1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Азия және Африка халықтарының қоғамдық құрылысы мен саяси картасы. Феодалдық қатынастар дағдарысы


-1856 жж. Қырым соғысы және Танзиматтың «ІІ кезеңі»



бет16/36
Дата04.05.2023
өлшемі1.24 Mb.
#473220
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
1. Жа а д уір арса ында ы Азия ж не Африка халы тарыны о амды

16. 1853-1856 жж. Қырым соғысы және Танзиматтың «ІІ кезеңі».
XIX ғасырдың 40 жылдарында Осман империясында реформалардың жана кезеңі басталады. Бұл реформалар «танзимат» деген атауға ис болды. Танзимат реформалары екі кезеңнен тұрды;
Бірінші кезең - 1839-1853 жыллар аралығы, яғни Қырым соғысының басталуына дейінгі кезең.
Екінші кезең - 1856-1871/1872 жылдар аралығы, конституцияны кабылдауға
дейінгі кезең. Танзимат міндеттері: - Империяның экономикалык, саяси, сыртқы саяси жағдайын нығайту;
Туркияда капитализмнің орнауына жағдай туғызу; Мемлекеттің құлдырауының алдын алу, ұлт-азаттық қозғалыстың ұшынуын тоқтату.
Бұрынғы реформалармен салыстырғанда, танзиматта басты орынды әскери емес, әлеуметтік-экономикалық реформалар алды. Бұл қайта құру идеясының басты авторы Мустафа Решид паша (1800-1858) еді. Ол 1869 жылы 3 қарашада Гюльхане саябағында өзі құрған «Гюльхане хатт-и шериф» атты жарлығын жария етті. Мустафа Решид паша - сыртқы істер министрі, премьер-министр қызметтерін атқарған, ұзақ уақыттар бойы Франция мен Англияда өмір сүрген, терен ойлы, көреген қайраткер болған.
Гульхане жарлығы үш бөлімнен тұрды: Біріншіден, нәсіліне, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық азаматтарының өмірін, ар-ұжданын және дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Екіншіден, салықты жинау мен бөлуді реттеу. Үшіншіден, әскери қызмет мерзімін қысқарту, жауынгерлерді әскерге алу ере-
желерін жаңарту.
Хатт-и шерифте алдыға қойылған міндеттер, халық пен үкіметтің бірлігі болғанда ғана жүзеге асатыны айтылды. Реформа авторлары Империяға, көпұлтты елді біріктіретін мемлекеттік идеология қажет екенін түсінді. Осындай идеология ретінде османизм жарияланды. Османизм жақтастары түрік державасында өмір сүретін «барлық халықтардың теңдігі мен бірлігін» паш етті. Кейін бұл османизм идеясы, жас түріктер қозғалысының идеологиясына айналады.
Осман империясында Хатт-и шериф идеялары мұсылмандардың да, христиандардың да қарсыластығын тудырды. Мұсылмандар «кәпірлермен» бірге болуга қарсы болса, христиандар өз кезегінде тәуелсіз, жаңа мемлекет құрғылары келді. Дегенмен, танзимат барысында біраз игілікті шаралар да іске асырылды: жер туралы заң, қылмыстық іс және азаматтық іс кодекстері қабылданды. Сұлтан таққа ресми түрде отырған соң, қабылданған заңдарды бұзбауға міндеттеме алды. Акша реформасы жүргізілді. Қызметкерлердің жалақысына қатаң шек қойылды. Орта мектептер ашылды. Империя аумағында теміржолдар мен байланыс тораптары салынды. Алғашқы өнеркәсіп орындары пайда болды. Танзиматтың бірінші кезеңі осындай жетістіктерге ие болып, елдің алдыға жылжуына ұйытқы болған. Қырым соғысы басталған реформалардың барысын бұзды. 1853-1856 жылдардағы қактығыстың себебі, баяғы «Шығыс мәселесі» еді, яғни Ресей, Англия, Франция және басқа да еуропалық елдердің Таяу Шығыс үшін күресі. Дау-жан- жалды бастаған Ресей болды. 1853 жылдың ақпанында I Николай Портаға ультиматум жібереді. Онда, Осман империясындағы барлық христиан халықтарына Ресей қамқорлық жасауы тиіс деген талаптар қойылған. Мемлекеттің ішкі істеріне араласқаны үшін Ресейге наразы болған сұлтан, оның талаптарын қабылдамайды. Осындай шисленістерден кейін Қырым соғысы басталады. Ресей тек Түркиямен соғысуға үміттенді, бірақ оның болжамдары іске аспады. Англия, Франция, Сардиния сұлтанмен келісім жасап, Портаның жағында соғысты. Соғыстың нәтиже сінде Ресей жеңілді. Париж трактаты бойынша (1856 ж.) Ресей Түркияға Карс қамалын және Бессарабияның бір бөлігін қайтарды. Сонымен қатар, Қара теңіздің нейтралитетін, Сербия, Молдавия, Валахияда Осман империясының үстемдігін мойындауға мәжбүр болды.
Қырым соғысында жеңгенімен, Түркия Еуропа елдерінен 1854, 1855 жылдары қарыз алуына байланысты, оларға тәуелді жағдайға түсті. Сондықтан, танзи- маттың екінші кезеңі елеулі жетістіктерге жетті деуге болмайды. Екінші кезеңнің басты құжаты 1856 жылғы «Хатт-и хумаюн» болды. Бұл манифесте елдің тек экономикалық қана емес, саяси теңдігі жөнінде де айтылды. Еуропалық державалардың қысымымен, шетелдік кәсіпкерлерге мемлекетте ерекше құқық берілу жөнінде заңдар қабылданды. Батыс инвесторлары Түркияда жер сатып алу, темір жолдар салу, пайдалы қазбаларды өңдеу ісіне араласу, теңіз сауда жолдарын бақылау құқтарына ие болды. 1856 жылы ағылшын және француз капиталдары арқылы Оттомандық банк ашылды. Бұл шектен тыс суропалықтардың араласуымен болған жаңалықтарға қарсы, танзиматтың басты инициаторы Мустафа Решид-паша қарсы шықты. Оған істің барысы ұнамады, өйткені мұның барлығы Түркияны шетелдіктерге экономикалық, саяси тәуелділікке әкелді.
XIX ғасырдың 50-60 жылдары шетелдіктерге кіріптарлыққа қарсы шыққан жалғыз ұйым - «жаңа османдар» козғалысы болды. Ағарту ісіндегі реформалардың нәтижесінде пайда болған бұл қозғалысқа ұлттық интеллигенция мүше болды: жазушылар, ғалымдар. 1865 жылы Стамбулда ұлттық интеллигенцияның өкілдері жасырын ұйым құрады. Оның мүшелері өздерін «жаңа османдар» деп атайды, ал Еуропада олар жаңа түріктер деген атқа ие болады. Өздерінің шығу тегі жағынан «жаңа османдар» жериеленуші бюрократияға жатты, идеология жағынан - либералдар болды. «Жаңа османдар» Портаның экономикалық, саяси тәуелсіздігін, сұлтан билігінің шектелуін, конституциялық монархия құруды және ағарту ісінің әрі қарай қарқын алуын талап етті. 1876 жылы жаңа османдардың ықпалымен елде ең алғашқы конституция қабылданды.

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет