8 ТАҚЫРЫП: Тапсырма, комиссия және мүлікті
сенімгерлікпен басқару ШАРТТАРЫ
ДӘРІС МАҚСАТЫ:
- студенттерді тапсырма, комиссия және мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;
- студенттерде тапсырма, комиссия мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарының түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.
СҰРАҚТАР:
-
Тапсырма шартының анықтамасы мен сипаттамасы.
-
Комиссия шарты.
-
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.
-
Тапсырма шартының анықтамасы мен сипаттамасы.
Тапсырма шарты бойынша, бірінші жақ (сенім білдірілген өкіл) екінші жақтың (сенім білдірушінің) атынан және оның есебінен, белгілі бір заңды әрекеттерді жасауға міндеттенеді (ҚР АК 846 б.). Сенім білдірілген өкіл жасаған міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер, сенім білдірушіде пайда болады. Шарт нысаны ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Сенім білдірушінің міндеттері: сенім білдірілген өкілге тапсырма беру; оны, тапсырманы орындау үшін қажетті қуралдармен қамтамасыз ету; орындалғанды қабылдап алу; сенім білдірілген өкілдің шығындарын және шартта көзделген ақысын төлеу. Шарт ақылы болуы мен қоса, ақысыз да болуы мүмкін, әсіресе егер ол, жақтардың арасындағы жеке сенімгерлік қатынастарға негізделетін болса.
Сенім білдірілген өкілдің міндеттері: сенім білдірушінің нұскаулары бойынша тапсырманы орындау; сенім білдірушінің талабы бойынша тапсырманың орындалуы жөнінде есеп беру; сенім білдірушіге мәміле бойынша барлық алғанды беру; орындағаны жөнінде есеп беру; тапсырманы орындап болғаннан кейін өзіне сенім білдірушімен берілген сенімхатты қайтарып беру болады. Кейбір жағдайларда заң, сенім білдірілген өкілге сенімді басқаға аударуға рұқсат етеді (сенімхат туралы ережелерді қара). Егер біреудің мүддесі үшін жасалған әрекеттер, оның тапсыруынсыз, яғни шартқа отырмастан жасалған болса, кейнде оның әрекеттерін сол адам қолдаған болса, онда сенім білдірілген өкіл өз шығындарын өндіріп алуға және одан сыйақы алуға құқылы болады, сонда ғана бұл әрекеттерге тапсырма шарты жөніндегі ережелер қолданылады (ҚР АК 855-857 б., б.).
-
Комиссия шарты.
Комиссия шарты бойынша, бірінші жақ (комиссионер) екінші жақ (комитенттің) тапсырмасы бойынша ақы үшін, өз атынан, бірақта комитент есебінен, бір немесе бірнеше мәмілелерді жасауға міндеттенеді (ҚР АК 865 б.1 т.). Шарт: консенсуалды, ақылы, екі жақты міндеттейтін болып табылады; шарт нысаны жазбаша болады. Комиссия шарты, жақтарының құқықтары мен міндеттері, тапсырма шарты жақтарының құқықтары мен міндеттеріне тең болады. Шарттың ерекшелігіне – комиссионермен, комитент есебінен түскен сомалардан шарт бойынша оған тиесілі ақшалай соманы ұстап қалу құқығы жатады. ҚР АК 868 бабының 2-ші тармағында шарттың тағы бір ерекшелігі көзделген – ол, егер шартта өзгеше көзделмесе, комиссионердің жасаған мәмілелерінен түскен пайда комитент нұсқауларында көзделген пайдадан неғұрлым жоғары болған жағдайда, асқаны екі жаққа тең бөлінетін болуында.
3 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.
Мүлікті сенімгерліпен басқару, ағылшын-саксон құқық жүйесінен алынған және онда ол сенімгерлік меншігі деп аталатын азаматты құқықтың жаңа институтының бірі болып табылады. ҚР заңдары бойынша мүлікті сенімгерлікпен басқару, мәміле жасаудан, сот шешімінен, әкімшілік актісінен және заңда көзделген өзге де негіздерден пайда болуы мүмкін (ҚР АК 883 б. 2 т.). Сенімгерлікпен басқару субъектілері – ол басқаруды тағайындаушы, сенімгерлікпен басқарушы және пайда көздеуші болады. Тәжірибеде, көптеген жағдайларда, пайда көздеуші мен басқаруды тағайындаушы бір тұлға болады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының ұғымы АК 886 бабында берілген. Ол шарт бойынша, бірінші жақ (сенімгерлікпен басқаруды тағайындаушы), екінші жаққа (сенімгерлікпен басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруѓа беруге міндеттенеді, ал сенімгерлікпен басқарушы, пайда көрушінің мүддесіне мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді. Бұл шарттың жақтары кез келген заңды және жеке тұлға болуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік қызметкердің мүлкін сенімгерлікпен басқарудың тағайындаушысы тек мемлекеттік қызметкер болуы мүмкін және мүлік пен мүліктік құқықтарды сенімгрлікпен беру ол үшін құқық емес, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында көзделген міндет болып танылады. Мұраға қалдырылған мүліктің сенімгерлікпен басқаруға беруді тағайындаушы, тек мұра қалдырушы болуы мүмкін (бұл жерде мұраға қалдырылған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру, міндет емес құқық болады) және т.б. Сенімгерлікпен басқарушы тек әрекетке қабілетті азамат немесе бұл қызметпен айналысуға құқылы заңды тұлға болуы мүмкін. Сенімгерлікпен басқаруды тағайындаушы, мүлік пен мүліктік құқықты сенімгерлік басқаруға беру кезінде мүлікті иелену, пайдалану және басқару құқықтарын емес, оларды өз атынан жүзеге асыру құқығын береді. Ал иелену, пайдалану және билік ету құқықтарының өздері, басқаруды тағайындаушыда қалады, бірақта шарттың мерзімі ішінде ол өзі, аталған құқықтарын жүзеге асыра алмайды. Шарт реалды, екі жақты, ақылы және ақысыз да болуы мүмкін; ол ерікті шарт және ол қатысушыларының пайдасына да, үшінші жақ пайдасына да жасалуы мүмкін.
Сенімгерлікпен басқарудың объектісі - жеке-белгіленген заттар, олардың ішінде: қазіргі кезде бар және болашақта болатын заттар да және мүліктік құқықтар да болуы мүмкін. Шарт нысаны жазбаша, қажетті жағдайларда ол мемелекеттік тіркеуден өткізіледі (егер оның объектісі қозғалмайтын мүлік болса), немесе нотариалдық күәландырылады (егер ол өсиет орындаушыны тағайындау өµнінде болса). Сенімгерлікпен басқарушының міндеттері - оған сеніп тапсырылған мүлікті тиісті дәрежеде басқару; ол үшін оған тапсырылған мүлікті өз мүлкінен бөлек және жеке есеп шот ашу арқылы, жеке баланста ұстау болады. Сонымен коса, сенімгерлікпен басқарушы, мүлікті басқаруды жоғары кәсіби деңгейде орындауы тиіс, мүлікті бір қалыпта ұстап оның сақталуын қамтамасыз етуі қажет; оның құнсыз болып қалмауы үшін қажетті шараларды қолдануы тиіс; өз қызметі жөнінде басқаруды тағайындаушы мен пайда көздеушіге есеп беріп отыруы қажет; шарт тоқтатылған жағдайда, басқаруды тағайындаушыға немесе пайда көздеушіге мүлікті қайтаруға міндетті. Заңда көзделген жағдайда, сенімгерлікпен басқарушы, мүлікті басқаруды басқа тұлғаға қайта сеніп тапсыруы мүмкін. Сенімгерлікпен басқаруды тағайындаушының негізгі міндеті – сенімгерлікпен басқарушыға, шартта көзделген сыйақысын төлеу болады. Жатардың жауапкершілігі, азаматтық– құқықтық жауапкершіліктің жалпы ережелеріне және диспозитивтік қағидаларға, яғни шартта жақтармен келісіп бекіткен жауапкершілік түрлеріне сүйенеді.
Бақылау сұрақтары:
- Тапсырма шартының анықтамасы мен сипаттамасы.
-
Комиссия шарты.
-
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.
Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,
4, 5, 6,10, 13
9 ТАҚЫРЫП: Кешенді кәсіпкерлік лицензия мен
конкурстық міндеттемелер
ДӘРІС МАҚСАТЫ:
- студенттерді кешенді кәсіпкерлік лицензия мен конкурстық міндеттемелер анықтамасы,сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;
- студенттерде кешенді кәсіпкерлік лицензия мен конкурстық міндеттемелер түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.
СҰРАҚТАР:
-
Кешенді кәсіпкерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны
мен элементтері. Шарттың мазмұны.
2. Конкурстық міндеттемелер анықтамасы мен түрлері.
1. Кешенді кәсіпкерлік шартының анықтамасы, сипаттамасы, нысаны мен элементтері. Шарттың мазмұны.
Кешенді кәсіпкерлік шарты (франчайзинг), Қазақстан Республикасы азаматтық құқығындағы шарттардың жаңа бір түріне жатады. Ресей азаматтық кодексында - ол коммерциялық концессия деп аталады. Онда тапсырма, комиссия және сақтау шарттарының элементтері бар. Шарт ұғымы ҚР АК-ның 896 бабында келесі түрде берілген: кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша, бірінші жақ (кешенді лицензиар) екінші жаққа (кешенді лицензиатқа) ақы үшін, айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешенді): лицензиардың фирмалық атауын пайдалану құқығын, қорғалатын коммерциялық мәліметтерді және айрықша құқықтардың өзге де объектілерін (тауарлық белгісін, қызмет белгісін, патентін және т. б.), кәсіпкерлікте пайдалануға беруге міндеттенеді. Яғни бұл шарт кәсіпкерлік шарттарына жатады, сондықтан оның жақтары кәсіпкерлер ретінде тіркеуден өтуі қажет болады. Шарт консенсуалды, екі жақты, ақылы болады; шарт нысаны – жазбаша. Тәжірибеде франчайзинг шартының қолдану үлгісі – ол Қазақстандағы «ХЕRОХ», Макдональдс, Кодак, Донер және т.б. фирмалық атаулары бар кәсіпорындардың қызметі. Азаматтық кодекс пен қоса, қазірғі кезде, бұл шарт «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» ҚР Заңымен реттеледі.
Лицензиар міндеті - лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттарды беру; шартта көзделген мерзімде және көлемде өзге де мәліметтер беру; айрықша құқықтар кешенін жүзеге асыру мәселелеріне байланысты лицензиатқа кеңес беріп, оны оқыту болып табылады. Лицензиат міндеттері ҚР АК- 899 бабында көзделген және келесі болады - шартта көзделген әрекеттерді жүзеге асыру кезінде лицензиардың лицензиялық кешенін шартта көзделген түрде пайдалану; берілген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуын тексеру үшін лицензиарды өзінің ондірістік аумағына еңгізу; оған қажетті құжаттарды беру және қажетті мәліметтер алуға жәрдем беру; пайдалануға берілген айрықша құқықтарды пайдалану жағдайлары, тәсілдері мен мінездері жөніндегі лицензиардың берген нұсқауларын орындау; лицензиардың өндіріс құпияларын және одан алған өзге де құпия болып танылатын мәліметтерді жария етпеу; ол кешенді лицензиялық шарт негізінде фирмалық атауды, тауарлық белгіні, қызмет белгісін немесе өзге де дараландыру құралдарын қолданылатыны жөнінде сатып алушыны мәліметтендіру болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында, лицензиар мен лицензиатты, шектейтін жағдайлар да көзделуі мүмкін. Тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сапасы жөнінде лицензиатқа қойылатын талаптар бойынша лицензиар бірлесіп қосымша жауап қайтарады.
-
Конкурстық міндеттемелер. Сыйақыға жария үәде беру.
Аукцион. Тендер.
Бір жақты әрекеттерден туындайтын міндеттемелер, шарттардан емес, заңды болып танылатын бір жақты шарттық мәмілелерден туындайды. Сондықтан да, бұл міндеттемелер шарттық және шартсыз міндеттемелер арасына орналастырылған. Жаңа азаматтық заңдарда, олар конкурстық міндеттемелер деп аталады және сыйақыға жария үәде беру, аукцион мен тендер, ойындар мен бәс тігуден (АК 46 Тарауы). Бұл міндеттемелерді түсіну үшін, бір субъектімен жасаған мәміледен екінші жақта міндеттер мен құқықтар қандай жағдайда пайда болатынын, яғни бұл міндеттеме қалай пайда болатынын анықтау, өте маңызды болады. Бір жақты мәміле - өзі ғана емес, өзге де заңды тұлғалармен бірге міндеттемелік-құқықтық қатынастардың пайда болуына әкелдіреді.
Сыйақыға жария үәде беру (ҚР АК 911б.), қажетті мақсатқа жету үшін, бір талай тұлғалардың назарын тез арада тарту үшін қолданылады. Оның нәтижесі тиімді болуы мақсатында, оған жете алған тұлғаға немесе тұлғаларға сыйақыға жария үәде беру болады. Бірақта олардың барлығы заңды нәтижелерге әкелдіре бермейді. Ол үшін келесі талаптар орындалуы тиіс: ол жария болуы, яғни белгісіз тұлғаларға жасалуы; үәде берілген сыйақы мүліктік болуы қажет (ақша немесе жолдама); онда оның нәтижесіне нұскау жасалуы қажет; одан сыйды төлеуге үәде бергені көрініп туруы қажет. Үәде нысаны ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Жақтары - бастамашы (ұйымдастырушы) және қатысушы (қатысушылар) деп аталады. Жақтардың құқықтары мен міндеттері, үәдеде аталған нәтижеге жеткенде ғана пайда болады. Сыйақы төлеу жөнінде үәде берген тұлға, хабарландыруда аталған әрекеттерді жасаған тұлғаға, сыйақысын төлеп беруге міндетті болады. Нәтижесі бірде бір және қайталанбастай болуы тиіс. Мысалы: жоғалған бір телефонды немесе итті, екі рет тауып алу мүмкін емес. Бірақта кей бір жағдайларда, сыйақы төлеуге үәде беру жөніндегі хабарландыруда, аталған әрекеттер бір неше тұлғалармен жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда сыйақы алу құқығы бірінші болғанда ғана пайда болады. Оның біріншісін анықтау мүмкін болмаса, сый барлығына тең бөлінеді. ҚР АК 913 бабында сыйақыға жария үәде беру туралы ережелер бойынша лотерея, тотализатор және өзге де ойындар өткізіу көзделеді. Бұл әрекет тиісті лицензия болғңанда ғана жасалады. Шарттың жасалуы - билет, квитанция немесе өзге құжат берумен рәсімделеді. Жеңіске жеткен тұлғаға, шарт жағдайларында көзделген мерзімде, мөлшерде және нысанда сыйақы төленуі қажет. Аталған құқықтар бұзылған жағдайда, сотта қорғалады.
Тендер немесе аукцион түрінде өткізілетін сауда жария, конкурстық болады. Олардың нәтижесінде, ұйымдастырушылар тиімді ұсынысжасағанжармен, тиісті шартқа отыруға міндеттенеді. Аукционда, тендерге қарағанда, ең жоғары баға берген тұлға женеді (ҚР АК 915, 916 б., б.). Егер оларға екіден кем тұлға қатысқан болса, немесе өзге негіздер бойынша аукцион және тендер өткізілмеген болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
- Кешенді кәсіпкерлік шарты.
-
Конкурстық міндеттемелер.
-
Сыйақыға жария үәде беру.
-
Тендер немесе аукцион түрінде өткізілетін сауда.
Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 14, 15.
3 ТАРАУ. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ТҮРЛЕРІ.
ГЛОССАРИЙ:
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер бойынша, жәбірленуші (несие беруші), борышкерден (зиян келтірушіден), заңсыз келтірілген зиянды заттай орындау немесе шығындарды өтеу арқылы, толық мөлшерде қайтаруды талап етуге құқылы болады.
Зиян – ол заңмен қорғалатын мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің кемуі.
Мұрагерлік құқық – ол мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы мұраға қалған мүлік жөніндегі қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың саласы.
10 ТАҚЫРЫП: Зиян келтіруден туындайтын
міндеттемелер. 4 сағат.
ДӘРІС МАҚСАТЫ:
- студенттерді зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер анықтамасы, сипаттамасы, нысаны және мазмұнымен таныстыру;
- студенттерде зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер түрлері жөніндегі біліктілерін қалыптастыру.
СҰРАҚТАР:
-
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер ұғымы мен
сипатаммасы.
-
Зиян келтіруден туындайтын жауаптылық түрлері. Адам өмірі мен
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.
3. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер.
1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер ұғымы мен
сипатаммасы.
Шарттан емес, өзге негіздерден туындайтын міндеттемелер, шарттан тыс міндеттемелер деп аталады, мысалы - зиян келтіруден туындайтын немесе негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер. Олардың жиі кездесетін түріне бір тұлғаға екінші бір тұлғамен зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер жатады. Бұл міндеттемелер, тұлганың зиян келтірілген мүліктік құқықтарын қалпына келтіруге бағытталады. Міндеттемелердің бұл тобының пайда болуына, құқықбұзушылық негіз болады. Құқық бұзушылық - латынша деликт деп аталады, сондықтан ол міндеттемелер деликтік міндеттемелер деп те аталады. Олар бұзылған қалыптағы құқық қатынастарды реттейді, сондықтан деликтік міндеттемелер жөніндегі нормалар - императивтік нормалар болып танылады. Олар қылмыстық, әкімшілік және еңбек құқығы нормаларымен бірге қолданылады. Яғни, құқықбұзушылықтың ауырлығына қарай, құқықбұзушыға, азаматты-құқықтық жауапкершілікпен қоса, қылмыстық немесе өзге де жауаптылық түрлері қолданылады. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер бойынша, жәбірленуші (несие беруші), борышкерден (зиян келтірушіден), заңсыз келтірілген зиянды заттай орындау немесе шығындарды өтеу арқылы, толық мөлшерде қайтаруды талап етуге құқылы болады. Зиян келтіруші мен жәбірленуші, азаматтық құқықтың кез келген субъектісі болуы мүмкін.
2. Зиян келтіруден туындайтын жауаптылық түрлері. Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.
Келтірілген зиянды өтеу азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түріне жатады. Бірақта бұл жауапкершілік түрі, шарттық міндеттемелер бойынша да қолданылады. Ал бұл жерде сөз шарттан тыс жауапкершілік жөнінде болады. Зиян келтіргені үшін, шарттан тыс жауапкершіліктің негіздері келесі болады: зиянның келтірілуі (мүліктік немесе моральдық); зиян келтірушініњ заңсыз әрекеті; заңсыз әрекет пен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланыс; зиян келтірушінің кінәсі.
Зиян – ол заңмен қорғалатын мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің кемуі. Мүліктік зиян – жәбірленушіге шығындар келтіруден тұрады (ҚР АК 9 бабын қара.), ал моральдық зиян – ол жәбірленушіні жан күйзеліс қалпына келтіру болып танылады (ҚР АК 951 б. қара). Кінә – ол құқықбұзушылықтың субъективтік жағы және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында болады. Қылмыстық құқыққа қарағанда, азаматтық құқықта, мүлікті немесе моральдық зиянды өтеу үшін кінә нысанының ешқандай маңызы жоқ. Және де азаматтық құқықта жауапкершілік еш бір кінәсіз де туындауы мүмкін.
Зиян келтіргені үшін жауапкершілік түрлері:
- шарттық немесе өзге де міндеттемелерді орындау кезінде азаматтың өміріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- шарттық немесе өзге де міндеттемелерді орындау кезінде азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
14 жасқа дейінгі жас өспірімдермен келтірілген зиян үшін және олардыњ өздеріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- 14 пен 18 жас аралығындағылармен келтірілген зиян үшін және олардың өздеріне келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған тұлғалармен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- өз әрекеттері маңызын сезіне алмайтын азаматтармен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- аса қаүпті болып табылатын қайнар көзімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- заңды тұлға мен азаматтың қызметкерлерімен, өз қызмет міндеттерін атқару кезінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және олардың лауазымдарымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- тауарлардың, жумыстардың немесе қызметтердің кемшіліктерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік;
- аса қажеттілік жағдайында немесе қажетті қорғану шегінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік.
Жауапкершіліктің алғашқы он бір түрі үшін, өтеуге жататын залалдың мөлшерін анықтау қажет болады. Мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін анықтау, бұл жерде, ешқандай қиыншылық тұғызбайды. Ал азаматтың өміріне, ден саулығына келтірілген залал мөлшерін анықтау, оған қарағанда қиын болады.
Аталған жағдайда жәбірленушінің орташа айлық жалақысы және өзге де кірістерінің мөлшері есепке алынады. Егер зиян тек ден саулығына келтірілген болса, онда арнайы Ережелерде көрсетілген тәртіппен (жұмыс істемейтіндер үшін), жалпы еңбекке қабілетінен (жұмыс істейтіндер үшін), кәсіби қабілетінен айрылу мөлшері анықталады. Еңбекке қабілеттілігінен айрылу денгейі, медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссиямен анықталады. Одан кейін, еңбек қабілеттілігінен айрылу пайысы орташа айлық жалақысына (кірістеріне) көбейтіледі және алып отырылатын айлық төлем мөлшері анықталады (ҚР АК 938 б.). Айлық төлем мөлшерін анықтау үшін, көптеген жағдайларда жәбірленушінін өз кінәсінің мөлшері де есептелуі қажет. Зиян, жәбірленушінің өміріне келтірілген жағдайда, яғни ол қайтыс болған жағдайда, асыраушысынан айрылуына байланысты төленетін төлемдерді алуға: оның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалары, еңбекке жарамсыз жұбайы және ата-аналары, асырауындағылар және қайтыс болғанның асырауында болған, он төрт жасқа толмаған бауырларына, қарындастарына, немерелеріне, балаларына қарауға байланысты еңбек етпейтін, еңбек етуге жарамды оның ата аналарының біреу, жұбайы немесе өзге отбасы мүшесі құқылы болады (ҚР АК 940 б.). Ол төлемдердің төлену мерзімдері: кәмелетке толмағандарға – олар 18 жасқа толғанға дейін, күндізгі бөлімдерде оқитындарға оқуларын бітіргенге дейін, бірақта жалпы 23 жасқа дейін; 58 жастан асқан әйелдерге және 63 жастан асқан ер адамдарға – ғұмыр бойы; мүгедектерге – мүгедек болу мерзімі аяқталғанға дейін. Асыраушысы қайтыс болғандарға төленетін төлемдер, қайтыс болғанның орташа айлық жалақысы мөлшерінде есептеледі, оны барлық асырауында болғандарға бөлу аркылы және оның ішіне өзіде кіреді. Сонымен бірге зиян келтіруші қайтыс болған азаматты жерлеуге кеткен шығындары да өтейтін болады (солай аталатын жәрдем ақыдан басқа) (ҚР АК 946 б.).
Бір мәрте төленетін төлемдер мен ай сайын төленетін төлемдер ретінде алып отыратын айрылған жалақысының өтемінен басқа: жәбірленуші емделуге, дәрі дәрмекке, оған қарауға кеткен, тамақтануға кеткен, протез салдыруға кеткен, санаторлық-курортық емдеуге кеткен қосымша шығындарын өтеп алуға құқылы болады. Бұл төлемдер оның алып отыратын зейнет ақысынның және жәрдем ақысының мөлшеріне қарамастан төленеді (ҚР АК 946 б.). Жоғарыда аталған есептеу тәртібі зиян келтіруден туындайтын барлық жауапкершілік түрлерінде қолданылады. Тек он төрт жасқа толмаған жас өспірімдерге келтірілген зиянды өтеуде алынбайды, оларға - емделуге, протез салдыруға, санаторийда емделуге кеткен бір реттік нақтылы шығындары өтеледі (АК 939б.).
Бұл тақырыпты оқу кезінде: аса қаупті болып танылатын қайнар көздердің ұғымын, бірлесіп қосымша және ортақтасып жауап беру ұғымдарын, еңбек және өзге де шарттық құқық қатынастарының анықтамасын білген жөн болады.
Моральдық зиян ұғымы ҚР АК- 951 бабында келтірілген. Ол жәбірленушіні оған қарсы жасалған құқықбұзулышық нәтижесінде күйзеліске келтіру болып танылады. Қазақстан заңдары, моральдық зиян келтірілуге байланысты жәбірленушілер қатарына - азаматтар мен қоса, заңды тұлғаларды жатқызады. Заңды тұлғаларға моральдық зиян келтіру - оның іскерлік беделін кемітуден және нақтылы келтірілген залал мен айрылып қалған табыстарынан тұрады. Бұл жерде, моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжрибесі туралы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысын білу қажет болады. ҚР АК- 952 б. 3 т. сәйкес, моральдық зиян, материалдық зиянды өтеуге қарамастан өтеледі. АК 951 б. 3 т. сәйкес моральдық зиян, зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан өтелуі мумкін.
3. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер.
Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер, меншік құқығын қорғауға бағытталған. Оның жалпы ережесі АК 953 бабында келтірілген. Заңдармен немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз, мүлікті басқа тұлғаның (жәбірленушінің) есебінен иеленіп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), оған негізсіз алған немесе сақтаған мүлкін қайтаруға міндетті болады. Міндеттеменің жақтары: сатып алушы және жәбірленуші деп аталады. Негізсіз баю, мүлікті сатып алушының өзінің әрекеттерінен, жәбірленушінің немесе ушінші жақтардың әрекеттерінен пайда болуы мүмкін және бір оқиғаның нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Негізсіз баюдын заты болатын мүлік, сол түрінде жәбірленушіге қайтарылуы тиіс (ҚР АК 955 б.). Егер алғанды заттай қайтару мүмкіншілігі болмаса, сатып алушы жәбірленушіге ол мүліктің сатып алу кезіндегі нақтылы құнын және егер мүлік дереу қайтарылмаған болса, мүліктің құнының кейінде төмендеуне байланысты, оның шеккен шығындарын, өтеп беруге міндетті болады (АК 956 б.). Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің объектілері - тектік белгілерімен анықталған заттар болады. Егер заттар жеке белгіленген болса, онда виндикациялық талап қойылады. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің ерекшелігі - мүлікті алған кезде сатып алушы оны сатып алуы негізсіз екенін білмеуі тиіс. Егер мүлікті алған немесе сақтаған тұлғаның кінәсі анықталса, онда оған қарсы деликттік міндеттемелер жөніндегі ережелер қолданылады.
Бұл қаралатын құқық қатынасы заттық емес міндеттемелік болғандықтан, мүлікті заттай қайтару дегеніміз, нақтылы сол мүлікті емес, сол түрдегі және сападағы басқа мүлікті немесе оның ақшалай құнын қайтару болып танылады. Жәбірленушінің кінәсі бұл жерде ескерілмейді. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің негіздері келесі болады: төленетін сомадан асатын соманы төлеу, шынымен жоқ бірақта бар деп ойлайтын міндетті орындау. Оның мысалы: тиісті бір өтемді өндіріп алу жөніндегі сот шешімін жою.
Негізсіз баюдан алған немесе сақтаған мүлікті, немесе оның құнын қайтару кезінде, сатып алушы жәбірленушіден мүлікті сақтауға ұстауға келтірген шығындарын өтеүді талап етуге құқылы болады. Егер сатып алушы мүлікті әдейі ұстап отырған болса, онда ол шығындарын өтеуді талап ету құқығынан айрылады. Кей бір жағдайларда негізсіз баюдан алынған мүлік қайтарылмайтын болады.
Бақылау сұрақтары:
- Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер ұғымы мен
сипатаммасы.
- Зиян келтіруден туындайтын жауаптылық түрлері. Адам өмірі мен
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.
-
Моральдық зиян ұғымы.
-
Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер.
Әдебиеттер тізімі: Жұмыс бағдарламасында келесі номерлерде берілген: 2, 3,
4, 5, 8, 9, 10, 12, 14.
Достарыңызбен бөлісу: |