10 БӨж тақырыбы: «Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі»


дін тек сеніммен ғана емес, рухани құндылықтармен де тығыз байланысты



бет6/10
Дата09.10.2023
өлшемі74.86 Kb.
#480166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-111622

дін тек сеніммен ғана емес, рухани құндылықтармен де тығыз байланысты. Сондықтан да қазақ «иманды» деп барлық адами ізгі қасиеттерді бойына жинақтаған рухани деңгейі жоғары тұлғаны айтады. Мұхаммед пайғамбардың: «Мен көркем мінез-құлықтарды кемелдендіру үшін жіберілгенмін» деген хадисі де рухани-моралдық құндылықтардың діндегі ерекше орнын айғақтайды.
Дәстүрлі діни сананың ерекшеліктерін зерделеп, танымай тұрып, оған қатысты тиімді ықпал ету тетіктерін қалыптастыру мүмкін емес. Зерттеушілер діни сананы тұрмыстық, тәжірибелік, кәсіби деген үш түрге бөліп қарастырады. Ал қазақы болмысқа келсек, тұрмыстық және тәжірибелік діни сананың астасып жатқанын, олардың кәсіби діни санадан бастау алып, күнделікті тіршілікке тереңдей енгенін аңғаруға болады. Яғни қазақ үшін дін – дүниеден тыс тұрған әлдебір тылсым күш емес, қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл тұрмыс-тіршілігін, дәстүрін, дүниетанымын көктей өтіп жатқан негізгі арқау болатын. Бұл жерде өздері қол жеткізген кәсіби діни сана арқылы исламның негізгі қағидаларын халықтың жүрегіне жақын, санасына қонымды тілмен түсінікті етіп жеткізе білген ұлттың ағартушы ұстаздары мен дін ғұламаларының үлесі зор. Солардың ерен еңбегінің нәтижесінде қазақ халқы исламның рухын сезініп, жанымен қабылдады. Дін қағидаларын халқымыз әрбір мақал-мәтеліне, аңыз-әңгімесіне, жыр-дастанына, ертегісіне, шешендік сөзіне, даналық нақылына, тұрмыс-салт өлеңдеріне сіңіріп, күнделікті тұрмысында басшылыққа алар рухани және имани құндылықтарына айналдырды. Қазақ халқының діни-ислами түсініктері оның рухани-моральдық қағидаларында көрініс тапты.
Осы орайда бір нәрсені ескеру қажет. Егер ислам қазақ даласына қазіргі радикалды ағым өкілдерінің: «Құран мен сүннеттен басқаның бәрін тәрк етесің, тарихыңнан тамырыңды үзесің, мәдениетіңе балта шабасың, дәстүріңді дінсіздік деп танисың, тарихың бізден басталады» деген агрессияшыл ұстанымдарымен келген болса, ондай дінді ешбір халық қабылдамас еді. Ислам қазақ жеріне өзінің шынайы болмысымен – кеңдігімен, ізгілігімен, мәмілегерлігімен, бейбітсүйгіштігімен және ең бастысы – тазалығымен келді. Сонысымен де ол ұлт болмысына сіңді, оның құндылықтар жүйесін құраған рухани өзекке айналды.
Дін атын жамылып, дәстүрлі құндылықтарға сына қағып жүрген қазіргі жат ағымдардың ең қатерлісі – дін тазалығын өздерімен ғана байланыстырып, радикалды шетін көзқарастарды насихаттап жүрген, қазақтың дәстүрін дініне қарсы қойып, мұсылмандығын жоққа шығарғысы келетін ислам атын жамылған ағымдар. Радикалды ағымдардың бұл бағыттағы әрекеттері мың жыл бойы халықтың өзімен бір жасасып келген, тұрмысына, санасына, болмысына сіңіп, рухымен тұтасып кеткен дінді қол жетпес күрделі дүниеге ұқсатып, қилы-қилы тәпсірмен түсіндіріп, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет