Жалпы орман қоры ауданының 91,4 %-ын орман алқабы, ал 8,6 %-н ормансыз жерлер құрайды. Ормансыз жерлердің көп бөлігін шабындық жерлер, жайылымдар, орман жолы, тоғай жолы, өртке қарсы жарылымдар және жолдар қамтиды. Болашақта аумақтың орман алқаптарыдағы өртенген орманның орнына қайта ағаштар отырғызу, орманды кесіп жоюды тоқтату, қоршалмаған орман дақылдарын орман жамылғысына айналдыру есебінен ормандар көлемін 59 %-дан 90 %-ға дейін өсіруге болады.
Аймақтың негізгі ағаш тұқымдастары – қарағай, барлық орман жамылғысының 77,7 %-ын құрайды (оның 20 % қолдан жасанды түрде өсірілген), басқа ағаш түрлері орман жамылғысының – 9,5 %, шоқ талдар – 8,9 %, қалған бұтақшалар – 3,9 % құрайды (3-кесте)
Кесте 8 – Ағаш тұқымдары бойынша орман алқаптарының таралуы (01.07.2005 жылғы орман қорын есепке алу мәліметтері бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |