2 – курс мұҒалімдік даярлайтын мамандықтарға арналған психологиялық- педагогикалық практикасының КҮнделігі



бет1/33
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499437
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Нурмуқамбет Нұрдана мфк222 1-10апта (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ӘЛЕУМЕТТК ҒЫЛЫМДАР (ПСИХОЛОГИЯ) БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ









2 – КУРС МҰҒАЛІМДІК ДАЯРЛАЙТЫН МАМАНДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ
(психологиялық сүймелдеумен)

Алматы, 2022

Студент-практиканттың аты-жөні: Нурмуқамбет Нұрдана


Оқу орнының аты: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті


Институты: Математика, Физика және Информатика


Мамандығы6B01502: Математика-Физика


Қурсы, тобы :2, МФК-222


Психолог әдіскер:Сания Жарқынбекова

1 практикалық сабақ
Практика мақсаты, міндеттері, ережелері мен қойылатын талаптары туралы сипаттаңыз?
Педагогикалық тәжірбие теория жүзінде алынған білімдерді және білім беру мен тәрбиелеудегі нақты бір міндеттерді болашақ мұғалім ретінде шешуге бағыталған.Бастауыш сынып оқытушыларының өз кәсіби міндетін қалай атқаратынын бақылай отырып, студент бірінші курстың өзінде мұғалімнің шеберлігіне, тәрбие және білім беруде қолданатын әдістері мен тәсілдерімен, сондай-ақ оқушылар ұжымымен жұмыс істеу әдістерін, жеке баламен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады.

Психологиялық-педагогикалық практиканың мақсаты: жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету, теориялық білімдері негізінде педагогикалық іскерлік, дағды және құзіреттіліктерін қалыптастыру. Практика студенттің жалпы ғылыми, дидактикалық, пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындығын байланыстыруға бағытталған.

Психологиялық-педагогикалық практиканың міндеттері: студент-терді сынып жетекшілік қызметке баулу; білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының қазіргі жағдайын оқып-үйрету; ұжыммен, оқушылармен қарым-қатынас орнатуға үйрету; тәрбие жұмысының әдістемелерін пайдалануға үйрету; оқушылардың жасерекшелік және жеке ерекшеліктерін оқып-үйренудегі әдіс-тәсілдерін меңгерту; тәрбие мәселелері бойынша студенттердің педагогикалық рефлексиясын дамыту; болашақ педагогтарды кәсіби маңызды тұлғалық қабілеттерге тәрбиелеу.
Практиканың қорытындысына қойылатын талаптар

Студент белгіленген уақыт мерзімінде келесі құжаттарды тапсыруы қажет:


- практика күнделігі;
- жеке жұмыс жоспары;
- сабақтың жоспары;
- іс-шаралардың жоспары;
- жалпы есеп.
Практиканың қорытындысын шығару кафедрада конференция формасында жүргізіледі. Студенттер ортақ есеп дайындайды. Әрбір студенттердің тобынан орындалған жұмыстар бойынша баяндама әзірленеді, практика барысы талданады, психологиялық-педагогикалық практиканың мазмұнына өзгерістер мен ұсынымдар айтылады.
Студенттердің іс-әрекеттерін бағалау құжаттарды қарау, сабақтарға қатысуын талдау, бақылау негізінде жүргізіледі.
Білім алушының практика өту нәтижесінде қалыптасатын құзыреттіліктері




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет