№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы



бет18/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ДӘРІСТЕР ТРК

Қазақстанның су ресурстары – Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.

Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көлемі 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.


Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр. Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек. Бұлардың ішінде жер асты суларының біршама болашағы бар.[1]
9 ДӘРІС
СУ КАДАСТРЫ – мемлекеттік су ресурстары туралы мәліметтердің жүйеленген жинағы. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының “Су кодексіне” сәйкес суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалануды жоспарлау енгізілді. Суды есепке алу мен мемл. Су кадастрын жүргізу “Қазгидромет” респкбликалық мемлекеттік мекемесіне (жер үсті сулары), геология және жер қойнауын қорғау органдарына (жер асты сулары) және Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты су ресурстары көлтіне суды пайдалануды есепке алу жүктелген. Бірыңғай мемлекеттік су қорына: өзендер, көлдер, бөгендер, су қоймалары, мұздықтар, жер асты сулары, ішкі теңіз сулары, т.б. су көздері жатады. Су кадастрының материалдары су ш-н жоспарлауда, жобалауда, мелиорац. шаралар жүргізуде, су сапасын болжауда, халық ш. салалары мен жеке кәсіпорындар арасында су үлестіру кезінде кеңінен пайдаланылады. “Қазгидромет” пен Қазақ қоршаған орта мен климат мониторингі (қазіргі Қазақ экология және климат) ғылыми-зерттеу институты жасаған Су кадрастры 3 сериядан тұрады. “Гидрологиялық зерттеулер” (өзендер, су қоймалар және олардың зерттелу деңгейі туралы мәліметтер) топтамасы 5-том, 8-басылымнан; “Негізгі гидрологиялық сипаттамалар” (өзен, көл, бөгендер жүргілерінің іс жүзіндегі байқау материалдары бойынша жылдық және орташа сипаттамалары) топтамасы 4-том, 7-басылымнан; “Жер үсті су ресурстары” (су көздерінің жүргілері жөніндегі қолда бар деректердің ғыл. қорытындылау нәтижелері) топтамасы 4-том, 12-басылымнан тұрады. Су кадастрына 80000 өзен мен 40000 көл туралы мәліметтер енген. Ағымдағы байқау материалдары “Гидрологиялық жылтізбелерде” басылады.[1]
№10 ДӘРІС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет