Аралбаева Айгерим Адиловна
заң ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ
«халықаралық құқық» кафедрасының доценті, Алматы қ., aralbaeva81@mail.ru
Сыздыкова Айгуль Алтаевна
құқық магистрі, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ «халықаралық құқық»
кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ.
СОТ БИЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Аңдатпа. Мақалада сот билігінің кейбір мәселелері қарастырылады. Автор аталған мақалада сот
билігі ұғымына, «билік» және «мемлекеттік билік» ұғымдарына қатысты сипаттамалар берген. Со-
нымен қатар Қазақстан Республикасындағы сот билігінің билікті бөлу қағидасы жүйесіндегі алатын
орны мен күрделі мәселелерін белгілеген.
Түйін сөздер: сот билігі, мемлекеттік билік, соттар.
Аннотация. В статье рассматриваются проблемы судебной власти в Республике Казахстан. Авто-
ром дан анализ понятия судебная власть, ее соотношения с понятиями «власть» и «государственная
власть». Обозначены проблемные моменты места и роли судебной власти в системе разделения власти
на ветви в Республике Казахстан.
Ключевые слова: судебная власть, государственная власть, суды.
Annotation. The article deals with the problems of the judiciary in the Republic of Kazakhstan. The author
gives a parity of concepts state and judicial authority. The place and a judicial authority role in system of division
of the power on a branch in Republic Kazakhstan are defined.
Keywords: the judiciary, the government, the courts.
Қазақстан Республикасында соттар және судьялардың мәртебесі туралы заң актілері өзінің
тарихи дамуы жағынан бірнеше кезеңнен өтті. Атап айтатын болсақ, бірінші кезең – ол Қа-
зақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың
мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы №2694 заңның қабылдануымен байланысты.
Аталған кезеңнің ерекшелігі ретінде - 30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Кон-
ституциясына сәйкес қабылданғандығын, Конституцияға сәйкес сотттар және судьялардың мәр-
тебесін анықтаған алғашқы заң ретінде ерекшеленетіндігін атасақ болады.
Екінші кезең – «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі тура-
лы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық заңымен
байланысты. Аталған заңға 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 437-V ҚРЗ «Сот Кеңесі, сот жүйесі
және судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен елеулі өзгерістер енгілді, олар 1 қаңтар
2016 жылдан бастан әрекет ете бастады. Бұл өзгерістер төмендегідей мәселелерге арналған: 29-
бап: Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар. 30-бап: Сот судьясының, төрағасының, сот
алқасы төрағасының лауазымына кандидаттарды іріктеу. 30-1-бап: Судьяның кәсіби қызметін
бағалау. 36-бап: Жоғары Сот Кеңесi. 38-1-бап: Сот жюриі. 38-2-бап: Жоғарғы Соттың жанындағы
Сот төрелігі академиясы. 44-бап: Сот жюриінің шешімдері. Әрине, осы аталған өзгерістер мен
толықтырулар соттар тәжірибесінде орын алып жатқан қателіктерді және шетелдік тәжірибе-
лерді ескере отырып енгізілген.
Мемлекет және құқық теориясы тұрғысынан қарастыратын болсақ, «сот билігі» ұғымы жалпы
«билік» және «мемлекеттік билік» ұғымдарынан туындаған түсінік болып табылады. Сондықтан,
сот билігіне мемлекеттік биліктің белгілері тән болып келеді. Сонымен қатар, сот билігіне өзіне
тән ерекшеліктері де бар, олар төмендегідей болып келеді:
1) мемлекеттік-басқару құзыреттері тән болатын билікті соттар тек қатаң түрде бекітілген
процессуалдық нысанда ғана жүзеге асыратындығында;
2) сот билігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған;
3) сот билігінің негізгі мақсаттары - ол Қазақстан Республикасында конституциялық құрылы-
сты қамтамассыз етуге бағытталған, заң шығару және атқару биліктерінің шығарған актілерінің
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қамтамасыз ету, заңдылық пен әділет-
66
тілікті заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді атқару мен қолдану кезінде қамтама-
сыз етуінде болып табылады.
4) сот сот билігінің органы ретінде дауларды шешуші арбитр, сондықтан соттардың шығарған
шешімдері барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымдық тұлғалар және азаматтар үшін
міндетті болып табылады. Сонымен қатар, сот билігі преюдициалдық болып есептеледі, ол де-
геніміз соттың шығарған шешімдерінің басқа мемлекеттік билік органдарында міндетті түрде
орындалуға жататындығында болып табылады. Бұл ретте, сот билік органдарының преюдициясы
ұғымы сот шешімдерін орындау міндеті ұғымына қарағанда анағұрлым кең болып келеді.
«Сот билігі» термині құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада түсіндіріледі: сот төрелігін
тек белгілі бір соттардың жүйесі, яғни анықталған белгілі бір мекемелердің жүйесі жүзеге асыра-
ды /1, 172 б./; немесе сот төрелегін жүзеге асыруға құзыреттері бар мемлекеттік биліктің тәуелсіз
және дербес тармағы ретінде түсіндіріледі [2, 366 б.]; Қазақстан Республикасының Конституци-
ясының 7-бөлімі «Соттар және сот төрелігі» деп аталады және аталған бөлімде соттардың құзы-
реттерін анықтайтын баптар ғана емес, сонымен қатар сот жүйесінің құрылымының негіздерін,
судьялардың құқықтық мәртебесінің және сот қызметінің негізін құрайтын бірқатар қағидалар
көрініс тауып отыр [3].
«Сот билігі» термині кеңестік дәуірден кейін тек «ҚазақССР-нің мемлекеттік тәуелсіздігі ту-
ралы» 25 қазандағы 1990 жылғы Декларацияның 7-тармағында алғаш рет көрініс тапқан бола-
тын, ол «сот билігі» үғымына қатысты толық көлемдегі теориялық тұрғыдағы зерттеулердің аз
болуымен және сот билігі түсінігіне байланысты біржақты анықталған ұғымның қалыптаспа-
уымен түсіндіріледі.
Кейбір авторлар сот билігі ұғымын сот органдарының жүйесінің ұйымдастыру нысанымен
түсіндіреді [4, 158 б.]. Сондай сипаттағы пікірлер кеңестік дәуірдегі құқықтық әдебиеттерде
орын алуымен ерекшеленеді.
Ал, Ю.А. Дмитриев и Г.Г. Черемных сияқты авторлар сот билігін «шындық пен әділдікті
анықтауға және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуға бағытталған заңға сәйкес биліктік
құзыреттерді жүзеге асыратын мемлекеттік және муниципалдық органдар жүйесі болып табыла-
ды. Аталған органдардың шешімдері барлық тұлғалар үшін орындалуға міндетті» деп сипаттай-
ды [5, 48 б.].
Келесі бір топ авторлардың пікірінше, сот жүйесі және сот билігі институттары өзара тығыз
байланысты және бір-бірін толықтыратын ұғымдар болуына қарамастан, сот билігі ұғымының
мазмұнын тек қана сот жүйесіне байланысты негіздеу дұрыс емес деген тұжырымдамалар болып
отыр. Билік-ол тек қана сол билікті иемденген лауазымдық тұлғалар мен арнайы анықталған ме-
кемелер жүйесі ғана емес, ол сонымен қатар, оларға тиесілі құзыреттер, сол құзыреттерді жүзеге
асыру болып табылады (функционалдық тұрғыдан) [6, 87-89 бб.].
Осы айтылған пікірлер сияқты пікірлерді, мысалы К.Ф. Гуценко және М.А. Ковалев мынан-
дай сипатта айтып өткен: «Сот билігін мемлекеттік орган және белгілі бір мекеме сипатындағы
соттарға теңестіру қателік болар еді ... билік дегеніміз ол лауазымдық тұлға немесе мемлекеттік
орган ғана емес, ол биліктің қандай нәтижелер жасай алатындығында болып отыр. Мазмұнына
орай билік дегеніміз құзыреттер мен функциялар, бірақ оны орындаушы тұлға емес» [7, 45 б.].
В.И. Шевцов: «сөздің түп мағынасына байланысты «билік» ұғымын органдар, органдар жүй-
есі немесе оны жүзеге асырушы ретінде түсінудің қажеті жоқ, оны құқық немесе заңға негіздел-
ген органдардың арнайы анықталған іс-әрекеттер мен сол іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі
мүмкіндіктерін түсінуіміз қажет» деген тұжырымдамасын айтып өтеді [8, 24 б.].
И.Л. Петрухинның пікірі бойынша, «сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес және тәуел-
сіз тармағы болып есептеледі, сот билігі заңдар негізінде мемлекет пен азаматтар арасындағы,
азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы туындаған әлеуметтік келіспеушіліктерді шешу үшін
құрылған; заңдардың конституцияға сәйкестігін бақылау үшін; азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын атқарушы билік органдары және лауазымдық тұлғалар арасындағы туындаған
құқықтық қатынастарда қорғау үшін; қылмыстарды тергеу мен жедел-іздестіру қызметі барысын-
да азаматтардың құқықтарының қамтамасыз етілуіне бақылау жасау үшін; қоғамға және тұлғалар
үшін маңызды заңи фактілерді және жағдайларды анықтау үшін құрылған билік тармағы болып
табылады» [9, 14 б.].
67
Сот билігі азаматтардың, барлық органдардың, ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын
және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған; демократиялық, әлеуметтік теңдік, адамгершілік
және заңдылық қағидалары негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдар-
дың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың атқарылуын
қамтамасыз ететін мемлекеттің ерекше қызметі болып табылады.
Біздің пікіріміз бойынша, сот билігін сот жүйесінен және сот билігінің функцияларын жүзе-
ге асыру қызметінен бөліп қарастыру қажет деген авторлардың пікірілерімен келісуге болады,
себебі сот билігінің ұғымын кешенді тұрғыдан анықтау дұрыс «сот билігінің ұғымын бір жақты
түрде анықтау күрделі, әрі көп аспектілі құбылысты жасанды түрде оңайлатуға алып келетін еді.
Сот билігі ұғымында жалпылама ғылыми категория ретіндегі биліктің көп мағыналы ұғымы түй-
інделген, оны құқық теориясында билік пен бағынудың, бағынуға әсер ететін ұйымдасқан күш
сипатында ұйымдасқан қауымдастықтың құзыреттері ретінде анықтайды. Сот билігі мемлекеттің
арнайы органдары – соттарға – олардың құзыреттеріндегі мәселелер бойынша құқықты қолда-
ну; конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және арбитраждық сот өндірістерінде іс
жүргізудің процессуалдық нысандарын сақтау жолымен заңдылық пен әділеттіліктің негізінде
шешім шығаруына әсер ететін құзыреттерге ие болу деп есептейді.
Сонымен қатар сот билігі – ол дербес, тәуелсіз және заңға ғана бағынатын мемлекеттік билік-
тің үш тармағының бірі болып есептеледі, ол судьялардың кәсіптік білімдері негізінде консти-
туциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот өндірістері бойынша іс жүргізуге бағытталған
ерекше сипаттағы сот қызметі болып табылады.
Сот билігі соттар және сот жүйесі ұғымына да ұқсас емес түсінік, олар – тек мемлекеттік
биліктің бір бөлігін ғана жүзеге асырады, ол қызмет сот төрелігін жүзеге асыру ғана емес – ол
мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысаны ғана», арнайы процессуалдық нысан - «процессуалдық
процедура» негізінде және қоғамда туындаған құқықтық келіспеушіліктерді ерекше әдістер жүй-
есімен шешу мүмкіндігі берілген құқықтарды соттардың жүзеге асыруы ретінде көрініс табатын
ұғым - сот билігі деп аталады.
Құқықтық әдебиеттерде биліктердің өзара дербестігі мәселесі олардың бір-бірінен абсолют-
ты оқшауланғандығын білдірмейді, керісінше, олар бір-бірін тежеп отырады деп ерекше аталып
өтілген.
Конституциялық құқық ілімін ұстанушылардың пікірлері бойынша, биліктерді тармақтарға
бөлу жүйесінде заң шығарушы билігі ерекше басымдылық орында болып отыр. Ол ең алдымен,
заң шығарушы билігінің құқық нормасын құратындығымен байланыстырылады, осыған орай
қалған билік тармақтары, яғни сот билігі және атқарушы билік органдары, дербес болғанымен,
олар тек қолданыстағы құқық негізінде өздерінің құзыреттерін жүзеге асыра алады.
Заң шығарушы билігіне басымдылық орынды бере отырып, сот билігінің екі мемлекеттік
билік тармақтарына қатысты тежемелік мүмкіндіктерінің бар екендігін ұмытпағанымыз жөн деп
есептейміз.
Сот билігін тепе-теңдік және тежемелік механизмі тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда сот
билігі үш түрлі аспектіден көрініс табады: сот құқықтық заңдарды қолдану және түсініктеме беру
жолымен құқық қорғау функциясын жүзеге асырады (жалпы әділет), бұл ретте, сот заң шығару
билігінің басымдығы және жоғарлығы талабы негізінде әрекет етеді; сот үкіметтік органдардың
және әкімшілік органдардың актілерінің заңдылығына және құқыққа сай болуына қадағалауды
жүзеге асырады (әкімшілік юстиция), бұл ретте, сот құқықтық заңдылықтың кепілдігі ретінде
және атқарушы билік тармағынан басым институт ретінде көрініс тауып отыр; сот заң шығарушы
биліктің шығарған актілерінің конституцияға сәйкестігін бақылайды (конституциялық юстиция),
бұл ретте сот заң шығарушы билікті құқықпен тежейтін институт ретінде көрініс табады.
Ғ.С. Сапарғалиевтың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік
біртұтас жүйені құрайды, сонымен қатар мемлекеттік билік екі түрге бөлінеді: 1) үш тармаққа
бөлінеді және 2) мемлекеттік биліктің үш тармағына да кірмейтін органдар бар болып келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабының 4-тармақшасының мазмұны Қа-
зақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдар жүйесі заң шығарушы, атқарушы және
сот тармақтарына бөлiну қағидасына сәйкес бөлінеді деген дұрыс емес тұрғыдағы сипаттама бе-
реді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабының 4-тармақшасы осы Конститу-
68
циямен бекітілген мемлекеттік органдар жүйесіне қарама-қайшы болып отыр. Келесі тағы да Қа-
зақстан Республикасының Конституциясының 3-бабының 4-тармақшасының қарама-қайшылығы,
мынадан көрінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну қағидасын белгілей
отырып, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау
қағидасына сәйкес өз қызметтерін жүзеге асырады деген ережеде көрініс тауып отыр. Қазақстан
Республикасының Конституциясының «Соттар және сот төрелігі» деп аталатын 7-бөлімінің нор-
маларынан сот билігінің заң шығарушы билік және атқарушы билік тармақтарымен «өзара iс-қи-
мыл жасауы» мүмкін еместігі туындап отыр. Сот билігі Конституция және Конституцияға сәйкес
Парламент шығарған өзге де заңдар негізінде жүзеге асырылады. Сот билігіне қатысты атқарушы
билік органдары және мемлекеттік билік органдары тармақтарына кірмейтін өзге де органдары
тарапынан биліктік-басқару функцияларын қолдануға тиым салынған. «Сот төрелiгiн iске асыру
жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi» деген ереже Қазақстан
Республикасының Конституциясының 77-бабының 2-тармағынан туындайды. Алайда «биліктер
тармақтары арасындағы өзара iс-қимыл жасау» атты конституциялық ереже сот билігінің сот
төрелігін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуына жол береді.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысында биліктің үш тармақтарының өзара іс-қимыл жа-
сау ережесін дұрыс деп санай алмаймыз. Егер де заң шығарушы және атқарушы билік тармақта-
ры мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысында бір-бірімен өздерінің қызметтеріне орай шын
мәнінде өзара іс-қимыл жасайтын болса, ал сот билігі тек қана Конституция мен оған сәйкес қа-
былданған заңдар негізінде ғана жүзеге асырылады және басқа мемлекеттік билік тармақтарымен
өзара іс-қимыл жасамайды. Сот билігіне қатысты заң шығарушы билік тармағы да, атқарушы
билік тармағы да тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалана алмайды. Сол себептен де,
сот билігі сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарушы билік тармағы мен заң шығарушы
билік тармақтарынан тәуелсіз болуы тиіс деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |