2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар


параграф. Қолмен басқарылатын электрлендірілген аспап пен төмендеткіш қауіпсіздік трансформаторлары



бет4/12
Дата11.06.2016
өлшемі1.97 Mb.
#127887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2 параграф. Қолмен басқарылатын электрлендірілген аспап пен төмендеткіш қауіпсіздік трансформаторлары
328. Қолмен басқарылатын электрлендірілген аспап (әрі қарай - электр аспабы) МСТ 12.2.013.0 «Қолмен басқарылатын электр машиналары. Жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

Электрифицирленген құрал-саймандармен жұмыс істеуге оқудан, білімді тексеруден өткен және куәлігінде электрифицирленген құрал-саймандарды қолданумен жұмыс істеуге рұқсат берілгені туралы жазуы бар тұлғаларға рұқсат беріледі. Бұл тұлғалар электр қауіпсіздік бойынша II топтан төмен емес болуы тиіс.

329. Келесі класстардың электр құрал-сайманы шығарылады:

1) I – электр құрал-сайман, кернеуде болатын барлық тетіктері оқшаулау болуы және штепсельдік айыры жерге қосылған болуы тиіс. I класстың электр құрал-сайманның барлық кернеуде болатын тетіктері негізгі, ал жекелеген тетіктері – екі есе немесе күшейтілген оқшаулауы мүмкін;

2) II – электр құрал-сайман, кернеуде болатын барлық тетіктері екі есе немесе күшейтілген оқшаулау болады. Бұл құрал-сайманның жерге қосу құрылғысы болмайды.

I және II класстар құрал-сайманның нақтылы кернеуі мыналардан жоғары болмауы тиіс:

220 Вольт – тұрақты тоқтың электр құрал-сайманы үшін, 380 Вольт – айнымалы тоқтың электр құрал-сайманы үшін;

3)III – ішкі де, сыртқы да тізбектері басқа кернеуде болмайтын нақтылы кернеуі 42 Вольттан жоғары емес электр құрал-сайман. III класстың электр құрал-сайманы тоқтың автономды қайнар көзінен немесе бос жүрудің кернеуі 50 Вольттан жоғары емес, ал екіншілей электр тізбегі жерге қосылмаған оқшаулайтын трансформатор (немесе түрлендіргіш) арқылы жалпы тораптан қорек алу үшін арналады.

Қауіпсіз кернеу оқшаулайтын трансформатор (бұдан әрі – бөлгіш трансформатор) немесе бөлек орауыштары бар түрлендіргіш арқылы алынады.

330. Тораптан қорек алатын электр құрал-сайман штепсельдік айыры бар алынбайтын иілгіш кабельмен (электр сым) жабдықталады.

I класстың электр құрал-сайманның алынбайтын иілгіш кабелдің электр құрал-сайманның жерге қосатын қысқышы мен штепсельдік айырдың жерге қосатын түйіспесін біріктіретін желісі болады.

Электр құрал-сайманға кіретін жеріндегі кабелі сырылудан және асыра майыстырылудан оқшаулайтын материалдан жасалған икемді түтікпен қорғалады.

Түтік электр құрал-сайманның корпустық тетіктерінде бекітіледі және олардан кабельдің бес диаметрінен қысқа емес ұзындықта шығады. Электр құрал-сайманнан тыс кабельде түтіктің бекітілуіне рұқсат берілмейді.

331. Бір фазалы электр құрал-сайманды қосу үшін өңешті кабельдің үш желісі болады: екеуі – қорек алу үшін, біреуі – жерге қосу үшін. Үш фазалы электр құрал-сайманды қосу үшін төрт желілі кабель қолданылады, оның бір желісі жерге қосу үшін қызмет етеді. Бұл талаптар тек жерге қосылатын құрылымы бар электр құрал-сайманға ғана таралады.

332. Оқшаулау бұзылған жағдайда кернеу астында болуы мүмкін I класстың электр құрал-сайманның жанасуға қол жетерлік металл тетіктері жерге қосатын қысқышпен қосылады. II және III класстардың электр құрал-сайманы жерге қосылмайды.

Электр құрал-сайманның құрылымын жерге қосу қоректендіретін кабельдің желісі көмегімен жүргізіледі. Бұл мақсатта нөлдік жұмыс сымын қолдануға рұқсат берілмейді.

Штепсельдік айырдың тиісті мөлшердегі жұмысшылары және жерге қосатын бір түйіспесі болады. Айырдың құрылымы қосқан кезде жерге қосатын түйіспенің алдын ала тұйықталуын және өшірген кезде оның аса кеш ажыратылуын қамтамасыз етеді.

333. III класстың электр құрал-сайманның штепсельдік айырлардың құрылымы олардың кернеуі 42 Вольттан жоғары розеткалармен мүшеленуін болғызбайды.

334. Тасымалданатын төмендететін трансформаторлар, бөлгіш трансформаторлардың және түрлендіргіштердің жоғарғы кернеу жағында электр торапқа қосу үшін штепсельдік айыры бар кабелі (электр сым) болады. Кабельдің ұзындығы 2 м. ұзын емес. Оның ұштары трансформатордың қысқыштарына дәнекерлеу (пісіру) немесе бұрандамамен қосылу көмегімен тас қылып бекітіледі. Трансформатордың төменгі кернеу жағында штепсельдік айыр үшін ұялар қарастырылады.

335. Түрлендіргіштердің, бөлгіш және төмендететін трансформаторлардың құрылымдары берілген трансформаторға немесе түрлендіргішке қорек беретін штепсельдік айырдың жерге қосатын қысқышына құрылымда жерге қосатын қысқыштың қосылуымен жерге қосылады немесе жерге қосатын бұранда қысқыштың көмегімен.

Төмендететін трансформаторлардың қайталама орауышы жерге қосылады.

Бөлгіш орауыштары бар трансформаторлардың және түрлендіргіштердің қайталама орауыштарын жерге қосуға рұқсат берілмейді.

336. Электр құрал-сайманды әрбір берген сайын:

1) жиынтығы және тетіктердің берік бекітілуі;

2) кабельдің және штепсельдік айырдың дұрыстығы, құрылымның оқшаулау тетіктерінің, щетка ұстаушылардың қақпақтарының және саптарының тұтастығы, қорғау бүркеніштердің бар болуы және олардың дұрыстығы (сыртқы тексерумен);

3) ажыратқыш жұмысының айқындылығы;

4) бос жүрудің жұмысы тексеріледі.

I класстың электр құрал-сайманның, бұдан басқа, штепсельдік айырдың жерге қосатын түйіспе мен жерге қосу құрылымның арасындағы тізбектің дұрыстығы тексеріледі және жеке қорғалу құралдары (электр қолғаптар, калош, кілемдер), қорғау ажыратқыш құрылғы немесе бөлгіш орауыштары бар түрлендіргіш немесе бөлгіш трансформатор беріледі.

Электр құрал-сайманды аталған талаптардың біреуіне сәйкес келмесе немесе кезеңдік тексеру күннің мерзімі өткізілсе жұмыс үшін беруге рұқсат берілмейді.

Жұмысты бастау алдында:

1) электр торапта тоқтың кернеуі және жылдамдығы электр құрал-сайманның электр қозғалтқыш тоғының кернеуі мен жылдамдығына сәйкестігін;

2) жұмыс атқарушы құралдың берік бекітілуі: түрпілі дөңгелектердің, диск сияқты аралардың, кілттер-саптамалар және басқасы тексеріледі.

337. I класстың электр құрал-сайманымен жұмыс істеу кезінде жеке қорғалу құралдарын (диэлектр қолғаптар, калош, кілемдер және тағы сондай сияқтыны) қолдану міндетті, келесі жағдайлардан басқасы:

1) бөлгіш трансформатордан тек бір ғана электр құрал-сайманы қорек алады;

2) автономды қозғалтқыш генератор қондырғысынан немесе бөлгіш орауыштары бар жылдамдық түрлендіргіштен электр құрал-сайманы қорек алады;

3) электр құрал-сайманы қорғау ажыратқыш қондырғы арқылы қорек алады.

Электр тоқпен жұмыс істейтін әсер етуі жоғары қауіптілігі жоқ бөлмелерде диэлектр қолғаптар, ал тоқ өткізетін едендері бар бөлмелерде – диэлектр калоштар мен кілемдер қолданылады.

338. II және III класстардың электр құрал-сайманымен электр тоқпен жұмыс істейтін әсер етуі жоғары қауіптілігі жоқ бөлмелерде жеке қорғалу құралдарын пайдаланбай жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

339. Шығу және орын ауыстыру мүмкіндігі шектеулі ыдыстарда, аппараттарда және басқа да металл құрылыстарда I және II класстардың электр құрал-сайманымен жұмыс істеуге автономды қозғалтқыш генератор қондырғысынан, бөлгіш трансформатордан немесе бөлгіш орауыштары бар жылдамдық түрлендіргіштен тек бір ғана электр құрал-сайманы қорек алатын жағдайда ғана, III класстың электр құрал-сайманымен. Бұл жағдайда қорек алу қайнар көзі (трансформатор, түрлендіргіш және сол сияқты) ыдыста болмауы, ал оның қайталама тізбегі жерге қосылмаған болуы тиіс.

340. Кернеуі 42 Вольтқа дейін электр құрал-сайманын жалпы пайдаланудың электр торабына автотрансформатор, резистор немесе потенциометр арқылы қосуға рұқсат берілмейді.

341. Қазандардың оттығы мен даңғырарлардың ішіне турбиналардың конденсаторларын, трансформаторлардың бактарын және басқа да ыдыстарды, электр құрал-сайманы жалғасқан жылдамдық түрлендіргішті немесе трансформаторды кіргізуге рұқсат берілмейді.

Жер асты (құдықтар, камералар және сол сияқтылар) құрылыстарында жұмыс істеуге тар, жер қазу жұмыстары кезінде трансформатор бұл құрылғылардан тыс болуы тиіс.

342. Торапқа қосалқы жабдықты (трансформаторларды, жылдамдық түрлендіргіштерді, қорғау ажырату қондырғыларды және сол сияқты) қосу (ажырату), оны тексеру, ақауларды жою электр қауіпсіз бойынша III топтан төмен емес, арнайы дайындалған құраммен жүргізіледі.

343. Электр құрал-сайманның кабелі кездейсоқ бұзылудан және оның ыстық, шикі және майлы беттерімен тиюден қорғалады.

Кабельді керуге, бұрауға және майыстыруға, оған жүкті қоюға, газ дәнекерлеу арқандармен, кабельдермен және жеңдермен оның қиылысуына жол берілмейді.

344. Электр құрал-сайманның жұмыс істейтін бөлігін патронға орнату және оны патроннан алуға, құралды реттеуге оны тораптан штепсельдік айырмен ажыратқаннан және толық тоқтатылғаннан кейін болады.

345. Электр құрал-сайманмен жұмыс істейтін тұлғаларға құралды, кабельді, штепсельдік құрамаларды және басқа бөліктерді өздері бөлектеуге және жөндеуге тиым салынады, осы Талаптың 343 тармағында аталған құрамнан басқаларына.

346. Жалғамалы баспалдақта электр құрал-сайманмен жұмыс істеуге тиым салынады.

347. Құрал жұмыс істеп тұрғанда жоңқа мен үгінділерді қолымен жоюға рұқсат берілмейді. Электр құрал-сайман толық тоқтатылғаннан кейін жоңқа қармақпен немесе щеткамен жойылады.

348. Электр қол бұрғымен жұмыс істегенде бұрғылап тесілетін заттар берік бекітіледі. Айналатын кесетін құралға қолымен тиюге тиым салынады.

349. Басу үшін тұтқаны қолдану арқылы электр қол бұрғымен бұрғылап тесу кезінде тұтқаның ұшы оның сырғанауы мүмкін бетке тірелмеуін байқау керек.

Жұмыста қолданылатын тұтқалар түгенделіп құрал-саймандар бөлмесінде сақталады. Тұтқалар ретінде кез келген заттарды қолдануға жол берілмейді.

350. Мұзданған және сулы тетіктерді электр құрал-сайманмен өндеуге рұқсат берілмеді.

351. Тамшылар және шашырандылар әсер ететін жағдайларында, сонымен қатар қар немесе жаңбыр жауған уақытта ашық алаңдарда тамшылар мен шашырандылардың әсер етуінен қорғалмаған, айырмалық белгілері (үшбұрышта тамшы, немесе екі тамшы) жоқ болған жағдайда электр құрал-сайманмен жұмыс істеуге тиым салынады.

Бөлмеден тыс мұндай электр құрал-сайманмен жұмыс істеуге тек құрғақ ауа райында, ал қар немесе жаңбыр жауғанда – төбе астында құрғақ жерде немесе төсеуде рұқсат беріледі.

352. Желіге қосылған электр құрал-сайманды қадағалаусыз қалдыруға, онымен жұмыс істеуге құқы жоқ тұлғаларға беруге болмайды.

353. Электр құрал-сайманы кенеттен тоқтаған кезде (желіде кернеу болмағанда, қозғалатын бөліктердің сыналу кезінде және сол сияқты) ол сөндіргішпен ажыратылады. Электр құрал-сайманды бір жерден басқа жерге тасымалдағанда, жұмыста үзіліс және ол аяқталған кезде электр құрал-сайман желіден штепсельдік айырмен ажыратылады.

354. Егер жұмыс барысында электр құрал-сайманның сынғаны байқалса немесе онымен жұмыс істеуші тоқтың әлсіз болса да әсерін сезсе, жұмыс лезде тоқтатылады және сынған құрал тексеру мен жөндеуге беріледі.

355. Кезеңдік тексеру мерзімі өткен электр құрал-сайманмен жұмыс істеуге тиым салынады, келесі ақаулардың біреуі де табылса:

1) штепсельдік қосу, кабель немесе оның қорғау түтігі бұзылғанда;

2) щетка ұстаушының қақпағы бұзылғанда;

3) ажыратқыш анық жұмыс істемесе;

4) коллектордағы щеткалар ұшқындаса, оның бетінде шеңберлі от қоса пайда болса;

5) редуктордан немесе желдету арналарынан майы ақса;

6) жану оқшаулауға тән, түтін немесе иіс келсе;

7) аса қатты шу, тарсыл, діріл пайда болса;

8) корпустық тетікте, тұтқада, қорғау қоршауында жарықшақ пайда болса немесе сынғанда;

9) құралдың жұмыс істейтін бөлігі бұзылғанда;

10) құрылымның металл бөліктерінің және қорек ететін айырдың нөлдік қысқыш қадалық арасында электр байланыс жоғалғанда.

356. Электр құрал-сайман мен оған қосалқы жабдық (трансформаторлар, жылдамдықты түрлендіргіш, қорғау ажыратқыш қондырғысы, кабель-ұзындатқыштар) 6 айда 1 рет кезекті тексеруге жатады.

Электр құрал-сайман мен оған қосалқы жабдықты кезекті тексеруге:

1) сыртқы тексеру;

2) бос жүріс кезінде жұмысты тексеру 5 минуттан аз емес;

3) оқшаулау кедергісін сөндіргіштің қосылуы кезінде 1 минут бойы кернеуі 500 Вольт мегаомметрмен өлшеу, бұл жағдайда оқшаулау кедергісі 0,5 МОм кем емес;

4) жерге қосу тізбектің дұрыстығын тексеру (I класстың электр құрал-сайманы үшін).

357. Электр құрал-сайманның құрылымға және сыртқы металл тетіктеріне қатысты тоқ өткізетін кабельдердің және орауыштардың кедергісі өлшенеді; трансформаторларда - бірінші және қайталама орауыштар арасында және әрбір орауыш және корпус арасында.

358. Жерге қосу тізбектің дұрыстығы кернеуі 12 Вольттан жоғары емес құрылғы көмегімен тексеріледі, оның бір түйіспесі штепсельдік айырдың жерге қосу түйіспесіне жалғанады, ал екіншісі – тиюге қол жетерлік құралдың металл тетігіне (мысалы, шпиндельге). Құрылғы тоқтың бар болуын көрсетсе, құрал дұрыс болып есептеледі.

359. Электр құрал-сайманның күрделі жөнделуінен немесе оның электр бөлігінің жөнделуінен кейін ол сыналуға жатады, оның бағдарламасына келесі кіреді:

1) нақтылы кернеуде қосылған электр құрал-сайманның сөндіргішін үш реттен қосу мен ажырату және сыртқы қараумен құрастырудың дұрыстығын тексеру, бұл жағдайда қабылдамау мен тоқтатуға тиым салынады;

2) жерге қосу тізбектің дұрыстығын тексеру (I класстың электр құрал-сайманы үшін);

3) электр мықтылығына оқшаулауды сынау;

4) 30 минуттан аз емес жұмыс режимінде жүргізіп жаттықтыру.

360. Электр құрал-сайманның күрделі жөнделуінен кейін оқшаулау кедергісі кернеудегі тетіктер мен құрылым немесе негізгі оқшаулау үшін тетіктер арасында 2 МОм, қосымша үшін – 5 МОм, күшейтілген үшін – 7 МОм.

361. Электр құрал-сайманның электр мықтылығына оқшаулауды сынау айнымалы тоқ жиілігі 50 Гц кернеуде I класстың электр құрал-сайманы үшін, II класстың – 2500 Вольт, III класстың – 400 Вольт.

Сынау қондырғысының электродтары штепсельдік айырдың тоқ өткізетін түйіспенің біреуіне қойылады және шпиндельге немесе металл корпусына не оқшаулайтын материалдан (сөндіргіш ажыратылу) жасалған электр құрал-сайманның корпусына салынған фольгаға.

Электр құрал-сайманның оқшаулауы көрсетілген кернеуді 3 секунд бойы төзеді.

Сынау уақытын 1 секундқа дейін қысқартуға болады, сынау кернеуін 20 % көтерген жағдайда.

362. Төмендететін және бөлгіш трансформаторлардың, жылдамдықты түрлендіргіштің және қорғау сөндіру құрылғылардың күрделі жөндеуінен кейін пайдалануға жібергенде олардың орауыштарының оқшаулауын сынау жоғарғы (сынау) кернеуде әр біреуіне кезек-кезек қойып жүргізіледі. Бұл жағдайда қалған орауыштар жерге қосылған құрылыммен магнит өткізгішпен электрлі байланысты. Сынау ұзақтығы 1 минут.

Сынау кернеуі қабылданады:

1) 500 Вольт трансформатордың және жылдамдықты түрлендіргіштің қайталама орауыштың нақтылы кернеуі 42 Вольтқа дейін болған жағдайда;

2) 1350 Вольт трансформатордың және тоқ жылдамдығын түрлендіргіштің бастапқы және қайталама орауыштардың нақтылы кернеуі 127-220 Вольт, қорғау ажыратушы құрылғының қорек ететін желісі 127-220 Вольт болған жағдайда;

3) 1800 Вольт трансформатордың бастапқы орауыштың нақтылы кернеуі 380-400 Вольт болған жағдайда.

363. Электр құрал-сайманын, төмендететін трансформаторларды, жылдамдықты түрлендіргіштерді, қорғау сөндіру құрылғыларды және кабельдерді тексеру және сынау нәтижелері «Электр құрал-сайманын және оған қосалқы жабдықты тексеру және сынау есебі журналына» кіргізіледі (4 қосымша). Журналды ұйымның бөлімше бойынша бұйрықпен тағайындалған электр құрал-сайманның сақталуын және дұрыстығын қамтамасыз ететін тұлға жүргізеді.

364. Электр құрал-сайманның және оған қосалқы жабдықтың құрылымдарында түгендеу нөмірлері және келесі сынау мерзімдері көрсетіледі, ал төмендететін және бөлгіш трансформаторлардың, жылдамдықты түрлендіргіштің және қорғау сөндіру құрылғылардың құрылымдарында – түгендеу нөмірлері және оқшаулау кедергісін келесі өлшеулер мерзімдері көрсетіледі.

365. Электр құрал-сайман және оған қосалқы жабдық оның сақталуын қамтамасыз ететін сөрелермен, өрелермен, жәшіктермен жабдықталған құрғақ бөлмеде сақталады. Электр құрал-сайманның куәлігінде көрсетілген сақталу талаптары орындалуы тиіс.

Электр құрал-сайманды қапсыз екі және одан да көп қатарда жинауға болмайды.

Ұйым шегінде электр құрал-сайманды тасымалдағанда, оның бүлінуін болдырмайтын сақтық шаралар қолданылады. Металл тетіктер және бұйымдар мен бірге электр құрал-сайманды тасымалдауға болмайды.

3 параграф. Тасымалданатын қол электр шырағдандар
366. Тасымалданатын қол электр шырағдандарында (бұдан әрі - шырағдандар) қорғау торы, аспалы ілгегі, және айыры бар өңеш өткізгіші болады; тор тұтқасында бұрамалар және қамыттармен бекітілген. Патрон шырағдан корпусына патронның тоқ өткізетін бөліктері мен шамның цоколі тиюге қол жетпейтіндей етіп салынады.

367. Кернеуі 12 және 42 Вольт айырлар 127 және 220 Вольт розеткаларға жарамайды. Кернеуі 12 және 42 Вольт штепсельдік айырлар 127 және 220 Вольт желі розеткаларынан ерекшеленеді.

368. Қауіптілігі жоғары және аса қауіпті бөлмелердегі шырағдандардың қоректенуі үшін кернеуі 42 Вольттан жоғары емес электр желісінен қоректенеді. Аса қолайсыз жағдайлар болғанда, дәл айтқанда электр тоғымен зақымдалу қауіптілігі тарлығымен, жұмыс істеушінің ыңғайсыз жағдайымен күшейтілсе, жақсы жерге қосылған беттерімен үлкен металлмен тию кезінде (мысалы, даңғырарда, газ жүретіндерде және қазан оттықтарында және туннельдерде) қол шырағдандардың қоректенуі үшін 12 Вольттан жоғары емес кернеу қолданылады.

369. Даңғыра, газ жүретіндерге және қазан оттықтарына, туннельдерге және сол сияқтылардың ішіне тасымалданатын төмендететін трансформаторды кіргізуге тиым салынады.

Төмендететін трансформатордың құрылымын және қайталама орауышын жерге қосу, электр мықтылығын өлшеу осы Талаптың 335, 356 және 362 тармақтарының талаптарына сәйкес келеді.

370. Кернеуді төмендету үшін автотрансформаторларды, кедергі орауыштарды және реостаттарды қолдануға болмайды.

371. Шырағдандарды электр торабына қосу үшін «Кернеуі 450 Вольтқа дейін байланыстырушы өткізгіштермен баулар. Техникалық жағдайлар.» 7399 МСТ сәйкес келетін поливинилхлорлы немесе рәзенке қабықшасындағы пластмасс немесе рәзенке оқшаулауы бар қимасы 0,75-1,5 мм 2 мыс желісі бар өткізгіштер қолданылады. Шырағданға кіргізу жеріндегі кабель сырылудан және майыстырылудан қорғалады.

372. Шырағдан өткізгіші ылғалды, ыстық және майлы беттерге тимейді.

373. Егер жұмыс барысында электр шамның, өткізгіштің немесе трансформатордың бұзылғаны табылса, алдын ала электр желісінен ажыратып оларды дұрысымен ауыстырады.

374. Шырағдандар құрғақ бөлмеде сақталады.

375. Шырағдандарды бергенде беретін және қабылдайтын тұлғалар шамдардың, патрондардың, штепсельдік айырлардың, өткізгіштердің және сол сияқтылардың дұрыстығын куәландырады.

376. Шырағдандарды жөндеу электр техникалық персоналдармен орындалады.

377. Пайдаланудағы шырағдандардың кезең-кезең 6 айда бір реттен сирек емес кернеуі 500 Вольт оқшаулау кедергісін мегаомметрмен өлшеуді жүргізеді; бұл жағдайда оқшаулау кедергісі 0,5 МОм кем емес.

4 параграф. Слесарлық ұста қол аспабы
378. Күнделікті қолданылатын слесарлық ұста қол аспабы жеке немесе бригадалық қолдану үшін жұмысшылармен қолданылады.

379. Балталар мен балғалардың соғу жерлері қырыны, сынығы, шұңқыры, жарықшағы жоқ тегіс, біршама дөңес беті болады.

380. Балталар мен балғалардың және соғу әрекеті бар басқа аспаптың тұтқалары пайдалану мықтылығын және жұмыста сенімділігін қамтамасыз ететін бұтанақсыз және қисаюсыз қатты жапырақты тұқымды (қайың, емен, құбыжық, үйеңкі, шетен, қызыл тал, граба) құрғақ ағаштан немесе синтетикалық материалдардан дайындалады. Тұтқаларды жұмсақ және ірі қабатты тұқымды ағаштан (шырша, қарағай және сол сияқтылар), дымқыл ағаштан дайындауға болмайды. Балталардың, кескіштердің және сол сияқтылардың тұтқалары бүкіл ұзындығы бойынша қимасында сопақ пішінді, тегіс болады және жарықшақтары болмайды.

Бостау ұшына қарай тұтқа біршама жуандалады (балғалардан басқалары) аспаппен көтеру және соғу кезінде қолдан сырғанамау үшін. Балғалардың бостау ұшына қарай тұтқасы біршама жіңішкеленеді. Балға тұтқаның жуан ұшына сынасыз кигізіледі.

Тұтқаның білігі аспаптың бойлық білігіне қатаң перпендикулярлы. Тұтқада аспапты бекіту үшін сыналар жұмсақ болаттан жасалынады және алабұғалары болады. Балғалар мен балталардың тұтқаларына сыналарды қаққанда сыналар тістеуіктермен ұсталады.

381. Тұтқалары өткір ұштарға (егеу, шабер және басқалары) отырғызылған аспаптармен металл құрсау сақиналарсыз жұмыс істеуге болмайды.

382. Күректердің тұтқалары (саптары) ұстайтын жерлерде мықты бекітіледі, және ұстау жерінен шығатын тұтқаның бөлігі күректің жазықтығына еңіс кесілген. Күректердің тұтқалары бұтанақсыз және қисаюсыз тұқымды ағаштан немесе синтетикалық материалдардан дайындалады.

Сүймендер түзу созылған және өткір ұштарымен.

383. Соғу әрекеті бар аспапта (кескіш, крейцмейслдер, шоқшалар, кескіштер, керндер және басқасы) жарықшақсыз, қақтаусыз, қиғашсыз тегіс шүйде бөлігі болады. Жұмыс істейтін ұшында бүліну болмауы тиіс. Соғу әрекеті бар аспаптың ұзындығы 150 мм кем емес.

Кескіштің жұмыс істейтін бөлігінің өткір бұрышы өңделетін материалға сәйкес келеді: шойын мен қоланы кесу үшін – 70º, қаттылығы орташа болат үшін – 60º, мыс және жез үшін – 45º, алюминий және мырыш үшін – 35º. Кескіштің орташа бөлігінде жақтарындағы қырларында қабыршақтар мен өткір қабырғасыз сопақ немесе көп қырлы қимасы болады, соқпалы – қималы конус пішінді болады.

Кескіштің жұмыс істейтін бөлігі бетінің қаттылығы ұста жұмыстары үшін 30 мм ұзындықта суық кесу үшін 54 – 58 HRC, ыстық үшін – 50-55 HRC, соғатын бөлігінің қаттылығы 20 мм ұзындықта – 30-40 HRC.

384. Балғалар көмегімен сыналар немесе кескіштермен жұмыс істегенде ұзындығы 0,7 м кем емес тұтқалары бар сына ұстаушылар қолданылады.

385. Соғу әрекеті бар аспаппен жұмыс істегенде жұмысшылар көзге қатты бөлшектердің түсуін болдырмас үшін қорғау көзілдіріктерді киеді.

386. Тістеуіктермен жұмыс істегенде сақиналар қолданылады. Сақиналардың өлшемдері өңделетін дайындамалардың өлшемдеріне сәйкес келеді. Тістеуіктер тұтқалардың ішкі жағында қол саусақтарының басылуын болдырмайтын тірек қарастырылады.

387. Тістеуіктердің металл тұтқаларының беттері тегіс (жаншылғансыз қабыршақсыз) және қабыршақтан тазаланған.

388. Бұрайтын аспап бұрандалы шеге немесе бұрандама басындағы шлица өлшеміне тәуелді жұмыс істейтін бөлігінің (күрекше) ені бойынша таңдалады.

389. Гайкалы кілттер жұтқыншағының (ұстап алу) өлшемдері бұрандама (гайка қырлары) басының өлшемдерінен 0,3 мм аспайды. Гайкалар немесе бұрандамалар бастарының және ысқыш жазықтығы арасында саңылау болғанда астарларды рұқсат етілгеннен аса қолдануға болмайды.

Гайкалы кілттердің жұмыс істейтін беттері тесіп шығатын қиғаштары болмайды, ал тұтқаларда – қабыршақтар болмайды. Тұтқада кілттің өлшемі көрсетіледі. Гайкалар мен бұрандамаларды бұраған және бұрап алған кезде гайкалы кілттерді қосымша тұтқалармен, екінші кілттермен немесе құбырлармен ұзартуға болмайды. Керек жағдайларда ұзын тұтқасы бар кілттер қолданылады. Кілттердің тұтқаларын тек «жұлдызша» түрлес қосымша тұтқалармен ұзартуға болады.

390. Жұмыс орнында аспап оның сырғанау немесе құлау мүмкіндігі болмайтындай етіп орналастырылады. Аспапты қоршаулардың қанаттарына немесе қоршалмаған төсеніш шеттеріне, сонымен қатар ашық люктер, құдықтар маңайына қоюға тиым салынады.

391. Аспапты тасығанда немесе тасымалдағанда оның өткір бөліктері қорғалады.

392. Бүкіл слесарлық ұста қол аспабы (құрал-сайман бөлмедегі де және қолға берілгендер де) бөлімше бойынша тағайындаған бақылайтын тұлғамен кезең-кезең тексеріледі, тоқсанына бір реттен сирек емес. Ақауы бар аспап алынады.

5 параграф. Пневматикалық аспап
393. Пневматикалық аспап «Пневматикалық қол машиналары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.» 12.2.010 МСТ сәйкес келеді.

Пневматикалық аспаппен жұмыс істеуге өндірістік оқудан және білімді тексеруден өткен, куәлікте білімнің тексерілуі туралы жазуы бар және пневматикалық аспапты қолданумен жұмыс істеуге рұқсаты бар 18 жастан жас емес тұлғалар жіберіледі.

394. Пневматикалық аспаптың жұмыс істейтін бөлігі дұрыс қайралған және бүлінуі, жарықшағы, шұңқырлар мен қабыршақ жоқ болады. Аспаптың жақтарындағы қырларында өткір қабырғалары болмайды; сағасы тегіс, қисаюсыз және жарықшақсыз және өздігінен түсуді болдырмау үшін төлке өлшемдеріне сәйкес келеді, тығыз болып және ортаға дәл келтірілген. Төлкеде люфта болған кезде пневматикалық аспаппен жұмыс істеуге немесе астарларды қолдануға (сыналануы) болмайды.

395. Пневматикалық аспапты қосу клапаны жеңіл және тез ашылады және жабылады және жабық күйінде ауаны өткізбейді.

396. Пневматикалық аспаптар үшін иілгіш өңештер қолданылады. Ақауы бар өңештерді пайдалануға тыйым салынады.

Пневматикалық аспапқа өңеш қосылады және олар ниппельдер немесе штуцерлер және қатайту қамыттар көмегімен өзара байланысады. Өңештерді сымдармен бекітуге болмайды.

Пневматикалық аспаптарға, құбыр өткізгіштерге әуе өңештері қосылған жерлері және өңештер өзара байланысқан жерлері ауаны өткізбейді.

397. Пневматикалық аспапқа өңешті қосар алдында әуе желісі үрленіп тазартылады, ал өңеш желіге қосылғаннан кейін өңеш үрленеді. Үрлеу кезінде өңештің бос ұшы бекітілген. Аспап футоркада торша тазаланғаннан кейін өңешке қосылады.

398. Ауа әкелетін құбырда жапқыш арматура орнатылады.

399. Желіге және аспапқа өңешті қосу, оны ажыратылу жапқыш арматура жабық кезінде жүргізіледі. Өңеш кездейсоқ бүліну немесе көліктің оны басып кету мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орнатылады.

400. Пневматикалық аспаптың өңештерін жұмыс барысында созып тартуға және майыстыруға болмайды. Олардың газ пісіру жеңдерімен, кабель және арқандармен қиысуына болмайды.

401. Пневматикалық аспапқа ауа оны жұмыс істейтін жайына орнатқаннан кейін (мысалы, соғу аспаптың жұмыс істейтін бөлігі өңделетін материалға тірелсе) беріледі. Аспаптың бос жұмыс істеуіне оны байқау (жұмыс басталар алдында немесе жөндеу кезінде) кезінде ғана рұқсат беріледі.

402. Қорғау көзілдірікте және қолғапта пневматикалық аспаппен жұмыс істеу.

403. Реттелмеген клапандарымен пневматикалық аспаппен жұмыс істеуге болмайды.

404. Пневматикалық аспаппен қосалқы баспалдақтан жұмыс істеуге болмайды.

405. Өңеште қысылған ауа болған жағдайда жұмыс барысында аспаптың жұмыс істейтін бөлігін ауыстыруға, реттеуге және дұрыстауға тиым салынады.

406. Пневматикалық аспаппен дірілден қорғау құралдарсыз және жұмыс аспабын басқарусыз, сонымен қатар шуды өшіргішсіз жұмыс істеуге болмайды.

407. Аса шулы аумақтарда пневматикалық аспаппен жұмыс істейтіндер жеке қорғау құралдарын (шуды басатын құлақшындар, шуды басатын «беруш3» түрлес жапсырмалар және антифондар) қолданады.

408. Соғу әрекеті бар пневматикалық аспаппен жұмыс істеуге бос соғулар кезінде жұмыс бөлігінің өздігінен ұшуды болдырмайтын құрылғыларсыз болмайды.

409. Тегістеу машиналардың, аралар мен сүргілердің жұмыс бөлігінің қорғау қоршаулары болады.

410. Пневматикалық аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін бөлігін ұстауға болмайды.

411. Пневматикалық аспапқа басу бір қалыпты біртіндеп күшейтумен жүзеге асырылады.

412. Пневматикалық аспапты тасуға тұтқаны ұстау арқылы болады. Бұл мақсатта аспаптың жұмыс істейтін бөлігін немесе өңешті қолдануға болмайды.

413. Жұмыста үзіліс кезінде, өңештің үзілуі және сондай сияқты ақаулар болғанда пневматикалық аспапқа қысылған ауа беру тоқтатылады (жапқыш арматураны жабу).

414. Өңештерді ауа температурасы жағымды болған жағдайда жабық бөлмелерде сақталады.

415. Пневматикалық аспапты тікелей беру алдында оны беретін тұлға тексереді. Тексеруді жүргізген тұлға тексеру нәтижелерін журналға кіргізеді. Пайдалану үдерісінде пневматикалық аспап жұмыс аяқталғаннан кейін ластанудан тазартылады және қажеттілігіне қарай бекіту тетіктері тартылады. Пневматикалық аспап оның жұмыс жағдайына және ақауына тәуелсіз 6 айда бір реттен сирек емес бөлшектенеді, жуылады, майланады, ал тексеру барысында табылған бүлінген немесе қатты тозған бөліктері жаңасымен ауыстырылады. Аспапты жинағаннан кейін шпиндельдің айналу жиілігін куәлікте көрсетілгеннің сәйкестігіне реттеу жүргізіледі және оның бос жүріс жұмысы 1 минут бойы тексеріледі.

Көрсетілген жұмыстарды жүргізетін жұмысшы есеп және тексеру журналына дұрыстығы жайлы жазу жазады.

416. Пневматикалық аспаптың дірілді параметрлері және шу сипаттамалары бөлшектеумен жүргізілетін жөндеуден кейін бақыланады.

417. Дірілді параметрлері «Қол машиналары. Дірілді параметрлерді өлшеу әдістері.» 16519 МСТ бойынша және аспаптың нақтылы түрлеріне стандарттары бойынша анықталады, параметрлері аспаптың куәлігіне кіргізіледі.

418. Пневматикалық аспапты жөндеуден кейін сынауды жүргізу кезінде тұрақты шу аясының бөгеуіл деңгейі сыналатын аспаптың дыбыс қуаттылығының деңгейінен 6 дБА кем емес төмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет