б.).

6. Сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар:

  • бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған;

  • қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған (өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы ғимараттары мен бөлмелеріне жататын қоғамдық тамақтандыру ғимараттары мен бөлмелерін қоспағанда);

  • халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған (өндірістік емес сипаттағы) тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған.


7. Халыққа көліктік қызмет көрсетуге арналған ғимараттар:

  • көліктердің барлық түрлерінің вокзалдары;

  • жолаушыларға қызмет көрсету кеңселері және көлік агенттіктері, кассалық павильондар.

8. Коммунальдық шаруашылыққа (өндірістік, қойма және көлік ғимараттары мен имараттарынан өзгелер) арналған ғимараттар:

  • азаматтық рәсім-жоралар, жерлеу бюросына арналған;

  • тұрғын үй-пайдаланушылық;

  • қонақүй кәсіпорындары, мотельдер және кешендері;

  • қоғамдық дәретханалар;

  • моншалар және монша-сауықтыру кешендері.

9. Әр түрлі қызметтік бөлмелер кіретін көпқызметтік ғимараттар мен кешендер.

10. Қоғамдық ғимараттарға мешіттерді, медреселерді, шіркеулерді, костелдерді т.б. с.с. үйлерді жатқызуға болады.

11. Сот, прокуратура т.с.с. органдарға арналған ғимараттар.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға мыналар жатады.



  1. Өндірістік ғимараттар мен бөлмелер, зертханалық ғимараттар мен бөлмелер.

  2. Өнеркәсіптік кәсіпорындар имараттары:

а) жерасты имараттары: Тіреуіш қабырғалар, Үйасты қабаттары, Тоннельдер мен каналдар, Түсірілмелі құдықтар;

б) сұйықтарға және газдарға арналған сыйымдылық имараттары: мұнай және мұнайөнімдері Резервуарлары , Газгольдерлер;

в) сусымалы материалдарға арналған сыйымдылық имараттары: Қоймалар, Шанақтар, Сүрлемдер және сусымалы материалдарды сақтауға арналған сүрлемдік корпустар, коксхимзауыттардың Көмірлік мұнаралары;

г) жерүсті имараттары: Қабаттар (этажеркалар) және алаңшалар, Ашық крандық эстакадалар, Технологиялық құбырлар астында жеке тұрған тіреулер мен эстакадалар, Галереялар мен эстакадалар, Жүк түсіруші теміржол эстакадалары;

д) биік имараттар: Градириялар, пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі кәсіпорындардың Мұнаралық шойын тоқпақтары, Түтін мұржалары, Сорғыш мұнаралар, Суарындық мұнаралар.


  1. Сумен жабдықтауға және канализацияға арналған сыйымдылық имараттары.

  2. Жерасты гараждар-тұрақтар;

  3. Жерасты кен қазбалары;

  4. Жылу электр станциялары;

  5. Тоңаззытқыштар;

  6. Қоймалық ғимараттар;

  7. Темір жолдар 1520 мм;

  8. Аэродромдар;

  9. Темір жол және автомобиль жолдары тоннельдері;

  10. Автомобиль жолдары;

  11. Көпірлер мен құбырлар;

  12. Өнеркәсіптік көлік;

  13. Трамвай және троллейбустардың жолдары;

  14. Гидротехникалық имараттар;

  15. Мелиоративтік жүйелер және имараттар;

  16. Магистральды құбырлар, мұнай құбырлары, мұнайдың мұнайөнімдерінің және сүйытылған газдардың жерасты қоймалары.

  17. Полиграфиялық кәсіпорындар.

  18. Жеңіл өнеркәсібі.

  19. Тамақ өнеркәсібі.

  20. Құрылыс индустрия кәсіпорындары.

  21. Химия және мұнай кәсіпорындары.

  22. Инженерлік жүйелері

  • жылумен жабдықтау;

  • сумен жабдықтау және канализация ;

  • газбен жабдықтау;

  • электр жабдықтау.

  1. Байланыс имараттары

  • байланыс желісі;

  • радио мен теледидар.

Ауылшаруашылық ғимараттарына жататындар:



  1. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға және қайта өндеуге: сақтауға арналған (өнімдерді тауарлық өңдеуді қоса алғанда) ғимараттар мен бөлмелер;

  • көкөністерді, картоптарды және бағбандық және жүзім өсірушілік өнімдерін қайта өңдеу;

  • сүтті, малды және құстарды, жүнді және үлбірлі терілерді, майлы және қабықты дақылдарды бастапқы өндеуге арналған.

  1. Әкімшілік –тұрмыстық ғимараттар және ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға және қайта өндеуге арналған ғимараттар мен бөлмелерде жұмыс істеушілерге арналған тұрмыстық бөлмелер.

  2. Имараттар-тоннельдер, галереялар, эстакадалар, каналдар, шанақтар, алабтық қабаттар, алаңшалар, антрессолдар;

  3. Мал, құс және аң өсіру ғимараттары мен бөлмелері;

  4. Жылыжайлар мен көшетханалар;

  5. Астықты сақтау және қайта өндеу жөніндегі кәсіпорындар, ғимараттар және имараттар;

  6. Өсімдіктерді қорғаудың құрғақ минералдық тыңайтқыштары мен химиялық құралдары қоймалары, өрт сөндіру деполары;

  7. Ұжымшарлардағы және өзге ауылшаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарындағы ішкішаруашылықтық автомобиль жолдары.

Ғимараттар мен имараттар жауапкершілік дәрежелері бойынша кластарға бөлінеді . Жекеленген жобаланатын ғимараттар мен имараттарды кластардың қайсысы біріне жатқызу мынандай белгілеріне байланысты жүргізіледі:

а) ғимараттың немесе имараттың қызметі ;

б) құрамында көрсетілген ғимарат немесе имараттың құрылысы жүзеге асырылатын кешендік объектінің (елді мекен, өнеркәсіптік кәсіпорын, темір жол, гидроторап, электр берілісі желісі және т.с.с.) халықшаруашылықтық мәні, өлшемдері және қуаттары;

в) қала құрылыстық талаптар (елді мекендердегі объектілерге арналған);

г) ғимаратта немесе имаратта орнатылған материалдық құндылықтар мен бірегей жабдықтардың шоғырлануы.

Әр түрлі ғимараттар мен имараттар келтірілген белгілердің жиынтығы бойынша үш жауапкершіліктік класқа бөлінеді.

І топқа жоғарылатылған талаптар ұсынылатын ғимараттар мен имараттар, ал ІІІ класқа – минимальды талаптар ұсынылатындар жатқызылады.

Барлық құрылыс материалдары мен құрылымдары жанғыштығы бойынша мынандай 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, баяу жанғыш және жанғыш. Ғимараттың отқа төзімділігің әрбір дәрежесіне арналған негізгі құрылымдар жанғыштықтың тиісті топтарына сәйкес болуы қажет және отқа төзімділіктің ҚНжЕ келтірілген, сағаттарға бөлінген белгілі бір шектерін иеленулері керек.

Ғимараттар құрылыс сипатына қарай келесіндегідей бөлінеді:

а) көп сандық мөлшерде жаппай басымырақ типтік жоба бойынша салынатын көпшілік құрылыс ғимараттары (тұрғын үйлер, мектептер, бала бақшалар және с.с.);

б) монументальды немесе бірегей (сәулеттік мәні зор ірі қоғамдық ғимараттар: театрлар, мұражайлар және т.б.).

Ғимарат салынатын құрылыстың (тұрғын ғимараттарға арналған) құрылыстық аймақтарынның сипаты бойынша былай бөлінеді:

а) қоғамдастырылған жер учаскелері (қалалық тип);

б) жекеленген жер учаскелері (үй жайлық тип).

Ғимарат қабаттылық бойынша былай бөлінеді:

а) аз қабаттылар (1-2 қабаттар);

б) отра қабаттылар (3-8 қабаттар);

в) көп қабаттылар (9-25 қабаттар);

г) биік (25 қабаттан астам).

Қабаттардың орналасуына қарай өз аттары бар. Еден жер бетіне қатысты алғанда, оның биіктігінің жартысынан астам терентілген қабат үйасты қабаты (жертөле) деп аталады. Еден аз терендетілген болса, қабат жартылай үйасты қабатты немесе шығыңқы іргелікті деп аталады. Шығыңқы ірге қабырғаның төменгі бөлігі болып саналады.

Тікелей шығыңқы іргелік немесе үйасты қабаттарының немесе жер деңгейі үстінде орналасқан қабаттар жерүстілік деп аталады және төменнен бастап реттік нөмірлермен белгіленеді.

Ғимараттың қабаттылығын анықтау кезінде тек жерүстілік қабаттар ескеріледі.

Ғимаратты температуралық-ылғалдылық тәртіп бойынша бөлімшелеу:

а) жылдың суық мезгілінде температуралық-ылғалдылық тәртіппен реттелмейтін, яғни жылытылмайтын немесе суық ғимараттар;

б) жылдың суық мезгілінде температуралық-ылғалдылық тәртіппен реттелетін, яғни жылытылатын немесе жылы ғимараттар.

Өздері тұрғызылатын элементтерінің өлшемдері бойынша алынатын ғимараттар:

а) кіші элементті, мұнда ғимарат тиісті орынға күрделі жинақтау механизмдерінсіз қойылатын кіші элементтерден (мәселен: кірпіш, кеуек қыш тастан, цементті-бетондық жәнге гипсбетондық тастар –ұсақ блоктар, аражабын арқалықтары, еден тақтайлары, итарка, терезе және есік кәсектері, жақтаулары және есіктер жармалары және т.б.);

б) ірі элементтік, мұнда оларды тұрғызу кезінде көтеру-көліктік механизмдерді қолдану талап етіледі. Мәселен, олар: ірі панельді қабырғалы ғимараттар; қабаттарды көтеру әдісімен және көлемдік элементтерден (бөлмелер мен пәтерлер) тұрғызылған ғимараттар.

Ғимарат негізгі материалмен, қабырғалардың неден орындалғаны бойынша: ағаштан, кіркіштен, бетоннан, темірбетоннан, металдан, табиғи тастардан, саздан және т№б№ жіктеледі.

Қоршаған ортаны және ұлттық байлықты, жекеменшілікті, халықтың денсаулығы және өмірін қорғау жөніндегі қызметтің ажыратылмайтын бөлігі ретінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып саналады.

Тармақшадағы техникалық талаптар ғимараттар мен бөлмелерді өртке қарсы қорғаныстың жалпы талаптары ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002-ге сәйкес болып мазмұндалады.

Көрсетілген нормалардан басқа нормативтік құқықтық актілермен және мемлекеттік нормативтермен: «Өрт қауіпсіздігі туралы Заң», ҚР ППБ 08 «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері» және т.б.

Өрт болған жағдайда ғимараттарда құрылымдық, көлемдік-жайғасымдық және инженерлік –техникалық шешімдермен қамтамасыз ету:


  • халықты көшіру, олардың жасына және тұлғалық жағдайына тәуелсіздік мүмкіндігін;

  • халық құтқару мүмкінлігін;

  • өрт бөлімшелеріне және өртсөндіруге арналған құралдарына рұқсат мүмкіндігін;

  • көрші ғимараттарға өрттің таратылмауын;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет