ең жоғары философы ретінде атайды. Ол - қай тұрғыдан қарасаңыз да
керемет көзқарас
көкжиегі болған, түбегейлі пікірлер қалдырған ұлы тұлға.
Енді қазіргі сенімсіздік және жаһандық тәртіпсіздік шағында Ибн Халдунның
біздің баршамызға айтары бар. Егер тарих куәгер болатын болса, Ибн
Халдун үшін осылай болатын, бізге былай дейді: бір қоғамның материалдық
және рухани молшылығының кілті - тұтастық пен ұйымшылдық. Адам
баласы ұрпағын сақтау және
жалғастыру, негізгі мұқтаждықтарын қамдау
және «мәдени» болу үшін әлеуетін жүзеге асыруға
деген мұқтаждығына орай
бірге өмір сүруге мәжбүр болғандықтан табиғи түрде «саяси болмыс» болып
есептеледі.
Халдуниан парадигмада өркениеттің құны – қоғамдық тұтастық,
топтық
ұйымшылдық және асыл текті ерекшеліктердің жоғалуы. Асаббиесінен
айрылып қалғандар «Асалах», басқаша айтқанда «асыл тектіліктерінен» де
айрылып қалады. Бұл жағдай қайталанып отыратын жағдайға келеді.
Тайпалардың, ұлттардың, мемлекеттердің және империялардың күшімен
шексіз түрде қайталанатын жағдай. Ибн Халдун осындай қайталануға
шамамен 4 буын, яғни бір ғасырдан біраз артық уақыт берген. Айырықша
қоғамдық тұтастықтың ең керемет сүйеніші ағайын-тумаластық деп сенген.
Оның ойынша адамдарды бір біріне мықтап байланыстыратын басқа
байланыс жоқ. Ағайын туыстығы мықты адамдарға ешкімнің шабуылдауға
батылы жетпейді. Алайда қалада тұрып, мәдени жеке
адамдар болған сайын
адамдар ағайын-туысқандық сезімдерін де жоғалта бастайды. Ибн Халдун
осы тұйықтан шығудың жолын таба алмайды: қолыңдағы асаббие
арқылы
билікке, қала тұрмысына және өркениетке қол жеткізесің,
алайда отырықшы
және мәдени өмірдің пайдасын көре бастағанда тұтастығыңнан айрыласың.
Достарыңызбен бөлісу: