3. Қоқанд (Түркістан) автономиясы. Большевиктердің жергілікті халыққа деген сенімсіз бұл әрекетінен соң,1917 жылы 26 қарашада Қоқанд қаласында мұсылмандардың ІУ съезі шақырылды. Съезд Түркістан автономиясы мен оның жоғарғы органы Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Уақытша Кеңес құрамына 32 адам сайланды. Түркістан автономиясының президенті және Уақытша Кеңестің басшысы болып М.Тынышпаев, сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. М.Тынышпаев қызметтен кеткеннен кейін оның орнына М.Шоқай президент болып тағайындалды. 1917 ж. 1 желтоқсанында Түркістан өкіметі өлкенің халқына Түркістан автономиясының төңірегіне топтасуға және алға қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға шақырған үндеу тастады. 1918 жылы қаңтарда большевиктер Түркістан автономиясын заңсыз деп таныды және оны жою туралы шешім қабылдады. Қызыл отрядтар мен Ташкент гарнизонының әскерлері Қоқанға қарсы аттандырылып, 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түнде қалаға тікелей шабуыл жасалды. Үш күндік шабуылдан кейін қала алынып, автономия жойылды.
Алаш Орда үкіметі. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда Екінші Бүкілқазақ съезіболып өтті. Оның жұмысына Қазақ өлкесінің: Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарынан және Бөкей Ордасынан, Самарқанд облысы мен Алтай губерниясынан делегаттар қатысты. Съезді ұйымдастырушылар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, С. Досжанов, М. Дулатов болды. Съездің терағасы болыпБ. Құлманов сайланды.Съезд өз жұмысын Қазақ өлкесінің оңтүстік аудандарындағы аштық, халықтың күйзелісі және ондағы жергілікті әкімшіліктің жағдайды түзетуге дәрменсізекені туралыхабарлардыталқылаудан бастады. Бұл мәселелерді қарағаннан кейін, съезд қабылдаған қарарлардың бірінші бөлімінде «елдегі партиялық күресті тоқтатуға және бірігуге» шақырды. Жалпықазақ съезінің күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді: Сібір, Түркістан автономиялары және оңтүстік-шығыс одағы туралы, қазақ облыстарының автономиясы, милиция, ұлттық кеңес, білім беру, ұлттық қор, мүфтиат, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік мәселесі. Съездің негізгі мәселесі – Қазақ (Алаш) автономиясын жариялау туралы болды. Автономия туралы баяндаманы Ә. Бөкейханов жасады. Ә. Бөкейхановтың баяндамасы жэне автономия құру мәселесі ерекше комиссияның қарауына жіберілді. Комиссия атынан X. Ғаббасов сөйледі. Баяндаманы талқылау барысында Қазан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің құлағаны, Ресей мемлекетінің биліктен айырылғаны, халықтың сенімі мен моральдық беделіне ие болған ешқандай биліктің жоқ кезінде елде азамат соғысы тууының мүмкін екені, анархия өрті ірі қалаларда өршіп, одан ауылдарға жайылып, күннен-күнге күшейгені, мұндай қиын жағдайдан шығудың тек бір ғана жолы – ол Қазақ елкесіндегі барлық облыстардың халқы мойындайтындай мықты билік орнату болып табылатындығы туралы қорытынды жасалды. Съезд пікірталастар мен талқылау өткізгеннен кейін қазақ облыстарының автономиясын құруға және оған «Алаш» деген атау беруге қаулы қабылдады. Алашорданың орталығы ретінде Семей қаласын белгіледі. Алашорда үкіметінің төрағасы болып баламалы негізде көпшілік дауыспен Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орынға Б. Құлманов пен А. Тұрлыбаев та үміткер болған еді. Алашорда жетекшілері бірінші кезекте Қазан төңкерісінде жеңіске жеткен большевиктердің билігі – Кеңес үкіметімен байланыс орнатуға тырысты. Алашорда үкіметінің арнайы тапсырмасы бойынша Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар Мәскеуде Кеңес үкіметінің басшылары В.И. Ленин және И.В. Сталинмен келіссөздер жүргізді. Ал Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Халел Ғаббасов Кеңес үкіметінің ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен Семейден телеграф арқылы келіссөздер жүргізді. Алашорда жетекшілері «Ресей халықтары қүқықтарының Декларациясын» негізге ала отырып, Алаш автономиясы мен Кеңес үкіметінің бірін-бірі өзара тануы жөнінде талап қойған еді. Алайда бұл талап орындалмады. Кеңес үкіметінің жетекшілері Алаш автономиясын мойындамайтыны белгілі болды. Олар Ресей халықтарына кеңестік үлгідегі автономия берілетінін мәлімдеді. Алашорда үкіметінің дипломатиялық қадамдары кеңестік билік тарапынан қабылданбады. Алашорда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс орнату және олармен ымыраға келу саясатынан бас тартып, оларға қарсы саяси күштермен одақтасу тактикасына көшті. Міне, осыдан бастап, Орынборда Кеңес үкіметін құлатқан атаман А. Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен байланыс орнатады. Алашорда үкіметінің 1918 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес «Алаш автономиясы аумағында Кеңес үкіметінің барлық декреттері заңсыз» деп танылды. Ал сол жылы тамыз айында Семейде тұңғыш Алаш атты полкі құрылды. Бұл II Жалпықазақ съезінде қабылданған Алаш әскерін жасақтау туралы қаулысын жүзеге асырудың бастамасы болатын-ды.
Азамат соғысында қазақ халқын өз жағына тарту үшін Кеңес үкіметі Алаш-орда жетекшілерімен қарым-қатынас орнату керек екенін жақсы түсінді. Сөйтіп, Кеңес үкіметі 1919 жылы 4 қарашада Алашорда құрамында болған азаматтарға кешірім жасау жөнінде қаулы шығарды. Сол жылдың 21 желтоқсанында Алашорда жетекшілері Кеңестер жағына өту туралы шешім қабылдайды. Ал, 1920 жылы 9 наурызда Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінтарату жөнінде Кеңес үкіметінің қаулысы қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |