12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері


КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРТТАРЫ



бет15/16
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#139830
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРТТАРЫ
Донабаева Л.А.- магистрант (Алматы қ., Қазақ ұлттық аграрлық университеті)
Білім мазмұны әрбір тарихи кезеңдердегі мектеп реформасының негізіне жатады. Білім беру саласына қатысты реформаларда заман талаптарына сай білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» т.б. құжаттарда бүгінгі білім берудің алдына қойылатын талаптар, іске асыру шаралары анықталған.

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру жүйесінде жалпы орта білім беру, білім берудің сапасын бағалау, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беруді дамыту, жоғарғы білім беру, білім беруді ақпараттандыру, білім берудің ұлттық жүйесін құру. Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселесінде мемлекеттік бағдарлама құрылған. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуның жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптассып дамуның жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғасынан зерттелетін ілім – «таным теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан айырмашылығы: ол – білімнің қалыптасуымен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру болып табылады.

Студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдіру мәселелріне көптеген педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары, тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі –ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Ежелгі Рим оқымыстыларының еңбектерінде білімді игеруде, шәкірттердің танымдық іс-әрекеті олардың дамуында ерекше орын алатындығы айтылады. Оқыту үрдісіндегі баланың танымдық іс-әрекетінің маңыздылығы Я.А. Коменский, И.Г: Песталоцци мен А. Дистервергтің еңбектерінде тереңдетіледі. Мысалы, А. Дистерверг оқыту барысында баланың танымдық іс-әрекеті сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді.

Зерттеулерге сүйенетін болсақ, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автлономиялық процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта әсерімен және тұлғаның сол ортадағы өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие процесі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдағы рөлімен және оның ұстанған позициясымен бірлесе жүргізілетін күрделі процесс.

Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде танымдық іс-әрекет нәтижелері студенттің жеке тұлғасына, біліктілігін жетілдіруге, психологиялық механизмдер арқылы, оң әсерлері бар рефлексия арқылы өз әрекеттеріне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен формасына сәйкес көзқарастарының қалыптасатыны анықталды.

Рефлексияның дамуына студенттердің рефлексивті ойлауының үлкен тәжірибелік, дамытушылық мәні бар, себебі, бірлескен әрекетте іс-әрекеттің рефлексивті сәттерінде бақылай, бағалау пайда болып, дамып отырады.

Студенттердің танымдық іс-әрекеті – жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажеттіліктерінен, белсенділігі мен ізденімпаздығын көрсететін танымдық, еріктік процестер мен мотивтер бірлігі нәтижесінде студенттердің инттеллектік, жеке тұлғалық қасиеттері және кәсіби қызығушылықтарын дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті білім көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу іс-әрекеті деп айтуға болады.

Демек, студент жоғарыда аталған қасиеттер мен танымдық биіктікке жетуде жоғары оқу орындарында жүргізілетін оқу-тәрбие процесінде өзіндік жұмыстардың алатын орны ерекше.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында да жастардың өздігінен ақпарат хабарларды дұрыс қабылдап, оны дұрыс бағалап, кез-келген теориялық және нақты жағдайды өз бетінше таңдай білу, нарықтық қатынастар жағдайында өздігінен еңбек етуге даярлығын арттыру міндеттері қойылған. Жалпы қазіргі күнде бұл мәселелердің өзектілігі күннен – күнге артып отыр.

Жоғарғы мектептегі оқу процесінің мақсаты – студенттің өзінің таңдап алған мамндығы бойынша теориялық, тәжірибелік білім алумен қатар, өз білімін өмірде пайдалана алуға даярлау. Оқу процесі, сонымен бірге, жеке тұлғаның интеллектуалдық қабілетін қабылдаған ақпаратты жан-жақты өңдеу, логикалық тұрғыда талдау, пайымдай ала білуін қалыптастыру болып табылады.

Кейбір зерттеулерде, өзіндік жұмысты студенттердің интеллектуалдық жігерлілік және кәсіптік сапаларын дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқытылатын материалдардың мазмұны мен қажетті көлемін игерудегі оқытудың жеке түрлері ретінде қарастырады.

Г.Н.Кулагина өзіндік жұмыс студенттердің танымдық іс-әрекетінде оның белсенділігі мен өз бетімен білім алудағы деңгейін көрсетеді деп түсіндіреді.

Р.А.Низамов пікірінше өзіндік жұмыс – студенттердің сабақта және одан тыс уақыттарда жеке, топ болып істейтін танымдық әрекет түрі.

П.И. Пидкасистый өзіндік жұмысты шәкірттің танымдық іс-әрекетін жетілдіру құралы ретінде қарастырады.

А.П.Молибог студенттердің өзіндік жұмысына үлкен мән беріп, оған анықтама берген. Ол өзіндік жұмысты барлық білім берудің негізі және мынандай түрлерін топтап, қарастырады:

- шығармашылық деңгейде қабылдау;

- оқу әдебиеттерімен жұмыс, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі;

- алған білімін жүйелеу, сабаққа дайындалу (семинар, тәжірибелік сабақтар);

- білімін бекіту: тапсырманы өз бетінше орындау немесе үй тапсырмасын орындау;

- зертханалық жұмысқа дайындалу және оны орындау;

- үйірмелердегі жұмыс;

- емтихан және сынақтарға дайындалу;

- курстық жұмыстарды орындау;

- түрлі практикалар;

- дипломдық жұмысты орындау.

Өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық және тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында қалыптасады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мұғалімдердің оқытудың кредиттік жүйесін жоғары дегейде меңгеруі нәтижесінде келелі нәтижелерге қол жеткізуге болады.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Сванкулова Қ. 12 жылдық білім жүйесіне көшудің өзіндік ерекшелігі. Қазақ тілі мектептер мен жоғары оқу орындарында. 2007 - № 3, 8-9 б.

  2. Шалабаева Б.Ө. 12 жылдық білім беруге көшу мәселелері. Бастауыш мектеп. 2008. № 7-8. – 12-13 б.

  3. Нұр Г. Ұлттық білім беру жүйесіндегі 12 жылдық оқытудың ерекшелігі. Қазақстан педагогикалық Хабаршысы. 2008. №2.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру амалдары қарастырылады. Өздік жұмыстарды ұйымдастырудағы шеберлік пен дағды-машықты қалыптастыру өз ісіне төселген маман оқытушының басшылығымен жүзеге асатыны көрсетіледі.
РЕЗЮМЕ

В статье раскрыты особенности, пути и способы организации самостоятельной работы студентов при кредитной технологии обучения. Навыки и мастерство самостоятельной работы формируются непосредственно под руководством преподавателя и зависят от их квалификации и профессиональных качеств.


Ы.АЛТЫНСАРИН ЖАЗҒАН ҚАЗАҚ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Қуандық А.-магистрант (ҚазмемқызПУ)
Қазақ халқының ұлы перзенті, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен Ы.Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.

Прогресшілдік сипаттағы Ы.Алтынсариннің педагогикалық системасы халық ағарту саласында аса зор, пайдалы рөл атқарды, оның көптеген қағидалары осы күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Оның ілімі өз алдына дербес, тұтас бір педагогикалық системе болып табылады.

Ы.Алтынсариннің педагогикасында Қазақстан жағдайында алғаш рет жалпы педагогика, дидактика және методика саласының аса маңызды ғылыми принциптері қолданыла бастады: оқытудың көрнекілігі, тәжірибе мен бақылау, оқытудың белгілі мақсатқа құрылуы, класс жұмыстары мен кластан тыс жұмыстардың түрлері т.б. жүзеге асырылды. Тәрбиенің әртүрлі компоненттеріне – адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесіне айрықша назар аударылды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпты да алғаш рет талдаған Ы.Алтынсарин болатын.

Ы.Алтынсаринге дейін қазақ халқына білім беру ісі түгелімен жергілікті чиновниктердің билігінде болды, олар көбінесе «бұратана халықтарға» арналған мектептер туралы жалпы ереже қабылдаумен шектеліп отырды.

Қазақ халқына жаны ашыған, келешегін ойлаған ағартушы бұл жағдаймен қанағаттанбай, туған өлкесінде мектепте білім беруді ұйымдастырудың жан-жақты ойластырылған жобасын жасады. Атап айтқанда, өзіне дейінгі мектептерді түр жағынан болсын, оқу программасы жағынан болсын орыстың алдыңғы қатарлы мектептеріне сәйкестендіруге тырысты. Сөйтіп өзі негізін қалаған мектеп ісін дамыту мақсатында бар күш-жігерімен кірісті.

Ы.Алтынсарин педагогикасының негізіне орыс халқының мәдениеті мен тарихи тәжірибесін жоғары бағалап, «азбаған және қабілетті қазақ халқының» экономикалық және рухани дамуын осы халықты (орыс) ілгері бастырған прогресшіл қозғалыспен ұштастыруда деп түсіне білгендігі жатады. Сондықтан да Ы.Алтынсарин қазіргі жастар орыс білімімен, ғылымымен қарулануы керек деп көрсетті. Өзі әрі жас, әрі тәжірибесі аз мұғалім бола тұрса да, мектептің маңызын түсініп, жоғары бағалап, былай деп жазады: «Мектеп – қазақтарға білім берудің негізгі кілті. Бар үміт те, қазақ халқының келешегі де осы мектепте. ... Қазақ даласындағы жағдай мектеп жұмысын тиісті жолға қойып, оған дұрыс бағыт беруді қажет етіп отыр».

Ы.Алтынсарин өзі өмір сүрген дәуірді қазақ халқының көпшіліктен отырықшылыққа, цивилизацияға өту дәуірі деп бағалады. Ол халық ағарту жұмысы мен оқу мәселелерін қалың бұқараның талап-тілегі, мүдделеріне сай шешуге тырысып отырды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ағартушы-ғалым оларға білім беру мақсатымен түсінікті әрі байыпты тілмен қазақ оқулықтарын шығара бастады. Олар: «Қазақ хрестоматиясы» (1879), ол 1899 «Мактубат» деген атпен араб әліппесімен қайта басылып шықты. Сонымен қатар «Қазақтарға орыс тілін үйретудің алғашқы құралы» (1879) мен «Шариат ул-Ислам» (Мұсылмандық тұтқасы) (1884) атты еңбектерін де атауға болады.

«Қазақ хрестоматиясы» - қазақ тарихындағы тұңғыш оқулық. Бұл оқулықтың маңыздылығы күні бүгінге дейін өз күшін жойған жоқ. «Қазақ хрестоматиясы» - балалардың әлі де қызыға, беріліп оқитын сүйікті кітабы. Себебі, онда берілген аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, яғни ауыз әдебиетінің түрлі үлгілері қысқа да нұсқа, қызықты да тартымды болып көрсетілген. Бұл әдебиет үлгілері балаларға әрі үлкен тәрбие бере отырып, дүние, білім туралы алғашқы танымдарын қалыптастырады. Бұл оқулықтағы берілген мысалдар қазіргі біздің оқу құралдарымызда да (оқулық хрестоматияларда, оқу кітаптарда, мазмұндама мен диктанттарда, жаттығулар жинағында) қолданылады. Алайда, социализм кезіндегі идеологиялық саясатқа байланысты, автордың кейбір сөздері (Құдай, пайғамбар т.б.) алынып тасталды немесе қысқартылды.

Мысалы,

Бір Құдайға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге –

Ықыласпен тоқылық! –

деген төрт тармақтан тұратын бір шумақ өлеңнің бірінші жолы («Бір Құдайға сиынып») баспаға жіберілмеді. /.,3-4б/ Осы себепті, бұл сөз Ы.Алтынсариннің тарихи беделіне нұқсан келтіруі мүмкін еді.

Ы.Алтынсариннің оқулық, оқу құралдарын жасауда 4 үлкен ерекшелігін атап көрсетуге болады. Олар:

а) Алла, құдай, тәңір, жаратқан сияқты діни нанымдағы сөздерді пайдалануы. /.,18б/ Мысалы, «Кел, балалар, оқылық! (Бір Құдайға сиынып)» өлеңі, «Лұқпан Хәкім», «Атымтай Жомарт», «Надандық» әңгімелері.

ә) Оқу құралдарына енгізетін әрбір шығармасының әлеуметтік, қоғамдық, тәрбиелік маңызының зор болуы; Мысалы, әңгімелерінен балаларға беретін тәрбиелік мәнінің жоғарлығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай мінез, әрекет пен ой-арманының табиғи, таза екендігі толық көрінеді. Мұнда «Бай мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан Хәкім» т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әртүрлі мәселелерін суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, надандықта келген еңбекші халықтың қоғамдық санасын тәрбиелеуді көздейді. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде ол көшпелі тұрмыстың зардабын көрсете отырып, бірге қоғамдасып, егін салып, өмір сүрумен салыстырады. Осындай тұрмыстың пайдалы жағын көрсетеді. Бұл ойын әрі қарай дамыта отырып, адам еңбегіне арналған басқа бір әңгімесінде, табиғат байлығының көзі тек қажымай, еңбектенген де ғана болатынын айтады.

Хрестоматияға енген шығармалар таза ақыл беретін ұсақ шығармалар (балалар, ересек адамдар өмірі және жануарлар туралы кішігірім әңгімелер) екенін атап өткен жөн. Бұлардың өзіне тән белгілі тәрбиелік идеясы бар. Ондай шығармаларға мыналарды жатқызуға болады: «Әке мен бала» (жалқаулықты сынайды), «Асыл шөп» (сабырлылықты көрсетеді), «Шеше мен бала» (қайырымдылықты), «Таза бұлақ» (адалдықты уағыздайды).

Бұл оның жазушылық және ағартушылық мақсаттағы еңбектерінің тұтас бір бағытта болғандығын дәлелдейді. Ағартушылық істер кезінде қазақ қоғамының әртүрлі сырларымен танысып, әлеуметтік теңсіздіктің айқын белгілерін көрген Ы.Алтынсарин әдеби шығармаларында бұл мәселелерді қалдыра алмады.



б) Халық ауыз әдебиеті арқылы ғылыми-техникалық, жаратылыстану ғылымдарынан хабар беру.

Ы.Алтынсарин көзқарасында ғылыми реалистік идеялар басым және ашық түрде ғылымның алдында бас игендік бар./.,64./Оған ағартушының оқулықтар мен оқу құралдары және оқыту әдістері туралы айтқан пікірлері дәлел. Мысалы, «Әрбір оқу құралының алдына қойған мақсатын және оның мазмұнын айқын түсініп алу үшін оқытушылардың өздері кітаптардың бәрін қалай да аяғына дейін әбден мұқият оқып шығулары керек, ал сонан кейін оларды оқыту жұмысына пайдалану қажет дегенді айта кетудің артықшылығы болмас деп ойлаймын. Орыс тілін, жаратылыстану ғылымын, географияны және тарихты оқыту жұмысы әрбір мектепте ілгері белгіленген бір жүйемен, оқу құралымен жүргізілуі керек; өйткені, тәжірибеге қарағанда оқыту, тәрбиелеу жұмысына дәйекті көзқарасы бекіп болмаған кейбір жас оқытушылар оқу құралын, оның үстінде халық мектептерінде өтілетін пәндердің оқыту әдістері мен тәртіптерінің өзін де өзгерте береді, осылайша, оқушыларды біресе бір түрлі әдіспен не бір оқу құралы бойынша, біресе екінші түрлі әдіспен не екінші бір оқу құралы бойынша оқуға мәжбүрлейді немесе дұрысын айтқанда бастаған ешбір пәнін еш уақыт түгел, тәртіппен өтпейді»,- десе, бірде «Оқытатын кітаптар ғылымға негізделуі тиіс»,-деп нақты оқулықтың жазылу тәртібіне сәйкес тұжырым айтады.

Осы ретте ағартушы хрестоматиясының екінші бөлімін қалай құрастыратыны жөнінде В.В.Катаринскийге жазған хатында былай көрсетеді: «Хрестоматияның бұл бөлімінде мен мүмкін болғанша толық түрде жаратылыс тарихы туралы, география, тарих туралы, аздап химиядан, физикадан, техникалық өндірістен түсінік бергім келеді»,-деп атағандай, ол хрестоматияға ендірген материалдарында жоғарыда өзі атаған жайлардан мағлұмат береді.

Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңі «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің жалғасы ретінде жазылған сияқты. Бұған Ә.Дербісәлиннің мына пікірін келтіруге болады: «Ы.Алтынсарин хрестоматиясының өз тұсындағы басылуларында бұл екі өлеңді бір-бірінен бөлмей жарялаған. Шығарманың мазмұны мен идеялық мақсаты біздің осы пікірімізді растайды»./.,7/. Ақын «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінде білімнің артықшылығын қазақ қоғамындағы әртүрлі жағдайларман салыстыра отырып көрсетсе, «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде ғылымның жетістіктерін тікелей мадақтайды, мәдениетті елдің озық салтын баяндайды. Шығарманың лирикалық кейіпкері өз замандастырының назарын мәдениетті елдің қолы жеткен табыстарына аударуды көздейді, олардан үйренуге шақырады, халқының мәдени мешеулігіне қынжылады. Ақынның бұл өлеңінде ғылым мен техниканың сол кездегі ең басты жаңалықтары толық көрсетілген. Олардың адам баласына келтіретін пайдасы ғасырлар бойы езушілікте болып, жақсы өмірге аңсаумен келе жатқан қазақ халқының көңіліне қонымды жүйеде және жаңалыққа талпынушылығын арттыра түсетін дәрежеде дәлелдеген. Ақын өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық озықтығын әр салада көрсетеді және олардың өз оқушысының ұғымындағы түсініктер арқылы беруге талаптанады.



в) Тіл ерекшелігінде ұлттық нақыш басым

Бұл ерекшеліктің өзін 3-ке бөлуімізге болады. Ы.Алтынсарин шығармаларының тіл көркемдігі мен байлығы, ұлттық болмысқа тән қасиеті бірінші, поэзия саласындағы еңбектерінде көрінеді. «Жаз», «Өзен», «Өнер-білім бар жұрттар», «Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен», «Кел, балалар, оқылық!», «Ананың сүюі» т.б. өлеңдерінде ол ауыз әдебиетінің тілдік дәстүрлерін кең пайдаланған, қазақ тілінің икемділігі мен сұлулығын тұңғыш көрсеткен. Бұл әсіресе, «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің тілдік ерекшелігінен анық байқалады. Мәтіндегі «сарай салғызды», «айшылық алыс жер», «көзіңді ашып жұмғанша», «құстай ұшу», «балықтай жүзу», «өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай» болса, «Желкілдеп шыққан көк шөптей» өлеңінде «желкілдеп шыққан көк шөптей», «өнер- жігіт көркі», «сіздерге бердім батамды» т.б. сөз тіркестері көптеп кездеседі. Өлеңдердегі әрбір теңеулердің өзі халықтық теңеулердің негізінде алынған, мақал мен мәтелдер де халық аузындағы қалпында берілген. Шығарманың жазылу түрі де халық өлеңдерінің стиліне мейлінше ұқсас.Олар ылғи шұбыртпалы ұйқаспен жазылған. Бұл ерекшеліктер өлеңнің ұлттық қасиетін айқын көрсетіп тұр.

2) Ғалымның өз хрестоматиясына жинап бастырған 69 мақал-мәтелдің /.,70б/ішінде халықтың арманы мен түсінігін білдіретін, тәрбиелік мәні бар, балалардың өзін қоршаған айналасына, өмірге, адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлқын дұрыс бағыттауға ұмтылдыратын нағыз қазақи, халықтық мақалдар көп орын алған. Мысалы: «Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар», «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді», «Сараң байды қоңыз десең болар, ішпей боқтық жиған; қайырлы жігітті ер десең болар, жолдасы үшін жанын қиған», «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қатынды бастан, баланы жастан»,«Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлатан бол»,«Ұят, өлімнен де күшті»,«Қолыңды қусырып жатпа»,«Патшаның баласын басып өтпе», «Екпей, егін бітпес»,«Шапқан озар, жатқан қалар», «Өнерді үйрен де жирен», «Талапты ерге нұр жауар», «Басқа пәле тілден», «Ұрлықтың түбі - қорлық», «Зормын десең, зорларға жолығарсың», «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі еді; жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі еді», «Саяқ жүрсең, таяқ жерсің», «Отпен ойнама күйесің, қоянмен ойнама қалжырайсың», «Көрмес, түйені де көрмес».

3) Ы.Алтынсариннің кітабына кірген күрделі шығармаларына шолу жасайық. Олар: 1) батырдың бейнесі, оның арамза ханға қарсы жорығы; 2)Қарабатыр; 3) Жәнібек батыр; 4) батырлар жырынан «Қобыланды батыр» - Тайбурыл.

Ы.Алтынсариннің әңгімелерінде жалпы халыққа түсініксіз, қиын сөздер кездеспейді. Жазушы әңгіменің оқиға жағынан тартымды, тіл жағынан жеңіл болуын көздейді. Ол, көбінесе, тақырыпты қарапайым баяндау арқылы жеткізеді. Автордың жағымды геройлары аңғарғыш, табиғатынан зерек, тапқыр болып келеді, оларды әр уақытта еңбекші халық ортасынан келтіреді. Басты кейіпкерлердің аузына өткір, дәлелді сөз салады. Ал байлар ортасынан шыққан кейіпкерлерді моральдық жағынан азғындаған етіп, мысқылдап келтіреді.

Ы.Алтынсарин қазақ ауыз әдебиетінің көптеген жанрларын қамти алды. Олардың әрқайсысынан өзінің нағыз халықтық деп таныған шығармаларын жариялады. Хрестоматиядағы ауыз әдебиеті материалдарының басым көпшілігі адамгершілік идеяға негізделгенін байқауға болады.

Бұл жағдайлар ағартушының ауыз әдебиетіне халықтық мәдени мұра ретінде қарап, одан өзінің ағартушылық ойларына сүйеніш таба білгендігі айқындалады және бұл шығармаларда жазба әдебиеттің, басқаша айтқанда, әдеби тілдің принциптері сақталған.

Жалпы алғанда, қазақ ауыз әдебиетінің сұрыптала жиналып, белгілі бір жүйеге келтірілуі, басылып жарыққа шығуы Ы.Алтынсариннен басталады деуге болады. Рас, Ы.Алтынсаринге дейін кейбір орыс оқымыстылары қазақтар арасында көп жайылған аңыздар мен өлең-жырларды жинап жариялады, бірақ бұл еңбектер «академиялық фольклористиканың» негізінде шыққан еді және оларда халық мұңына, оның тілегіне жанаспайтын шығармалар да өте көп кездесетін.

Ы.Алтынсариннің бұл педагогикалық идеялары мен ұрпағына қалдырған мол мұралары өзінің «Қырғыз хрестоматиясы» кітабының «Сөз басына» жазғанындай «... ізсіз қалмас, көздеген мақсатына жетер деген үмітпен, өзімді жұбатып отырмын»,-демекші, жоғарыда аталған кітаптары бүгінгі күні ұрпақ кәдесіне жарап, сұранысқа ие болып, құнды еңбектер еңбектер қатарына жатқызылып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. (Киргизская хрестоматия). - Алматы: «Білім», 2003 3-4 бет.

  2. Сыдықов Ә.С. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен

ағартушылық қызметі. –Алматы: «Мектеп», 1968 18 бет.

  1. Сонда 64 бет.

  2. Дербісәлин Ә.Ж. Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы. –Алматы, 1957 7 бет.

  3. Сонда 70 бет.

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада Ы.Алтынсариннің оқулықтарының ерекшеліктері мен оның оқулықтарға коятын талаптары туралы жазылған.
РЕЗЮМЕ

В настоящей статье рассматриваются особенности построения учебников Ы.Алтынсарина и требования, предъявляемые им к этим учебникам.



12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУ ШАРТТАРЫ
Сламджанова Ж. М. –магистрант

(Алматы қ., Қазақ ұлттық аграрлық университеті)


Еліміздің егемендік алуымен байланысты халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп - мектеп, бүгінгі таңдағы оқу - тәрбие жұмысына ендіру – келелі де, кешенді іске айналды.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда алғаш мектеп баспалдағын аттаған бүлдіршіндердің мектепке дайындығы мен бейімделуі күрделі психофизиологиялық процесс деп айтуға болады. Осыған байланысты педагог пен мектеп психологының қызметі бұл мәселені шешуде үлкен рөлге ие.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қазіргі реформалар орта білім берудің 12жылдық жүйесіне көшуіне алып келіп отыр. Бірінші сыныпқа баратын баланы оқыту бағдарламасына сәйкес қажетті қабілеттілігі, дағдылары, сондай-ақ, танымдық процесс ерекшеліктері тек психологияның ғана емес, барлық басқа ғылым салалрының назарында. Сондықтан 12жылдық оқу жүйесіне бейімделуге педагогтың, психологтың рөлі ерекше.

12жылдық мектеп жағдайында «бейімдеп оқыту» мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бейімдеп оқыту бағдарламалары шығармашылық (тереңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін. Жалпы орта білім берудің басты мәселесі- әлемдік білім беру стандарттарына сәйекс келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өздігінен білім алуға ұмтылуы, өзін-өзі тануға, белсенділік танытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайындығын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.

Мектепке бару кезі келгенде бала өмірінде өзіндік жаңа кезең – бастауыш мектеп жасының басталуы, бұрынғы ойын әрекеті оқу әрекетіне айналады.

Л.С.Выготскийдің айтуынша, бастауыш мектеп жасындағылардың интеллектісі интенсивті даму үстінде жүреді. Ойлаудың дамуы, ең бірінші, қабылдау мен естің сапалы қайта құрылуына, олардың ерік процесіне жүйелі айналуына әкеп соғады.

Бала 7-8 жаста негізінен нақты категориялармен ойланады.Кейінірек формальді операция кезеңіне, яғни қарым-қатынас пен бейімделуге қабілетінің айқын даму деңгейімен байланысты.

Оқушылар келе – келе өз бетімен талқылауға, шешім қабылдауға, жеке және жалпысын табуға, қарапайым заңдылықтарды орнатуға, анализ жасауға үйренуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет