300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет5/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
! $ 07

Түрлендірілмеген пікір – мемлекеттік аудитор білдіретін пікір, мұнда мемлекеттік аудитор қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде қаржылық есептілікті ұсынудың қолданылатын негізіне сәйкес дайындалғандығы туралы пікір білдіреді

Жосықсыз әрекет объект басшылығы, басшы өкілеттіктері берілген тұлғалар, қызметкерлер немесе әділетсіз немесе заңсыз артықшылық алу мақсатында алдау белгілері бар үшінші тараптар қатарынан бір немесе бірнеше адамның әдейі жасаған әрекеті

Бақылау – басқа да тұлғалар орындайтын процестерді немесе рәсімдерді көзбен зерделеу; мысалы, мемлекеттік аудитор объект персоналының қорларға түгендеу жүргізуін немесе бақылау әрекеттерін орындауын бақылай алады

Аудит көлемін шектеу – аудит көлемінің шектелуі мән-жайлардан (мысалы, аудит жүргізу мерзімі мемлекеттік аудиторға материалдық қорларды түгендеу рәсімін бақылауға мүмкіндік бермейтін кезде) туындауы мүмкін. Бұл шектеу мемлекеттік аудитордың пікірі бойынша ұйымның бухгалтерлік ақпараты белгілі бір талаптарға сәйкеспеген немесе мемлекеттік аудитордың пікірі бойынша жүргізілуі тиіс аудиторлық рәсімді жүргізуге мүмкін болмаған жағдайда да туындауы мүмкін.

Қателік – қаржылық есептілікте әдейі жіберілмеген бұрмаланушылық, соның ішінде қандай да бір сандық көрсеткіштің көрсетілмеуі немесе қандай да бір ақпараттың ашып көрсетілмеуі

Қайта есептеу – бастапқы құжаттардағы немесе есеп жазбаларындағы арифметикалық есептеулердің дәлдігін тексеру

Маңыздылық шегі – мемлекеттік аудитор анықталмаған бұрмаланушылықтардың жиынтық шамасы жалпы қаржылық есептілік үшін белгіленген маңыздылық деңгейінен асып түсу ықтималдығын қолайлы төмен деңгейге дейін азайту үшін қаржылық есептілік үшін белгіленгеннен гөрі аса төмен деңгейде белгіленген шама немесе шамалар. Қажет болған жағдайда, «маңыздылық шегі» терминімен мемлекеттік аудитор нақты операциялар кластары, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер үшін белгілеген маңыздылық деңгейінен гөрі аса төмен деңгейде белгілеген шама немесе шамалар белгіленеді

Қайта орындау – мемлекеттік аудитордың қолмен, аудит жүргізудің компьютерлік әдістерін қолдана отырып жүзеге асыратын рәсімдерді тәуелсіз жүргізуі немесе бақылау әрекеттері (аудиттелетін тұлғаның басшылығы немесе персоналы аудиттелетін тұлғаның ішкі бақылау жүйесі шеңберінде алғаш орындаған)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет