3 маңҒыстау гидронимдерінің тарихи қалыптасу жағдайлары мен тарихи лингвистикалық сипаты



бет1/12
Дата21.05.2023
өлшемі106.67 Kb.
#474036
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Маңғыстау гидронимдерінің лингвомәдени сипаты» атты дипломдық жоба



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ........................................................................................................3


1. МАҢҒЫСТАУ ГИДРОНИМДЕРІНІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ТАРИХИ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
1.1. Маңғыстаудың гидронимдері және олардың зерттелу жайы............6
1.2. Маңғыстау гидронимдерінің тілдік қабаты.......................................10
1.2.1. Көнетүркілік тілдік қабат.................................................................12
1.2.2. Кірме тілдік қабат..............................................................................17
1.2.3. Негізгі тілдік қабат............................................................................24


2. МАҢҒЫСТАУ ГИДРОНИМДЕРІНІҢ ЛЕКСИКО-СЕМАНТИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СӨЗЖАСАМДЫҚ СИПАТЫ
2.1. Қоршаған ортаның физика-географиялық сипатын көрсететін гидронимдер...........................................................................................................27
2.2. Адамдардың шаруашылық, тұрмыстық іс-әрекеттері мен қоғамдық қатынастарын көрсететін гидронимдер..............................................................39
2.3. Маңғыстау гидронимдерінің құрылымдық-сөзжасамдық сипаты.....................................................................................................................44


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................50


КІРІСПЕ

Ертеден халык аузында «киелі мекен» аталатын бұл кұт-берекесі еселей асып, кыдыр дарыған қасиетті өлке - Маңғыстау облысының жер-су аттары тарихи әрі мәдени мұрамыздың сарқылмас асыл қоры болып табылады.


Кез келген аймақтың топонимиялык жүйесі ғасырлар бойы калыптаскан, ол аймақтың табиғат жағдайларын, сол өлкені мекендеген халықтың көне және жана тарихын өн бойында сақтаған, ұлттың материалдық және рухани мәдениетінен көрініс беретін көптеген географиялық атау жиынтығы болып келеді.
«Халык тарихы оның тілінде бейнеленеді». «Әрбір атау тарихи, ал - топонимиканы түгелдей тарихтын айнасы деуге болады». Маңғыстау өңірі топонимиялық жүйесі де мындаған жылдар ағымында қалыптасты. Біздің жыл санауымызға дейінгі замандарда, дәстүрлі тарих, тілтану ғылымдарында «иран тілді» делініп жүрген массагеттер мен дайлар» олардан кейін алаңдар мен каспилер, пешенек-қаңлылар, ІХ-Х ғасырларда оғыздардың Маңғыстауды қоныстануы, XIII ғ. моңғол үстемдігі, ХІ-ХІІІ ғасырлардағы «орта түрікмен», XV-XVI ғасырларда қалыптасқан «жана түрікмен» этносы, ноғайлардың XVI- XVII ғасырдың басында Маңғыстауда болуы, XVII ғ. Жоңғар қалмақтарының әсері, патшалы Ресейдің отаршылық саясаты т.б. өлке топонимдерінде өздерін калдырды.
Адамзат мәдениеті тарихынын кұрамдас бөлігі болып табылатын еліміздің жер-су атауларын жинау, зерттеу, сақтау және ұқыпсыз пайдаланудан қорғау - азаматтык парызымыз. Бүгінгі ұрпақ, өркениетке ұмтылған жас өркендеріміз ата-бабаларымыз қалдырған асыл мұра - жер-су атауларын барынша кастерлеп, ат кою шеберліктеріне қайран қалары сөзсіз. Жер-су атаулары патриоттык тәрбиенін, жерге, елге деген құрметтің мәңгі сарқылмайтын көзі. Ғасырлар бойы алтын корымыздай сакталып, сарғайып жаткан сырға толы сол атауларды зерттеп, халык игілігіне жарату абзал іс болмақ.
Біз Мангыстау өңірі деп Еуразия құрлығының ортасы - Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан, жер көлемі 165,6 мың км2 ауданды алып, солтүстік- батысы мен батысын Каспий теңізі, оңтүстігі мен шығысын Түрікменстан мен Өзбекстан, солтүстік-шығысын Ақтөбе және Атырау облыстары шектеген [1, 6 б.], 1973-1988 жж. Атырау облысы қарамағында болып, 1990 жылдың 17 тамызында гана дербес облыс атанған, орталығы Актау каласы болып табылатын Казакстанның 14 аймағының бірі Маңғыстау облысын алып отырмыз.
Маңғыстау баска аймактарга караганда халық сирек қоныстанған, соған -қарамастан жер-су атаулары (2700 бірлік) халық тығыз орналасқан аймақтармен тенесетін елді мекен. Атап айтсак, Манғыстау облысы 165,6 мың км жерде 1 км2-да 1,9 адам тығыздықпен орналасқанмен өлкенің жер-су атаулары біздің тарапымыздан жүргізілген санак, жүйелеу жұмыстары нәтижесінде 2700 топонимді кұрады. Өйткені Манғыстау өңірінде маң дала, аптапты шөлейт, жай ағысты өзен, борлы кұлама беткейлер, сағымданған шындар, тік жарлы құрғақ арналар, кебірсіген тақырлар, ежелгі әбден мүжілген таулар, ұшы-қиырсыз жазықтар, жайпақ сорлар [2, 5 б.] өз-өзінен ат қоюға сұранып тұрғандар.
Расында да, «Егер сіз жер беті шөлдерінің барлык типі туралы, қарауытқан сенгір де жалан тау-төбелері туралы, аппак және қызғылт түске боянған алып мұнаралары, биік баған мен қабырғалары бар «шөлдің тас қамалдары» туралы сананызда түсінік қалыптастырғыңыз келсе, куэстер мен шың-құздардың классикалық үлгілерін көргіңіз келсе, мұхит деңгейінен 130 м төмен жатқан құрлықта, тұйық ойыстарда болғыныз келсе, айран тақырлардың қатқылдығын байқағыңыз келсе, түнерген тастақтарға қарағыңыз келсе, желдің ғаламат жұмысының ауқымын және шелдін баска да кереметтерін танып-білгіңіз келсе Маңғыстаудан артык жерді таппайсыз. Бейне бір кұпия сандықша ішінде толтырылғандай, бұл өлкеде, шағын кеңістікте шөл табиғатынын сан алуан құбылыстары мен көріністері жинақталған» [3, 117 б]
Синхронды тіл білімі алдымен ұлттык тілде сол кезге дейін пайда болған, қордаланған, жүйеленген тілдік бірліктерді топтастыру, сөзжасамдық үлгілерін шығару, этимологиясын аршу, лексика-грамматикалық сипатын айқындау жұмыстарын жүргізіп алмайынша, өзге, тілдіктен тыс, ғылымаралық зерттеу әдістеріне ауыса алмайды.
Сондықтан да біз қарастырып отырған елке топонимиясын алдымен диахронды, синхронды, тарихи-салыстырмалы, кұрылымдык, типологиялық тұрғыдан арнайы зерттеуіміз тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Тілді сол тілді тұтынатын халыктың санасымен, дүниетанымымен, дәстүрімен, менталитетімен, құндылықтарымен, ойлау жүйесімен тығыз байланыста қарау тағы да ұлттық тілдің басқа тілдерден өзіндік, қайталанбас ерекшеліктерін тануда, аныктауда үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. Тіл деректерінің ішінде жалқы есімдердің таңбалық сипаты жалпы есімдерге қарағанда басым, себебі олар мәдени, тарихи контекспен етене жақын. Жер бедеріне атау беру адамнын табиғатқа қожалығын, иесі болуының алғашқы кадамы. Сондықтан топонимдер белгілі бір шынайы мәтіннің, деректі сездін жемісі болып табылады. Топонимдерде жалпыадамзаттық құндылықтарға қарағанда ұлттық құндылықтар айқын көрінеді: жер-су атауларында ұлт, ұлттың рухани өмірі, әрекеті, бағалауы, жады, өзінікі езгенікі деген семантикалық өрістері таңбаланған. Сондыктан топонимдер этномәдени бірлік болып танылады.
Зерттеудің ғылыми-теориялық негізі ретінде орыс, түркі топонимиясын зерттеуші В.А.Никонов, Э.М.Мурзаев, Л.В.Суперанская, С.Г.Кляшторный, О.Т.Молчанова, К.Конкобаев, С.А.Караев, С.Атаниязовтын және Улттык топонимиянын қалыптасу кезендері мен алғышарттары, өзіндік ерекшеліктері қамтылған Ә.Әбдірахманов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Е.Қойшыбаев, Ғ.Конкашпаев, Ә.Нұрмағамбетов, Е.Керімбаев, О.Сұлтаньяев, А.Жартыбаев т.б. ғалымдардын, сондай-ак психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану т.б салалары бойынша іргелі зерттеулер жүргізген С.А.Аскольдов-Алексеев, В.А.Маслова, Ю.С. Степанов, Н.Уәли, Б.Тілеубердиев, Р.Қыздархан, А.Әмірбекова т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми ой-тұжырымдарға сүйендік. Жұмыста колданылған материалдар қатарын автордың 2004-2010 жылдарда Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Бейнеу, Мұнайлы аудандарына жасаған жекелей экспедициядагы жазбалары, материалдары түзеді. Сонымен қатар аймақтағы жер- су атаулары туралы, ел мен жер тарихын жетік білетін адамдармен жүргізілген сұхбаттар нәтижелері, студенттерден жинақталған материалдар, облыстық және аудандық мұражайлардың, мұрағат деректері мен ҚР Географиялык атауларынын Мемлекеттік каталогы (10-т.) пайдаланылды. Топонимиялық мәліметтер топографиялық картадағы деректермен, лингвистикалык, топонимдік, энциклопедиялық сөздіктер, анықтамалықтар және танымдық тұрғыда жазылған әдебиеттер, мерзімді баспасөз материалдарынан байытылды.
Зерттеу жұмысының қорытындылары мен нәтижелері қазақ топонимиясы мен казак ономастикасының калыптасу үрдістерін анықтап, теориясын толыктыруға белгілі дәрежеде өз үлесін қосады.
Сондай-ақ диссертациянын теориялык кұндылыгы қазақ тіл білімінің лингвомәдениеттану, лингвоконцептология сынды жана бағыттардың әрі қарай қалыптасуына, дамуына ыкпал етеді деп ойлаймыз.
Маңғыстау өңірі топонимдерін арнайы зерттеген жұмыстың теориялық материалдарың түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясы, казак тілінің тарихи лексикологиясы, қазақ тілінің диалектологиясы мен казак топонимиясы және Қазақстан тарихы, этнографиясы, географиясына қатысты мәселелерін шешуде қолдануға болады.
Сондай-ақ зерттеу жұмысының негізі материалдары мен нәтижелерін «Қазіргі қазақ тілі» курсының лексика бөлімінде, «Қазақстан топонимиясы», «Өлке топонимиясы», «Лингомәдениеттану», «Когнитивтік топонимика» сияқты арнаулы курстарда, орта мектептердегі сыныптан тыс жұмыстарда, өлкетану сабақтарында, әкімшілік жанындағы ономастикалык комиссияның жұмыстарында, аймақтық экскурсия мен туризмде, анықтамалық, энциклопедиялық, топонимиялық сөздіктер құруға толығынан пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет