1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Сейіт хан Сәмеке хан ұлы баяндаңыз



бет24/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Suraktar-2023 2

Сейіт хан Сәмеке хан ұлы баяндаңыз
Сәмеке ханның ұлы Сейіт хан 1741–1745 жылдар аралығында хандық құрып, Əбілмәмбет ханмен бірге Түркістанды өз астанасы етті. Ол Сәмеке ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Қазақ хандарының Жәдік әулетіне жатады. Ол Орта жүздің бір бөлігінің ханы болса керек. Тарихи деректерде Шасеит-хан, Сеит-салтан, Шах Саййид бахадүр хан аттарымен белгілі. Түркістан қаласында хижра жыл санауы бойынша 1228 жылы, яғни біздің қазіргі жыл санауымызша шамамен 1813 жылы Абд Рахим Узканди жазған «Шыңғысхан рисолясы» атты қолжазбада көрсеткен мәлімет бойынша: «Шах Саййид ат қою себебі, аналары Ташкенттік пірдің қызы еді. Саййид аты осыған байланысты қойылды». Ортағасырда сейіт қожаның қызын алу үлкен мәртебе саналған. Сейіттер Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы ретінде ортағасырлық дәуірде үлкен құрметке ие болған. Деректер бойынша Сейіт ханның балаларынан Қарабас Мұхаммет сұлтанның аты ғана белгілі. Жоғарыда аталған Абд Рахим Узканди қолжазбасында «… Шығай хан. Оның ұлы – Есім хан. Оның ұлы – Жәңгір хан. Оның ұлы – Тәуеккел Мұхаммет бахадүр хан. Оның ұлы – Әли шах. Оның ұлы – Шах Мұхаммет бахадүр хан. Оның ұлы – Шах Саййид бахадүр хан. Оның ұлы – Қарабас Мұхаммет сұлтан» деп көрсетіледі. Түркістан қаласында Сейіт хан 1738–1739 жылдары орыс өкіметінің өкілі Карл Миллермен бірнеше мәрте кездескен, орыс патшасының қоластына өтуге ниет білдірген (Путевые дневники и служебные записки о поездках по южным казахским степям. ХVШХІХ века, 2007: 33–34, 46). Сейіт Сәмекеұлы 1742 жылы Түркістан қаласы мен оның төңірегін жеке дара, 1743–1745 жылдары Әбілмәмбет ханмен бірлесіп иелік етті. Әкесі Сәмеке ханнан Түркістан қаласы мен оның төңірегіндегі аймақты, Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қонып жүрген қоңырат тайпасының бір бөлігін мұрагерлік жолмен басқаруға алды. Хан лауазымы мен басқару құқығын тікелей жоңғар ханы Қалдан Цереннен (Галдан Бошигт) алғандықтан оған тікелей бағынышты болды. Бұл жөнінде 1741–1742 жылдары Түркістан мен Ташкентте болған саудагер Шубай Арасланов жазады (Путевые дневники и служебные записки о поездках по южным казахским степям. ХVШ-ХІХ века, 2007: 100). XVIII ғасырдың 40-жылдарының ортасына қарай белгісіз себептерге байланысты саяси биліктен айырылған. Жазба деректерде хан жөнінде мәліметтер кездеспейд


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет