Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары. Саңырауқұлақтарды және ұсақ ағзаларды сұрыптаудың ерекшеліктері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А. 1. Мәдени өсімдіктерінің пайда болу орталықтары туралы ілімнің авторы кім?
2.Бүгінгі күні осындай орталықтардың қаншасы бар?
В 1. Жануарларды қолға үйрету орталықтары қай қағида бойынша бөлінген?
2. Оларды атаңдар. Олар қайда орналасқан?
С 1. Саңырауқұлақтар және ұсақ ағзаларды сұрыптауда жаңа әдістерді іс жүзінде пайдаланудың болашағы қандай?
2. Биотехнология әдістері арқылы қандай экологиялық проблемалар шешіледі?
Ең жаңа сұрыптау әдістері, гендік инженерия. Қазақстандағы және әлемдегі осы заманғы сұрыпталудың табыстары тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А. 1. Қандай ағзаларды сұрыптауда биотехнологиялық әдістер қолданылады? Ағзалардың қай топтарында ол жиірек пайдаланылады?
2.Гендік инженерия деген не?
В 1. Криоконсервация деген не? Сұрыптаудың болашағы неде?
2. Қазақстанда қандай ғалымдар сұрыптау мен биотехнологияның дамуына еңбек сіңірді?
С 1. Гендік инженерия және биотехнологияның адамзат алдында қандай болашағы болатынын айтыңдар. Егер Қазақстан ғалымдарын осы бағыт бойынша басқаратын болсаңдар, ойланып, биотехнологтардың алдына қандай мақсат қояр едіңдер?
2. Қазақстанда өсімдік пен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтау үшін криоконсервация әдістерін қалай қолдануға болады?
Эволюция. Эволюциялық түсініктердің дамуы, эволюцияның дәлелдемелері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А. 1. Саған эволюциялық ұғым анықтамасының қайсысы дұрысырақ болып көрінеді, неге? Жауабыңды дәлелде.
2.Биология ғылымында екінші тарихи кезеңде бірінші кезеңдегіден онша дұрыс емес түсініктердің басым болуы неліктен?