Біріншісі. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.
Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
Қазақстандық патриотизмнің басты мақсаты – қоғамдық келісімді сақтап нығайту. Бұл біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің бұлжымас шарты. Қазақстандық патриотизмнің негізі – бұл барлық азаматтардың тең құқықтағы және олардың Отан абыройы үшін ортақ жауапкершілігі. Еліміздің әр азаматы өз жерінің қожайыны ретінде сезініп, елі мен оның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатуы қажет.
«Мәңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету арқылы қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асыру. Сол себептен де болашақ ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды патриоттық тәрбиені халқымыздың рухани бай мұрасының құндылықтары тұрғысынан сіңіру - алда тұрған басты міндеттердің бірі оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеудің басты шарттарының бірі оқушылардың жаңаны шығармашылықпен сезініп-түсініп, болжауы негізінде қолданыстағы құндылықтарды дұрыс бағалай білуі болып табылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Мәңгілік Ел» идеясы және патриоттық тәрбие ұғымдарының мәні мен маңызы
2. МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу бағыттарына сипаттама беріңіз
3. МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеуд бағыттарының мақсаты мен мазмұнына талдау жасаңыз
4. МӘҢГІЛІК ЕЛ” идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу бағыттарының іске асыру механизмі мен күтілетін нәтижеге мысал келтіріп дәлелдеңіз.
|