МАЗМҰНЫ
Кіріспе............................................................................................
1 Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалауы
1.1 Жер ресурстарын пайдалану және жер қорын пайдалану……..…
1.2. Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі…..…...
принциптері
2 Жер бақылау және жер бағалау ерекшеліктері
2.1 Жер бақылау қажеттілігі, түрлері және әдістемелері…………….
2.2 Жерді бағалау: көзқарастар, бонитет баллдарын қолдану, жер
бағаларын анықтау әдістері………………………………………
3 Жер бақылау мен жерді бағалау жолдарын жақсарту……………..
Қорытынды...............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.........................................................................
КІРІСПЕ
Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%- ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2-ін теңізбен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтанда ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатынг Қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агро азық-түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенмен айтсақта жеткілікті.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн. га жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, куроттар, қорықтар, тарихи және мәдениет болып бөлінеді.
Осы «Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы нұсқама» (әрі қарай Нұсқама) Қазақстан Республикасы аумағында жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және оның нәтижелерін салыстыру бойынша бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында жасалған.
Нұсқама Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-11 ҚРЗ Жер кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 «Жер учаскелерін жеке меншікке беруде, мемлекеттің немесе мемлекеттік жер иеленушілер жалға беруде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын, сондай-ақ жер учаскелерін сату құқығы жалға бергені үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес жер учаскелерінің кадастрлық құнын айқындау жөніндегі тәртібін белгілейді.
Нақты жер учаскесінің кадастрлық құны жер реусурстарын басқарудың аумақтық органдары мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін ақылы беру төлемақысының базалық ставкаларына сәйкес, оған түзету коэффициенттерін (арттыратын не кемітетін) қолдана отырып, айқындайды және жер ресурстарын басқарудың аумақтық органдары арқылы жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтайтын актімен рәсімделеді.
Астана және республикалық маңыздағы қалалардың, облыс орталықтарының қала іргесіндегі аймақта және курорт аймағында орналасқан елді-мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкасы екі есе өседі.
Төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерінің нақты мөлшері (арттыратын немесе кемітетін) жерге орналастыру жобасының құрамында белгіленеді. Бұл орайда ол:
- Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдар бекітетін мәліметтер негізінде елді-мекендердің шекарасы шегінде;
-Қазақстан Республикасы Жер кодексінің аталған бабының 3-5 тармақтарындағы нормаларды есепке ала отырып, жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерттеу материалдары негізінде елді–мекендер шекараларының шегінен тыс белгіленеді. Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау.
Жер қатынастары мен оларды жетілдіру, реттеу туралы Елбасының бірнеше жарлығы шықты. Олар жердің нарықтық қатынасқа сауда- саттық құқығы мен жерді пайдалану институттарының ашылуына себеп болды. Жердің мемлекеттік меншікте қолданудың конституциялық негіздері сақталды. Бұл жарлық республикадағы жаңа жер қатынастарының дамуына тұңғыш себеп болды. Осы үрдістің дамуының логикалық жалғасы –үшінші кезең- жерді жеке меншікке пайдалану. Жерді меншіктену мәселесіне өз көзқарастарын Қазақстан Республикасының азаматтары 1995 ж 30 тамызда өткен референдумда білдірді. Тұңғыш рет Қазақстан Республикасының ата заңына жерді жеке меншіктендіру заңы кіргізілді. Негізгі заң бойынша, жер мемлекеттік меншікпен бірдей жеке меншікте заң бойынша белгіленген мөлшерде болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Президентінің 22 қарашада 1995 ж қабылданған Жарлығы “Жер туралы” осындай заң болып табылады. Бұл жарлық маңызды заң шығарушы әрекет болып келді. Жарлықта елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси (процесстердің) үрдістерінің көрсеткіші болатын құқық ережелері орын тапты. Жердің мемлекеттік меншікпен бірдей жеке меншікте болу мүмкіндігі құпталды. Жеке шаруашылыққа, бақша өсіруге, құрылысқа берілген Қазақстан Республикасының азаматтарының жер учаскелерін жеке меншікке алуға мүмкіндік туды. Жердің 350 мың гектардан астам көлемінде 3,5 млн жеке меншік жер иеленушілердің болуы мүмкін болды. Енді азаматтар жер учаскелерін үй, фабрика, зауыт, офис, гараж, сату, тұрмыс пен өндіріс обьектілерін салуға немесе осы объект салынған жерді жеке меншікке алуларына болады. Осындай жер тауарлық қатынасқа қатысып негізгі коммерциялық және инвестициялық қызығушылық тудырады. Жердің жеке меншіктендірілуіотандық және шетел инвесторларына республикада өз кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік туғызады. Жергілікті өкімет орындарының озбырлық, айла-тәсілдерінен оларды заң қорғайды. Меншікке алған жер учаскесіне қатынасты жер иеленуші кезөкелген, заң бойынша тыйым салынбаған келісім жасуына болады. Сөйтіп, олар келісім бағамен жер учаскелелін сатуларына, сыйлауына, өсиет етіп қалдыруына, уақытша пайдалануға өкімет орындарының рұқсатынсыз беруіне болады. Осы заң бойынша Жер мониторингі бір-бірімен тығыз байланысты биосфералық, биоэкологиялық – санитарлы; геоэкологиялық–табиғи–шаруашылық болып үш түрге бөлінеді. Мемлекет жер комитетінде геоэкологиялық мониторинг жер мониторингісінің негізгі құрамды бөлігі болып табылады.
Жер мониторингісіне негізгі жүйесіне бір-бірімен ішінара қайнастағы жер басқару ресурстар кіреді: жер орналастыру, жер кадастры, ақпаратты және техникалық мониторингі. Жер мониторингісіне Қазақстан Республикасының барлық жер қорлары кіреді, жер мониторингісінің жерге иеленушілік, құқықтық тәртібіне және уақыт пен пайдалану құқығына байланыссыз. Жер мониторингі жер бақылау жүйесі жер қорларында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оларды бағалау процесстерін жүргізіп отырады.
Қазақстанда жер тұңғыш рет сауда-саттық обьектісі болды; жеке меншікке берілген жер учаскелері келешекте 6-7 млн гектар мөлшерде болады.
Қоғамдық өмірде жер өндіріс құралы. Жер еңбек құралы болып саналатындықтан, еңбек ету саласында жер басты рөл атқаратындықтан, адамдардың оған деген ықпалы да зор.Осы сапасына қарай жер ауыл шаруашылығын да қолданылатын өндіріс құралы бола тұра оның өзіндік ерекшеліктері бар, істелінген жұмыстың нәтижесі болып саналмайды; кеңістікте шектеулі; басқа өндіріс құралдарымен айырбасқа келмейді; орналасу жағдайы тұрақты,дұрыс қолданған жағдайда тозбайды; көлеміне қарай сапас әр түрлі; әр жер бөлігінің пайдалы өзіндік ерекшелігі бар; ауыл шаруашылығында жер өзінің құнарлылығымен бағаланады; Адам өмірінің барлық саласында (ауыл және орман шаруашылығынан басқа) жер операциялық базис ретінде қаралады, сондықтан жер ғимараттармен.
Достарыңызбен бөлісу: |