3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, 
олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми 
нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан 
ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас 
педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып 
табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық 
зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы 
ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне 
байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол 
– жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының 
мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.Педагогикада зерттеудің үш деңгейі 
бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей 
әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria – тәжірибе).
1. Бақылау– заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп 
жинау, көзбен көргенді сезім мөшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау 
жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. 
Бақылау, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ 
құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады.
2. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің 
негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты белгіленген 
жағдайларында зерттеуге бағытталған.
3. Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың 
элементтерінің объективті қасиеттері емес, қоса өзара әрекеттесуші «субъект – субъект» 
жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу әдістемелерін 
құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі 
ретінде қабылдайтынына сүйену керек. Бұл ретте «түсінік» терминінің мағынасы «білім» 
терминіне қарағанда кеңірек. «Түсінік» ұғымында субъектінің танымдық педагогикалық 
жағдайды қабылдау ерекшілігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-
түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ белгіленеді. Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты субъект-
субъект жүйесінің- жекелігі және тұлғалығы жоғалып кетпесін, өйткені олар жоқ болса 
жалпы абстрактіге айналуы мүмкін. Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар: а) Әңгіме. 
ә) Сұқбат б) Сауалнама жүргізу.
4. Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан 
ұрпақты оқыту жєне тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар 
бойындағы практикалық педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде меңгерген шеберлігі, ол 
практик-мұғалімнің тәжірибелігі. «Тәжірибе» және «практика» ұғымдарының ұқсас еместігі 
айқын.
5. Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-пелагогикалық тексеру медикалық- 
педагогикалық кестені кешенді жаппай дайындаумен жиі байланысты.
6. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу 
ізденушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы 
түсінік беретін әдістің бір түрі.
7.Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі 
бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, 
бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, 
жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары 
мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту
тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін барлық құжаттар зерттеудің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет