Тақырып 7. Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістері
1. Ғылыми таным әдістері жүйелі білім алудың негізі ретінде.
2. Ғылыми ойлау гипотетикалық-дедуктивтік әдіс ғылыми танымның және ой қорытындылаудың әдісі ретінде.
3. Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Адамдардың қандай да бір әрекеті оның түріне қарай (ғылыми, практикалық) бірқатар факторлармен айқындалады. Соңғы нәтиже тұлғаның (субъект) әрекетіне оның неге (нысан) бағытталғандығына ғана емес, ол үдерістің қалай аяқталғанына, қандай әдіс-тәсілдер, құралдар қолданынғанына да байланысты. Бұл әрине әдіс мәселесі болып табылады. Осы тұрғыда таным әдістерін төмендегіше көрсетуге болады: зерттеуші объектінің қозғалыс заңдылығынан шыға отырып, әрекетті теориялық тұрғыда меңгеру формасы болып табылады. Таным әдісінің мәні мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдерін «бір нәрсеге жету жолы» айқындайды. Таным әдістерін теориялық әрекеттердің танымдық ұстанымдарын реттейтін жүйенің аясында қарастырға болады.
Таным әдістері ұғымының мазмұнына ғылыми фактілерді алудың әдіс- тәсілдері, оларды белгілеу, логикалық жүйеге біріктіру, әртүрлі эмпирикалық фактілердің өту формалары, зерттеу объектісінің теориясына, заңдылығына сәйкес тұжырымдау.
Таным әдісінің негізгі қызметі – зерттеу объектісінің практикалық жаңа өзгеріске енудегі таным үдерісін реттеу және ішкі ұйымдастыру болып табылады. Сондықтан қандай формада болмасын әдіс танымның нормасы, әрекеті, әдіс-тәсілдері мен белгілі ережелердің бірлігінде қарастырылады. Іс-әрекеттің қандай түрі болмасын белгілі нәтижеге жету үшін, нақты тапсырмаларды шешуде зерттеуші сол танымдық жүйенің ұстанымдарының, талаптарына бағыт ұстауы тиіс. Әдіс шындықты іздеуге мүмкіндік туғызады. Шын мәнісіндегі әдіс тұлғаға компас сияқты қызмет етеді, субъект таным әрекетінде қатеге бой ұрғызбайды.
Ғылыми әдіс ұғымы бұл алға қойылған мақсатқа жетуді іске асыратын арнайы бағытталған амал, жол. Бұл ғылыми білімді меңгеруге бағытталған тәжірибелік амалдар мен әртүрлі танымдық амалдар кешені. Педагогика ғылымында ғылыми әдіс осы саланың пәні мен міндеттеріне жауап беретін амалдар мен тәсілдер жүйесін құрайды.
Ғылыми ойлаудың гипотетикалық-дедуктивтік әдісі - ғылыми танымның және ой қорытындылаудың әдісі ретінде
Ғылыми ойлау - бұл таным ретінде әрекет ететін пайымдаулар мен ой қорытындылар жүйесі. Адам санасында қоршаған шындықтың заттары мен құбылыстарын және олардың даму заңдылықтарын бейнелеу мен ұғыну адам санасында әрқашан да дайын білім түрінде өмір сүретін ой қорытындыларының тиісті жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Егер әдеттегі ойлау деңгейінде танымдық ойлау ретінде адамның күнделікті қарапайым іс-тәжірибелік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті эмпирикалық деректер әрекет етсе, онда ғылыми ойлау деңгейінде таным ретінде олардың көмегімен адам әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ең жақындағы, сондай-ақ алыстағы іс-тәжірибелік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті заттардың сан алуан жақтары мен қасиеттері туралы мәліметтер алатын теориялық пайымдаулар мен ой қорытындылардың тұтас жүйесі әрекет етеді.
Ғылыми ойлау зерттеу барысында ғылыми таным ерекшеліктерін сипаттайды. А.С.Мамзин егер таным әдісі «танымның категориялық аппаратында білдірілетін, танымға жалпы бағыт беретін және оның мазмұндық жағын, оның объективтік шындықпен сәйкестігін анықтайтын зерттеу объектісі туралы қолда бар теориялық түсініктерден келіп шығатын нормативтік қағидаттар, ережелер, пайымдаулар мен іс-әрекет тәсілдерінің жүйесі» болса, онда ғылыми таным «әдістің жекелеген тәсілдері, құрамдас бөлімдерінің арасындағы байланыстар мен ауысулар сипаты, құралдары мен тәсілдерінің белгілі бір үйлесімінің» жиынтығы болып табылады, - деп есептейді.
П.Н.Федосеев: «Қазіргі кезде танымның әлеуметтік-мәдени детерминде ашып көрсету көбірек маңызға ие бола түсуде, ол, атап айтқанда, ғылыми зерттеудің алғышарттар мен нұсқамалар жүйесі (ойлау стилі, дүниенің жаратылыстану ғылыми бейнесі, теорияны негіздеу мен құрылымның нормалары мен мұраттары, әдіснамалы қағидаттар және басқалары) арқылы жүзеге асырылады», - деп орынды атап көрсеткен.
Ю.В.Сачковтың пайымдауынша, «біз таным туралы қызмет, заманауи ғылыми ойлау ретінде айтатын болсақ, онда заманауи ғылыми-зерттеу әдістерінің өзі – заманауи ғылымның «ауыр қару-жарағы» ретінде негізгі қызығушылық тудырады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ғылыми-зерттеулерді іргелі және қолданбалы деп бөлу дерегі бірінші кезектегі назар аударуға лайық», - деп тұжырым жасаған.
Ғылыми ойлау іргелі зерттеулердің ерекшеліктері, олардың бүкіл ғылыми білімдер жүйесіндегі орны мен мәнділігі туралы мәселені қарастырады. Іргелі зерттеулердегі шындықты теориялық игерудің мұраты ғылыми теорияны түсініктер мен заңдардың салыстырмалы түрдегі тұйықталған тұғырнамалық жүйесі ретінде әзірлеу болып табылады. Ондай теориялар өздерінің математикалық формаларының қатаңдығымен және зерттеу объектілерінің қасиеттері және заңдылықтары бейнеленуінің жеткілікті толықтығымен сипатталады. Егер теория ғылымның жоғары нәтижесі болса, онда ғылыми ойлаудың гипотетикалық-дедуктивтік әдісі - ғылыми танымның және ой қорытындылаудың әдісі ретінде қолданылады.
Интербелсенді сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action-әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу үдерісіi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет.
Бұл интерактивтi әдiстiң м а қ с а т ы – тек ақпаратты беру ғана емес, балаларға жауаптарды өздігінен табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты, қазіргі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың субъектілік қарым-қатынасқа құрылуы, тұлғалық-бағдарлы оқыту үдерісі жағдайында интербелсенді әдісті тиімді пайдалану қажеттігі туындайды.
Интербелсенді әдістер білім беру жүйесінде шынайы келешекке жол ашады, нақтылы:
- интербелсенді әдістерді кеңінен енгізу оқу іс-әрекетін көрнекті,
динамикалық ұсыну бейнесуреттерді, дыбыс пен ақпараттық ресурстарға қол жеткізу;
- білім берудің барлық деңгейлерінде – мектепке дейінгі деңгейден
жоғары оқудан кейінгі деңгейлерде компьютерлік оқудың үздіксіздігі мен сабақтастығы – оқыту үдерісіндегі барлық пәндерді компьютерлік қолдау есебінен;
- балалардың шығармашылық жеке дара қабілеттіліктерін ашу мен
дамыту үшін оқыту әдістемесін, стилі мен құралдарын таңдау еркіндігін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ғылыми және әдістемелік негізделген базалық білім беру жүйесін құруды іске асырады
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері
|