3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы


Кіріккен тәуелдік жалғауларының түбірде көнеруі арқылы



бет16/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

1.4. Кіріккен тәуелдік жалғауларының түбірде көнеруі арқылы жасалған туынды сөздердің сөз таптарына қатысы
Тілде тәуелдік жалғауының түбірге кірігу, көнеру әрекеті арқылы туынды сөздер жасалып отыратыны анықталды. Бұл тұста тәуелдік жалғауы өзінің бастапқы қызметінен айырылып, жаңа сөзжасамдық қабілетті иемденеді. Туынды сөздердің осы жолмен пайда болуы сөзжасамда лексика-семантикалық тәсілге жатады. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы — өте көп тараған тәсіл... [18, 38]. Демек тәуелдік жалғауы кірігу, көнеру әрекетінің негізінде конверсия құбылысына қатысып, тілде сөз таптарын қалыптастыруда өзіндік рөл атқаратын болып отыр. Бұл — тілдің даму барысында біртіндеп қалыптасатын құбылыс. Тәуелдік жалғаулы сөз осы тұлғасында қолданыла жүріп, құрамындағы тәуелдік жалғауының көнеріп, түбірге кірігуінің нәтижесінде өзге мағынаға ие болады. Сәйкесінше, жаңа мағынасына қарай басқа сөз табына ауысады.
"Қазақ тілінің сөзжасамы" атты еңбекте лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар екендігі айтылған. Осы айырмашылықтарды негізге ала отырып, біз тәуелдік жалғауының сөзжасамдық қызметі арқылы сөз таптарының қалыптасу әрекетін екі топқа бөліп қарастырамыз:
1) Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Мысалы: Анадай-анадайдағы ақ шоқы, қара шоқылардың басында қысы-жазы қарауыл (Ә.Кекілбаев). - Тұра тұр, бәлем,— деді Төкең ішінен, — қаршадай болып ашуының тарқамауын (Е.Домбаев). Мұсаның қырқы өтті (З.Шүкіров).
Алғашқы сөйлемдегі қысы-жазы тәуелдік жалғауының зат есімге кірігу әрекеті арқылы үстеуге ауысса, екінші сөйлемдегі бәлем дегенде тәуелдік жалғауының кірігу әрекетінің негізінде зат есімнен кектену мәнін білдіретін атауыш тұлғаға айналған. Соңғы сөйлемдеғі қырқы сөзі сан есімге тәуелдік жалғауының кірігуінің нәтижесінде зат есімге көшкен. Бұл сөздердің барлығы да жаңа мағынаны иемденулеріне байланысты басқа сөз таптарына, атап айтсақ, қысы-жазы — зат есімнен үстеуге, бәлем — зат есімнен атауыш тұлғаға, қырқы — сан есімнен зат есімге көшкен. Көріп отырғанымыздай, келтірілген сөздер бастапқы мағынасынан айырылуымен қатар, өзі қатысты сөз табының да шеңберінен шығып қалған, сәйкесінше, жаңа мағынаны иеленуі арқылы басқа, сол мәнді қамтитын сөз табына өтеді.
2) Сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы.
Бұл топқа осы тәсіл арқылы қалыптасқан - аты-жөні, айы-күні, аузы-басы, өңі-түсі, ұшы-қиыры, ұлы-қызы тәрізді зат есімдер мен қайсысы, бәрі, несі, мұнысы, бұнысы, сонысы сынды есімдіктерді жатқыза аламыз.
Ел тірлігі бірыңгайға бет бұрганда, осындай ілік аяқ астынан кездесе беретіні несі екен? (С.Сматаев). Бәрі өрт тигендей айқайлап-ұйқайлап орындарынан атып тұрды ( Ә.Кекілбаев). Мұнысы ашуының саябырлай бастаганы (С.Сарғасқаев) деген сөйлемдердегі "несі есімдігі "не" сұрау есімдігіне "-сі" тәуелдік жалғау көрсеткішінің кірігуі арқылы пайда болса, әрі" есімдігі "бар" жалпылау есімдігіне - "і" тәуелдік жалғауының кірігуі арқылы жасалған. Соңғы сөйлемдегі ұнысы" сілтеу есімдігі де осы тәсіл арқылы қалыптасқан. Бұл сөздердің барлығы да бастапқы мағыналарын өзгертсе де, сол сөз табының құрамында қалып қойған. Демек жаңа мағына да алғашқы сөз табына қатысты болып отыр.
Сонымен, тәуелдік жалғауының түбірге кірігу, көнеру әрекеті сөздің лексикалық мағынасына әсер етіп, екінші бір сөз жасауға қатысады. Сөздің жаңа лексикалық мағынаға ие болуы – оның бір сөз табынан екінші сөз табына айналуына әсер етеді. Тілде көптеген сөз таптарының қатары осы тәсіл арқылы толығып отырады. Тәуелдік жалғауының түбірге кірігу, көнеру әрекеті арқылы зат есімдер, есімдіктер, үстеулер мен қыстырма сөздер тобы жасалады. Бұлардан өзге тілде осы тәсіл арқылы қалыптасқан санаулы одағай мен шылау сөздер де кездеседі. Ал көмекші есімдер тек тәуелдік жалғауы тұлғасында ғана басқа сөздермен байланысқа түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет