5-ші дәріс Оқытудың ұйымдастыру формалары Оқытуды ұйымдастырудың формасы



бет3/11
Дата15.10.2023
өлшемі43.22 Kb.
#480842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5-ші дәріс ворд

Жобалап оқыту жүйесі
1920 жылдар жобалап оқыту жүйесі (жобалау әдісі) қолданыла бастады. Жүйе авторы американдық мектеп мұғалімі - У.Килпатрик. Бұл педагогтың ойынша, мектеп бағдарламасының негізіне баланың өмір барысында топтаған, нақты дүниемен байланысты тәжірибелік іс-әрекеттері және оның ұмтылыс, қызығулары арқау болуы шарт. Жоба түзуге қажет тақырыптарды оқушылар өздері таңдайды.
Бригадалық-лабораториялық жүйе
Кеңес дәуірінде Россия мектептерінде бригадалық-лабораториялық жүйе енгізілді. Мұғалім оқушыларды 4-5 адамнан топтарға бөліп, әр топқа тапсырма береді. Оқушылар бірлесіп дайындалып, бригадир үнемі жауап беріп отырады. Бригадирдің жауабына сай, барлық балаларға бірдей баға қойылған.
Сыныптық-сабақтық жүйенің ерекшелігі:
Оқушылар сыныпқа жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылады.
Сыныптағы оқушылардың құрамы тұрақты.
Жеке пәндер сабақ кестесіне қарай алмасып
оқытылады.
Оқыту оқу жоспарына, бағдарламаға және .оқулыққа негізделіп жүргізіледі. Оқыту жылдың тұрақты бір мезгілінде басталып, аяқталады.
Оқыту мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі
Оқу процесі әрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Қазіргі заманда еліміз мектептері тәжірибесінде оқушыларға келелі тәлім- тәрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да - сабақ өз маңызын жойған емес.
Оқытуды ұйымдастырудың қазіргі кездегі формалары
Экскурсия
Лекция, семинар
Конференция
Факультатив, үйірме
Өзіндік жұмыс
Үйдегі оқу жұмысы
Семинар сабағы. Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар сабағы оқытуды ұйымдастыруда тиімді формасы екенін тәжірибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отырып, оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет