1.2. Қазақ ауылында әлеуметтік-экономикалық шараларды қаржыландыру.
20-30 жылдардағы Қазақстанда жүргізілген қауырт, жедел шаралардың себептерін анықтау, оларға объективті баға беру кеңестік әміршіл-әкімшіл экономиканың калыптасу эволюциясын сараптаумен тығыз байланысты.
Ұлттық тарихтағы ақтандақтар қатарына 20-шы жылдардың соңында, 1926-1927 жылдары "Шабындық, егістік жерлерді жөне жайылымдарды бөлу" деген атпен белгілі жер реформаларын жатқызуға болады. Бұл коллективтендіруден 3 жыл бұрын басталып, патриархалды, қауымдық жер қатынастарын өзгерту мақсатын қойған, "тап күресінің шиеленісуі туралы" сталиндік қағида рухында жасалған волюнтаристік шара болды.
Алайда, "тап күресінің шиеленісуі" мәселесінің күн тәртібіне қойылуы Одақта кейінірек, 1929 жылы басталғанын ескерсек, аталмыш шараның Қазақстанда ерте басталуына байланысты сұрақ туады. Өйткені 20-жылдардың ортасында жаңа экономикалық саясаттың рыноктық реттегіш функцияларынан бас тартылмаған еді. Әлсіз экономикалы Ресей жағдайында социализм орнатудың ұзақ мерзімге созылу мүмкіндігі ескеріліп, жаңа экономикалық саясат ауыл шаруашылығындағы жеке меншікті тез арада өзгерту мақсаттарын қойған жоқ. Лениннің сөзімен айтсақ: "Ауыл шару-ашылығын қайта құру және шаруалардың психологиясын өзгерту үшін бір ұрпақтың мерзімі керек. Бұл тапты помещиктерді жойғандай жоя алмаймыз, оны өзгерту үлкен күш пен шығындарды талап етеді" /15/.
Осы бағытта 1925 жылы өкімет ауыл шаруашылығында товар-ақша қатынастарын дамыту, жеке меншікті нығайтуға бағытталған аренданы, жалдама еңбекті пайдалану туралы шешімдер қабылдады. Осындай саяси келісімге негізделген жаңа экономикалық саясат кезінде Қазақстанда байларға қарсы бағытталғаны шаралардың жүзеге асуын немен түсіндіруге болады?
Бұл мәселе Голощекиннің жеке басымен байланыстырсақ, оңай жауап табар едік, бірақ, оның партияның сара бағытынан өзгеше позиция ұстануы мүмкін еместігін естен шығармайық. Осыған байланысты біз 1925 жылғы жаңа экономикалық саясатты өрістету шараларымен бірге, оны тежейтін механизмдердің қабылданғаны туралы Ресей тарихшыларының пікіріне /16/ қосыламыз. Тарихшылар Голанд, Валентинов (Вольский), Бордюгов, Козловтардың 1925 жылы жедел индустрияландыру шешімдернің қабылдануы - ауыл шаруашылығынан қаржы сору механизмін қалыптастыруға негіз болды деген пікірлері шындыққа сай келеді: Ендеше экономикасының 90 проценттен астамы ауыл шаруашылығы болған Қазақстанда Голощекиннің баскаша саясат жүргізуі мүмкін емес. Капиталистік товарлы шаруашылық түгіл, феодализм дұрыс дамымаған, қауымдық қатынастарға негізделген экстенсивті, тұйық, көшпелі мал шаруашылықты Қазақстанды кеңестік жүйеге тарту асқан шеберлік пен байыптылықты талап етегін еді.
Алайда, өкімет Қазақстандағы өзгеше жағдаймен санаспай, қазақ ауылын кеңестендіру шараларына белсене кірісті.
"Қоғам дамуының қозғаушы күші - тап күресі" деген кереғар маркстік қағидаға сүйенген олар қазақ даласындағы әлеуметтік жайбарақаттықпен келіспеді. 1925 жылы өлкелік партия комитеті басшылығына қазақтың тілінен, дінінен, дәстүр-танымынан, тұрмыс-тіршілігінен хабары жоқ, "революционер" Ф.Голощекин жіберіліп, ол Казан революциясының казақ даласына әлі жетпегеніне "қатты қынжылып", "Кіші Қазан" төңкерісін дайындауға кірісті.
1925-27 жылдары Бүкілқазақтық 5-6 партия конференциялары, өлкелік партия комитегінің 2-3 пленумдары өткізіліп, онда қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық құрылымын анықтау, осыған байланысты республика партия ұйымы жүмысының мақсаттары мен бағыттары туралы мәселелер үлкен пікірталас тудырды.
Республика басшылығындағы білікті қазақ коммунистері Н.Нұрмақов, О.Жандосов, ААсылбеков, О.Исаев және т.б. ауылдың өлеумеггік қүрылымын ресейлік шеңберге икемдей алмай қиналды.
"Бай", "орташа", "кедей" топтарын анықтау, олардың экономикадағы үлес салмағы, осы әлеуметтік топтардың бір-біріне ара-қатынасы мәселелерін талқылау барысында Ресей жағдайына еш жанаспайтын, мүлде өзгеше әлеуметтік-экономикалық жағдай көзге ұрынып-ақ тұрды. 1927 жылы одақта жеке шаруалардың 35% -кедейлер, 60% - орташалар, 4-5% - кулактар болса, қазақ ауылындағы мүліктік жіктелу мүлде басқаша, кедей шаруашылықтар көп, орташа - жоқтың қасы, бай - өте аз боп шықты. Мысалы, 1926 жылғы мәліметтер бойынша Павлодар уезіндеті шаруашылықтардың мал басы санына қарай жіктелуі төмендегідей болды:
-5 ірі қара малы барлар - 57 процент;
-5-10 малы барлар - 28 процент;
-10-20 малы барлар - 4 процент;
-20-ден жоғары малы барлар 4-ақ процент;
яғни кедейлер - 85 процент, орташа - 11 процент; бай - 4 процент.
Жалпықазақтық Ш-партия конференциясында 3 губерния бойынша ауылдағы жіктелу туралы мәліметтер де осы деңгейді көрсетті: кедейлер - 72 процент, орташа - 18,9 процент. Оның растығын кейіннен, шабындық жерді бөлу науқаны дәлелдеп берді. Мұнда іріктелу революциядан бұрынғы Щербина санағымен де сөйкес келеді. Әсіресе, орташа шаруалар тобын анықтау өте қиынға соқты. 1924-25 жылғы салық салу науқанында қазақ малшыларының 75 проценті салықтан босатылғанын тілге тиек етсек, кедей тобының шаруашылықтың нетізін кұрайтыны белгілі болып шығады. Мұндай жағдайда экономиканы көтеру - қалыптасқан жағдайды бұзбай, ешқандай төтенше шара қолданбай, ауқаттыны салықпен тежеу арқылы және кедей топтарға мемлекет тарапынан материалдық көмек болғанда ғана жүзеге асатын еді. Ал осының өзі жаңа экономикалық саясаттың нетізгі талабы болатын. Қазақстан үшін шаруашылықты көтеру мәселесінің өзектілітін төмендегі мәліметтерден көруте болады: азамат соғысынан зардап шеккен республика шаруашылығының калпына келуі баяу жүрді: 1926 жылы мал шаруашылығының деңгейі соғысқа дейінгі көрсеткіштердің 85,5 процентіне, егін шаруашылығы - 86,2 процентіне ғана жетті. Осы жағдайларда баса назар аударып нақты пікір айтқан Смағұл Садуакасов: Өлкелік партия комитегінің-Iiпленумында партияның сара жолын бұзушы, оңшыл-уклонист атанып, Голощекиннің қаһарына ілікті. Енді ол /Голощекин/ Садуақасовтың соңына түсіп, әр мәжіліс сайын - мінеп, "садвокасовщина", "алашордашы" деген айдар тағып, казақ коммунистерін Голощекинге ұнамайтын пікір айтудан күдер үздірді. Ақыры, 1926 жылы Өлкелік партия коммунистерінің II-пленумында Қазақстан ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құрудағы басты кедергі -бай деген тұжырымды мақұлдатты. Соның әсерінен Ораз Жандосов осы пленумда тіпті байды меншіктен айыру мәселесін бір-ақ көтерді.
Голощекин қанша тырысқанмен жалпы партиялық бағыт - жаңа экономикалық саясат жағдайымен санасуға тура келіп, мұндай қарар қабылданбады. Бірақ, меншіктен айыру мәселесінің Одақтық шешімдерден 3 жыл бұрын күн тәртібіне қойылуының өзі республика партия ұйымына берекесіздікке әкелді, өмір талабынан туған нақты экономикалық мәселелерді жүзеге асыру емес, орынсыз дау, талас, сөз куалау, "жау" іздеу етек алды. Жоғары жақтың алдында ерекшеленгісі келген Голощекин қазақ ауылының тыныштығын бұзу мақсатынан танбады, тап күресінің жоқтығына ақыры сенбеді. Сөйтіп, бай мен кедейді жауластыратын шаралар ойлап тапты. Ол Өлкелік партия комитегінің ІІІ-пленумында сөйлеген сөзінде былай деді: "...Кедейдің байға қарсы таптық күресіне көмек беруіміз керек. Бай мен кедей арасындағы азамат соғысын біз қолдаймыз, бірақ кедей осы күреске қашан дайын болады деп күтпеуіміз керек" /17/. Сөйтіп, ол осылайша бай мен кедейді жауластырып, ауылды кеңестендіру шараларының басы ретінде шабындық жөне егістік Жерлерді бөлу науканын бастатты. Онымен қоймай, Голощекин бұл шарамен шектелмейтінін айтты: "... Ауылдағы революциялық әдістерімізді біз аяғына дейін жүзеге асырамыз. Жер реформасын өткізгеннен кейін біз тағы шара қолданамыз"/18/.
Иә, шабындықты бөлуден басталған кеңестендіру науқаны қазақты аштан қырумен аяқталғаны мәлім, бірақ 1926 жылы оны ешкім білген жоқ. Білсе де білмеген болды. Ел басшылығындағы қазақ қайраткерлерінің халқы үшін берекетті іс қолынан келмеді. Жүргізіліп жатқан шаралардың қисынсыздығын айтқан С.Садуақасовты Исаев, Жандосов, Нұрмақов, Мырзағалиев, Құлымбетовтар қолдамады. Қазақстан жағдайының ерекшеліктерін Голощекинте түсіндіре алмай, "иесі жаманды қонағы билейдінің" кебін киді. Қалың ел қазақтың мүддесі "даңғой" Голощекиннің дегеніне бағындырылды.
1926 жылы бір басталып, 1927 жылы қайта жалғасқан шабындық және егістік жерлерді бөлу қазақ шаруаларын талап-тілегінен туған шара емес еді. Голощекин "жер реформасы" деп көкке көтерген бұл бөліс байды жерден айыру мақсатын қойғаны мәлім. Бірақ жерге жеке меншік жоқ (Қазақстанда жер патша заманынан бері -мемлекеттік) жерді пайдаланудың рулық формасы сақталған жағдайда, оған қоса, отарлық саясат негізінде шұрайлы жерлерінен айырылып, құнарсыз жерлерге ығыстырылған мал бағудың көпшелі, жайылымдық түрімен айналысатын казақ үшін Бұл шараның басқаша ұйымдастырылуы керек еді.
Алдымен, қазақ жерлерін қайтару процесін аяғына дейін жүргізу мәселесі тұрды. Өйткені, шаруашылықты көтеру жермен байланысты екендігі ескеріліп, 1922 жылы 30 қазанда қабылданған "Жер кодексінің" 16 бабы жерте әуелі жертілікті халық орналасуы қажеттігін баса көрсетіп, орыс қазақтарынан 3.538.832 десятина, қоныстанушылар қорынан 1.600 мың десятина құнарлы жерлерді қазақ еңбекшілеріне кері қайтарылған болатын. Қазақ шаруаларын жерте орналастыру бірінші кезекке қойылып, оны 10 жыл ішінде өкімет тарапынан қаржыландыру жоспарланған. Бастапқыда бұл шара жақсы бастау алып, 1925-26 жж. 1.840.244 сом, 1926-27 ж. - 2.737.629 сом қаржы жұмсалған. Осы жылдары оларға берілген қарыз (ссуда) мөлшері 480 мың сомнан 864 мың сомға өскен.
Қауымдық жер иеленуді жайын, қазақ шаруаларының жерге жеке меншігін қалыптастыруды нысанаға алатын жер реформасы үшін қосымша жер бөлінуі тиіс болды. Революцияға дейінті шаруашылыққа итерілген 37.586 мың гектар жердің 3.883 мың гектар яғни 1,3 проценті қазақтардікі екендігін ескерсек, бұл шешудің өзектілігі бірінші кезекте шығады. Алайда, 1928дейін тек 26 мың гектар жердің пайдалануға берілтен. Кеңес өкіметінің де осы мәселені шешуте бел шешіп кіріспегенін көрсетеді. Жерге орналастыру мәселесінің шешілмеуі реформаларының нәтижелі болуын күмәнді етті. Сондықтан жер қатынастарындағы прогрессивті шара - аграрлық реформа товарлы шаруашылыққа тән құбылыс, оны қауымдық жері бар көшпелі мал шаруашылығына таңу улкен көзсіздік. Мұны Голощекин түсінгісі келмеді. Ресей жүріп өткен жолды қалай болса да қайталау керек болды. Орыс шаруаларының патша заманында-ақ жер сұрап маза бермегенін айта келіп, ол қазақта мұндай құбылыс жоқ, "...Сіздер Қызылордада жер сұрап маза бермеген кімді көрдіңіздер? Байдың малын талап етушілер де жоқ. Сондықтан, жолдастар, бұл жолды жүріп өтуіміз керек"- дейді.
Сөйтіп, 1917-1924жылдардағы Ресейдегі помещик жерлерін конфискациялаудан кейінгі бірнеше мәрте жүртізілген жер бөліністерін Қазақстанға әкеп таңды. Н.Верттің мәліметтеріне сүйенсек, олар жақсы нәтиже бермеген: "Помещик жерлерін тәркілеудің тиімділігі де мардымсыз, одан шаруалар жерлерін 2 гектарға ғана ұлғайта алды. Ал жер бөлістері ұсақ жер иеліктерін көбейтіп, шетке астық шығаратын ауқатты шаруашылықтарды азайтты. Нәтижесінде 1924-1927жылдары астық өндіру 1913 жылға қарағанда 10 процентке кеміді. 1926 жылы ішкі рынокқа астық сату соғысқа дейінгі көзбен салыстырғанда 2 есе төмендеді /19/. Бұл нәтижелер қатерге алынбады. Жер бөлістерін жүргізу туралы өкімет қабылдаған қаулыда бұл шараның басты мақсаты - бай мен кедейді жерге таластыру, сөйтіп, ауылдағы тап күресін жандандыру болатындығын жоғарыда айттық.
Сөйтіп, түптеп келгенде, бұл жартыкеш реформа қазақтарға берілегін жерлерді шектеп, оның жерін келімсектерге беру мақсатында ұйымдастырылды. Оған дәлел, шабындық, егістік, жайылымдарды бөлу кезінде, 1927 жылы қазақтарды жерге орналастырудағы бірінші кезектілік "ұлтшылдық" деген айдармен айыпталын, одан бас тартылды. Басқа ұлттардың жерге орналасудағы құқықтары теңестіріліп, қазақтарды жерге орналастыру тоқтап қалды.
Жалпы бұл бөлістер Голощекиннің байламымен асығыс, атүсті жасалды. Қазақ Орталық Атқару Комитегінің шешімін Ресей Федерациясы заң комиссары "Жер кодексіне "қайшы, заңсыз деп тоқтатып тастағанына қарамастан, бөліс басталып кетті. Өлкелік партия комитеті партиялық органдар арқылы қысым жасап, заң Комиссариатының рұқсаты бөліс басталып кеткеннен кейін берілді. Мамыр айында (1926 ж.) ең алдымен бөліске түсетін жердің есебі және жер алатын шаруашынықтардың әлеуметтік жіктелу құрамын анықтау керек болды. Санақ барысында шабындық жерлердің мүлде аздығы, әлеуметтік топтарды анықтаудағы қателіктер үлкен қиындықтар туғызды. Кедей топтары өте көп болып шықты.Ресми түрде 1926жылы кедей шаруашылықтары 56,1% болса,Қызылордада- 65,6%, Зайсаңда - 74,4%-ке жетті. Орташа шаруалар біресе бай тобына, біресе кедей тобына түсіп, жер дұрыс бөлінбеді. Мысалы, Сырдария губерниясында кедейлердің айтуы бойынша: 100 қойы, бірнеше бас ірі қара малы барлар "бай" ретінде есептелді.
Санақ ауызша сұраныс (опрос) жолымен жүртізілгендіктен, оның қорытындыларына сенуте болмайды. Кейбір материалдарда үй саны адам санынан көп болып шыққан. Яғни бөліс жөніндегі ресми ақпарлар шыңдық емес.
Енді бөлу механизмін қарастырайық. Біріншіден, әкімшілік ауылға кірегін бірнеше шаруашылық-ауылдар арасында шабындық бірыңғай болмады, бұрын бірітіп пайдаланатын шабындықтар бір-бірінен қашық орналасты немесе шабындық жер көлемі өте аз болды. Мысалы, Қызылордада жан басына шақкандағы жер 0,13десятина, Семейде - 0,12-0,52десятинаға дейін, Түркістанда - 0,17десятина болған. Осындай аз жерлерден алатын шөптің шаруашылық шөптің шаруашылық үшін рөлі болмады. Мысалы, Гурьев, Қызылорда сияқты шөлейтті, құнарсыз аймақтарда шабындық жөне егістік бөлісін жүргізудің экономикалық тиімділігі болмады. Әсіресе Теңіз ауданында (Гурьев облысы) жүртізілген жер бөлісі шабындықтың аздығы есебінен нәтижесіз аяқталды.
Басқасын былай қойғанда, бөлу техникасының жоқтығы таңдаңдырады, жер өлшейтін құралдың орнына шөмеле, мая секілді шөп үйінділерін пайдаланған.
Жоғарыдан танылған бұл науқан халық тарапынан аса қолдау таппады. Өкімет ақпарларында көрсеткендей, Сырдария, Әулие-Ата, Семей, Ақмола, Орал губернияларында бастауыш партия ұйымары, "Қосшы" ұйымы бұл шараға салғырттық танытты, сондықтан бөлісті ауыл "үштіктері" жүргізді, оған болыстық өкіл, партия ұйымы және "Қосшы" ұйымы өкілдері кірді. Ал Кеңес өкіметі өкілдері, ауыл кеңестері бұл шарадан сырт калды.
Ең бастысы, ауылдағы кедей мен байды жерге таластыру мақсаты жүзеге аспады, ауылдағы тап күресі Голощекиннің қиялындағыдай болмады. Түркістанда кедейлер өздеріне берілтен жерлерден бас тартты. Әулие-Атада өкілдер кеткеннен кейін бөлісті жойып, жерлерді қайтарып берді. Жер бөлісі дұрыс ұйымдастырылмағандыктан көптеген аймақтарда шаруалар жер қатынастарын өзгертпеуді сұрады.
Осылай бола тұрса да, Өлкелік партия комитеті бөлісті патриархалды, қауымдық жер иеленуге соққы ретінде қабылдады. Ресми ақпарлар бойынша 1360 мың га.шабындық, 1250 мың га.егістік бөліске түсіп, оның 59,3-61,6% - кедейлерге, 29,8-31,7% -°орташаға, 8,6-9% - байларға берілді, яғни бөліске түскен жерлер көлемі - 2.610 мың га. Бұл 700 мыңнан аса қазақ шаруашылықтары үшін өте аз жер. Орта есеппен санағанда үй басына 3,5-4 гектар мал шаруашылығы үшін аз мөлшер, оның үстіне, қазақ отбасыларының көпжандылығын ескерсек, жан басына шаққандағы егіс көлемі 0,4-0,5 гектардан келеді. Орыс шаруашылықтарында егістік жер көлемі 1адамға 1,5-2,0 десятинадан кем болмағанын назарға алсақ, жер бөлісінің шаруашлық үшін тиімсіздігі көрінеді.
Сайын келгенде, реформа нәтижесіз аяқталды. Оның қателіктерін былай қойғанда, өткізілу мерзімі де өте қеш болғанын атап көрсетуіміз қажет.
Кеңес өкіметінің әділетті қоғам құру, езілген ұлттарға төуелсіздік беру ұрандарына елітіп, қазақ шаруашылығын өркендетудің альтернативті жолдарын ұсынған қайраткерлер пікірлеріне ешкім құлақ аспады. Қазақтың әнциклопедист ғалымы Телжан Шонанұлы 1923 жылы жазылған "Болашақта казақ жерге қалай орналасу керек" деген мақаласына қазақты отырықшыландырудың мемлекетке де, халыққа да тиімді жолдары мен әдістерін көрсете келіп, "қазақ елі шаруашылығының негізі - мал, олай болса, шаруашылықты түзеу -малдан басталуы тиіс....әуелі тұқымын жақсартам деуден, өсімін арттырам деу дұрыс, сырттан келген жақсы тұқым өліп қалады, қаржы қазақ малын сан жағынан арттыруға жұмсалуы тиіс" екендігін жазған. Яғни оның қазақ шаруашылығын көтеру мәселесі жермен қамтамасыз етумен байланысты екендігін айта келіп "шаруаның түзеліп не бүзылуы қоныстандырудың дұрыс, не бұрыс болып шығуына байлаулы екені есімізде болсын"/20/ деген ұсыныстары назарға алынғанда, жағдай басқаша болар ма еді деген ой туады. Сөйтіп, Голощекин ұйымдастырған жер бөлістері нәтижесінде өзі аз шұрайлы жерлерге шеттен қоныстандыру одан әрі жүргізіліп, қазаққа тиесілі жердің көбі қайтадан саудаға салынды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ аудандарында берілегін жер мөлшерлері қысқартылып, қалған жер совхоз, колхоздар және көшіп келушілер үшін берілуі тиіс болды. 1928-1929 жылдары жерге орналастырудың селоаралық түрінің көлемі 12 мың гектарға жетті. Бұл жерлерге 1925 жылдың 1қаңтарынан кейін көшіп келіп, рұқсат ала алмай жүрген европалықтар орналастырылды. Тек 1925 жылдың өзінде Жегісу губерниясына рұқсатсыз келіп қоңыстанушылар 12мың семья немесе 60мыңдай адам болған. Бұдан шығатын қорытынды: жер бөлісу нәтижесінде азғана жер қазақ шаруасын қаржыландыру мәселесі кейінге калдырылады деген сөз, өйткені келімсектерді жерге орналастыру да қыруар қаржыны қажет етпей ме? Онсыз да мардымсыз Қазақстан бюджеті кімге жетеді? Солай болды да. Өкімет тарапынан шаруаның жерді тиімді пайдалануына жағдайлар жасалмады. Малы аз немесе малы жерді калай ұқсата алады, егер оған мал алуға немесе құрал- алуға несие-қаржы берілмесе? Керісінше, малы бар ауқатты жерсіз калып, енді бар малын сатуға мәжбүр болды. Мал өз құнынан әлдеқайда төмен бағаға сатылып, тиімсіз пайдалану шаруашылық деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Ақырында, байларды жерден айыру Қазақстан мал шаруашылығын көтеруге емес, керісінше, экономиканың құлдырауына алғы шарт жасады. Ал кедейге малын көбейтіп, ауқаттының деңгейіне жеткенше (мемлекет қаржыландырған жағдайда) 2-3 жыл уақыт керек. Сөйтіп, бұл шара Ленинің сөзімен айтқанда "бір кадам ілгері, екі кадам кейін" болып шықты. 1929-1930 жылдарда мал басының кемуі оған дәлел болады.
Қазақ ауылнан кеңестендірудің басы саналған шабындық және егістік жерді бөлуге орталықтан еш қаражат бөлінбеді. Ол туралы республика басшыларының бірі Н.Нұрмақов Сталинге хатында былай деп көрсетті: Өзбекстандағы жер реформасына 30-40 млн сом ақша жұмсалды. Қазақстан Өзбекстандағыдан кем емес шабындық және егістік жерлерді бөлуді жылма-жыл бір тиын алмай жүргізіп отыр. Алайда жер бору _ ауыл шаруашылық құрал-сайманы мен басқа да шаруашылық шаралармен ұштастырылмай, алынған жерлер игерілмей отыр. Жер реформасы еш нәтиже бермеді".Қазақстан басшысының бұл шараға берген бағасы осындай. Енді нақты фактілерге жүгінейік.
Кесте №4. 1926-1930 жж. ауыл шаруашылығын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың үлес салмағы (процент)
|
1926/27
|
1927/28
|
1928/29
|
1929/30
|
1930ж. ерекше тоқсан (квартал)
|
Бюджет шығысы
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
Халық шаруашылығын қаржыландыру
|
19,1
|
18,8
|
27,5
|
27,7
|
16,9
|
Ауыл шаруашылығын қаржыландыру
|
5,6
|
6,0
|
14,7
|
12,2
|
7,3
|
Ауыл шаруашылығын қаржыландыру деңгейі жер бөлістері өткізілген жылдары шығыстың 5,6-6,0%-ін қамтыса, 1928/29 жылдары егін шаруашылығы көлемін ұлғайтуға, совхоздарға қаржыландыруға байланысты 14,7%-ке жеткенмен, кейінгі жылдары күрт төмендеген. Ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржы - жалпы шаруашылық қаржысынан 2-3 есе кем болған.
Қазақстан ауыл шаруашылығын қаржыландыру 1923 жылдың аяғында Орынбор каласында ашылған қазақ ауыл шаруашылық банкісі арқылы да жүзеге асты. Бұл банктің 1924/25-1927/28жылдар аралығында ауыл шаруашылығына берген қарызы төмендегідей:
1924-25 ж. - 6.455,8 мың сом.
1925-26 ж. - 7480,8 мың сом.
1926-27 ж. - 8.231,4 мың сом
1927-28 ж. - 11.498.5 мың сом.
Бір жағынан қаржы жылма-жыл өсіп отырған сияқты, алайда, бұл берілген қаржылар Қазақстан ауыл шаруашылығы мұқтаждарын өтей алмағанын көруге болады. Бір миллионнан аса шаруашылықтар үшін 1926-27жылғы берілген қарыз 8,231400 мың сом, сонда бір шаруашылыққа есептегенде 8 сомнан келеді. Сондықтан Қазақ ауыл шаруашылығы банкісінің шаруашылықтарды қарызбен қамту мүмкіндігі де аз болды. 1924-25 жылы қарыз алушылар барлық шаруашылықтардың 5% құрап, несие алған 1 шаруашылық қарызы - 54 сом 22тиын, 1925-1926жылы - 62сом, 1926-1927жылы - 80сом 40тиын болған. Сонымен қатар, карыз берудің түрі мен мерзімі қазақтың көшпелі шаруашылықтары үшін қолайсыз, қысқа мерзімте берілтен.
1923/24 жылы қысқа мерзімді қарыз барлық несиенің 88,1 процентін, 1927/28 жылы - 63,7 процентін қамтыған.
Мысалы: ат-көлік алуға берілегін қарыздың мерзімі - 11 ай; ірі қара малға - 9 ай; ұсақ малға - 3 ай; мақсаты көрсетілмеген қарыз - 1 жылға берілді.
Бұл шарттар көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтары үшін тиімсіз болды. Қаржының жоғарғы жақтан Қазақстанға келуіне 10 күндей уақыт кетсе, одан берті қарыз алушыға дейін 105 күндей уақыт кетеді екен. Сөйтіп, қарыздың орташа жүру жолы 114 күн, яғни 4 ай.
5 жылға берілегін кедей қарызының жүру жолы 135,6 күн, қарыз 7,3%-ін қамтыса, ат-көлік қарызының жүру жолы - 79,2 мерзімнің 24,0%-ін, ірі қараға берілтен қарыздың жүру жолы - күн болса, ол қарыз мерзімінің 23,5%-ін қамтиды екен. Ал көшпелі және жартылай көшпелі казақ шаруашылықтарын қамтитын Алматы және Семей филиалдарында қарыздың жету мерзімі - 153,9-177,6 күн болды. Сонда бір жылға, 9-11 айға берілтен қарыздар алушыға жеткенше 4-5ай жүрсе, одан қандай пайда болады? Сөйтіп, карыз шаруашылықты көтеруге, оның товарлылығын арттыруға ықпал ете алмайды. Сондықтан шалғайдағы мал шаруашылығы үшін ұзақ мерзімде қарыз беру қажет. Қалыптасқан қарыз беру жүйесі тек егін шаруашылығына қолайлы болғанын мына цифрлардан байқаймыз:
Кесте№5. 1924-1928 жж. қарыз беру.
Жылдар
|
Қарыз берілді
|
|
Егін шаруашылығы
|
Мал шаруашылығы
| -
1924/25
-
1925/26
-
1926 /27
-
1927/28
|
3.676 мың сом
2.782 мың сом
1.944 мың сом
8.623,7 мың сом
|
1.766 мың сом
2.941 мың сом
2.666 мың сом
2.598 мың сом
|
Мал шаруашылығына қарыз берудің жоғары деңгейі 1925-26 жылмен тоқтап қалғанын көріп отырмыз. Ал 1927-28 жылы қарыздың өсуі тек егін шыруашылығын дамыту мақсатында жұмсалған. Каржыландыру көлемі өскен жағдайда да /11.498,5 мың сом/ мал шаруашылығына берілген қарыз 1925-26 жылғы деңгейден 343 мың сомға азайған. Өйткені 1928 жылдан бастап егін шаруашылығына ерекше көңіл бөлінді. Осы жылы мемлекет тарапынан берілтен қарыздың күрт өсуі де осыған байланысты. Оған 1927жылдың аяғында Одақта калыптасқан астық дағдарысы мен қазақ шаруашылықтарын коллективтендірудің болашақ міндеттері әсер етті. Сөйтіп, жер бөлісінен кейін жыл өтпей қоғамдастыру мәселесінің көтерілуі - жаңа экономикалық саясаттан әкімшіл-әміршіл экономикаға бетбұрысты көрсетті. Мұндай перспективаны алдын-ала білтенде шабындық, егістік жаңа жайылымдарды бөлудің қажеттілігі де жоқ еді. Бәрі-бір қоғамдастыру мақсаттары қойылып отырған жағдайда, әуелі кедей шаруашылықтардың экономикалық қуатын арттыруды мемлекеттің тарапынан қаржыландырып, уақыты келгенде, сол қауымдық меншік негізінде үжымдастырудың төменгі сатыларына өтсе, колхоздастыру зардаптары зор көлемде болмас еді. Ал бүкіл қазақ шаруашылықтарының 0,7%-ін құрайтын ірі байлар кеңес өкіметі үшін қауітпі емес еді. Алайда өкімет байларға қарсы ниеттен танбады. «Кедей шаруашылықтарын көтеру байлардың малын азайтуына байланысты» деп, бұрынғы жер көлемі негізінде шаруашылықты құруға бағыт берді. Бірақ мемлекеттен нақты шаруашылық материалдық көмек ала-алмаған кедей шаруа мен орташа өз шаруашылығын көтере алмады. Оған салыктың қысымдар мен көтеріңкі өнім дайындау жоспарларының тигізген әсері зор болды. Осыны алдын-ала болжаған білікті қайраткерлер С.Садуақасов, Е.Полочанскийлер еріксіз қудаланды.
Қазақ мемлекеттік жоспарлау комитетінің басшыларының бірі Е.Полочанский "...кедейдің мүлкін қанша қосқан да бәрі-бір кедейліктен құтыла алмайсың, ұжымдастыруда бай шаруашылықтары негізгі діңгек болуы керек, сөйтіп, байды социализмте бейбіт түрде көшіру керек" деген пікірі өмір талабынан туған ұсыныс еді. Оны 1930-31 жылдары жүргізілген жедел отырықшыландыру мен коллективтендіру дәлелдеп берді. Олай болса, жер бөлісінің қажеттігі жоқ болатын. Қауымдық жерді ұжымдық жерге айналдырып, қазақ шаруаларын мал шаруашылығы негізінде коллективтендірудің төменті формалары - мал серіктестеріне қамтығаңда экономикалық тиімділік жоғары болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |