4. ДӘрістер тезистері


Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық іске асыру тетіктері



бет6/14
Дата03.02.2023
өлшемі247.5 Kb.
#469085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
лекция матер инклюзия

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық іске асыру тетіктері
1 . Әдіснамалық және оқу -әдістемелік қамтамасыз ету:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың
әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеуді , ерекше оқытуды қажет
ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды
әлеуметтік -педагогикалық және психологиялық -педагогикалық қолдауды
ұйымдастыруды;
- ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын , оқу
бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне
қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері
мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын
талаптарды );
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін
мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді , инклюзивті білім беру
шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді;
- үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді ;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу
жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын
бейімдеуді көздейді .
2. Кадрлық қамтамасыз ету:
- инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы қызмет шарттарына
педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету;
- педагогикалық мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік
білім беретін оқу жоспарына « Инклюзивті білім беру » және « Арнайы
педагогика негіздері » пәндерін қосуды;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған педагог
кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балалары
үшін дефектолог -мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін арттыру және
қайта даярлау бағдарламасын жетілдіруді ;
- ЖОО-да мүгедектерге білім беру процесін психологиялық -педагогикалық
қолдау мақсатында штаттық қызметкерлерді: тьюторды , арнайы психологты,
сурдоаудармашыны қосатын арнайы құрылымдық бөлім құруды көздейді.
3. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін
метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік ,
техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және
қолжетімді «кедергісіз орта » құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді;
- білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру
бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық
құралдармен ( тифло -, сурдо -және т.б . техникалар ) қамтамасыз етуге және
мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы
орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді.
4. Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету:
- қоғамды , үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ерекше қажеттіліктері
бар тұлғаларға қоғамның толеранттық қарым -қатынасын қалыптастыруды,
сондай -ақ балалар құқығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жергілікті
атқарушы органдармен әзірлеуді көздейді ;
- әр білім алушының компенсаторлық техникалық және көмекші
құралдарға ерекше білім алу, әлеуметтік, оңалту мұқтаждықтары ,
қажеттіліктері мен барлық білім беру деңгейлерінде көрсетілетін түзету -педагогикалық қолдау түрлері мен көлемі туралы мәліметтері көрсетілуі тиіс
мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық қолдау жүйесін ақпараттандырудың техникалық-экономикалық
негізін әзірлеуді көздейді;
5. Жүзеге асырудың негізгі шарттары:
- нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру ;
- ғылыми , оқу-әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және басқа
да ресурстардың шоғырлануы;
- әлеуметтік -педагогикалық шарттарды құру ;
- ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және кәсіби
бағдарлау мен өзін -өзі дамытуға жағдай жасау;
- балалардың жеке мүмкіндіктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере
отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды
қамтамасыз ететін интерактивті оқыту .






7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет