21 ҒАСЫРДЫҢ ДАҒДЫЛАРЫ
Қазіргі уақытта әлемдегі орын алып жатқан жаһандық өзгерістер, білім беру саласына түбегейлі жаңаша сипатта өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажет екендігін көрсетеді. «Ғарыштық жылдамдықпен» әлемде білім беру саласында дамып келе жатқан өзгерістер, кез-келген мемлекетті ойландыратыны анық. Бұл дегеніміз, мемлекет басшысы, білім және ғылым министрі, саясаткерлер мен білім беру саласында кәсіптері бар кәсіпкерлерді қоса алғанда, оның ішінде ұстаздар қауымын, «ХХІ ғасырда» білім алушыларға қандай білім мен тәлім-тәрбие беру керек деп ойландыратыны анық. Мұғалімдер оқушыларда жаңа заман талабына қалай дайындайды? Бұл дәл осы сәттегі өзекті мәселелердің бірі.
Әлемдегі жаһандану, инновациялық технологиялар бойынша дамыған озық елдер, оқушыларға жаңа заман талабына сай, оқу бағдарламасын әзірлеп, сол бойынша білім беріп жатса, елімізде жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша бір негізді, жүйелі қалыптасқан оқу бағдарламалары мен оқулықтарға көңіл толмай жатады. Жыл сайын оқулықтарды мектеп бағдарламасына сай ауыстырғанның өзінде, сапасы сын көтермейтіні жасырын емес.
Міне сондықтан да педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша әр түрлі бағыттар бойынша курстарды ұйымдастырып және өткізу, заман талабы.
Сондықтан да Қазақстан Республикасында Білім беру жүйесін жаңа бағытта өзгерту, жаңа ХХІ ғасыр талабына сай бағытта білім беру мақсатында, шетел мемлекеттерінде білім беру жүйесі жақсы, қарқынды дамыған мемлекеттермен білім беру және оқытуда тәжірибе алмаса отырып, Мемлекеттік деңгейде маңызы бар бірқатар Мемлекеттік бағдарламалар мен Заңдар қабылданды. Қай заманда да жастар сол мемлекеттік болашағы деп саналған. Сондықтан еліміздің көркеюіне және өркендеуіне үлес қосатын жастарға, жаңа заман талабына сай, сапалы білім беру мемлекеттің негізгі міндеті.
Әлемдік білім беру бәсекесіне лайықты, өз елімізде білім беруді жүйелендіріп, заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру ең басты міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта білім алушы оқушыларға қандай үлкен талаптар қойылса, дәл осындай талаптар да, педагогтардан да талап етіледі. Өйткені бәсекеге қабілетті сапалы білім беруді ұйымдастыра білу, оқушыларға білім беру, ол ең бірінші педагог-мұғалімнің де тікелей міндеттерінің бірі. Мұғалім үнемі жаңашылдыққа, инновациялық жаңартуларға, кәсіби білімін, біліктілігін арттырудан қашпай, алға қарай жылжып, дамып отырса, бұл келешекте жақсы нәтиже көрсетері анық.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы бекітілді. Аталған Ұлттық жобаны іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдар. Ұлттық жобаны даярлау мақсаты - барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру.
Қазіргі таңда әлем елдері жан-жақты дамыған 50 елдің қатарында болу мақсатын көздейді. Бұл оңайлықпен іске асатын дүние емес. Ең бірінші кезекте білім беру саласын біріздендіру, білім сапасын жақсарту, педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыру, ғылыми-техникалық және ақпарат беру базаларын нығайту, сонымен қатар тіпті оқушылар мен педагогтарды сапалы кітаптармен қамтамасыз етуде өзекті мәселе болып табылады. Сол үшінде оқушыларға мектеп қабырғасынан бастап сапалы білім беруді мықтап қолға алу керек. Өйткені халықтың сауаттылық деңгейінің жоғары болуы, бұл сол мемлекеттің беделін жоғары деңгейге көтереді. Қазір ХХІ ғасыр, ғылым мен техниканың, инновациялық идеялардың ғасыры. Қазақ елінен шыққан талай ғалымдар мен білімді азаматтарды басқа шетелдерге жұмыстарға шақырып алуда, алайда бұл азаматтар өз елінде, өз Отаны үшін еңбек етіп, Отанымызды, Қазақ елінің гүлденіп, көркеюіне еңбек сіңірсе өте жақсы болар еді.
Әртүрлі бағыттағы бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі уақыттағы заман талабы. Өз туған Елінің болашағын ойлайтын әрбір азамат – өз білімін, Отанымыздың гүлденуі мен дамуына бағыттайды. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген нақыл сөзбен астарлап айтқанда, осындай сан қилы қазіргі уақытта жастар еңбекқор, ой мен білім жетегінде болса, әрқашанда да бүкіл әлемдік додаларға бақ сынаудан қорықпауға болады. Бес қаруың – ақыл, ой, сана, білім және өмірлік тәжірибе-дағды үнемі сай болса, алға ұмтылу, өзіңді дамытуға мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: |