1 тақырып Кіріспе


Құм жүйесінің ақаулары және жөндеуі



бет44/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Лекция Тех.рем

Құм жүйесінің ақаулары және жөндеуі.
Жөндеудің қай түрі болмасын құм жүйесі қаралып тексеріледі.Техникалық қызмет көрсетуде және ағымдық жөндеу кезінде шашылатын құмның мөлшері және оның бағыты, құмның доңғалақтың бандаж астына жіберлуі, бекітпелердің жағдайы, трубалардың және резиналы наконечниктер қондырғысы тексеріледі. Трубалардың ілмелі шеттері рельс қалпақшаларынан 50-65 мм қашықта орналастырылады және оны бандажға немесе тежеуіш берілісіне түйіспейтіндей етіп бағыттайды.
Қажет болған жағдайда құм жүйесінің форсункаларын тазалайды, құмның шашылуы реттеледі. Педальді басқан уақытта құм доңғалақ астына шашылмаса, оның бірнеше себептері бар – бункердегі құм ылғалданып үйісіп қалған және ол трубаға өтпейді, форсункадан тек қысылған ауа ғана шығады. Бұл жағдайда бункердегі құмды шашу керек немесе ауыстыру керек ( бункерді таза, құрғақ құммен толтыру керек). Жалғағыш жеңдерден доңғалақ астына құм да қысылған ауа да шашылмайды, бұндай жағдайда ауа өткізгіш ластанған немесе электропневматикалық клапан және ауатаратқыш жұмыс жасамайды. Бұндай ақауда құрылғыларды шешіп тексеру керек, ал труба өткізгішті үрлеп тазалау қажет. Үшінші және төртінші доңғалаққа құм шашатын трубалар мүсіні көлбеу болып келеді, сол себепті трубаларда көп жағдайда құм тұрып қалады. Ластанған форсунканы сым немесе майысыңқы пробка арқылы тазаланады. Тепловоз доңғалағының астына шашылатын құмның мөлшері форсунка корпусында орналасқан реттегіш винтпен реттеледі. Бұл реттегіш форсунка корпусына және соплоға баратын ауа ағымын азайтуға немесе көбейтуге қажет. Құм жүйесінде келесідей ақаулар болуы мүмкін: труба стеналарының және форсунка корпусының тозуы; электропнев-матикалық клапандардың істен шығуы, ауатаратқыш поршеньдерінен ауаның шығып кетуі; ауа өткізгіштің ластануы, қақпақтардың, бункерлердің және торлардың зақымдануы.
Ағымдық жөндеу ТР-3 және күрделі жөндеу ауатаратқыштарды, форсункаларды және барлық трубалар жүйесін ағытып жөндейді сонымен қатар келесі тәртіппен тығыздыққа тексереді. Құм бункелерін қалдық құмнан тазалайды. Жұмыс жасауын тексеріп жыртылған торларды жаңалайды. Желінген немесе тозған форсунка корпустарын және трубаларды газды сваркімен пісіреді, майысуларды түзетеді. Жалғаушы гайкадағы және трубалардағы резбалар қаралады, керек болған жағдайда түзетіледі, ал резбасы кеткен деталдарды ауыстырады. Құм жүйесінің ауа таратқыш клапандарының отырғызылуын және тығыздығын арнайы стендпен тексереді.
Жиналған ауатаратқышты стендке орнатып, патрубкалардың қысылған жерлерін және саңылауларын сабындайды, сонан соң төменгі штуцерге (6 - 8) 105 Па қысымды қысылған ауа жіберіледі.

20 Тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет