1)Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым.
Педагогика өзінің атауын гректің баланы жетектеуші деген сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожаның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие- қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ен алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал- ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Пән- бұл нақтылы ақиқаттың мәнің құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет обьективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Педагогика пәні- индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
2)Педагогиканың негізгі ұғымдары.Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
3)Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика.
Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т.б.
4)Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Ең алдымен, педагогика философиямен тығыз байланысты, өйткені ол философиядан бөлініп шықты. Философия табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын зерттейді. Ал педагогика тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде қарастырып, тәрбиенің дамуын қоғамның дамуымен тығыз байланыстырады. Философияның бөлімдері – эстетика мен этика – педагогикадағы адамгершілік, эстетикалық тәрбиелердің мақсатын жүзеге асыруда басшылыққа алынады. Педагогика психологиямен байланысты. Егер психология жеке адамның дербес ерекшеліктерін (түйсік, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, т.б.) зерттесе, педагогика ғылымы осы зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кеңінен пайдаланады. Педагогика да , психология да адамды зерттейді. Психология адамның мінез-құлқын зерттесе, педагогика сол мінез-құлықты қалай тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін зерттейді. Педагогика жас ерекшелігі физиологиясымен байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв жүйесінің қызметі, тыныс алу, қан, жүрек-тамыр жүйелерінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалім білуі керек. Бұл оған педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастырып, басқаруға көмектеседі. Педагогика мектеп гигиенасымен тығыз байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту туралы ғылым. Мектептің жалпы тазалығы, сынып бөлмелерінің кең, жарық болуы балалардың денсаулығына әсер етеді. Ауаның жеткіліксіздігі, жарықтың нашарлығы, бөлменің шаң болуы балаларды әлсіздікке, бас ауруына, көруінің нашарлауына әсер етеді, сөйтіп оқушылардың оқуы төмендейді. Сондықтан әр мұғалім гигиенаның сақталуына көңіл бөлуі керек. Педагогика математика, социология, медицина, экология, т.б. ғылымдармен де байланысты.
5)Педагогиканың шығуы мен дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтажынан ,талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.Алғашқы педагогикалық ой- пікірлер ертедегі шығыс елдерінің ( мысыр, Вавилония, Үнді,Қытай ) философиялық жүйесінде дамып,кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді.Сократ,Платон,Аристотель,Демокрит саясат,тәрбие,мемлекет,жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.Феодалдық қоғамда орта ғасырда тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді.Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
15- 16 ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт гуманизм деп аталды ( Ф. Рабле , Т. Мор, Т. Кампанелла) Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдед
Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко (1888- 1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу- тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдәстемесін құрды.
Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 7 –томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: Ата- аналар кітабы, Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер, Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері, Педагогикалық поэма , Мұнара үстіндегі турлар. Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін ,әдістері мен негізгі принциптерін , балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп жинақтады.
6)Қазақстанда педагогикалық идеяның дамуы.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі – Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов ( 1835- 1865).Ағартушы – ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.Діни бағыттағы медреселер мен ел билеушісі әкімдер,тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сына келіп , жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді. Тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды,ол өмірді бағалауға , тұрмыс құруға үйретеді,- деді Шоқан.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсаринің (1841-1889) демократиялық – ағартушылық бағыты оның педагоикалық көзқарастарынан көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға , дүние ғылымдарын үйретуге , оқу құралдарын жазуға , тәлімгер- ұстаз дайындауға , оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеніндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси- әлеуметтік мәселелерді жан- жақты қамтып жазуға жұмсады.
Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен ғақлия сөздері педагогикалық ой – пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсік пен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі ғылымның ақылмен, жан құмары мен алынатындығы оның көрінісі.Ақынның педагогикалық көзқарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері,жастарды халқының әдеп- ғұрпы, салт- санасы,дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.
А.Байтұрсынов қазақ газетіндегі (1914 жылы) мектеп керектері,- деген мақаласында : Ең әуелі мектепке керегі-білімді , педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші- оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы әмсайлы болуы.Үшінші- мектепке керегі белгленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс- ол я артық, я кем шықпақшы- деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыдан белгілеп берді.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 ) педагогика, психология саласында құнды ғылыми – зерттеу еңбектері мен қатар бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. Тәрбиеге жетекші атты еңбегінде ( 1924 жыл) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.
Қартбай Бержанов (1924-1976)- педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым –ұстаз.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымын 20 ғасырдың 2-ші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.
7)Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Әдіснама («методология» ‒ грек. methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз, түсінік): 1) теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру, құру принциптері мен тәсілдері жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім, білім; 3) белгілі бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы (Философиялық энциклопедиялық сөздік).
Әдіснама – ғылыми әдістер туралы теориялық ілім; жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі; белгілі бір немесе бірнеше теориялар негізінде зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады. Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігін және мазмұнын ашуда педагог-зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады.
Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы ілім. Оның құрамына 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі педагогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, іргелі, философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) педагогикалық таным әдістері туралы ілімдер жатқызылады (В.И. Загвязинский)
Педагогика ғылымының әдіснамасы: біріншіден, ғылымның жалпы әдіснамасынан туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен байланысты туындайды; үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың жағдайлары туралы теориялық қағидалармен, олардың зерттеу әдістерін қарастырады; төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізумен анықталады.
8)Педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор.Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:
байқау (бағалау шкалаларын қолданумен);
педагогикалық тәжірибені жалпылау;
эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық);
сауалнама жургізу;
интервью жүргізу;
педагогикалық құжаттардың мазмұнынанализдеу;
жобалық әдістер;
тестілеу;
ауызша,жазбаша жәнепрактикалық емтихандар;
шкалалау т.б.
Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:
анализ;
синтез;
индукция;
дедукция;
модельдеу;
ой эксперименті;
формализация әдісі т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |