2.2 Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда адвокаттардың iс әрекетi
Қылмыстық iс қозғалмастан бұрын ҚIЖК 132 бабының тәртiбiнде сезiктiнi ұстағанда ҚIЖК 135 бабына сәйкес жеке тiнту жүргiзiледi.
Сезiк келтiрген адамды ұстау – оның қылмысқа қатыстылығын анықтайды және оған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылады. Ұстауды жүзеге асыру мақсаты ұсталған адамда қару бар ма, қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайда сақтап қалу үшiн ұстауды жүзеге асырады.
Қазiргi уақытта жедел iздестiру қызметi мойындату және керектi ақпарат алу үшiн азаматтарды ұстау тәсiлiн кеңiнен қолданады. Азаматтарды заңсыз ұстаумен қатар iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңсыз тiнтуi де аз кездеспейдi. Соңғы кездерi прокурордан алдын ала санкция алмай-ақ тiнту жүргiзу үрдiсi етек алып барады. Бұлтартпау шараларын қолдану барысында заңдылықтың сақталуын адвокат өте тиянақты қарауы керек. Прокурорлар кей жағдайда қамауға алуға санкция берер де қылмыстық iс материалын жете зерттелмейдi, жинақталған дәлелдемелердi сараламайды, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басы туралы мәлiметтердi, қылмыстың ауыр жеңiлдiгiн, жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiн есепке ала бермейдi. Осы жағдайларда адвокат шағымдана алады.
Адвокат қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiн тергеушi 24 сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбергенiн тексеруi тиiс. Прокурор қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiмен танысады, егер де тергеушiнiң шығарған шешiмiнiң заңдылығына күмән келтiрсе қылмыстық iстi қозғауға негiз болған материалдарды тексередi. Қылмыстық iс қозғаудың заңдылығын, сонымен қатар тергеу iсi жүргiзудi қадағалауды жүзеге асырғанда тексередi. 15
Егер де қылмыстық iс заңсыз себептер мен негiздерге сүйене отырып қозғалса, прокурор өз қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау органының қаулысының күшiн жояды, қылмыстық iс қозғаудан бас тартады немесе қылмыстық iс бойынша тергеу iс әрекеттерi жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. Егер прокурор бұл мiндеттерiн орындамаса адвокат жоғарытұрған прокурорға шағымдана алады.
Адвокат алдын ала тергеу стадиясында айып тағылған не адам сезiктi деп танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
Адвокаттың соңғы жағдайда iске қатысуы:
- тұлғаны ұстаған жағдайда (кiнә тағылмаса да)
- тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданған жағдайда.
ҚIЖК 70 бабында көрсетiлген негiзде адвокат мiндеттi түрде қатысуы керек:
- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, жасы қылмыс жасаған уақытқа сәйкес белгiленедi;
- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса.
Адвокат iске қатысу мерзiмiнен бастап ҚIЖК-нiң 74 бабында көрсетiлген процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары:
- сезiктiмен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша құпия жолығуға. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дейiн жүргiзiледi. Кездесуде адвокат бiрiншiден қорғауындағы адамның iс бойынша позициясын шешiп алады: өзiн кiнәлi деп санай ма (егер өзiн кiнәлi деп есептесе толық мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сiлтеме жасайтындығын, ненi мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан не сұрайтынын.
Адвокат iске қатысқаннан кейiн төмендегiдей қызмет атқарады және бiрқатар құқықтарға ие болады:
- заң көмегiн көрсетуге қажет заттарды, құжаттарды, мәлiметтердi жинап ұсынады;
- дәлелдемелердi ұсынады. Дәлелдемелердi ұсынбас бұрын оларды белгiлi қайнар көздерден алу қажет, бiрақ та адвокатта билiк ету өкiлеттiгi болмағандықтан дәлелдемелердi табу, алу қиынға түседi;
- ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану қаулысымен, Заңда көрсетiлген қылмыстық iс жүргiзу өзге де құжаттарымен танысуға құқылы;
- өтiнiм жазады;
- ҚIЖК-нiң 109-110 баптарында көрсетiлген тәртiпте судья шағымдарды қарағанда адвокат қатыса алады;
- қарсылық бiлдiредi; (ҚIЖК-нiң 92, 93-баптары)
- Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағымданады;
- Заңға қайшы келмейтiн кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.
Iске қатысқаннан кейiн адвокат сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы болып көптеген мәлiметтердiң, оқиғаның куәсi ретiнде болады. Қорғау қызметiн атқара отырып осы өзiне мәлiм болған мәлiметтерi бойынша жауапқа тартылмайды.
Адвокат куә ретiнде жауап беруге құқығы жоқ, себебi «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 15 бабының 3 тармағында көрсетiлген адвокат көмегiн көрсете отырып өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.
Алдын ала тергеу стадиясында адвокат қорғаушы болып қатыса отырып:
- заңда көрсетiлген тергеу әрекеттерiне қатысады. Сонымен қатар жауапқа тартылып отырған тұлғаларға қосымша сұрақ қояды, хаттаманың дұрыстығы мен толықтығына жазбаша ескерту көрсетедi. Тергеушi адвокаттың кейбiр сұрақтарын жауапсыз қалдырады, бiрақ осы әрекетiн хаттамаға енгiзуi тиiс. Адвокаттың сұрақтары ьтек қана мән жағдайды ашуға айыпталдушының айыбын жоққа шығаруға немесе жауаптылығын жеңiлдетуге бағытталуы керек.
- iске қатысты, өзiне қажет құжаттарды сұратады;
- тергеушiге өтiнiм, ал алдын ала тергеу әрекеттерiне қадағалау жасайтын прокурор мен судьяға шағымдана алады.
- қылмыстық iспен байланысы бар мамандардан консультация алуға құқылы.
- прокурордың сезiктiнi, айыпталушыны қамауға алу және мерзiмiн ұзартуға берген санкциясына келiспеген жағдайда сотқа шағымдана алады. Мұндай шағымды сотқа прокурордың орналасқан мекен жайына байланысты жiбередi.
Алдын ала тергеу стадиясында адвокаттың соңғы қатысуы бұл қылмыстық iстiң барлық материалдарымен танысуы. Айыпталушының немесе оның қорғаушысының өтiнiшi бойынша олар iс материалдарымен бiрге немесе жеке-жеке таныса алады. Iстiң барлық құжаттары адвокатқа тiгiлген және нөмiрленген күйiнде берiлуi керек. Заңның осындай талаптарын тергеушi орындамаған жағдайда, адвокат iстiң құжаттарымен танысудан бас тарта алады. Адвокат пен тергеушiнiң арасында ешқандай келiсiм болмауы керек, себебi әр бет нөмiрленбеген болса iсте басқа материалдар тiркелiп немесе iске тiркелген басқа құжаттар алынып тасталуы мүмкiн. Сонымен қатар беттердiң нөмiрлерiнiң болмауы адвокаттың өтiнiм жазған кезде нақты қай бетiне келiспейтiндiгiн көрсетiп сiлтеме жасай алады.16
Адвокат алдын ала тергеу сатысынан бастап қатысса iстiң көптеген құжаттарымен таныс болғандықтан мiндетiн атқаруға жеңiл болады. Егер адвокат келесi сатылардан бастап iске қатысса, ол iстiң барлық құжаттарымен танысуы керек. Iстiң құжаттарымен танысуда белгiлi бiр тәсiлдер белгiленбеген, қорғаушылардың барлғы дерлiк бiрiншiден қылмыстық iс қозғау қаулысымен танысады. Қылмыстық iс қозғау қаулысының уақытын, кiм қозғағаны, қандай қылмыстық белгiлермен қозғалғанын, қандай тұлғаларға қатысты қозғалғанын қарайды, содан кейiн айыпкер ретiнде тану қаулысымен танысады. Қорғаушы iс құжаттарымен танысу процесiнде, егер ол бiрнеше томнан тұратын болмаса, олардың кез келгенiн қайта қарауға, сондай-ақ кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға, құжаттардың көшiрмесiн түсiрiп алуға, сонын iшiнде техникалық құралдардың көшiрмесiн түсiрiп алуға құқылы.
Адвокат iс бойынша құжаттардың көшiрмелерiн өзiнiң досъесiнде сақтауға тиiс. Досъе мiндеттi түрде iске қорғаушы болып қатысқаннан бастап толтырылуы тиiс.17
Iстiң құжаттарымен таныса отырып адвокат тергеу және анықтама органдары алдын ала тергеу әрекеттерiнде жiберген қателiктерiне, қылмыстық iс жүргiзу Заңының бұзылғанына көңiл бөлуi тиiс. Заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды және айыптаудың негiзi болып табылмайды. Содан кейiн сот қорғаушының өтiнiмi бойынша дәлел ретiнде жiберiлмеуге тиiс құжаттарды алып тастайды.
Iстiң құжаттарымен танысып болып адвокат әр түрлi өтiнiштер бiлдiруге құқылы. Көбiне жазған өтiнiшi қосымша тергеу жүргiзуге берiлген. Мысалы, қосымша жауап алуға, беттестiруге, тергеу экспериментiн жүргiзуге, сараптама тағайындауға байланысты. Қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда қылмыстық iстi қысқарту туралы құжатын сұратып iске тiркеу жөнiнде өтiнiш бiлдiредi. Тергеушiнiң қылмыстық iс бойынша адвокаттық өтiнiш қанағаттандырудан бас тартса, адвокат өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшiрмесiн алып үш тәулiктiң iшiнде прокурорға шағымдана алады.
Тергеу iс-әрекеттерiне қатысты адвокаттың өтiнiшi қанағаттандырылса осы өтiнiштi қарастырғанда қатысуға құқылы.
Iстiң барлық құжаттарымен танысқаннан кейiн адвокат айыпталушымен сот процесiнде қорғаушы бол қатыса алатын тұлғалардың тiзiмiн қарастырады. Қорғаушы болып қатыса алатын тұлға дегенiмiзде айыпталушының айыбын жоққа шығаратын мәлiмет бiлетiн адамды айтамыз. Бұл тұлғалардың тiзiмiн адвокат соған сәйкес өтiнiмде көрсетуi қажет.
Адвокат қылмыстық iс құжаттарымен танысқаны туралы қорытындысын белгiлi хаттамада толтырады. Хаттамада танысуға қандай құжаттар ұсынылғаны, қандай өтiнiмдер мәлiмдегенiн және өзге де қандай мәлiмдемелер жасалғанын, сондай-ақ iс бойынша қандай куәлардан жауап алғанын, iске қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлердi айыпталушы мен қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлiмдегенi немесе олардың тiзiмiн қоса тiркелгенiн көрсетедi.
Қамауға алғанда немесе ұсталынған кезде адвокаттың тұлғаға қорғаушы бол қатысқанда ерекше белсендiлiгiн көрсету керек. Себебi тергеушiлер мұндай әрекеттерiн жүргiзгенде көп қателiктер жiбередi.
Айыпталушының қамауда қандай негiзде ұсталғанын адвокат қорғаушы ретiнде тексеруге құқылы. Қылмыстық iс жүргiзу органдарына қылмыстық iс жүргiзу Заңы қоғамға аса қауiптi қылмыскерлердi тез арада қамауда ұстауға құқық берген. Қоғамнан аса қауiптi қылмыскердi бөлiп ұстамаған жағдайда қоғамымыздың тұрғындары орынды ренiш бiлдiредi. Себебi қылмыскер жауаптылықтан заңсыз босатылса қайтадан қылмыстық әрекетке бел бұрады. Ал егер де, кiнәсiз немесе жеңiл дәрежеде қылмыс жасаған тұлғаны тұтқынға алса адвокат өз құзыретi шегiнде, кәсiптiк бiлiктiлiгiн көрсете отырып көмек көрсетуi тиiс.
Адвокат осындай жағдайларда қорғау қызметiн жақсы атқару үшiн тергеу органдарының қанда жағдайда мiндеттi түрде тұтқынға алатынын қандай жағдайда рұқсат етiлетiндiгiн және қандай жағдайда Заңмен тыйым салынатынын мiндеттi түрде бiлуi керек.
ҚIЖК-нiң 130 бабының тәртiбiнде қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана және тек заңмен екi жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасағандығына сезiктiге, айыпталушыға қатысты қолданылады.18
Мемлекет өзiнiң азаматтарының жеке басына тиiспеушiлiктi қамтамасыз етедi. ҚIЖК-нiң 14 бабының 2 бөлiгiнде көзделген жағдайда ғана соттың не прокурордың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Қылмыстпенн күрес жүргiзуде, құқық тәртiптерiн қорғау мақсатында Заң тұлғаның жеке басына тиiспеушiлiктi кей жағдайда бұзуға тура келедi, сонымен қатар бас бостандығынан айыру шарасы қолданылуы мүмкiн. Олар:
- жасалған қылмысқа соттың шығарған үкiмiнiң негiзiнде қылмыстық жаза ретiнде бас бостандығынан айыру;
- әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық кезiнде қысқа мерзiмге қамауға алу;
- бұлтартпау шаралары ретiнде – алдын ала тергеу органдары прокурордың санкциясымен немесе соттың шешiмiмен күзетпен ұстайды.
Қорғауындағы адам қамауға алынған жағдайда адвокаттық қорғау iсiн жүзеге асыру үшiн, бiрден бiр бағыты ол – жоғары тұрған прокурорға бұлтартпау шарасын өзгерту немесе заңсыз деп табу туралы өтiнiш жасайды. Адвокат ҚIЖК-нiң 139 бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдану негiздерне қарсы өтiнгiш жасау үшiн дәлелдi негiздер қажет.
Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер:
- айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынғанда;
- iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасағанда;
- қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырса;
- қамауға алу, үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қолданылады.
Қамауға келiспеген жағдайда қылмыстық iстi жүргiзу органына қарсы төтеп бере алатын бiрқатар аргументтер бар. Мысал:
1. Күзетте ұстау кiнәсiздiк презумпциясына қайшы келедi, әр адам оның қылмыс жасағандығы дәлелдегенге дейiн және соттың заңды күшiне енген ұкiмiмен белгiленге дейiн кiнәсiз деп саналады. Айыпталушы кiнәсiз деп саналады, бiрақ бұлтартпау шарасы ретiнде күзетке алады. Айыптаушыны кiм кiнәсiз деп табады? Бұған жауап: мемлекет, қылмыстық жаза құқының субъектiсi ретiнде.
Мемлекет үкiм шығармас бұрын айыпталушыны әлеуметтiк құқықтық және тағы басқа құқықтарынан айырмайды. Адвокат қорғауындағы адамның айыптылығы дәлелденбегенше кiнәсiз деп тануды талап етедi.
Тергеушi мемлекет атынан әрекет жасай отырып айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде күзетке алады. Мұндай әрекеттi жүзеге асыру себебi айыпталушының кiнәлiлiгiне сенiмдi. Тергеушiнiң өз сенiмдiлiгi жеткiлiксiз, нақты негiздер қажет.
Сонымен қатар адамды кiнәлi деп тануға құқығы жоқ. Сот қана адамды кiнәлi деп таба алады. Сотқа осындай өкiлеттiлiк бере отырып, мемлекет iске қорғаушының араласуына кепiлдiк бередi.
2. Күзетке алу – бұл бұлтартпау шарасының ең қатал түрi, күштеп қоғамның бөлiп қамайды. Бөлек ұстау шарты денсаулық талабына сәйкес келмейдi, айыпталушы сырқат (медицина, мекемесiмен сәйкес справка тiркеледi), бөлек отырғаны оның өмiрiне қауiптi (жүрек ауруының болуы т.б.) немесе денсаулығына қауiптi (мұндай қауiптiнiң туындау себептерiн көрсету керек).
3. Жоғарыда көрсетiп өткендермен қоса адвокат басқа да деректерге сүйенуi керек. Жеке қарастырсақ: отбасы жағдайы (жақсы отағасы, екi баланың, кәрi ата-ананың қамқоршысы, қорғаушысы); тұрақты тұрғылықты жерiнiң болуы, тұрақты жұмыс орнының болуы (нақты жұмыс орнын мекен жайы мен қызмет түрi). Қамауға алу, қамауға алынғанның отбасы мүшелерiн және туыстарын материалдық және моральдық қиындықтарға соқтырады. Сондықтан да бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдабас бұрын бұлтартпау шараларының басқа түрлерiн қарастыруы керек.
Практикада қамауға алу бұлтартпау шарасы аса қауiптi қылмыс жасалғанда қолданылады.
Кез келген бұлтартпау шарасын заңға қайшы әрекеттер жасауға бел бұған, дәлелдемелердi жоюға әрекеттенген, куә, сарапшыларды қорқытқан айыпталушыға және бостандықта жүрсе тағы қылмыстық әрекеттер жасайды деген күдiк келтiрсе қолданады.
Тәжiрибеде күзетпен ұстау шарасын көбiнесе қылмысты тергеу кезiнде қолданады.
Анықтама тергеу органдарының, прокурордың шығарған бұлтартпау шарасына күзетке алу, мерзiмiн ұзарту шарасына мына тұлғалар шағым бiлдiре алады:
- сезiктi;
- айыпталушы;
- сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы;
- сезiктiнiң, айыпталушының өкiлдерi.
Күзетпен ұстаудың заңдылығын, негiздiлiгiн тексеру үшiн сотқа материалдар жiбередi. Бұл материалдарда:
- қылмыстық iстi қозғау қаулысының көшiрмесi;
- сезiктiнi ұстау хаттамасы;
- айыталушы ретiнде ретiнде тарту қаулысы;
- бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қаулысы;
- тергеушi, прокурор күзетпен ұстаудың заңдылығын, негiздiлiгiн дәлелдеу үшiн тұлғанын жеке басы туралы және басқа да мәлiметтер ұсынылады.19
Осы бұлтартпау шарасының мерзiмiн ұзартуына шағым жасаған кезде бұлтартпау шарасының мерзiмiн ұзарту туралы қаулының көшiрмесiн де сотқа жiбередi. Күзетпен ұсталынып отырған тұлға және оның қорғаушысы, заңды өкiлi берген шағымдарының дұрыс шешiлуiне әсер ететiн мәлiметтер ұсынуға құқылы. Осындай мақсатта сот қорғаушыдан, заңды өкiлiнен тағы басқа тұлғалардан шағымның шешiлуiне көмегi тиетiн материалдарды сұрата алады.
Сотқа шағым түскеннен кейiн бұлтартпау шарасы ретiнде қамауда ұстау және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексередi. Судья қылмыстық iзге түсу органынан iстi талап ете отырып, шағым түкен кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрмей жабық отырыста прокурордың сезiктiге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдануға берген санкциясының заңдылығы мен негiздiлiгiн тексерудi жеке өзi жүзге асырады. Қылмыстық iзге түсу органы судьяның сұрау салуын алғаннан кейiн бiр тәулiктiң iшiнде оған қылмыстық iстi ұсынуға мiндеттi. Заңдылық пен негiздi тексеру жабық сот отырысында жүргiзiледi және прокурор мiндеттi түрде қатысуы керек. Отырысқа қорғаушы сезiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлi де қатыса алады, шағымның қаралатын күнi туралы уақытында хабарландырылған кезде олардың дәлелдi себептерсiз келмеуi соттың қарауына кедергi келтiрмейдi. Егер де адвокат басқа сот процесiнде отырса сотқа хат арқылы немесе телефон арқылы шағымды қарауды басқа күнге ауыстыра отырып уақытын белгiлейдi. Ал егер де өз өтiнiшi бойынша белгiленген уақытта адвокат келмесе сот шағымды қарай бередi.
Қажет болған жағдайда судья отырысқа сезiктiнiң, айыпталушының қатысуын қамтамасыз етедi.
Қылмыстық iс бойынша адвокат iс жүргiзуде мiндеттi қатысса, ал сезiктi мен айыпталушы келмеген жағдайда сот тексерiсiне өздерi таңдаған қорғаушының қатысуына өтiнiш жасайды. Осы жағдайда сот тексеруге таңдалған адвокаттың қатысуын қамтамасыз етуi тиiс. Егер де таңдалып алынған қорғаушы ұзақ мерiзiмнде (кемiнде бес тәулiк) қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе басында тағайындалған қорғаушыны қайта шақыртуға немесе адвокаттардың кәсiптiлiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы.20
Қамауда ұстау және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеру барысында қамауда жатқан адамның кiнәлi немесе кiнәсiздiгiн талқыламауы тиiс. Тексерiсте тек қана қамауға алу мен мерзiмiн ұзарту негiздерi қаралады.
Қамауда ұстау және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге негiздер жоқ болған жағдайда сот iс жүргiзудi, яғни, тексерiс жүргiзудi қысқарту қаулысын шығарады.
Егер де сот тырысына қамауға алу және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн дәлелдейтiн материалдарды ұсынбаған жағдайда, солт бұл бұлтартпау шарасының түрiнiң күшiн жою туралы қаулы шығарады, және қамауда ұсталынған тұлғаны босатады. Судья қамауға алу бұлтартпау шарасының күшiн жоя отырып заңда көрсетiлген басқа да бұлтартпау шарасын қолдана алады.
Сезiктi, айыпталушы, олардың қорғаушысы прокурор санкцияландырған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы, сондай-ақ қамау мерзiмiн ұзарту шарасы жөнiнде шағымы қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда белгiлi бiр адамды нақ iс бойынша нақ сол негiз бойынша алу мерзiмi жаңадан әрбiр ұзартылуы кезiнде шағымның қайталап қаралуға құқыңы бар. Қайталама шағым ҚIЖК-нiң 110 бабында көзделген тәртiппен қаралады.
Шағым жасай отырып адвокат ҚIЖК-нiң 139 бабында көрсетiлген күзетпен ұстау негiздерiнiң жоқ екенiн, осы бұлтартпау шарасы Заңсыз қолданылып отырғанын дәлелдеу керек. Күзетке алу шарасы сезiктi, айыпталушы кiнәларын мойындайды деп қолданылмайды. Сезiктi мен айыпталушының кiнәсiнiң мойындауы – бұлтартпау шарасының мақсаты емес. Егер адам көп уақытта қамауда болса, тiптi кiнәлi болмаған жағдайда сот алдында еркiн, сенiмдi болса алмай қалады.
Қазiргi уақытта шетел азаматтарына қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануын, қолданылмауын ерекше қарастырады.21 Егер де қамауға алу шарасы қолданылмаса азамат өз елiне кетiп қалу қауiпi бар, мұнын салдарынан iс бойынша iс жүргiзу қиынға түседi. Осындай жағдайларда адвокат жұмысы күрделi болады, себебi тергеушiде дәлелдi негiз болады. Мысалы,айыпталушы алдын ала тергеуден және соттан жалтаруы мүмкiн. Осындай негiздер болғандықтан бұлтартпау шарасының қамауға алу шарасын қолданады. Ал адвокаттың мiндетi сезiктiнiң, айыпталушының қашып кетуiне кедергi келтiретiн мән-жайларды көрсетуi тиiс:
- сезiктiнi, айыпталушыны белгiленген жерде тұрғылықты жерлерiне тiркеуге келiсiм берiп отырған жақын туыстарының болуы.
- белгiленген жерде айыпталушының iрi мөлшердегi меншiгiнiң болуы
- жасаған әрекетiнiң қоғамға аса қауiптi дәрежесiнiң болмауы айыпталушының белгiленген территориясында қалуына басқа да себептер әсер етедi.
Заңсыз қамауға алу, билiгiн, өкiлеттiгiн терiс пайдаланып адам, құқықтарын қорлау болып табылады.
Қазiргi уақытта заңсыз қамауға алудан тұлғалар бiрнеше құқықтық актiлермен қорғалады. Құқықтық актiлер: халықаралық және iшкi мемлекеттiк болып бөлiнедi.
Халықаралық актiлерге:
1. Адам құқықтары жалпыға бiрдей декларация (1948ж), бұл декларацияда әр адамның құқықтары жөнiнде жеке өмiрiне қол сұғушылық туралы, сонымен қатар заңсыз қамауға алынуға, ұсталынуға немесе қудалануға жол берiлмейтiндiгi белгiленген.
Азаматтық және саяси құқықтар жөнiнде халықаралық Пакт (1966) белгiлеген, әрбiр адам бостандықта өмiр сүруге және жеке өмiрiне қол сұғушылық құқыққа ие. Ешкiм де заңсыз қамауға немесе күзетте үсталынуға жол берiлмейдi.
Iшкi мемлекеттiк актiлерге: Конституция, ҚIЖК жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы тұлғаларды заңсыз қамауға алудан қорғайды. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға болады.
Бұлтартпау шарасы ретiнде қолданылған қамауға алу шарасына адвокат:
1. прокурордың тiзбесi бойынша шағымданады.
2. сотқа шағымдана алады.
Прокурордың тiзбегi бойынша шағымдануға қадағалаушы прокурор қамауға алуға санкциясын бергенi жөнiнде шығарған шешiмi жатады. Егер де iстiң мәнi өзгерсе алдында шығарылған шешiмдi қайта қарауды қадағалаушы прокурордан екiншi қайтара жолығып сұрайды.
Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда адвокат басқа өтiнiшiмен жоғары тұрған прокурорға шағымдана алады. Бұл өтiнiшiнде қандай себептерден қадағалаушы прокурор өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқанын көрсету керек.
Прокурордың тiзбегi бойынша өтiнiш бiлдiруге құқығы бар тұлғалар: сезiктi, айыпталушы, қорғаушы және заңды өкiлдерi.
Адамның ең бiрiншi, басты өтiнiш беру құқы ол – қамауға алу бұлтартпау шарасына және күзетпен ұстау мерзiмiнiң ұзартылуына. Азаматтық және саяси құқықтар жөнiнде халықаралық Пактiге сәйкес қамауға алу және күзетпен ұстау шарасының себептерiнiң бас бостандығынан айырылған тұлғалар сотта осы мәселенi талқылай алады. Сот бұл бұлтартпау шараларының заңды жүргiзiлгенiн тексерiп тексерiске сай қаулы шығарады.
Адвокат бұлтартпау шарасының қамауда ұстау түрiнiң заңсыздығына шағымданғанда қамауда ұстамаудың себептерiн көрсетедi. Мысалы, сезiктiлердiк кәмелетке жасы толмаған балаларының болуы, тұрақты мекен-жайының болуы, оң мiнездемесiн көрсетедi. Сезiктiнiң, айыпталушының жасаған әрекетiнiң ауыр қылмыстарға жатпайтыны және қылмысты бiрiншi рет жасауы, өкiнуi, тергеу органдарына жәрдемдесетiндiгi.22
Адвокат жазалау шараларын қолдану кезiнде сотқа құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның терiс қылық жасағанға дейiнгi мiнез-құлқын ескертуi тиiс. Сонымен қатар адвокат тағайыналатын жазаның сотталған адам жасаған терiс қылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкестiгiн қадағалауы тиiс. Егер жазаның мөлшерi сотталушының жасаған әрекетiне сәйкес келмесе адвокат он тәулiктен кешiктiрмей шағым жасауы тиiс. Тексерiлу жүргiзгеннен жаза бiр айдан кешiктiрiлмей тағайындалады. Жаза 24 сағаттың iшiнде, ал ерекше жағдайларда –ол тағайындалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей атқарылады.
Шағымдар ауызша не жазбаша болуы мүмкiн. Ауызша шағымдар қорғаушы мен шағымды қабылдап алушы лауазымды тұлға қол қоятын хаттамаға енгiзiледi. Адвокат шағымға қосымша материалдар тiркеуге құқылы. Сезiктi мен айыпталушы қорғаушының берген шағымын қайтарып алуға құқылы. Адвокат анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттық iс-әрекеттерi мен шешiмiне шағымдарды барлық анықтау iсi, алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу барысында бере алады. Адвокат анықтаушының, анықтау органының және анықтауды жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалау жасайтын прокурорға шағымданады. Ал прокурордың iс-әрекетi мен шешiмiне адвокат жоғары тұрған прокурорға шағымданады.
Прокурор анықтаушы мен тергеушiнiң, анықтау және тергеу органдарының iс-әрекетiне, шешiмдерiне келiп түскен шағымды ол алынған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде қарауға мiндеттi. Прокурор адвокаттың қанағаттандырмаған жағдайда, қанағаттангдырудан бас тартқандығы туралы прокурордың хабарлауын алған күннен бастап бiр айдың iшiнде тиiстi прокуратураның орналасқан жерi бойынша аудандық сотқа бере алады.
Осы келiп түскен шағымды он тәулiктiң iшiнде жабық отырыста судья өзi қарайды. Адвокат шағымдану себептерi мен прокурордың заңсыз әрекетiн дәлелдейтiн негiздер, құжаттар iске қатысты материалдар ұсына отырып өзi түсiнiк бередi.
Iс сотта қаралып жатқанда күзетпен ұстау шарасын заңды негiз болған жағдайда сот шығарады. Сонымен қатар үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн күзетпен ұстау шарасын шығаруға құқылы.
Адвокат күзетпен ұстау шарасын шығарғанда, үкiмнiң орындалуының осыған байланыстылығының тексеруi керек, яғни үкiмнiң орындалуына айыпталушының кедергiсi тиетiндiгiн. Егер де айыпталушының кедергiсi тимесе, оған бұлтартпау шарасын қолданбауын қадағалауы тиiс. Мысалы, шығарылған шешiм заңсыз болады, егер үкiмнiң орындалуына айыпталушы емес, объективтi деректер кедергi келтiрсе. Объективтi деректер: ауа райының тиiмдi болмауы, көп мөлшерде қар жауып, сут астқыны болса; соттың және басқа да әкiмшiлiк органдардың толық көлемде жұмысын орындалмауы (канцелярия қызметкерлерiнiң жұмысын дұрыс орындамауы, керектi құжаттарды кiдiрткенде, құжаттарды басқа мекемеге жiберген жағдайда сот орындаушылары құжаттарды жоғалтқан жағдайда).
Мұндай қателiктер әрине тек қана алда ұйымдардың үкiмдi орындау iсiн жақсартады, ал күзетпен ұсталынып отырған сотталушыға өзгерiс болмайды.
Жасы кәмелетке толмағандарға және қарт адамдарға күзетпен ұстау шарасы қолданылмайды. Сонымен қатар адамдарға күзетпен ұстау шарасы, мүгедектерге, ауыр сырқат жағдайында, отбасы жағдайы, аяғы ауыр әйелдерге, нәрестесi бар әйелдерге, жалғыз аналарға, балалары көп ата-аналарға қоданылмайды.
Күзетпен ұстау шарасы мына жағдайларда қолданылады:
- егер де айыптаушының әрекеттерi шындықты айқындауға кедергi келтiрсе;
- басқа тұлғалардың туыстарының, таныстарының, бөтен адамдардың өз бетiнше жасаған әрекеттерi шындықты айқындауға кедергi келтiрсе, онда айыпталушыны күзетпен ұстауға негiз болмайды. Ал егер де туыстары, таныстары бөтен адамдар айыпталушының үркiтуiмен, қорқытуымен шындықтыайқындауға кедергi келтiрсе, онда айыпталушыға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданады. Бұндай жағдайларда адвокат ешқандай әрекет жасай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |