1 орман орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудың теориялық және әдістемелік мәселелері



бет1/12
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#142331
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ф-ОБ-001/035


Мазмұны





кіріспе..........................................................................................................

3

1 орман орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалаудың теориялық және әдістемелік мәселелері.......................................................

6

1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары......................................................................

6

1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географияда табиғат ресустарын пайдаланудағы төлемдер мәселесі...........................................................................................................

11

2 орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау мен тиімді пайдалану жолдары.....................................................................................................

18

2.1. Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі.............................................................................................

18

2.2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және жүйелеу...........................................................................................................

22

2.3 Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы ..................................

29

3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА................................................................................................

45

3.1 Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау .................................................................

45

3.2 Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорнына сипаттама.......................................................................................................

58

қорытынды...............................................................................................

пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................

63

67




КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Егемен ел болғалы 17 жыл ішінде Қазақстан саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда. Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз салмағының арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты жағдайлар ьуғызуда. Нарық жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты табиғат қорын пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды. Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.

Қазақстан территориясының 4 пайызға жетер-жетпес қана бөлігін алып жатқан орман ресурстарын қорғап, сақтап қалу және оны жетілдіру, территориямыздың 69 %-ын шөл және шөлейтті аймақтар алып келе жатқан шақта бұл мәселенің өзектілігін одан сайын арттырады. Осы жайды ескере отырып, бұл жұмыста түбегейлі экономикалық реформа жүргізуге арналған құжаттарды басшылыққа ала отырып, оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша жасалған кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу арқылы іске асыру мүмкіншілігі қарастырылады.

Қазіргі кездегі байқалған орман ресурстарын пайдаланудағы ысырапсыздыққа жол бермеудің негізгі бағыттары осы ресурстарға алдымен мониторингтік тұрғыдан зерттеу жүргізіп толық есеп-қисапқа алу және ең бастысы экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалап, оларды пайдаланғаны үшін төлемді жүйені қалыптастыру. Осы жағдай дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға ықпал жасады.



Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Ғылыми жұмыстарды, арнайы әдебиеттерді, мерзімдік басылымдарды, әдістемелік құралдарды және басқа да жинақ, еңбектерді талдау нәтижесі табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін зерттеу саласында елеулі, әрі маңызды ғылыми жұмыстардың бар екендігін көрсетті.

Аталған салада, яғни табиғат ресурстарын тиімді пайдалану саласында, теориялық және әдістемелік мәселелерді шешуде көп еңбек сіңірген, теориялық негізін қалаған Л.В. Канторович, Н.С. Федоренко, Н.Н. Баранский, Э.Б. Алаев, Н.Н. Колосовский, Ю.Г. Саушкин, А.А. Минц т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Бірақ, сол кездегі (экономиканщ басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің үстемділігі кезінде), социалистік шаруашылық жағдайында, табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым негізінде, олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлемнің қажет екендігіне әкеп саяды.

Жоспарлы экономика кезінде табиғат пайдалануда төлемдік жүйені қолданудың мүмкіндігі мен тиімділігі жайында КСРО ғалымдарының біраз еңбектерінде айтылды. Олардың арасында әкімшілік-әміршілдік жүйенің билік алып тұрған кезінде біршама ашық айтқан. В.К. Шкатовтың, З.Қ. Қарғажановтың бұл мәселені тереңнен жан-жақты қозғағанын айрықша атап өткен жөн. Халық шаруашылығын түбегейлі экономикалық реформалау кезеңінде осы бағытта К.Г. Гофман, С.Н. Бобылев, М.К. Клубничкин, Н.Н. Лукьянчиков т.б., Қазақстаннан С.Б. Байзақов, З.Қ. Қарғажанов, Е.М. Үпішев, Қ.М. Баймырзаев, Э.А. Түркебаев, Р.Қ. Ниязбекова, Р.С. Коренов, М.С. Тонкопий, С. Мұхаұлы, Е.Ә. Келемсейіт, Б.А. Исабеков, Н.А. Коваль, А. Молдахметов, В.А. Манзюк, В.Р. Колесников, М.Б. Кенжегузин, Ж.Х. Давильбекова, С.Р. Ердавлетов, К.К. Қажымұрат, Т.С. Сатқадиева және т.б., ал шет елдік ғалымдардан Д. Хоскольд, Д. Пирс, Т. Титенберг, К. Тернер, Г. Хоттелингтер біршама үлкен зерттеулер жүргізді.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және орналастыру тұрғысынан У.Б. Баймұратовтың еңбектерін атауға болады. экономикалық тұрғыдан бағалау, оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру табиғатты тиімді пайдаланудың басты, негізгі элементтері ретінде экономикалық географияның жаңа бағыты болмақ. Бұл жаңа бағыттың пайда болуы экономикалық және әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады.

Қазіргі уақытқа дейін табиғат ресурстарының ішінде орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыру жағынан ең аз зерттелген және практикалық шешімін таппаған мәселеге жатады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыруды зерттеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылды:

- табиғат ресурстарын, оның ішінде орман ресурстарын, экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау туралы теориялық ұғымдарды анықтап, нақтылау;

- Қазақстан Республикасындағы орман ресурстарының бүгінгі жағдайын талдау;



- орман ресурстарын бағалаудың әдістерін ұсыну;

- баға және бағалау ұғымдарына талдау және түсініктеме беру;

- табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салық пен төлемнің айырмашылығы;

- Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау;

- Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыру.



Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы орман ресурстары (Шығыс Қазақстан облысы мысалында) алынған.

Зерттеу тақырыбы. Қазақстандағы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оны пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыруды зерттеу – дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы болып табылады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс– кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында 36 қолданылған әдебиеттер тізімі берілді. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін диплом 15 кестемен жабдықталған. Жұмыстың көлемі 68 бет.

1 орман РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ Әдістемелік негіздері
1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Жалпы өнімге және табиғат ресурстарына, оның ішінде табиғат байлығын өндіруші салалардың өніміне баға белгілеу мәселесі экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибенің негізгі мәселесі болып табылады. Бұл мәселе бірнеше ғасырлар бойы талқыланып келеді және оның қазіргі уақытта шектік пайдалылық пен құнның еңбек теориясына дейін көптеген ғылыми тұжырымдамалары бар. Капиталистік шаруашылықтағы нарық экономикасын зерттеу нәтижесінде жасалған К. Маркстің еңбек құны теориясының негізгі ережелері нарық экономикасы дамыған елдердегі ғалымдардың зерттеулерінде дәлелденген және бағаны реттеу іс жүзінде тұрақтандыру кезінде сол елдерде қарастырылған. Осы теорияға сәйкес қандай да бір тауарды өндіруге жұмсалған қажетті еңбек шығыны оның бағасының негізі болып табылады. Төлемге қабілетті сұранысты қанағаттандырғанда және салыстырмалы түрде экономикалық дамудың тұрақтылығы жағдайында өндіруге кететін шығынның қажетті деңгейі жеке өнімнің орташа шығын мөлшерімен анықталады. Қарастырылатын өнім түріне және өнімнің басқа түрлеріне деген сұраныс (ұсыныс) өндіріс арқылы қамтамасыз етілгенде олар экономикалық тепе-теңдік жағдайын білдіреді. Сұраныс ұсыныстан асып кеткен жағдайда, бағалар қажетті шығындардан өсу жағына қарай ауытқиды, ал сұраныстан ұсыныс асқан жағдайда олар төмендеу жағына қарай ауытқиды. Сөйтіп, ұзақ уақыт ішінде бекітілген өнім түрінің бағасы оны ұдайы өндіруге кететін қажетті шығынға байланысты және сонымен анықталады, яғни, бағаның негізінде еңбек шығыны есептеледі, ал сұраныс пен ұсыныстың ара салмағы салыстырмалы түрде қысқа мерзімде тауардың күнделікті бағасының шамасын реттейді және бағаны тауар құнынан не жоғары, не төмен қарай ауытқытатын фактор болып табылады.

Табиғат пайдаланушы салалардың өніміне қалыптасатын бағаға К. Маркстің еңбек құны теориясын қолдану, аталған өнімге, оның ішінде табиғат ресурстарының өзіне баға, сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, жеке өнімнің ұдайы өндіруге кететін қажетті шығынының орташа деңгейі негізінде, басқа да өнім түрлеріне белгіленетін сияқты белгіленеді. Осыдан келіп, баға табиғат ресурстарына, оларды игеруге кететін шығынның деңгейінде қойылды. Бұл өнімнің алуан түрінің, олардың құны (айырбастау құны) бойынша тұтыну құнын айырбастау баламалылығы мен жалпы баға қалыптасу мәселесін шешуде үлкен рөл атқарды [1].

Жоспарлы шаруашылық жағдайында, академик С.Г. Струмилиннің анықтамасы бойынша, табиғи ресурстардың бағасы оларды игеруге және өндіріске дайындауға жұмсалған шығын мөлшерімен анықталады. Табиғат ресурстарын ашуға, өндіріске дайындауға және қалпына келтіруге адам еңбегі жұмсалған жағдайда, олардың тұтыну құны болуы мүмкін, сондықтан олар экономикалық тұрғыдан бағаланады. Осыған байланысты табиғат ресурстарының бағасын оларды экономикалық бағалаудан ажырата білу керек.

Нарық шаруашылығы жағдайында табиғи ресурстардың бағасы ретінде оларды пайдаланудан түсетін тиім алынады, өйткені сатылатын және сатып алынатын ресурстардың өзі емес, дифференциалдық жер рентасы, яғни К. Маркс көрсеткендей капиталистік шаруашылық жағдайында монополизацияланатын табиғат ресурстары алып-сату нысаны бола отырып, құнның “иррационалдық” түріне ие болады және “…бұл жердің сатып алу бағасы пайыздық ставкаға сәйкес есептелінген – сол жер беретін жер рентасы”.

Нарық шаруашылығы жағдайында уақыт факторын ескере отырып анықталатын жер рентасы жерді және жалпы табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың мазмұнын құрайды [2].

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі біртекті сұранысты қанағаттандыратын және біркелкі сапалы өнімге қойылған бағаның бірдей болуын, яғни бағалардың шамасы бірдей болуын талап етеді. Осыған байланысты халық шаруашылығының табиғат пайдалану салаларындағы ірі масштабта қолданылған және қолданылып келе жатқан қос және көбінесе келісімдік (есепті) баға жүйесін жою қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта мұндай баға жүйелерінің қолданылуы түрлі табиғат рестурстарын пайдаланушы кәсіпорындардың тиімділігін бағалау кезінде туындайды, “табиғи еңбек өнімділігінің” әсерін бейтараптандырумен байланысты. Бірақта, аталған баға жүйелері қазіргі уақытта өздеріне жүктелген міндетті толығымен әлі де орындамайды, олар көбіне кәсіпорын жұмыстарының кемшілігін бүркемелейтін құралға айналған. Нарықтық қатынастар жағдайында, кез-келген шаруашылық басқару аппаратының, әрбір кәсіпорын, цех, бригада, жұмыскер т.б. шаруашылық жүргізуіне бірдей экономикалық жағдай жасау, яғни әділетті түрде бәсекеге түсу жағдайын жасау басты міндет болып табылады. Нарық жағдайында өнеркәсіп салаларының жекелеген өндірісі мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тең экономикалық жағдайда жұмыс істеуі үшін осы кәсіпорындардың шикізат базасын экономикалық бағалауға негізделген рента мөлшері шешуі тиіс.

Табиғи еңбек өнімділігін көрсетуші бірден-бір құрал – нақты өлшеуші дифференциалдық жер рентасы, жер рентасы өз кезегінде табиғат ресурстарының белгілі бір түрін пайдаланғанда туындайтын және оның тек табиғи және экономикалық ерекшелігінен қалыптасатын мөлшерін көрсетеді. Табиғат ресурстарын (ақшалай) экономикалық бағалаудың мағынасы оларды өндірісте пайдаланғанда алынуға тиісті дифференциалдық жер рентасын және оның түрлерін анықтау [3].

Рента әртүрлі жолмен алынады. Мысалы, тау-кен-металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін сату кезінде тау-кен рентасы түрінде, зиян шеккен кәсіпорындарға мемлекеттік жәрдем, қаржы немесе рента әкелетін кәсіпорындардан көтерме ставкалармен бюджетке аударма түрінде өнімге аймақтық сараланған есепті баға түрінде алынды. Мұндай әдістер рентаның бүркемелеген түріне, яғни рента алудың жанама әдісіне жатады және жоспарлы экономика кезінде халық шаруашылығында болған ренталық қатынастарды бүркемелеу қызметін атқарды. Бұл еңбек ұжымдарының таза күш-жігерімен қалыптасқан өндіріс тиімділігін өлшеуді және табиғи ресурстарды пайдалану кезінде туындайтын “еңбектің табиғи өнімділігін” көрсететін, дифференциалдық жер рентасын тура есептеуді қиындататын. Сондықтан, біздің ойымызша ренталық қатынастардың жасырын деформацияланған түрінен шынайы түріне өту қажет және рентаны тура ренталық төлемдер түрінде алу керек [4].

Табиғи ресурстарды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау сол ресурс түрлерінің саны мен сапасындағы ерекшеліктері, жекелеген ресурстардың игерілуі мен өндірілуі, зерттелу кезеңдеріндегі ерекшеліктерінің әрқилылығы экономикалық-географиялық бағалау түрінің көп болуын туғызды және тура бағалаудың әрбір түрі халық шаруашылығының белгілі бір мәселесін шешу үшін пайдаланылды.

Табиғат ресурстарын бағалауда, бүгінгі күні түбегейлі зерттелген, минералдық-шикізат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау мысалында экономикалық бағалау түрлерін қысқаша қарастырайық. Мысалы, жекелеген кен көздерін (пайдалы қазба-кен орындарын) жалпы экономикалық бағалау мен белгілі бір аймақтың минералдық шикізат ресурстарын бағалау ажыратылады. Сонымен қатар олар игерілу кезеңдеріне байланысты: геологиялық-экономикалық, жоспарлау-жобалау қарсаңындағы, жоспарлық-жобалық, өндірістік болып бөлінеді.

Кен орнын геологиялық-экономикалық бағалаудың негізгі міндеті – барлаудың бір кезеңінен екіншісіне өту тиімділігін дәлелдеу (іздеуден алдын-ала барлауға, алдын-ала барлаудан нақты барлауға, нақты барлаудан – өнеркәсіптік игеруге). Геологиялық-экономикалық бағалаудың нәтижелері бойынша геологиялық-барлау жұмыстарының болашақ жоспары жасалады, кенді бірінші болып ашқандарға берілетін сыйлықтың мөлшері белгіленеді, минералды шикізаттың баланстық қор мөлшері анықталып, оның алуан түрлерімен елдің, аймақтың, ауданның тау-кен өндіріс салалары қаншалықты қамтамасыз етілетіндігі қарастырылады [5].

Кен орнын жоспар-жоба алдындағы бағалау аймақтың минералдық-шикізат ресурстарын пайдаланудың болжамдық схемасын жасау үшін жүргізіледі. Сонымен бірге жоба алдындағы бағалау бағаланатын жеке кен орнын игерудің жобасын жасаудың тиімділігі жайындағы мәселені шешеді, ал жоспар алды бағалаудың түпкі мақсаты, өндіргіш күштердің орналасуы мен даму схемасын, аумақтық өндірістік және тау-кен өнеркәсіптік кешендерді жоспарлаудың, жалпы өндірістің аумақтық орналасу мәселесін шешу болып табылады.

Жоспарлық-жобалық бағалау белгілі бір аумақтың өндіргіш күштерін және жекелеген кәсіпорындардың орналасуы мен дамуын жоспарлау және жобалау мәселесін шешу үшін жүзеге асырылады.

Кенді өндіру кезінде оны экономикалық-географиялық бағалаудың нәтижелері өндірісте тікелей басшылық жүргізуде, пайдалы қазбаларды өндіргенде және өңдеп, құрамындағы компоненттерді бөліп алған кездегі кеннің жоғалуы мен құнарсыздануының нақты мөлшерін негіздеуде, сонымен қатар, тау-кен жұмыстарын жүргізудің жылдық жоспарын жасау үшін қолданылады.

Өндірістегі кен орнын бағалау кезінде, оның бағалау нәтижелерін өндірісті тікелей басқару үшін пайдаланғанда және рента мәселелерін шешкенде тау-кен рентасының мөлшері қолданылады. Оны есептеу үшін бірыңғай шеткі баға (шеткі шығын) қарастырылып отырған кен орнынан өндірілген өнімнің сату бағасы қолданылады. Сонымен тау-кен өндірісі салалары кәсіпорындарының күнделікті шаруашылық есеп көрсеткіштері мен бағалау көрсеткіштерінің өлшемдестігі және салыстырмалылығы қамтамасыз етіледі.

Осыған орай бағалаудың халықшаруашылықтық, жеке шаруашылықтық есепті түрлерін нақты ажыратуға болады. Шаруашылықтық есеп тұрғысынан бағалау тек өндіріліп жатқан кен орындарына қатысты жүргізіледі және оның нәтижелері халықшаруашылықтық тұрғыдан бағалаудың нәтижелерінен ерекшеленеді.

Кен орнын экономикалық тұрғыдан бағалау көрсеткіштерінің саны, олардың мөлшері, әдісі мен анықтаудың дәлдігі бағалаудың мақсатына, міндетіне, минералдық ресурстың түріне, кен орнының зерттелу, игерілу және өндірілу кезеңдеріне байланысты. Кен орнының зерттелу, игерілу және өндірілу деңгейіне, өсуіне қарай бағалау әдістері де күрделене түседі, оның ескерілетін көрсеткіштерінің саны, бағалаудың дәлділігі арта түседі. Нақтылығы мен дәлдігінің әртүрлілігі бағалаудың мақсатына байланысты болады, ал оның неғұрлым дәлділігі минералдық-шикізат ресурстарына төлемнің ғылыми негізделген нормативтерін белгілеу үшін қажет. Айта кету керек, экономикалық бағалау әрқашанда салыстырмалы түрде, ал баға белгілеу кезінде өнімдердің әрбір түрі ескеріледі.

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау шамасы оларды шаруашылықта пайдаланған кезде алынатын тиіммен, дәлірек айтқанда, жоғарыда көрсетілгендей дифференциалдық жер рентасының және оның тау-кен, су, орман сияқты түрлерінің шамасымен өлшенеді. Минералдық-шикізат ресурстарын экономикалық бағалау табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің шамасын анықтаудың негізі болады [6].

Табиғат ресурстарының бағасы оларды ашу, игеру және өндіруге дайындағанда қаншаға түсетінін көрсететін болса, экономикалық бағалау халық шаруашылығының біртекті өнімге сұранысын қанағаттандыру үшін бағаланатын ресурстан өндірілген өнім сол өнімді осы ресурстың сапасы төмендігінен өндіргендегіден қаншалықты еңбекті үнемдейтіндігін көрсетеді. Табиғат ресурстарының бағасы оларды қалпына келтіру, жаңғырту, қорғау төлемдерінің негізі болатын болса, табиғат пайдаланушы салалар өнімдерінің пайдасы оларды экономикалық бағалаудың алғашқы көрсеткіші болады.

Баға арқылы әртүрлі өзара бір-бірінің орнын алмастыра алмайтын өнім түрлері салыстырылады, ал экономикалық бағалау бойынша қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін “бір-бірімен бәсекелес”, негізінен біртектес, бір-бірін өзара алмастыра алатын ресурстарды пайдалану тиімділігі салыстырылады.

Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерін анықтау үшін экономикалық бағалау нәтижелерін қолдану бағалаудың іс жүзінде қолдану ауқымын елеулі түрде кеңейтеді, енді ол шаруашылық-есеп қатынастарында, оларды шаруашылықта пайдалануды экономикалық реттеу жүйесінде қарастырылады. Табиғат ресурстарының бағасы өндірістің экономикалық нәтижелеріне, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға белсенді әсер етеді.

Қазақстан Республикасының жағдайында табиғат ресурстарын төлемді пайдалану оларды тиімді пайдаланудың тетігі болуы тиіс және әртүрлі табиғи, экономикалық сипаттағы біртекті табиғат ресурстарының жекелеген көзде葀ін өндіруде жекелеген кәсіпорындардыУ шаруашылық-есеп жағдайын теңестірудің басты экономикалық құралы болады. Олар табиғат ресурстарын пайдаланғанда алғашқы қалпыЭа келтірілуін, жаңғыртылуын және қоршаған ортаның Қорғалуын ғамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарына төлемдердің нақты жүйесін енгізбей табиғат игеруші кәсіпорындардың нарықтық қатынастарға, түбегейлі шаруашылық есепке көшуі мүмкін емес [7].

Табиғат ресурстары үшін төлемдер, оның ішінде пайдалану құқығы үшін, ренталық төлемдерді, бұрынғы Кеңестер Одағында түгел дерлік табиғат ресурстарын пайдалану меншік құқын пайдаланудың экономикалық көрінісі деп түсінді. Мәселен, қазіргі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералды шикізатты ұқсату туралы Кодексіне сәйкес Жер қойнауын пайдалану төлемдері минералдық-шикізат ресурстарын толық, тиімді пайдалануды, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық тұрғыда ынталандыру мақсатында, өндіруші және өңдеуші күштер үшін шаруашылық-есеп жағдайын ретке келтіруге, пайдалы қазбалар кен орындары мен техногенді құрылымдар орналасқан аймақтарды және республикамыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында негізделді. Сөйтіп, табиғат ресурстары үшін төлемдердің салықтардан ерекшелігі табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал ететін экономикалық шаруашылық-есептік тетіктер мен ынталандырушы жүйе ретінде қарастырылғандығында.

Салық дегеніміз жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасынан мемлекетке, мемлекеттік аппаратты, оның ішінде әскери, ғылым мен мәдениетті, сонымен бірге елдің еңбекке жарамсыз бөлігін қаржыландыруға алынатын қаражат екендігі белгілі. Сондықтан, салықтың табиғат ресурстарының бағасына, олардың экономикалық бағалануына, пайдалану төлемдеріне еш қатысы жоқ. Бірақта, қазіргі уақытта тарихи қалыптасқан және іс-жүзінде қолданылатын табиғат ресурстарына, әсіресе жер ресурстарына “салық” ұғымы бар. Мысалы, Қазақстан Республикасында “Жер салығы туралы” Заң қабылданған және салық жер ресурстарын тиімді пайдаланудың тетігі, экономикалық ынталандырушысы деп айтылады. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы жағдайында табиғат ресурстарын немесе оларды пайдаланғаны үшін төленетін “салық” терминінің қолданылуы, оның орнына табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем ұғымы тұрғанда немесе енгізілгенде жол берілмейтін ескірген көзқарас, өзінің шынайы қызметінің мағынасын өзіне тән сөзбен ашып көрсете алмайтын термин болып табылады. “Салық” ұғымының әуел бастан-ақ қандайда болмасын өндірістік, яғни табиғат ресурстарының кез келген түрін тиімді пайдалануды ынталандырумен ешқандай байланысы жоқ. Сондықтан бұл ұғымға өзінің атқаратын қызметіне тән емес нәрсені телудің қажеті жоқ. “Салық” ұғымының мағынасын “табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем” ұғымымен шатастыруға болмайды. Осыдан келіп табиғат ресурстарын қандай да болмасын түрін пайдалануға қатысты “салық” терминінен бас тартып, “жерді пайдаланғаны үшін” немесе “табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем” деген сияқты терминді пайдаланған дұрыс [8].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет