50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Иммунопатологиялық процесстер. Иммуногенез процестерiнiң бұзылуының морфологиясы. Иммундық жауаптың морфологиясы



бет27/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
001-3

29 . Иммунопатологиялық процесстер. Иммуногенез процестерiнiң бұзылуының морфологиясы. Иммундық жауаптың морфологиясы.
Казіргі танда адам және жануарлар организмінде иммундык бакылауды жүзеге асыратын, жеке-дара иммунокомпетентті жүйе барлығы аныкталған. Ағылшын патологі Миллердің (1961) жүргізген тэжірибелерінде айырша бездің осы иммундык реакцияларды баскаратын орта екендігі аныкталды. Егер жаңа туған тышқандардың тимусын операция жолымен алып тастаса (неонаталдык тимэктомия), олар иммундык реакцияларға жауап беру мүмкіндігінен бүтіндей айырылады. Организмде лимфоидтык тіннің пайда болу үдерісі бүзылып, олар атрофияланады, канда лимфоциттер мен иммуноглобулиндер мөлшері азаяды. Иммундык реакциялардың өзгерісіне байланысты ішекте аутофлораның белсенділігі артып, іш өте бастайды. Өсу үдерісі тоқтайды, жануарлар тез арыктап, 2—4 айдан соң өледі. Тимэктомиядан кейін пайда болатын осы көріністердін барлығын косып вастинг-синдром (ағылшынша waste — арыктау) деп атайды. Адам жэне сүткоректілердің иммунитетінің орталык ағзаларына тимустан баска сүйек кемігі, ал кұстарда — фабрициус калтасы жатады. Көкбауыр, шеткі лимфа бездері,асказан-ішекжолында,өкпедешоғырланған лимфоидтык тін жэне канда лимфоцит жасушалары иммундык жүйенің шеткі бөлімдері болып есептеледі. Тимуска тәуелді лимфоциттерді Т-лимфоциттер, ал фабрициус калтасына тәуелді лимфоциттер В-лимфоциттер деп аталады. Сонымен катар, Т- немесе В-лимфоциттерден баска таңбасы (маркері) жок лимфоциттер де болады. Олар жалпы лимфоциттердің 10—20% кұрайды. Т-лимфоциттер организмде жасушалы иммунитетке жауап береді. Олар тимуста пайда болып, шеттегі лимфоидтык ағзалардың тимуске тэуелді аймактарында орналасады, бірак сол жерде токтап калмай канда үздіксіз айнала жүріп, бірінші болып антигендермен кездеседі. Ең бастысы, олар иммундык бакылау кызметін аткарып, барлык иммундык хабарды жадында сактайды жэне өмірі ұзак жасушалар катарына жатады, иммундык реакция кезінде жасушалык иммунитет медиаторларын, лимфокиндерді бөліп шығарады. Т-лимфоциттер үшін Ө-антиген болуы тэн. Электрондык микроскопта олардың сырты тегіс болып көрінеді. Т-лимфоциттердін өзі бірнеше түрге бөлінеді: хелперлер, киллерлер, супрессорлар. Т-хелперлер (help — жәрдем) В-лимфоцитеттердің плазмалык жасушаларға айналуына жәрдемдеседі. Т-киллерлер (killer — өлтіруші) жасушалык иммунитеттін негізгі кұралы болып, антигендік кұрамы өзгерген жасушаларды тікелей жойып жібереді. Бұл үдерісте сенсибилизацияланған лимфоциттерден бөлініп шығатын лизосомалык ферменттер мен медиаторлар (лимфокиндер) қатысады (60-сурет). Т-супрессорлар (suppression — тежеу, басу) В-лимфоциттерде антидене пайда болу үдерісін тежейді. В-лимфоциттер өмірі кыска, отырыкшы жасушалар катарына кіреді. В-лимфоциггердің сыртында эр түрлі, антиген косып алушы, рецепторлар (иммуноглобулиндер) болғандыктан, электрондык микроскопта олардың үсті бүрлі болып көрінеді. В-лимфоциттердін негізгі кызметі антиген әсерінде плазмобласт, плазмалы жасушаларға айналып өзінен иммуноглобулиндер (антиденелер) бөліп шығару. Пайда болған антиденелер антитендермен косылып кешен түзеді. Осылайша антигендік кұрамы өзгеше бөгде заттар бейтараптанады (нейтрализация) немесе организмнен шығарылады (элиминация). Оған комплемент косакталғанда иммундык кешен пайда болады. Иммундык кешендерді макрофагтар обып жояды. Кейбір жағдайларда иммундык кешендер кан тамырларына шөгіп калып кабыну үдерісін, яғни, иммундык кешен ауруы (төменді караңыз) деген патологияға соктырады. Организмде иммундык реакциялар калыпты жүруі үшін иммундык жүйенің осы негізгі екі жасушасы — Т- жэне В-лимфоциттер мен үшінші жасуша — макрофагтар (А-жасуша) бірлесіп кызмет етуі керек. Осы үшжасушалык серіктестік (кооперация) иммунологиялык реакциялар негізін күрайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет