1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Жануартектес талшықтылардың класс тармағының ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет19/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

30. Жануартектес талшықтылардың класс тармағының ерекшеліктерін көрсетіңіз
Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдіктектес талшықтылар - Phytomastigina және гетеротрофты жануартектес талшықтылар. Phytomastigina класс тармағына төрт отряд жатады: эвгленалар - Euglenoidea;
хризомонадалар сауыттылар фитомонадалар . Zoomastigina класс тармағына алты отряд жатады: жағалы талшықтылар - Choanoflagellata; тамыр талшықтылар - Rhizomastigina; кинетопластидалар - Kinetoplastida; көпталшықтылар - Polymastigina; гипермастигиналар - Hypermastigina; опалининалар - Opalinina.
Гетеротрофты талшықтылар, еркін немесе паразиттік тіршілік етеді. Олар құрылысы мен тіршілік әрекетіне байланысты көптеген отрядқа бөлінеді.
Жағалы талшықтылар отряды – Choanoflagellata. Жеке (Codosiga) және колония (Sphaeroeca) түзіп тіршілік етеді. Талшығы біреу, оның түбін цитоплазмадан құралған жұқа жаға қоршап жатады. Талшыктың қозғалу әсерінен ұсақ органикалық қоректік заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б.) жағаға жабысып, бірте-бірте цитоплазмаға және ас қорыту вакуоліне өтеді.
Кинетопластидалар отряды – Kinetoplastida.
Бұл отрядтың ерекшелігі - талшықтың түбінде, яғни кинетосоманың жанында кинетопласт деп аталатын арнайы органоидтың болуында. Кинетопласт ұсақ денелік, митохондрияға ұқсас, іші ДНК-ға толы. Бір немесе екі талшығы болады. Өз еркінше қозғалатын Bodo туысының өкілдері тұщы суларда көп кездеседі. Басым көпшілігі жануарларда және адамдарда паразиттік тіршілік етіп (Costia, Trypanosoma, Leischmania туыстарының өкілдері) қауіпті ауруларды туғызады.
Трипаносома (Trypanosoma) туысының өкілдері 20-70 мкм-ді сопақша, ұшы сүйірленіп келген талшықтылар (8,Г-сурет). Талшығы ұзын, артқы жағынан басталып денесінің алдыңғы жағына келіп бос бітеді. Талшық пен клетка мембранасының арасында толқын тәрізді жұқа жарғақ мембрана түзіледі, сол арқылы жылжиды. Трипаносомалар омыртқалы жануарлар мен адамның қан клеткалары мен тканьдерінде паразиттік тіршілік етеді. Trypanosoma rhodesiense адамда болатын "ұйқы ауруын" қоздырушы. Бұл ауру Африкада көп тараған. Трипаносоманы ауру адамнан сау адамға тасушы це-це шыбыны (Glossina palpalis және Gl. morsitans) (9-сурет). Tr. rhodesiense ак бөкендердің қан клеткаларында кездеседі, бірақ оларға оншалық зақым келтірмейді. Сөйтіп бөкендер аурудың табиғи резервуары болады, олардан це-це шыбыны трипаносомаларды адамға жұқтырады. Лейшмания (Leischmania) туысының өкілдері ұсақ, көлемі 2-4 мкм, адамның клеткаларының ішінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты олардың талшықтары жойылған, ал қолдан жасаған қоректік ортада және лейшманияларды тасымалдаушы насекомдардың ішегінде олар өздерінің ұзын талшықтарын қайтадан шығарады. Лейшмания ауруларын жұқтырушы - флеботомус (Phlebotomus) туысына жататын ұсақ насекомдар - москиттер болады. Лейшманиоз аурулары Кавказда және Орта Азияда көп тараған. Адамды осы ауруға шалдықтыратын негізгі өкілдері: Leischmania tropica және L. donovani (10,А,Б-сурет). L. tropica (10,В-сурет) адамның тері ауруын немесе пендинканы туғызады. Бұл ауруға шалдыққан адамның терісінде терең ойық жаралар пайда болады, олар баяу жазылып, орнында кетпейтін тыртық қалдырады. Опалинина отряды – Opalinina. Өкілдерінің негізгі ерекшелігі-көп ядролы,денесі түгел кірпікшелермен қапталынған, осыған байланысты біраз уақыт бойы опалининаларды кірпікшелілер класына, яғни Protociliata класс тармағына жатқызған. Олардың кірпікшелі инфузориялардан басты айырмашылығы - ядролары бірдей болып келеді, жынысты жолымен көбею кезінде ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып, копуляция процесі жүреді (инфузорияларда - конъюгация). Қосмекенділердің артқы ішегінде паразиттік тіршілік етеді, сапрофитті жолымен қоректенеді. Басты өкілі - Ораііпа ranarum.
31. Желбезек тыныстыларға тән ерекшеліктерді түсіндіріңіз
Желбезектыныстылар, Қос антенналылар (лат. Branchiata, лат. Dіantennata) — буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлардың бір тармағы. Желбезектыныстылар — негізінен суда тіршілік ететін алғашқы буынаяқтылар. Желбезектері арқылы тыныс алады, аты осыған байланысты аталған. Кейбір түрінде желбезектері болмайды, олар бүкіл денесімен тыныс алады. Дене пішіні әр түрлі болады. Бас бөлімінде екі жұп мұртшалары, яғни антеннасы мен антеннуласы бар, осыған байланысты Желбезектыныстылар — қос антенналылар деп те аталады. Аяқтары қос тармақты, түпкі бөлігі — протоподит, одан шығатын сыртқы бұтағы — экзоподит, ішкісі — эндоподит деп аталады. Протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсіндісі — эпиподиті болады. Желбезектыныстылардың бір ғана класы — шаянтәрізділер (лат. Crustaceae) бар.
Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері - антеннулалары (antennula) және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (antenna) болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит (basipodit) және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (exopodit) және эндоподиттен (endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (epipodit) бар (99- сурет). Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылысының мұндай бастапқы типі елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет