Автомобиль жолдары ең көп түсетін сағаттарда автомобильдердің қажетті санының өтуін қамтамасыз етуі қажет. Жолдарды бұрылу үшін алаңдары бар (5,5...6м) автомобильдердің өзара параллель екі қатарының еніне қарай жобалайды. Аумаққа кіре берісте, автомобильдердің тұрағына арналған алаңды жобалайды. Визалайтын зертхананы платформамен кіре беріс қақпа алдына орналастырады. Автомобиль таразыларын қақпадан 10...12м қашықтықта орнатады. Су жолдары жүкті артуы максималды кемелердің жағада аялдайтын жолын және жақындауының қолайлы болуын қамтамасыз етуі қажет. Жағада аялдайтын жолдың бойлығы кемелердің барлық трюмдерінде бір уақытта тиеу-түсіру операцияларын жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
-
Бас жоспардың негізгі көрсеткіштері
Бас жоспардың негізгі көрсеткіштеріне жататындар: учаскенің ауданы, жекелеген құрылыстардың саны және құрылыстың тығыздылығы (%).
Өндірістік, қосалқы және көмекші бөлмелерді блоктарға біріктіру және учаскелердің ауданын азайту құрылыстың тығыздылығын жоғарлатады.
Астық қоймаларының біркелкі (типтік) жобалары үшін, дипломдық жоба жұмыстарында қолданылуы мүмкін типтік бас жоспарлар әзірленген. Бас жоспардың оңтайлы шешімі ғимараттардың және құрылыстардың орналастырылуында тұтастылықтың сақталуын және көлік коммуникацияларының тура линиялығын талап етеді.
-
Бас жоспарды ресімдеу
Бас жоспарды А1 форматты масштабы 1:500 қағазда орындайды. Бас жоспарда шартты белгілермен қабылданған ғимараттың және құрылыстың экспликациясы берілуі, учаскенің жалпы өлшемдері, жобаланып отырылған ғимараттың оның шекараларына және көрші ғимаратқа құрылымдық байлауы, алаңдардың өлшемдері, жолдардың, жас желектердің ені, коммуникациялардың шартты белгілері көрсетілуі қажет.
Сонымен қатар сызбада жарықтың жақтарына және желдің өткеліне қатысты бағдары көрсеткішпен көрсетіледі.
3 Жалпы құрылыстық жобалау
050727 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 050728 – «Қайта өңдеу өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша студенттер үшін дипломдық жобалауға тапсырмаларға ғимараттардың және құрылыстардың көлемдік-жоспарлық, құрылымдық шешімдері бойынша жалпы жобалау мен құрылымдық өңдеу жұмыстарын орындау, ғимараттың құрылымдық негізгі бөлшектерін (элементтерінің) материалын және жоспарын таңдау енеді. Ереже бойынша құрылыс элементтерінің және құрылымдарының есебі тапсырмаға енгізілмейді.
Астық қоймаларын және тарасыз сақтау қоймаларын жобалауда негізінен құрама немесе монолитті темірбетоннан бірыңғайлыланған құрылымдар қолданылады. Қайта құрылып отырылған кәсіпорынның құрылыс бөлігі бойынша материалдарды диплом алдындағы практикада жинайды.
-
Элеваторлардың құрылыстық құрылымы
Элеватор құрылыстар кешенінен тұрады, оған енетіндер: жұмыс ғимараты, сүрлемдік корпус, астықты қабылдауға және жіберуге арналған қондырғы, астықты кептіргіш және т.б.
Жұмыс ғимараттары биіктігі 60м дейін монолитті немесе құрама темірбетоннан жасалынады. Технологиялық процесстің ықшамсызбасы көлемдік-жоспарлық шешімнің нұсқаларын анықтайды. Жұмыс ғимараттары сүрлемдік корпустан жеке тұруы мүмкін немесе солармен бірге тұрғызылуы мүмкін.
Жұмыс ғимараттарына жабдықтарды, оперативтік бункерлерді, көтергіштерді, баспалдақтарды және өрт кезіңде шығаратын сыртқы саты орналастырылады.
Жұмыс ғимараттарының ірге тасы тұтас монолитті болады. Жер асты суларының деңгейі жоғары болған жағдайда жерасты бөлмелерін судан оқшауландыруда қарастырылады.
Жұмыс ғимараттарының екі түрі бар: каркасты және каркассыз. Каркасты нұсқасы сыйымдылығы үлкен элеваторлар үшін алынады (100...150 мың.т), ол өз кезегіңде ірі ауқымды жабдықтарды орнатуға мүмкіндік береді (сурет 3.). Бірге тұрғызылған жұмыс ғимараттары сыйымдылығы 50 мың.т. (сурет 4.) элеваторлар үшін каркассыз орындалған. Жұмыс ғимаратының каркассыз құрылымы сүрлемдердің, бункерлердің және өндірістік бөлмелердің жабындыларының сәйкестігі есебінен кеңістіктік қатаңдылықты қамтамасыз етеді.
Сурет 3 – Каркас типтес құрама жұмыс ғимараты
Типтік өлшемдерінің саның қысқарту үшін, біріктірілген жұмыс ғимаратының және сүрлемдік корпустың құрама элементтерін бір типтес қылып алады. Элеваторлардың сүрлемдік корпустары монолитті дөңгелек сүрлемнен салынады. Сейсмологиялық қауіп жоғары, топырағы әлсіз немесе қатты сулы аудандар үшін, монолитті темірбетоннан диаметрі 9 м сүрлемдер жобаланған.
Әрекеттегі элеваторларда монолитті дөңгелек темірбетонды сүрлемдердің диаметрі 3-тен 10 м-ге дейін, ал төртбұрыштыларының көлемі — 3,2x3,2 и 3,5x3,5 м2. осылардың ішінде неғұрлым көп қолданылатыны қабырғаларының осьтері 3х3 көлемді элементтері бар төртбұрышты құрама сүрлемдер және алдын-ала шиеленіскен, құрама дөңгелек (диаметрі 6м) сүрлемдер.
Біркелкі корпустар үшін сүрлемдердің биіктігі 0,6 және 30м тең, бірақ жекелеген жағдайларда биіктігін 40...50м дейін ұлғайтуға рұқсат беріледі. Дөңгелек сүрлемді корпустардың ұзындығы 48 м аспауы, ал төртбұрыштыларында – 42м болуы қажет.
Диаметрі 18 м металл сүрлемдерді орамду немесе болат лентаны орау тәсілімен салады. Сыйымдылығы 2,5 мың.т – металла сүрлемдерің биіктігі - 11,9 м; сыйымдылығы 3мың.т – 15 м. Металл сүрлемдерді ереже бойынша 3...5 және одан да көп қылып бір қатарға арасындағы алшақтық 3м салады және оны бұрыннан бар немесе салынып жатқан ғиамаратқа жабыстырады (жақындатады).
1 — сүрлемдер; 2 — бункерлер; 3 — өндірістік бөлмелер; 4 — көтергіш; 5 — сүрлем асты мұнаралар; 6 — темірбетонды құрастырмалы воронка; 7 — ригельдер; 8 — болат воронкалар; 9 — құрастырмалы-монолитті жабындар; 10 — құрылыстың болат каркас.
Сурет 4 – Біріккен түрдегі құрастырмалы жұмыс ғимараты
Сүрлем асты қабаттарының құрылымы екі нұсқада болуы мүмкін. Бірінші нұсқасында сүрлем асты бөлмелерді аралық тіреп тұрушы құрылымсыз (сурет 5), іргетасқа тірелуші қабырғаларымен салады. Екіншісінде – сүрлем асты бөлмелерге сүрлемдердің қабырғалары және түбі тірелетін мұнаралары бар аралық құрылымды енгізеді (сурет 6).
Силос үсті галереясының қабырғаларын және төбесін құрастырмалы темірбетоннан немесе болат каркаспен және жабынның асбестбетоннан жобалайды. Сүрлемдердің жабындары галерияның едені болып енеді, оны асфальтбетоннан жасайды.
а) – дөңгелек сүрлеммен; б) – төртбұрышты сүрлеммен
Сурет 5 – Іргетас плитасынан басталатын қабырғалары бар, силос асты қабаттың құрылымы
-
Тарасыз сақтау қоймаларының құрылыстық құрылымдары
Тарасыз сақтау қоймаларының ғимараты монолитті темірбетонды плитаға тіреледі. Мұнараларды және жабындарды құрастырмалы темірбетоннан, ғимараттың қабырғаларын – аспалы панельдерден, сүрлем асты және сүрлем үсті қабаттардың жабындарын – монолитті темірбетоннан жасайды. Сүрлемдерің қабырғаларын ұзындығы және ені 3 м, биіктігі 1,2 м құрастырмалы темірбетонды элементтерден жобалайды.
Сүрлемнің көлемі қабаттардың биіктігімен және арқалық арасындағы қашықтықпен анықталады. Стандартпен жоспардағы сүрлемнің көлемдері мұнараларының тор сызығы 6x6 м2 болғанда 3х3м бекітілген. Бір тор сызық шеңберінде 4 сүрлемді орналастырады. Сүрлемнің биіктігін 15 м артық емес деп алады. Сүрлемнің шошақ тәріздес бөлігінің еңіс бұрышы 60° кем болмауы қажет.
Қойма ғимаратының ені сүрлемдерді қатарға топтастырғаннан кейін анықтайды: екі қатарлы қылып құрастырғанда 6м + 0,7 м екі өтетін жер; төрт қатарлыда – 12 + 0,7 м үш өтетін жер.
Сурет 6 – Мұнаралары бар сүрлем асты қабаттың құрылымы
Ғимараттың ұзындығын ғимараттың бойлық осі бойынша орналасқан сүрлемдердің санына байланысты, және 0,7 және 3,0 м –ден екі өтетін жермен, сонымен қатар баспалдақ дәлізінің еніне байланысты анықтайды
Қойма ғимаратына компрессорлық станцияны орналастыру кезіңде компрессорлардың астына жеке іргетасты жобалайды.
-
Астық сақтауға арналған қоймалардың құрылыстық құрылымдары
Астықты сақтауға арналған қоймаларды, біркелкі жобалар бойынша нанды қабылдау кәсіпорындарында салады. Солардың ішінде неғұрлым кең таралғандары жалпақ еденді сыйымдылығы 3200...5500 т қоймалар. Сонымен қатар кәсіпорындарда едендері біраз еністі болып келетін, сыйымдылығы 7500 т қоймаларда болады.
Сыйымдылығы 3200т астық қоймаларының іргетасын пұттық тастан, қабырғаларын жергілікті материалдардан (кіпіштен, бутовой тастан, шлакбетоннан) және жабынының құрылымын ағаштан жасайды. Асбоцементтен жасалынған шатыр, қойманың едені нығыздалған қиыршық тасты асфальтбетоннан дайындалған. Қойманың төменгі тасымалдағыш галериясы құрастырмалы темір бетоннан немесе жергілікті материалдан (сурет 7) жасалынуы мүмкін.
Қойманың бір секциясының көлемі жоспарда 20x62 м2, биіктігі 8,27м. Көлденең бағытта қойманың үш бойлығы бар.
Сурет 7 – Құрастырмалы темір бетоннан жасалынған қойма
Орталық бойлығының ені 11м, екі бүйірлігі 4,5 м –ден. Қойманың бойлық бағытта он бір бойлығы бар. Тоғыз бойлық 6,2 м және екі шеткісі 3,1 м. Отқа төзімсіз қоймалар үшін 20м ортасын бөліп тұруды немесе қалыңдығы 250мм кем емес брандмауэрлік қабырғалар орнатады. Сыйымдылығы 5500 т құрастырмалы темір бетоннан жасалынған қойманың жоспардағы көлемі 24x90 м2. Қойманың биіктігі 9,4 м. Көлденең бағытта қойманың үш бойлығы бар. Орталық бойлығының ені 12 м және 6м екі шеткі. Бойлық бағытта 6м 15 бойлық бар. Жоғарғы тасымалдағыш галериясы металлдан, төменгі - өтетін жері құрастырмалы темір бетоннан. Галерияның тамбуры кірпіштен.
а) тип НП-4; б) тип НП-5.
Сурет 8 – Едені еңісті механикаландырылған қоймалар
Еңіс еденді қоймаларды (сурет 8) жерасты сулары төмен орналасқан жағдайда салады. Мұндай қоймалардың төменгі галериясын құрастырмалы темір бетоннан немесе жергілікті материалдан жасайды. Қоймалардағы механикаландырылған мұнаралар монолитті немесе құрастырмалы құрылымды, қабырғалары кірпіштен немесе бетон кесектерінен, биіктігі 4...6 қабатты жеке тұратын ғимарат түрінде болуы мүмкін.
-
Тарада сақталатын жүктерге арналған құрылыс құрылымдары
Дайын өнімді сақтауға арналған үш және екі қабатты қоймаларды біркелкі (типтік) жобалар бойынша салады. Қойма ғимаратының жоспардағы көлемі 60x24 м2. Үш қабатты ғимараттың биіктігі 15,5м, екі қабатты ғимарат – 10,7м. Қоймаларды құрастырмалы темір бетоннан құрастырмалы-монолитті жабындармен салады. Темір жол жағынан және өнімді автомобиль көлігіне босату үшін платформаның ені 3,85 м.
4 Бас жоспардың негізгі көрсеткіштері
Астықтың санының барлық бастапқы және есептік параметрлерін физикалық салмағында Аm, қарастырады, ол мына формула бойынша анықталады
мұнда Азач – сынақ массасындағы дайындаманың көлемі, m;
Кф – сынақ массасын физикалыққа ауыстыру коэффициенті.
Кесте 1 – Сынақ массасын физикалыққа ауыстыру коэффициенттері
Дақылдар
|
Дайындаманы есептеу кезеңінің ұзақтылығы - Пр, тәул.
|
15 дейін
|
20 дейін
|
30 дейін
|
Астық
|
1,05
|
1,06
|
1,15
|
Күнбағыс
|
1,14
|
1,17
|
-
|
Күріш – астық
|
1,5
|
-
|
-
|
Астықты қабылдау, өңдеу және түсіру үшін жабдықты есептеу және таңдау кезіңде мынадай келесі ережелерді басшылыққа алу қажет:
а) астықпен көлік құралын өңдеуге байланысты барлық операцияларды орындау, қолданылатын көлік түріне байланысты қарастырылған нормативтерге қарап, уақытында іске асырылуы қажет;
б) астықтың түрлі партиясын қалыптастыру оның сапасын есепке ала отырыла іске асырылуы қажет;
в) қалыптастырылған партияларды өңдеу оның сапасының сақталуын қамтамасыз етуі қажет;
г) жабдықтың қажетті мөлшерін, кәсіпорынның нақты жұмыс тәртібімен бекітілген астықты қабылдау, өңдеу және тиеу бойынша операциялардың сәйкестігін есепке ала отыра жүргізілуі қажет;
д) оның сақталуына әсер етпейтін астықты тазалау, дайындық кезеңінен кейін іске асырылуы мүмкін;
е) кәсіпорындардың астықты сақтау және өңдеуге арналған технологиялық процесстерінің негізгі ықшамсызбасы 1 суретте берілген.
4.1 Астықты қабылдауға және босатуға арналған жабдықты таңдау
Дайындаманың есептік кезеңінің ұзақтылығы Пр (астықтың автокөлікпен неғұрлым екпінді түрде түсу кезеңі) негізінен климаттық жағдайға байланысты астықты жинау мерзімдерімен анықталады. Сондықтанда Пр мәнін елдің оңтүстік аудандарында орналасқан кәсіпорындар үшін – 15, орталық үшін – 20, шығыс үшін – 30 тәулік деп алу ұсынылады. Дайындаманың Пр есептік кезеңі бойында, жоспарланып отырылған дайындаманың 80% түсуін есепке алу қажет.
4.1.1 Астықты автокөлігін пайдалана отыра қабылдау және түсіру
Автокөлікпен түсетін астықты қабылдау үшін жабдықтың қажетті өндіргіштілігін және саның, кәсіпорынға астықтың бірқалыпты түспеуінің тәуліктік – Кт және сағаттық – Кс коэффициентін есепке ала отыра анықтайды. Біркелкі жобаларды дайындау кезіңде Кс дайындаманың көлеміне және А дайындаманың есептік кезеңінің ұзақтылығына байланысты 2 кесте бойынша алады.
Астық сапасын алдын ала бағалау
|
|
Автомобиль партияларының түсуі
|
|
Кесте бойынша астықты жеткізуді ұйымдастыру
|
|
|
|
|
|
|
|
Сынаманы сұрыптау, астықтың сапасын анықтау және түсіретін жерін анықтау
|
|
|
|
|
Автомобиль таразыларында өлшеу
|
|
|
|
|
|
|
|
Механизирленген түсіру
|
|
|
|
|
|
Астықты алдын ала тазалау
|
|
Собықтағы жүгеріні уақытша орналастыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күріш – дәнді қылқаннан ажырату
|
|
Собықтарды бастыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күріш-дәнді алдын ала тазалау
|
|
Бастырудан кейін дәнді тазалау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Партияларды дақылдары және жинақ сүрлемдерінің сапасы бойынша қалыптастыру
|
|
|
|
|
|
Өлшеу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Су көлігіне босату
|
|
Элеватордың оперативті сүрлемдері
|
|
Теміржол көлігіне босату
|
|
|
|
Сақтауға төзімді күйге дейін кептіру
|
ДӘНДІ ТАЗАЛАУ
|
|
Әуелік – елегіш сепараторда
|
Қысқа қоспалардан
|
Ұзын қоспалардан
|
Тастан ажыратқыш машиналарда
|
Пневмо сұрыптағыш үстелдерде
|
Әуелік аспираторда
|
|
|
|
|
Элеватордың оперативті сүрлемдері
|
|
Қалдықтарға арналған бункер
|
|
|
Су көлігінен қабылдау
|
|
|
|
|
|
Теміржол көлігінен қабылдау
|
Жасанды салқын ауамен дәндерді салқындату
|
|
Дәнді атмосфералық ауамен салқындату
|
|
Қажетсіз қалдықтарды жою
|
Қалдықтарды сату
|
Қалдықтарды цехқа өңдеуге беру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Астықты сақтау
|
|
|
Сурет 9 – Кәсіпорындардың астықты сақтау және өңдеуге арналған технологиялық процесстерінің негізгі ықшамсызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |