2013 жыл Шемонаиха қаласының әкімі М. Е. Желдібаевтың есебі


Выдриха ауылдық округінің әкімі Л.Н.Ступенько



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі314 Kb.
#3694
1   2   3

Выдриха ауылдық округінің әкімі Л.Н.Ступенько

Октябрьский ауылдық округінің әкімі А.И.Удодовтың есебі

Октябрьское ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады, халқының жалпы саны-1509 адам, оның ішінде Октябрьское а.-1134 адам, Садовое а.- 42 адам, Луговое а.- 333 адам. Округ елді мекеннің этникалық құрамы: қазақтар-13,7 %, орыстар -82%, өзге ұлттар-0,7 %.

Округ аумағының жалпы ауданы-18937, оның ішінде елді мекеннің жері- 1947 га. Ауыл шаруашылығы маңаза бар жері, барлығы 15592 га, оның ішінде егістік -12135 га, жайылым- 5041 га. Бонитеттің орта балы-61.

Өткен жылы экономикалық-әлеуметтік ахуал тұрақты: мекемелер мен шаруа қожалықтарында жұмысшылар жұмыстан босатылған жоқ. Округтың жұмысы округтің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Аудан әкімінің 2012 жылғы ақпан айында есепті кездесуінде округ тұрғындары 9 сұрақ қойды, оның ішінде 7 сұраққа сол жерде жауап қайтарылды және орнында түсіндірме берілді, 2 сұрақ бақылауға алынды:

1 мәселе бойынша Луговое ауылында хат тасушы бірлігін штатқа қабылдау, «Қазпошта» АҚ Шығыс Қазақстан бөлімімен Луговое а. жазылымдар бойынша хат-хабарларды дер кезінде жеткізуді қамтамасыз ету.

Октябрьское ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 74 хатына Шемонаиха РУПС басшысынан жауап келді, «Қазпошта» АҚ ОФ ШҚ қаржы-экономика бөлімі жүргізген нәтиже бойынша пошта байланыс бөлімінің бастығының ставкасы 0,6 бірлітен, 0,8 бірлікке өсті. Октябрьское хат тасушының ставкасы 0,3 бірлітен, 0,5 ставкаға дейін. 2012 жылдың 01 шілде жағдайына Луговое а. бос хат тасушы лауазымы ауыстырылды.



2 мәселе бойынша Октябрьское кенішінің бұрынғы жерін қайта қалпына келтіру қажеттілігі туралы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Шығыстүсмет» КБ басшыларына ұсыныс жасалды.

Октябрьское ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 68 хатына «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Шығыстүсмет» КБ жауап келді: Шемонаиха кенішін өңдеу нәтижесінде бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша жобаны жүзеге асыру барысы туралы ақпарат алынды. «Шемонаиха кенішін жерін қайта қалына келтіру» жобасы әзірленді және келісілді. 2011 жылы кеніштің борттарын бұзу-топырақты тегістеудің бастапқы қарқыны басталды. «ПостЭксКом» ЖШС «Шемонаиха кенішін өңдеу нәтижесінде бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру және жою туралы» жобаны орындайды.



Ауыл шаруашылығы:

1.Өсімдік шаруашылығы

Округте 10 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істейді, оның ішінде екі ірі шаруа қожалғы: «Шемонаихинское» ШҚ (егістік алқабы-3537 га) және «Воробьев Н и Ко» КС (егістік алқабы-7987 га). Шағын шаруа қожалықтарының егістік алқабы-581 га құрайды. 2012 жылы егістік қорытындысы: 6100 га астық және астық бұршақ, 2447 га күнбағыс егілді.

Округ бойынша 2012 жылы 10545 тонна астық, 3652 тонна күнбағыс жиналды. 2011 жылмен салыстырғанда астық 1107 тоннаға немесе 11,7 % өсті, күнбағыс-1356,8 тонна немесе 59 % өсті. Округ бойынша ауыл шаруашылық құрылымдар бөлігінде астық шығымы 17,3 ц/га құрайды:

«Шемонаихинское» ШҚ -18,3 ц/га., «Воробьев Н и Ко» КС-17,1 ц/га, қалған шағын шаруа қожалықтарының орташасын алғанда -11 ц/га. Күнбағыс шығымы 14,9 ц/га құрайды, оның ішінде шаруа қожалықтарының бөлігінде:

«Шемонаихинское» ШҚ -15,1 ц/га., «Воробьев Н и Ко» КС-16,1 ц/га, қалған шағын шаруа қожалықтары орташа -6,2 ц/га.

2.Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығымен үш шаруа қожалығы «Шемонаихинское» ШҚ, «Воробьев Н и Ко» КС, «Прохорович А.М.» ШҚ және округ тұрғындары айналысады. 2012 жылы округ бойынша алғанда- 3748 басты құрайды, оның ішінде- ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша - 3324 бас және тұрғындарда-424 басты құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 177 басқа немесе 5 пайызға өсті. Қой мен ешкілер-601 бас, 8 басқа өсті, жылқы-136 бас, 1 басқа өсті, шошқа-1161 бас,28 басқа азайды. 448 тонна ет өндірілді, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдары-228 тонна және тұрғындар- 220 тонна ет өндірді, өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеді. 3476 тонна сүт өндірілді, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарымен-228 тонна және тұрғындармен -220 тонна сүт өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмендеді. Есеп беру жылдың ағымында ірі қара малын өсіру бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендердің санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілді. «Мал шаруашылығын дамыту» жобасы есебінен «Лик» ШҚ 17 бас ірі қара, 1 жылқы, 21 бас қой сатып алды. «Муканова М.О.» ЖК 21 бас жас тайыншалар сатып алды.



Білім

Округ аумағында екі білім беру мекемесі бар: Октябрьское а. «Октябрь «Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ, Луговое а. «Октябрьская негізгі орта мектебі» КММ, онда 199 оқушы, мектеп алды дайындық тобында-16 бала оқиды. Балабақшаға 50 бала барады.

ҰБТ бал- 2011-2012 оқу жылы 68,7 % құрайды, өткен жылмен салыстырғанда төмен-81 %. Түлектер 2012 жылы Қазақстандағы ЖОО -2 адам, Ресейдегі ЖОО-1 адам, Қазақстандағы колледждерге-9 адам, Ресейдегі колледждерге-2 адам оқуға түсті.

Мектептер орг. техникамен жабдықталған, ғаламторға қосылған.

Мектеп оқушыларына «Шемонаихинское» ШҚ, «Воробьев Н и Ко» КС асханасында ыстық тамақ ұйымдастырылды. Мектеп автобусымен Садовое және Луговое ауылдарынан 14 бала мектепке әкелінеді және үйлеріне қайта апарылады. Дамыту келешегінде- Октябрьское а. 180 орынға жаңа мектеп құрылысы.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау объектілері:-1ФАП медқызметшілермен қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау ахуалы: туылғандар-20, қайтыс болғандар-21, ана мен бала өлімі жоқ. Қараусыз қалған туберкулез ауруы жоқ. Есепте екі адам тұр. Флюродан 780 адам өтті, жоспар 728.Қатерлі ісік ауру бойынша 28 адам есепте тұр. Октябрьское ФАП медқызметшілері жоспарға сәйкес скринингтік бағдарламалар бойынша халықты тексеру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Денсаулық сақтау бойынша проблемалық мәселені атап айтуға болады: ФАП автокөлікпен қамтамасыз етілмеген, Луговое а. фельдшер жоқ.

Мәдениет және спорт

Октябрьское а. мәдениет объектілері-1, кітапхана-1. Есеп беру кезеңінде 3849 адамды қамтумен 59 мәдени-көпшілік іс-шаралар, 910 адамды қамтумен 27 би-кештері өткізілді.

АМҮ жанында үйірмелер ұйымдастырылған және жұмыс істейді: «Ремих» би тобы-28 адам. «Теремок» қуыршақ театрі-6 адам., «Лицедеи» музыкалық театр-10 адам, «Өзің істе» балалар үйірмесі-12 адам. «Леди» әйелдер клубы-7 адам. Округ аумағындағы спорт түрлері: жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол белсенді дамуда. Барлық спорттық үйірмелер округ мектептерінде, Луговое а. спорт залында өтеді. Проблемалық мәселе-АМҮ жылуы.

Шағын бизнес

Округ бойынша қызмет көрсету саласы объектілерінің саны- 7, оның ішінде сауда обектілері. Шағын бизнесте 14 адам жұмыс істейді. Азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі туарларларға баға қосуды жібермеу бойынша округ жеке кәсіпкерлерімен (6 адам) меморандумдар жасалды. Алынған меморандумдар орындалуда.

2012 жылы әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу туралы 3 ауыл шаруашылығы құрылымдары және 4 жеке кәсіпкерлер арасында 8468 мың теңге сомасына ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. 8508 мың теңгеге немесе 101 % орындалды. Округте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша орындалған меморандумдарды қорытындылай келегенде «Воробьев Н и Ко» КС директоры және «Шемонаихинское» ШҚ басшысы тұрғындардың әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешуде салмақты нақты шешім қабылдайды деп атауға болады. Жасалған меморандумдардың 95 пайызы немесе 8100 мың теңге осы ауыл шаруашылығы құрылымдарының үлесінде. Әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешуде жеке кәсіпкерлер: С.А.Таранов, К.К.Аргимберде, А.А.Такубаева, В.К.Афанасьева өтеусіз қатысады. Екі сауда нүктесінде аз қамтылған азаматтар, 11 адам үшін екі әлеуметтік бөлім жұмыс істейді.

Округтің аз қамтылған отбасылары барлық нысандағы атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтылған. Ағымдағы жылы: АМӘК- 1 адам, алушылар- 69,5 мың теңге сомасы; тұрғын үй жәрдемақы-29 отбасы 381,4 мың теңге сомасы төленді.



Қаржы-бюджет саласы

Жергілікті (жер, мүлік) 210,7 мың теңге немесе есептеуден 100 пайыз салық түсті. 2012 жылы бюджеттен жолдарды қыста ұстауға 399 мың теңге, үйінділер 149 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға 561 мың теңге бөлінді. Абаттандыру үшін бұл өте аз қаржы деп есептеймін. Қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет 99,98 пайызға игерілді.

Құқық қорғау

Округте қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық тәртібін қамтамасыз етуде өзара қарым-қатынас туралы бірлескен жоспар әзірленді және бекітілді, оның орындалуына барлық шаралар қолдануда. Құқық тәртібін қорғау бойынша, қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, ескерту мәселесі бойынша 20 аса жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

2012 жылы 16 қылмыс жасалды, оның ішінде 14 ашылған. ҚРҚК 175 бабы бойынша 11 қылмыс жасалды, бұл «Шемонаихинское» ШҚ және жеке тұлғалардың мүлкін ұрлау. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс екі есеге азайды. Қылмыс негізінде ішімдіктің кесірінен жасалады. Ішімдікке әуес 29 адам, барлығы наркологтың есебінде тұр. Ай сайын осы азаматтармен алдын алу әңгімелесу, жұмысқа тұруы бойынша тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі. Есеп беру жылы әлеуметтік алдын алу Кеңесінің, әйелдер және отбасы істері бойынша комиссия, құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлескен үш отырыс өтті. 31 адам қаралды. Жұмысқа тұру мерзімін белгілеу, отбасыларын бақылауға шешім қабылданды. Оның ішінде үш адам оң шешім қабылдады, алдын алу емдеу мекемесіне жіберілді.

2012 жылға арналған Октябрьское ауылдық округін дамыту проблемалары, міндеттері

- Октябрьское а. 180 орынға жаңа мектеп құрылысы;

-ТҚҚ (тұрмыстық қатты қалдық) полигонының, мал қорымының құрылысы үшін жер телімін ресімдеу;

-округ елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру (көшелерді жарықтандыру, округ елді мекендер көшелерінің жолдарын жөндеу);

- округте дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүргізуді жалғастыру;

-жеке секторда ірі қара мал басын ұлғайту;

- Луговое а. медициналық қызметшінің жоқтығы.
Октябрьский ауылдық округінің әкімі А. Удодов

Разин ауылдық округінің әкімі С.И.Лычагинаның есебі

Округ әкіміне тұрғындармен есеп беру кездесуін ашуға рұқсат беріңіздер.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Басшылармен есеп беру кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жергілікті атқарушы органдарының тұрғындарымен барлық деңгейдегі әкім кездесулері өтуде. Есеп берудің мақсаты елбасымен жүргізілетін мемлекеттік саясатты талқылау, аймақтарды дамытуда әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу, ауылдық округінің экономикалық тұрақтылығы бойынша іс-шараларды орындау, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған бөлігін қолдау, өткен есеп беру кездесуіндегі ұсыныстарды орындау болып табылады.

Бүгін Сіздермен өткізілетін есеп беру кездесуінің мақсаты: өткен жылы жасалған жұмыстар туралы ақпараттандыру, ауылдық округті тұрақтандыру бойыша іс-шаралар орындау, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қолдау туралы, өткен есеп беру кездесуіндегі ұсыныстарды орындау болып табылады.

Бүгін кездесуде облыс, аудан қонақтары қатысуда. Бұл жауапкершілікті күшейтеді, мәселелерді сапалы шешу болып табылады. 2012 жылы ауыл белсенділері мен округтің тұрғындарымен кездесулер өтті. Тұрғындарды мазалайтын ахуалдар және түрлі мәселелер талқыланды.

Разин ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы есеп беру кедесуінде келесі мәселелер тапсырылды:



  1. Ауылдың көше жарықтарын қалпына келтіру

  2. Абаттандыру

Разин ауылдық округі 261 мың шаршы км алып жатыр. Округте – 4 елді мекен бар, 1600 жуық адам тұрады, орталығы Красная Шемонаиха ауылы.

Этникалық құрамы: қазақтар 23, орыстар 68, басқа ұлттар 9 құрайды.

Ауыл шаруашылығы. Егіншілік

Округтің базалық саласы- ауыл шаруашылығы.

Округте 2012 жылдың 01 қаңтарында 54 ауыл шаруашылық құрылымы болды. 2013 жылдың 01 қаңтарында - 44.

Ауыл шаруашылық өнімін өндірумен округ елді мекенінің 324 жеке қосалқы шаруашылықтар айналысады. Соңғы 3 жылда 27 шағын шаруашылықтар өздерінің жер учаскелерін тұрақты дамып келе жатқан ауыл шаруашылық құрылымыдарына берді. Разин ауылдық округінде ауыл шаруашылық құрылымында 23,3 мың гектар, оның ішінде 13,7 мың гектар жыртылған жер, 2,1 мың гектар шабындық және 9044 гектар жайылым бар. Округтің тыңайған жерлер бонитетінің балы 43,25.

Ірі ауыл шаруашылық құрылымдары: «Белокаменское» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ЖШС, шағын «Восход» ШҚ, «Бондаренко» ШҚ.

Округтің шаруашылықтары 2012 жылы орташа өнімділікте 13,1 ц гектардан 99951,6 ц бидай, орташа өнімділікте 11,5 ц гектардан 20268 ц күнбағыс өндірді.

Өткен жылмен салыстырғанда машина-трактор паркі жаңаруда. Округ бойынша соңғы 3 жылда шаруа қожалықтарымен жаңа техника алуға, қоймалар салуға, технологиялық ғимараттарына сомасы 250 млн теңге инвестиция салды.



«Белокаменское» ЖШС шаруашылықты инвестициялық және инновациялық дамыту жолы белгіленді. Егістіктерді және негізгі құралдарды түгендеу жүргізілуде. Техниканың қажеттігі белгілі болып, жаңа техниканың жалпы сомасы 100 млн теңгеге сатып алынды.

«Востоксельхозпродукт» ЖШС – басшысы С.А.Глушков-жері 2284 га, оның ішінде егістік-2254 га.

Жерді өңдеу үшін 23 шағын шаруа қожалықтары біріктірілді. Ірілендіру процесі жүріп жатыр, құрамына 17 шағын ШҚ кірді.



Ауыл шаруашылығы тұрақты дамуда: 3 жыл ішінде сомасы 50 млн теңгеге жаңа техника сатып алынды. 1000 шаршы метр дән сақтау қоймасы салынды және қолданысқа енгізілді, дәндерді тазалау үшін сомасы 15 млн теңгеге кешенді тазартқыш қойылды.

«Бондаренко» ШҚ: жерді 3 шағын шаруа қожалықтарымен бірге өңдейді, жері 814 га, оның ішінде егістік -761 га. шаруашылық тұрақты жұмыс істейді. Қойма ғимраттары, гараж салынды. Жаңа техника сомасы 10 млн теңгеге сатып алынды.

«Восход» ШҚ: (И.В.Лонский) жері 1047 га, оның ішінде егістік 588 га. Шаруашылық тұрақты жұмыс істейді. Техника 10 млн теңгеге сатып алынды.

Округтің ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінде үлкен резервтері бар: бірақ округтің бірде бір шаруасы жердің құнарлығын көтеру үшін ылғал сақтайтын технологияны қолданбайды, ауыспалы егіске бұршақ дақылдары енгізілмейді (асбұршақ және шөптер). Минералды тыңайтқыштар пайдаланылмайды, округтің барлық шаруалары топырақтың құнарлығын көтеру бойынша жұмыс істемейді- округте жыл сайын күнбағысты егу ауыспалы егісте ұсынылған нормасынан жоғары (округте күнбағыс егістігі 25,7 егістікті алып жатыр, сонда ұсынылады 10-15). Бірақ «Восход» ШҚ И.В.Лонский 70 га асбұршақ екті.

Бар ІҚМ басы 3 мың басқа жуық, «Белокаменское» ЖШС жыл сайын 8-10 тоннадан органикалық тыңайтқышты егістікке шығаруға мүмкіндігі бар және қосымша 1-1,2 мыңға тоннаға жуық сапалы бидай алуға болады.

Егіншілік жұмыстарын бітірген кезде барлық шаруа құрылымдары үлесін қосқан қатысуша ЖШС, ШҚ дивиденттер төлейді.



2.Мал шаруашылығы. Разин ауылдық округінде жеке сектордан басқа мал шаруашылығымен «Белокаменское» ЖШС айналысады.

2010 жылға дейін округ бойынша мал басы өсті. 2010 жылғы тамызда «Белокаменское» ЖШС шаруашылығында сарып ауруына оң әсерлі ірі қара малдар анықталды. 15 айдың ішінде «Белокаменское» ЖШС 1635 ІҚМ өткізілді, тұрғындардан 44 бас, округтің барлық көрсеткіштеріне теріс әсерін тигізді.

Соңғы үш жылда округте мал шаруашылығын дамыту мониторингі барлық ауыл шаруашылық малдарының өсуін көрсетеді.

Округте 01.01.2012 жылғы жағдайы бойынша ІҚМ 3573 бас, «Белокмаенское» ЖШС (2012 ж 2773- (108%), оның ішінде сиыр – 832 бас, жеке аулада ІҚМ 800 бас (107 % ) оның ішінде сиыр 350 (100 %), жылқы – бас (112 %), ұсақ мал – 635 бас (100 %), шошқа 1200 бас (100 %), құстар 5130 100% Ет өнімі ц - %, сүт – 20 984ц, 89,9%

«Белокаменское» ЖШС директоры Щербинин Алексей Петрович. Шаруашылық инвесторы «Шығыс-сүт» ЖШС Сейілжан Жеренұлы Сайлаубаев. Сүтті-етті мал шаруашылығында мамандандырылған және өсімдік өсіруді дамытуда. ІҚМ өсіру бойынша қара-ала және симменталды тұқымды өсіреді, ірі қара малды бордақылау бойынша алаң бар.

Қазіргі уақытта малды семірту бойынша барлық шаралар қолдануда. 2011 жылы қазанда малдарға сарып ауруына қарсы вакцина енгізілді.

Өнімділік жөнінде малға түгендеу жүргізілді, материалдық база күшейтілді, орта буын мамандары, өнімге жауапты жұмысшылар қабылданды. Жаңа қойма ғимраттары, база салу көзделді.

Округте ауыл шаруашылығын келешекте дамыту көрсеткіштері бар: «Белокаменское» ЖШС – 5 жылға негізгі табында қалпына келтіру, қызы-ала тұқымды сүтті сиырларды өсіру селекциялық-тұқымдық жұмыс жоспарын әзірледі. 2013 жылы төлдеу арқылы 400 басқа көбейту жоспарлануда. Малдарды ұстау үшін тұрғындар қол жетімді бағамен шөп және жеммен қамтылуда. Екі ауылда: Красная Шемонаиха және Медведка ауылдарында сүт қабылдайды.



Шағын және орта бизнесті қолдау.

Округте мал шаруашылығын дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.03.2011 жылғы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы орындалуда, мақсаты тұрғындарды тұрақты және азық-түлікпен қамту жолымен тұрғындардың табысын көтеру болып табылады. Осы бағытта бағдарламаға ықылас білдіргендер және жеке істерін ұйымдастыруға мүмкіндігі бар адамдар қатысуда:



  1. «ШАД» ШҚ А.Д.Шеслер Белый Камень ауылы ІҚМ дамыту (55 бас)

  2. Жұмагельдинов Ерлан Медведка ауылы (ІҚМ, жылқы), Орлова Татьяна (шошқа шаруашылығы 100 басқа жуық).

  3. Красная Шемонаиха ауылы Нағыманов Айдар, Қабдығалиев Қайрат. (өгіздер өсіру), жайылым бөлінген.

Кәсіпкерлер Жамеш Кешубай 3 млн несиені кірпіш жасаумен айналысады, аудан ішінде сұраныс бар.

Округте 11 шағын бизнес субъектісі бар.

Округтің аумағында 6 дүкен, дәріхананың 2 фиалы бар. Тұрғындар белсенді «Жұмыспен қамту - 2030» бағдарламасына қатысуға 2013 жылға кезекте тұруда, ІҚМ дамыту үшін несие алуға біздің округтен 7 тұрғын кезекте тұр. 15 жұмыс орын құрылды, 23 жұмыс орынын құру жоспарлануда. 2012 жылы тұрақты жұмысқа «Белокмаенское» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ШҚ 33 адам тұрды. Жұмыссыздар саны азайды.қоғамдық төлем жұмысына 2 адам қатысты, аяқталуына байланысты 2 адам тұрақты жұмысқа тұрды.

Округ бойынша орташа төлемақы 2012 жылы 12 айға 53,3 мың теңгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 6000 теңгеге өсті.



3.Инфроқұрылым. Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы.

2012 жылы аудандық бюджеттен округтегі көше жарықтарын қалпына келтіруге бөлінді және игерілді-700 мың теңге, мөлшері-783 мың теңге. Санитарлық тазалауға- 223,0 мың теңге (қоқстарды жинауға). Округтің елді мекендерінің ішкі жолдарына бюджетте мөлшерімен қаралды және игерілді -140 мың теңге.

Әрине осының бәрі жеткіліксіз, негізгі шығын «Белокаменское» ЖШС мойынында, олар жыл сайын жолдарды ұстауға 1 млн теңге шығындалады.

Бізде күнделікті мәселе су. Округ ауылдарындағы су құбыр жүйесі, су кернеуіш мұнарасы жүзеге асырылатын заңнамаға сәйкес коммуналдық иелікке беру үшін иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойылды. Оларды коммуналдық иелікке берілгенше қызметті «Белокаменское» ЖШС жүргізеді. 2012 жылы «Топаз» фирмасымен Красная Шемонаиха ауылында су қорының мониторингі жүргізілген., ал 2012 жылы су құбырын салуға ЖСҚ дайындау және 2013 жылы салу қажет.

Ауылдарда телефон жұмыс істейді.

Ауылдардан қалаға көлік жолдары жұмыс істейді.



Білім беру, денсаулық сақтау.

Округте Красная Шемонаиха және Медведка ауылдарында 2 негізгі мектеп бар. Оқушылар саны -220. Оларды жөндеуге 37 млн 250 мың теңге бөлінді. Мектептерде материалдық базаны күшейтуге аудандық бюджеттен 372 мың теңге бөлінді. Оқушыларды Белый Камень ауылынан Красная Шемонаиха ауылына, қала мектептеріне жеткізу жүзеге асырылады. Қала мектептеріне Медведка ауылынан оқушаларды (3 оқушы) жеткізуге бюджеттен 200 мың теңге бөлінеді. Ыстық тамақпен бастауыш сыныптан 100 оқушы, 25 жағдайлары төмен отбасының балары қамтамасыз етілген. Шемонаиха қаласының мектептерінде 15 оқушы, лицейде-9, колледжде -12, ЖОО-5, кешкі мектепте-3 адам, басқа курстарда-10 оқиды.

Округтің үш денсаулық сақтау мекемесі өз жұмыстарын Қазақстан Республикасының түзету және дамыту Мемлекеттік бағдарлама аясында істейді. Меморандумды орындау аясында «Востоксельхозпродукт» ЖШС С.А.Глушков өз міндетіне алды. Медведка ауылында ФАП ғимарат сомасы 5 млн теңгеге қалпына келтірілді. Белый Камень ауылында МП ғимараты «Белокаменское» ЖШС күшімен сомасы 2,5 млн теңге.

Мәдениет және спорт

Округтің аумағында 3 клуб және 2 кітапхана жұмыс істейді, негізгі мақсаттары өзін-өзі көрсету және жастардың жағдайларын шешу, Қазақстан патриоттарын тәрбиелеу және белсенді өмір жолын, өнерлі жастарды қолдау, салауатты өмір салтын сақтау.

«Белокаменское» ЖШС қаражаты есебіне білім беру, денсаулық сақтау, округ ауылдарындағы мәдениет объектілеріне капиталдық жөндеу жүргізілді. Бейне – аудио аппараттары, теннис, бильярд үстелі сатып алынды. «Восток» ШҚ басшысы И.В.Лонскиймен «Родные напевы» вокалдық тобына концерттік костюмдер алынды. 2011 жылы аудандық шығармашылық есеп беру қорытындысы бойынша шағын ауылдық өзіндік ұжымдар: Красная Шемонаиха-1 орын, Медведка ауылы-2 орын алды. «Белокаменское» ЖШС ардагерлер демеушісі, музыкалық қызметкерге төлейді, олар Зевакино, Первомайка, Выдриха, Октябрьское үй-интернатының қонақтары болып тұрады.

Мемлекеттік, өңірлік және аудандық дене шынықтыру және спорт саласын дамыту бағдарламасын іске асыруда, 500 мың теңге игерілді. Шаруа қожалықтарының, ЖШС басшыларының қолдауымен округ спортсмендері аудандық, облыстық жарыстарға спорттың әр түрінен қатысады. Разин округінің командасы соңғы үш жылда қатарынан Халықтық спорт ойындарынан аудандық жарыста 11 команданың ішінен 2 орынды алады. Красная Шемонаиха ауылында спорт алаңының құрылысы басталды, (1 млн. теңге сомасына).



Тұрғындарды әлеуметтік қорғау. Меморандумдар.

Соңғы 2 жылда әлеуметтік салада меморнадумды орындау аясында 8 млн теңге игерілді, «Белокаменское» ЖШС, «Востоксельхозпродукт» ЖШС С.А.Глушков, С.Г.Бондаренко, И.В.Лонский, Е.А.Козырева шаруалар қаражаты есебінен ауылдық клубтар, медициналық пунктер жөнделді, музыкалық жабдықтар алынды. «Белокаменское» ЖШС өзінің қаражаты есебіне әлеуметтік сала объектілері: Белый камень ауылындағы медициналық пункті, клубтар және кітапханалар, жолдарды қардан тазалау, абаттаныдыруды ұстайды. Разин ауылдық округінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша меморандумдарды қорытындылай келе ЖШС басшыларын атап айту керек: С.А.Глушков, А.П.Щербинин, ШҚ: -И.В.Лонский, В.И.Акулова, С.Г.Бондаренко, А.Е.Козырева, Г.Ф.Казко, кәсіпкерлер: С.Г.Цыкунова, Р.Г.Эрфрут, Г.В.Данилова, Е.Г.Сорокина, Г.П.Богословкая тұрғындардың қолдау көрсетеді, округ тұрғындарының әлеуметтік мәселесін шешуде уақыт пен қаражат тауып көмектеседі.

ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері, көп балалы отбасы, аз қамтылғандар тұрақты бақылауда. Округте ардагерлер Кеңесі (М.Е.Козлова), қоғамдық Кеңесі (Г.Д.Грейбер) жұмыс істейді. Олардың қатысуымен округ аумағын абаттандырумен, әлеуметтік көмек көрсету, аудандық іс-шараларға тұрғындардың қатысуына байланысты мәселелер шешілуде.

Зейнеткерлер саны – 178, жәрдемақы алушылар -, мүгедек балалар – 6. Тұрғын –үй көмегін алған 4 отбасы сомасы 74898 мың теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 3 отбасы (16 адам) 103,4 теңге алды. Балалар төлемақысы 8 отбасы (22 адам), сомасы 203,3 теңге. Округтің тұрғындарын жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлы түрде жүріп жатыр.



Тәртіп сақтауды қамтамасыз ету

2012 жылы ішкі істер органдары құқықбұзушылықпен, нашақорлыққа қарсы күрес бағытында және тәртіпті күшейту бағытында белсенді жұмыс істеді. Есептік мерзімге учаскелік инспекторларымен қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықты алдын алу және болдарымау бойынша 42 алдын алу-оперативті іс шаралар жүргізілді. Қылмыстық іс – 5. Алдын алу есебіне адам, СПЛУ 2 адам тартылды. Әкімшілік хаттамалар 130 адамға құрылды, айыпұлдар төленді. Екі жасөспірім ИДН есебіне алынды.



Аудан әкімінің тапсырмалары:

  1. Округтің елді мекендерінде Белый Камень ауылында (3 көше) көше жарықтарын қалпына келтіру бойынша тапсырма орындалды.

  2. Красная Шемонаиха ауылында спорт залын салу бойынша келесі іс-шаралар орындалды:

  1. Новосельская көшесі, 20 бойынша жер телімі анықталды

  2. Красная Шемонаиха ауылы Новосельская, 20 көшесінде спорт залын салу үшін жер телімін тексеру және таңдау актісі жүргізілді.

  3. Жер телімін бөлу үшін құжаттар пакеті аудандық жер комиссиясына берілді

  4. Жобалау – сметалық техникалық құжаттамасын меморандум бойынша «Белокаменское» ЖШС орындайды.

Разинский ауылдық округін 2013 жылға дамыту мақсаты:

Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Стратегиясы - 2050» Қазақстанды жаңа деңгейде дамыту стратегиялық бағытын алға қойды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ІӨӨ көлемі бойынша 50 ірі экономикасы дамыған елдер қатарына енеді. Біздің агригаттар ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қана қомай, өндіріп іске асыру жағында ойлау қажет. Президент басты рөлді білім, денсаулық сақтау, адамдарға жағдай жасауға бағыттайды.



Округ бойынша тапсырмалар:

  1. Мал басын өсіру, жаңа жұмыс орындарын құру

  2. ШҚ күшейту

  3. Красная Шемонаиха ауылының су жүелерін салу

  4. Красная Шемонаиха а. ҚТҚ полигонын жер телімін ресімдеу туралы жұмыстар жүргізілсін.

  5. Ауылдарды абаттандыру бойынша жұмыстар жасалсын (балалар алаңын жасау және құру)

  6. Белый Камень, Медведка ауылдарындағы су жүйелерін жөндеу

  7. Округтің елді мекендеріндегі жолдарды асфальттау және тегістеу жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілсін.


Разин ауылдық округінің әкімі С.И.Лычагина

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет