4 Дәріс. Тұтынушылардың іс- әрекеті Дәрістің мақсаты



Дата03.01.2022
өлшемі32.59 Kb.
#450437
түріҚысқаша мазмұндама
4Дәріс


4 Дәріс. Тұтынушылардың іс- әрекеті

Дәрістің мақсаты: Пайдалылық ұғымына түсініктеме беру және талғамсыздық қисықтыры мен бюджет шектеулерін меңгеру.

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Тұтынушылардың іс- әрекеті ілімі

  2. Сандық теория: шекті,жалпы пайдалылық, Госсен заңдары

  3. Ординалистік теория: талғамсыздық қисығы,бюджеттік шектеу, тұтынушы оптимумы

Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): 

Тұтыну қылығы- түрлі тауарлар мен қызметтерге тұтынушы сұранысын қалыптастыру процессі. Тұтынушы талғамын зерттеу 3 кезеңнен тұрады.

1. тұтынушы қалауын анықтау,яғни көптеген тауарлардың ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөніндегі мәліметтер келтіріледі.

2. Бюджет шектеулілігі және оның тұтынушылар талғамына тигізетін әсері.

3. Тұтынушының таңдауы, яғни жоғарыдағы жағдайларды ескеріп тұтынушының теңдестік жағдайын анықтау

Тұтынушының шешіміне экономикалық және субъективтік факторлар әсер етеді. Субъективтік факторларға тұтынушының қалауы, талғамы, ұнамдылықтары жатады.Көптеген баламалардың ішінен тұтынушы өзі ұнататын немесе басқа тауарлардан артық көретін тауарын таңдайды. Қалаған тауарды сатып алу тұтынушының бюджетіне байланысты, ал ол табыс пен тауар бағалары, яғни экономикалық факторларға жатады Тұтыну қылығы кардиналистік және ординалистік теория тұрғысынан түсіндіріледі. Кардиналистік (сандық) көзқарас (У. Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас) әртүрлі игіліктердің пайдалылығын шартты бірліктер -ютильдермен өлшеуді қарастырады.Әр тұтынушы тұтынатын кез келген игілігінің сандық бағасын бере алады. Тауардың құны еңбек шығынымен емес, оған қажеттілікпен анықтаады. Субъективті пайдалылық игіліктің сиректік деңгейімен және оған қажеттіліктің қанағаттану деңгейіне байланысты, Сандық теория негізінде неміс экономисі Герман Госсенның заңдары жатыр В.Паретто, И. Фишер ұсынған баламалы ординалистік (реттік)теория бойынша тұтынушының тауарлар мен қызметтерді сандық бағалау емес, саралау қабілеті болу керек, яғни тек мүмкін болатын барлық тауарлар жиынтығын олардың артықшылығы бойынша ретке келтіру қабілеті болса жеткілікті.

1 Бір тауардың 2-ші тауарға қарағанда пайдалырақ екендігін анықтаудың нақты өлшем бірлігі жоқ. Пайдалылық – белгілі бір игілікті тұтынуда одан оның ерекше бір қасиеттерін сезіну мен ләззат алу мүмкіндігі. қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті, бұл субъективті түсінік Ал маржиналистік тұжырымдамада, пайдалылық – бұл тұтынушының игілік туралы қалыптасқан ой-пікірі немесе сол қажет игілікті саралауы және бағалауы.

Экономистер игіліктің пайдалылығын (мысалы, судың немесе алмаздың пайдалылығын) емес, сол игіліктің белгілі бір мөлшерінің пайдалылығын қарастырады. Сондықтан тұтынушы игіліктің өзін қажетсінбейді, ол сол игіліктің белгілі бір көлемін тұтынуды қажет етеді, яғни тұтынушының қажеттілігі қажеттіліктердің қанағаттанушылық заңы арқылы қанағаттандырылады.

Экономикалық пайдалылық жалпы және шекті болып ажыратылады.

Жалпы пайдалылық(ТU)- бұл тауарлар мен қызметтердің белгілі бір жиынтық бірлігін тұтынудан алынатын қанағаттану.

Шекті пайдалылық (МU) деп берілген тауарлар мен қызметтердің қосымша бірлігін сатып алудың нәтижесінде, жалпы пайдалылықтың көбеюіне тең болатын пайдалылықтың өсімін айтады. Пайдалылықты көрнекілік үшін «ютиль» бірлігі арқылы өлшейді. «Шекті пайдалылық» терминін 1 рет австрия ғалымы Ф.Визер 1883 ж. ендірген.

Кесте 1. Өнімді тұтынудан шекті және жалпы пайдалылықтардың өзгерісі



Өнім бірлігі

Шекті пайдалылық

Жалпы пайдалылық

1

10

10

2

6

16

3

2

18

4

0

18

5

-5

13

Қажеттіліктің бірте- бірте қанағаттану барысында заттардың пайдалылығы игіліктердің қоры ұлғаюына қарай төмендейді. Игіліктер қоры неғұрлым көп болса,соғұрлым пайдалылығы төмен болады, яғни әрбір келесі игілік бірлігінің құндылығы төмендейді. Бұл «шекті пайдалылықтың кему заңы» немесе неміс экономисі Госсенның 1 заңы деп аталады. Госсенның екінші заңы- қандай да болмасын игілікке жұмсаған соңғы ақша бірлігінен алынған пайдалылық қандай игілікке жұмсалғанына тәуелсіз бірдей болады немесе барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген жиынтық игілікті тұтынудан максимум пайдалылықты алады. Оны пайдалылықты максимизациялау ережесі ретінде сипаттауға болады

1. Тұтынушы берілген тауарлар жиынынан максималды жалпы пайдалылық алу керек

2. Тұтынушы өзінің ақшалай табысын өнімнің әр түрін сатып алуға кететін соңғы ақша бірлігі бірдей қосымша (шекті) пайдалылық әкелетіндей жұмсау керек, яғни келесі теңдік орындалу керек.

MUтоварХ / Р товарХ=MUтоварУ / Р товарУ=λ


λ- Ақшаның шекті пайдалыығын сипаттайтын шама.

Пайдалылық функциясы дегеніміз тұтынушының белгілі бір игілікті тұтынуға жұмсаған ақшалай табысының әрбір бірлігінің шекті пайдалығы бірдей дәрежеде көрінуі.

Пайдалылық функциясы– игіліктің көлемінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығының төмендеуін көрсететін функция: 

MU = d(TU)/dQ                                                                       

      18 ғасырда А. Смит су мен алмаздың арасындағы оғаштықтың (парадокс) бар екенін анықтады. «Адамға ең қажетті игілік – судың құны неге арзан, ал адамға қажеті шамалы – алмаздың құны неге қымбат?»Судың жалпы пайдалылығы жоғары, ал шекті пайдалылығы – төмен; ал алмаздікі  – керісінше, оның жалпы пайдалылығы төмен, ал шекті пайдалылығы  – жоғары. Ал бұл жерде осы игіліктердің бағалары жалпы пайдалылықпен анықталмайды, шекті пайдалылықпен анықталады. 

2. Ординалистік әдістің негізгі болжамдары (предположение)аксиомалары:



  1. Салыстырмалылық аксиомасы. Тұтынушы игіліктер қоржындарын салыстырады және артықшылықтары бойынша ретке келтіре алады. Мысалы:А>В(Аартық Вдан); В~С(бәрібір)

  2. Таңдаудың транзитивтілік (үйлесімлілік) аксиомасы. Егер А>B және B>C болса,онда A>C; немесе A~B және B~C, онда A~C; немесе A>B және B~C, онда A>C

  3. Қанағаттанбаушылық аксиомасы. Сапасы бірдей тұрақты қоржындарды салыстырғанда тұтынушы сандық белгісі бойынша таңдайды. А жиынының әр тауарлар саны В жиынының сәйкес санына тең болса А~В. Егер А жиынының қандай да бір тауарлық позициясында артықшылық болса, онда А>B

Оптималды тауар жиынын таңдау мәселесі талғамсыздық қисықтарына байланысты.

Талғамсыздық қисығы-бірдей пайдалылыққа ие өнімдер жиынтығының графиктік бейнеленуі, ол тұтынушының ұнамдылықтарын сипаттайды



Тауарлар

Ү

Х


Тауар жиыны

А

12

2

В

6

4

С

4

6

Д

3

8

2 4 6 8 Х Х

Т алғамсыздық қисығының қасиеттері:

Талғамсыздық қисығы жоғары оңға орналасқан сайын пайдалылығы көп болады. Талғамсыздық қисығының жиынтығы талғамсыздық картасы деп аталады.

Талғамсыздық қисықтары қиылыспайды.

Талғамсыздық қисығының көлбеу бұрышы теріс, себебі жалпы пайдалылықты сақтау үшін 1 тауарды тұтыну қысқартса, 2-ші тауарды тұтыну ұлғаяды.

МRS- алмастырудың шекті нормасы. Ол тұтынушының 1 тауарды өзге тауармен ауыстыруға дайындығын көрсететін пропорция. МRS қисық сызық бойындағы қозғалыс кезінде азаяды.



МRSxy =-∆X / ∆B=MUx / MUy


Мұндағы, MUx , MUy -X және Y тауарларының шекті пайдалылығы

Өту

Y тауары

X тауары

MRS

А-дан В-ға

-6

+2

6/2 =3

В-дан С-ға

-2

+2

2/2 =1

С-дан Д-ға

-1

+2

½=0,5

Тұтынушы іс-әрекетіне тауар бағасы мен табысы әсер етеді.

Бюджет сызығы- баға бекітілгенде (Р) берілген табысқа (І) алынатын екі өнімнің (X,Y) түрлі тәсілдемелері.

І=Px*Qx+Py*Qy

Мысалы, І=10$, Px=1$, Py=2$



Тауарлар жиыны

Х тауары Р=1$

Ү тауарыP=2$

Жалпы шығын

А

10

0

(10+0) =10

В

8

1

(8+2) =10

С

6

2

(6+4) =10

Д

4

3

(4+6) =10

Е

2

4

(2+8) =10













Ж

0

5

(0+10)=10


 Бюджеттік сызыққа әсер ететін факторлар.

табыс өсуі бюджеттік сызықты параллель жоғары жылжытады. График

Тауарлар бағасының өзгеруі көлбеудің бұрышын өзгертеді. График

Тұтынушының оптималды таңдауына 2 қасиет тән.



  1. Ол бюджет қисығының бойында болуы керек.

  2. Тауардың оптималды жиыны тұтынушы үшін максималды пайдалылық әкелу керек.

Графикте тұтынушының оптималды таңдауы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанасу нүктесі болып табылады.

МRSxy =-∆X / ∆Y=Px / Py

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет