5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы



бет7/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#183609
1   2   3   4   5   6   7   8

Проблемалық – мұның міндеті – басқаруға қолайлы шешеім іздестіру, бұл талқылау нәтижесінде жәнеде дауысқа салу арқылы қабылданады. Мұндай мәжілістің схемасы: баяндама жасау, баяндамашыға сұрақтар беру, жарыс сөзге шығу, шешеім шығару.

Нұсқаулық мәжіліс – оның міндеті – жоғарыдан төмен қарай басқару схемасы бойынша жарлық беру, қажетті байланыстар орнату ,оларды жедел орнадату. Басшы жиналғандарға сол мекеменің, кәсіпорынның әкімшіліктері немесе жоғарғы органдар қабылданған шешімдерді хабарлайды. Көп жағдайда нұсқауда тек айтып қана қоймай, нақтылап түсіндіреді, орындау мерзімін белгілейді. Қабылдаумен жәнеде орындау үшін құжат (документ) формасындағы директиваларды тартумен салыстырғанда, нұсқаулық мәжілістің артықшылығы да, міне осында. Алайда соңғысы алғашқысымен ауыстырылмауы тиіс. Мәжіліс өткізіле тұрса да, құжаттар (документтер) таратылуы, бұлар мәжіліс материалдары бойынша айқындалуы, дәлелденуі тиіс.

Жедел мәжіліс – оның міндеті – басты өндірістегі күнделікті істің жайы туралы мәлімет алу болып саналады. Өзінің мақсаты мен өткізу сипаты жағынан бұл диспетчерлік мәжіліске ұқсайды. Мұнда басқару схемасы бойынша төменнен жоғарыға мәліметтер беру қамтамасыз етіледі.

Мәжіліске әзірлік – алуан түрлі ұйымдық және техникалық шаруалардың жиынтығы болып саналады.



Баяндамаға әзірлену. Мәжілістің табысты өтуі баяндама сапасына байланысты. Баяндама тым ұзақ болған жағдайда мәжіліске қатысушылар құлақ қойып тыңдаудан қалады, жалығады, көңілсізденеді. Баяндаманың қысқа, әрі нұсқа болуы – мәжілістің табысты өтуінің кепілі. Бұл маңызды істі, проблеманы жақсы білумен қоса, сөйлеу мәдениеті жетік адамға тапсыр- ған жөн. Баяндамада ақиқат материалдар айтылуы тиіс.

Сөйленуге әзірлену. Мәжіліске қатысушылар күн тәртібімен және барлық қажетті материалдармен күні бұрын танысуы, қойылған мәселелердің кімдерге қатысты екендігі нақты көрсетілуі, шығып сөйлеушілерге өз ойын толық айтуға мүмкіндік беруі тиіс.

Мәжілісті басқарушыны даярлау. Көптеген мәжілістер бастала салысымен сәтсіздікке ұшырайды. Мұның өзі мәжілісті басқарушыны күні бұрын әзірлемегендіктен болады.

Паркинсонның пікірінше, мәжіліс төрағасының қолайсыз төрт титпі болады:

- үстемдік етушілер – олар қызу басталған талқылауға қысым көрсетуге тырысады;

- елірмелер – бұлар мақсатқа басқаша жолмен жетеді, - олар мәжіліске қатысушыларды өз білімімен таң қалдыруға тырысады, бірақ жұртшылық мәжіліс төрағасының не жөнінде айтып отырғаны туралы ештеме білмейді. Бұған екінші бір елірме қарсы тұруы мүмкін;

- қорқытушы – бұл ауыр бульдозер: бұл дауысы ашты шығатын қызыл шырайлы адам, оған қарсылық көрсете қалсан, шабынан тулап, қояншығы ұстай жаздайды:

- былықтырғыш – тиісті жерінде мәжілістің берекесін кетіреді. Мұндайда ешкімде не мәселе талқыланып отырғанынан, тіпті күн тәртібіндегі қандай бапқа таласып отырғаны туралы бейхабар қаласын.



Бөлмені әзірлеу – бөлменің дыбыс өткізбеушілігі жақсы, ауа температурасы қалыпты, жиһаздары, желдеткіштері жұмыс істеуге ыңғайлы болуы тиіс.

Регламент – кез келген мәжілістің бұлжымас заңы болуы тиіс. Мәжіліске кешігуі секілді, регламенттің бұзылуы да қызметтегі кемшілік болып саналады. Оның үстіне жиналысқа кешгуші тек өз жұмыс күнін ғана кемітетін болса, ал жиналысты кешіктіру бүкіл ұжым мүшелерін жұмыс күніне, яғни өндіріске үлкен зиянын тигізеді.

Мәжілісті өткізуге жұмсалатын шығын сол мәжілістің ұзақтығына, оған қатысатындар санына, қатысушылардың орта есеппен алғандағы жалақысының байланысты. Мәжіліске қатысушылардың орташа жалақысы орташа арифметикалық шама бойынша анықталады:


Жорт. - 31+32… Ж

И

Мұндағы Ж- мәжіліске қатысушы бір адамның жалақысы;



И – қатысушылардың жалпы саны.

Егер мәжіліске басқа ұйымдардан іссапармен (командировка) келушілер қатысатын болса, онда олардың жалақысы іссапар шығыны бойыншы алында.

Орташа сағаттық жалақы Жорт , мұндағы Сж бір айдағы жұмыс

СЖ

сағаты.



Сонда мәжілісті өткіздің жалпы шығыны мынаған тең:

М= И(ТМ+Гқ). Жорт

СЖ

Мұндағы ТМ – мәжілістің ұзақтығы,



Тқ - әрбір қатысушының жиналуға, мәжілісті күтуге жұмыс орнына қайтып оралуына жұмсалатын қосымша шығынның орташа шамасы.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Келушілерді қабылдау және әңгімелесу

2. Іскерлік мәжілісті ұйымдастыру және өткізу


                  1. Менеджерлердің этикасын талдау

                  2. Басшы іс-әрекетінің психологиясы


Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006

3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006

4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005

5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005



6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
Тақырып 15. Менеджменттің мәліметтік және техникалық базасы

Мәлімет - « информация » термині латын тілінде енген –түсіндіру, баяндау, деректер беру деген ұғымдарды білдіреді . Басқару ісінде мәлімет (ақпарат) ұғымы сақтауға, таратуға және түрлендіруге тиісті деректер ұғымын береді .

Табиғатта , қоғамда, өндірісте болатын кез келген өзгерістер нендей бір деректердің ілімнің көзі болып-саналады. Әрі ол кез келген құбылыстың, процестің, оқиғасы сандық және сапалық сипатамасың бейнелейді. Осы деректердің барлығы кез келген цормада және кез келген мазмұнда мәлімет(ақпарат) болып саналады.

Практикада бүкіл технологиялық процестер барлық жерде мәліметтік процестердің нәтижесінде туындайды, және бағытталады. Жанды күштер, материалдар, еңбек құралдары тасқынымен да болыды , ал өндірісте өз кезег інде қарама- қарсы мәліметтер туындайды – ағымдағы жоспарлардың орындалуы туралы есептер , жедел тапсырмалар мен жарлықтар . Оның өндірістегі рөлі де, міне , осында . Басқарушы мен басқырлатын жүйелердің аралығында мәлімет алмасудың арасында кәсіп-орынды басқару жүзеге асырлады.

Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда мәлімет рөлі арта түседі . Басқару құрылымын, олар атқаратын функциясының құрамы мен мазмұнын түбегейлі өзгерту мәлімет тасқынының жеткізуіне, оның мұқият таратылуына себепші болады. Экономиканы басқарудың барлық деңгейінде жоспарлау – экономкалық міндеттердің номенклатурасы мен мазмұны елеулі өзгеріскеұшратып, оларды шешудің сапасы мен режиміне талап күшейеді . Осы проблемаларды игеру көп жағдайда қажетті ғылыми-техникалық, коммерциялық және демографиялық деректерді жинауды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асыруға байланысты.

Әміршілдік-әкімшілдік жүйелерді қайта құру жағдайындағы өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дербес ауыстыруды талап етеді, демек, осыған орай мәліметтерді қалыптастыру мен тарату жүйесінде де елеулі өзгерістер болады.

2. Мәлімет процестерін ұйымдастырған кезде, жалпы және ерекше сипатта болатын мәлімет қасиетін де ескеру қажет.

Мәліметтің негіз қасиеті, оның оқиғаларды, процестерді көрсете алатын қасиетінде. Біз көңіл аударатын жүйе неғұрлым күрделі болған сайын ол көптеген элементтерден құралған сайын, оны сипаттайтын деректердің құрамы мен ауқымы соғұрлым қомақты, жүйе күйін бағалау да соғұрлым күрделі бола түседі.

Осыған орай мәліметтерді жинау, тарау, өңдеу құралдарының қуатын арттыруға және жетілдіруе талап күшейді.

Қазіргі кәсіпорвндар қызметі толып жатқан процестер, оқиғалар, құбылыстар жиынтығынан тұрады, олардың әрқайсысы мәлімет көзі болып саналады. Мұндай кәсіпорындарды басқарудың күрделілігі көбінесе өндіріс сипаттамасы бағалауға байланысты. Мәліметтер қасиетінің бірі – оны әлде неше рет пайдалануға болатындығы. Бұл қасиеті мәліметтің тұтыну ерекшелігіне, сол процестен кейін оның жайылып кетпейтідігіне байланысты. Осындай қасиеті болғандықтан мәліметті өңдеу, сақтау жүйесін ғана емес, сондай-ақ басқару аппараты қызметкерлерінің оны пайдалануды орталықтандыруына тура келеді. Мәліметті жинаудың негізі оны түсіну, яғни объект бейнесін

қалыптастыру, оны тану және өңдеуге лайықты формаға ие болады. Адамдар мәліметтің кез келген түрін тусіну үшін, оның өзі Адам органдарының сезіміне лайықталып тиіснше индекстелуі тиіс.

Индекстеу формалары:

- цифрлық (құжаттарға цифрмен жазу, есестегіштерге (счетчиктерге), таблоға жазу т.б.);

- алфавиттік (құжаттарға сөзбен жазу, есептіштерге, таблоға жазу т.б.);

- символикалық ( сызбаларға (чертеждарға), схемаларға шартты түрде бейнелеу);

- заттық-бейнелік (телевизиялық бейне, фотосурет т.б.).

Мәліметті тасымалдаушылар (оны кескіндеу және тарату құралдары): дәстүрлі жүйеде – адам есі (мәліметің ауызша және жазбаша түрлері);

- құжаттар (ведомостар, кестелер, деректер, технологиялық карталар, нарядтар т.б.). Механикаландыруды және автоматтандыруды қолдана отырып:

- перфокарттар, перфоленталар, магниттік дискілер, барабандар т.б.)

Мәліметтер – басқару процесінің негізі болып саналады. Басқару поцесінің барлық сатылары мен кезеңдері мәліметтерді өңдеуге байланысты. Мәліметтерсіз басқару, мақсатын айқындау, жағдайды бағалау, проблеманы тұжырымдау, шешім қабылдау және оның орындалуын бақылау мүмкін емес.

Басшының және басқару аппаратының ұйымдық-пракикалық қызметі де көбінесе мәліметтік (ақпараттық) сипатта болады, өйткені олар шешім қабылдау үшін мәліметтер таратады.

Мәліметтер рөлі біркелкі мақсатын айқындаған кезде мәлімет ауқымы, оның сонылығы, құндылығы, толықты т.б. маңызы.

Жағдайда бағаланған кезде, осы бағалауды жинақы түрде, жүйелік тұрғдан анықтауға мүмкіндік бретін мәлімет түрлерінің айрықша маңызы бар.

Шешімді шығару және аналитикалық әрекет сатысында істе мәліметтердің тарату процестері, таратылу жылдамдығы, дер кезінде берілуі, оның түсу толықтылығы т.б. айрықша рөл атқарады.

Басқару процесінде мәлімет рөлі екі жақты .Біріншіңен, өндіріс дамыған сайын мәлімет көлемінің тұрақты ұлғаюы басқаруды қиындата түседі.Екіншіден, мәліметтер, әсіресе ғылыми-техникалық мәліметтер ұлғайған сайын басқаруды жетілдіру мүмкіндіктері де арта түседі.

Сонымен, басқаруға пайдаланылатын мәлімет көлемінің өсуін бір жақта бағалауға болмайды. Мұның өзі басқару қиындығының диалектикалық тұтастығын және оны ойдағыдай меңгеру мүмкіндігін көрсетеді.

Өндірісті басқару порцесінде мағыналық мазмұны жағынан алуан түрлі мәліметтерді пайдалануға тура келеді.Оның өзі мәліметтің қолданылу мақсаты, тасымалдануы, оқиғаны қамту дәредесі, қозғалу бағыты және басқа да белгілері жағынан түрліше болады. Бұл белгілер біршама көп болатындықтан, мәліметтерді жіктеуге тура келеді. Мұның барлығы қойылған мақсатқа орай мәліметтер тасқының қаншалықты терең зерттейтіндігімізге байланысты.

Мәліметтерді жіктеу жан-жақты, жүйелер тұрғыда басқару үшін, сондай-ақ мәлімет жүйелерін қалыптастыру және жетілдіру үшін қажет, әрі ол басқару процесінде мәліметпен қамтамасыз етуді талдаудың маңызы амалы болып саналады Мәліметтерді алуан түрлі белгісі бойынша жіктуге болады мұның әрқайсысы басқару проесінде мәліметтерді пайдалану сипатын көрсетеді.

1.Мәліметтер басқару жағдайына қарай жіктелуі мүмкін. Бұл Белгілері бойынша экономикалық , ұйымдық , әлеуметтік, техникалық мәліметтер болып бөлінеді.

2.Көрсетілу сипатына қарай кескінделген, аудио және аудиовизуалдық мәліметтер болып бөлінеді.

3. Көрсетілу формасы бойынша цифырлық , әріптік әне кодталған мәліметттерге бөлуге болады.

4.Алыну көзі бойынша сыртқы және ішкі мәліметтерге бөлуге болады. Мұнда басқару жүйелерінің деңгейі бойынша жіктелетін кіріс және шығыс мәліметттеріне бөледі. Ішкі мәліметтер өндіріс жүйесінің алуан түрлі даму диамикалығымен (өсіңкілігімен) сипатталады.

5. Өңдеу дәрежесі бойынша алғашқы және туынды мәліметтерге бөлінеді.. Басқарупрактикасында туынды (екінші) мәліметтер пайдаланылады. Оны тұрақты және ауыспалы мәліметттерді өңдеу нәтижесінде алады жәнеде мұның өзі шешім қабылдауға неғұрлым даяр мәліметтер болып саналады.

6. Мәліметтер қарқынды пайдалану уақыты бойынша да жіктеу мүмкін . Мұнда шартты тұрақты және ауыспалы мәліметтерге бөлуге болады.

7. Мәліметтер басқару жүйесіне қатыстылығы бойынша кіріс және шығыс мәліметтері болып бөлінеді. Басқару объектісіне келетіні-кіріс, басқару объектісінен шығатыны- шығыс мәліметтері делінеді.

Басқару процесінің мәліметтіксипатамасы әр түрлі кезеңдер мен сатылардағы мәлімет рөлі, оны пайдалану формасы мен сипаты, параметрлері ықпал етеді .

Мұндай сипаттамаларға жататыны:


  1. Басқару процесінде пайдаланылатын мәліметтердің саны мен сапасы. Мәліметтің барлық түрін саны мен сапасы бойынша мұқият бағалау мүмкін емес. Мұндай бағалау көп жағдайда мәліметтердің тіркелу әдістеріне, әр түрлі тасымалдаушылардың колданылуына т.б. тәуелді .

Кейде басқару аппаратындағы қызметкерлерге мәліметтер шамадан тыс көп келеді, яғни мәлімет молшылығы пайда болады. Мұның өзі шешім қабылдауды қиындатады .Кейде керісінше-басқару аппаратының қызметкерлеріне қажетті мәліметтер жетіспейді де, мәлімет

«тапшылығы» пайда болады, мұндайда мәлімет жеткіліксіздігі жағдайында шешім қабылдауға тура келеді.



  1. Мәлімиеттің толықтығы, мұндай өзі басқару үшін қажетті және алынған мәліметтердің ара қатынасы бойынша анықталады. Қажетті мәлімет саны, оны жинауға және таратуға кететін уақыт шығынына байланысты. Мәліметтер сапасын бағалау үшін мынадай сипаттамаларды пайдаланды: дұрыстығы мен дәлдігі, толықтығы, актуальдылығы, құндылығы және пайдалылығы.

  2. Мәліметтің дұрыстығы мен дәлдігі басқару ісін мәліметтермен қамтамасыз етілуінсипаттайды.Кез келген нақты деректер шынайы оқиғаныңанықтылығын көрсетеді.Мәліметтер неғұлым дұрыс болса , тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі де соғұрлым арта түстеді.

  3. Мәліметтің актуальдылығы – басқару ісін мәліметтермен қамтамасызетудің маңызыды сипаттамасы. Мәліметтерді дер кезінде алмасу жөніндегі айшықты сөзі біз А . И . Бергтің жазғандарынан кесдестірдік . Ол былай дейді : «…..Мәліметті аз шамада шарабқа теңеуге болады, ол көп тұрған сайын сапасы мен хош иісі жақсара түседі».

  4. Мәліметтердің құндылығы, пайдалылығы басқару мәліметпен қамтамасыз етудің маңызы сипаттамасы. Бұл сипаттама салыстырмалы түрде, өйткені мәліметтің құндылығы оны қабылдайтын субъектілерге байланысты. Міне, сондықтанда мәліметтердің құндылығын қатаң бағалауға немесе өлшеуге болмайды. Дегенменде, басқару практикасында әрбір басшы шешім шығаруды ойластыра отырып, алынған деректерді бағалайды. Егер бамшығы жұмысына кедергі жасайтын тиімсіз мәліметтер тым жиі келетін болса, онда ол басқару процесіндегі мәліметпен қамтамасыз етілуді теріс бағалайды .

  5. Мәлімет тығыздығы – бұл оның саны.Тиісті өндеу техникалары болмағанда мәлімет тығыздығының төменгі басқару процесінде қол жұмыстары көлемін ұлғайтып, мәліметтерді сақта және іздестіру процестерін күрделендіреді, соның әсерінен өндірістік басқару еңбегі кемиді. Мәліметтің өте тығыз болу, оны пайдалану үшін арналы техникалық құралдарды қажет етеді

Мәліметтердің тығыздығы, оны таратушыда тіркелуіне ғана емес, тіркелу белгілеріне, тіліне де байланысты .Іс құжаттарында терминдердің үйлестірілуінің, құжаттарды толдтыру тәртібінің үлкен рөлі бар.

  1. Тиімді пайдалану мүмкінділігіне қарай мәліметтерді пайдалы, жалған және артық деп бөледі .

Мәліметтер жүйесінің осы аталған элементтеріне сүйене отырып, басқару процесін қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін барлық амалдар мен тәсілдер жиынтығын айқындауға болады.

Мәліметтер жүйесінің толып жатқан параметрлегі :

- негізгі мәліметтер ауқымының көлемі:

- мәліметтер жүйесі каналының өткізу қабілеті :

- мәлметтер бірлігін сақтау қабілеті:

- алуан түрлі мәлметтер жұмысына жүйенің жауап беру уақыты:

- жүйе жұмыстарының тоқтаусыз жұмыс істеуі :

- мәлметтердің тез әрекет етуі, оның тез арада табылуы мен таратылуы, жеделдігі бойынша анықтауға кезде болады.

Мәліметтер жүйесін қалыптастырған кезде басқарушы неғұрлым жалпы айқындаушыларды (принциптерді) және сапалық сипаттамаларды басшылыққа алуы тиіс.

Кәсіпорынды дамытудың және техникалық жарақтандырудың кез келен сатысында мәліметтер жүйесін ұйымдастырған кездегі маңызы айқындаманың бірі – шығыс құжаттары болып саналады. Шығыс құжаттары – бұл мәлметтерді өңдеудің және қалыптастырудың аяқталу сатысы, мұның өзі тиісті басқару командасын ойластыру үшін қажет.

Бірыңғай мәлмет айқындамасы шарты-тұрақты мәлметтер ауқымын құруды көздейді. Мұндай мәлметтер қорын жасау мәліметтер жүйесінің жұмысын едәуір дәрежеде жеңілдетеді, әрі жоспарлы және есеп беру құжаттарындағы мәліметтердің тым көп болуын едәуір азайтады.

Егер мәліметтердің сапалық сипаттамасы сақталмайтын болса, онда мәліметтер жүйесін ұйымдастыру біршама нәтижесіз болып шығады. Мәлметтер жүйесін ұйымдастырған кездегі мұндай талап мәлметтер сапасының айқындамасын (принципін) көздейді.

Мәліметтер жүйесін ұйымдастырған кезде қамтамасыз етітуге тиісті ең маңызы сипаттамаларға мыналар жатады:


  1. Дұрыстығы.

  2. Түсініктілігі.

  3. Бір мағыналылығы .

Кәсіпорындар, мекемелер, ведомстволар және олардағы лауазымды адамдар өз функциясын жүзеге асыру процесінде әр-түрлі іскерлік қарым-қатынас жасайды да, мұның өзі тиісті құжаттарда )бұйымдар, қызмет жазбалары,жарлықтар,шарттар актілер, шешімдер т.б.) көрсетіледі. Бұл құжаттардың барлығы тиісінше толтырылған жағдайда ғана дұрыс, әрі задылық мәні болады.

Басқару ісінің көптегене формалары тиісті құжаттар арқылы: жоспарлау- әр түрлі жоспарларды әзірлеу арқылы, есебін алу – статистикалық ,бухгалтерлік және жедел-техникалық құжаттарды жасау және өдеу түрінде;нұсқаулық –нұсқаулар, методикалық (әдістемелік) көрсеткіштер шығару түрінде;бақылау- жазбаша түрде деректер жинау жолымен көрсетіледі.

Құжаттау (документтеу)- құжаттарды әзірлеу және жасау процесі. Заңдастырылған актілерде бірқатар қағидалар қарастырылған.Мәселен, мәліметтерді құжаттау міндетті болып саналады сондықтанда оның өзі заңдылықты орындауды бақылады еңбек тәртібін нығайтудың бірден бір құралы болып саналады.

Жалпы реквизиттерге жататыны: Республика елтаңбасының (гербісінің) белгілі , эмблема, ұйымның аты мен мекен-жайы, телефон нөмірі, банкідегі счет нөмірі, құжат түрінің аты (бұйрық, хаттама (протоколі) т.б.), жасаған орны немесе басылымы туралы белгі . Ататлған тізбелер толық емес, реквизите ең көп дегенде 26 атау болуы мүмкін. Нақты құжаттарда олар көп болуы да немесе соның кейбіреулері болмауы да мүмкін.

Мәліметтерді таратдың негізгі техникалық құралы-телефон байлаысы. Осы өндіріс ішіндегі телефон байланысы, диспетчерлік телефон байлансы, директорлық байланыс деп бөледі. Қазіргі кездегі байланыстың жетілдірілген түрінің бірі – факсималь(факс) байланыс, оның жабдықтары мәліметтерді электрандық құралдармен таратуды, құжаттарды жазбаша, сызба, графикалық немесе басылған түрінде көшіруді қамтамасыз етеді. Бұл жабдықтар қабылдау және тарату кезінде адамдардың қатысуын қажет етпейді, әрі мәліметтерді кез келген алфавитте (мәселен, араб, жапон, қытай т.б.) таратады және қабылждайды. Техникалық құралдарың осы тобына телеграф пен телетайып та жатады. Радиобайланыс. Ауыл шаруашылығында өндірістің көпшілік порцесі жылжымалы техникалармен жүзеге асырылады, ал оларды басқару үшін радиобайланысы қажет. Мұнымен қоса, телефон желісін төсеу мүмкін болмаған жағдайда радиобайланысы өте қажет құралдар болалады.

Жері біршама тегіс және объектілерінің арасы онша қашық болмаған жағдайда таратқыштарының қуаты 8-10 ваттық УКВ радиостанциясын салады.

Құжат айналымының көлемі өте көп мекемелер мен ұйымдарда құжаттарды тасымалдайтын құралдарр енгізген жөн.

Басқару аппаратына телефон, радио және телевизиялық байланыс каналдары арқылы келетін мәліметтерді магнитофондар, диктофондар мен бейнемагнитофондар көмегімен тіркеуге болады.

Техникалық құралдардың келесі тобы - мәліметтерді өңдеу құралы. Бұған жататындар – класы әр түрлі есептеу машиналары, соның ішінде дербес ЭВМ ( ПЭВМ ), бұлар мәліметтерді өңдеп қана қоймай, мәліметтерді құжаттайды, оларды сақтайды және іздестіреді.

Басқару аппараттарында жасалған құжаттардың көпшілік бөлігі жазу машиналарында әзірленді. Жазу машиналарын көлеміне қ арай жолда алып жүретін (биіктігі 90мм-ге дейін), кеңелік(биіктігі 150 мм-ден астам)және портативтік (биіктігі 90-150мм) деп бөледі. Кеңселік машиналар, өз кезегінде, механикалық және электрлік болып бөлінеді.

Жазу машинасы6 данаға дейін көбейте алады. Бұдан көбірек көбейту үшін арнайы аппаратураларды қолданған жөн.Ең қолайлы құралдың бірі- электрлі фотаграфия.

Жоғарыда аталған техникалық құралдарменқоса құжаттарды өңдейтін құралдар, кесу жабдықтары, құжаттарды бекітетін және желімдейтін құрал, құжаттарды сақтайтын және іздестіретін құралдар болады.


Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Мәліметтердің қасиеттерін анықтау және оларды жіктеу

2. Басқарудың техникалық құралдарынг жіктеу

3.Басқару процесін компьютерлеу ерекшеліктерін сипаттаныз

4.Ұйымда мәліметтердің қозғалысын жіктеу
Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006

3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006

4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005

5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005



6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
3 Практикалық сабақтар
Тақырып 1. Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұн)

1. Менеджмент туралы түсінік

2. Менеджер және оның міндеттері

3. Менеджменттің даму кезеңдері



Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Американдық және жапон менеджментке сипаттама беру

2. Менеджерлерге қойылатын талаптарр:

1. Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру

2. Кейбір кәсіпкерлерге тән кемшіліктерге сипаттама беру

3. Менеджерлердің іс-әрекетінің бағыттары

4. Менеджерлерге қойылатын талаптар (АҚШ, Жапон елдерінде)

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006

3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006

4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005

5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005



6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г

Тақырып 2. Менеджменттегі жүйелі ықпал

      1. Жүйелердің негізгі ұғымы

      2. Жүйенің түрлері, элементтері мен тармақтары

      3. Менеджменттің сыртқы ортасы

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Өндірісті басқарудың деңгейі мен құрылымы, оған қойылатын талаптар

2. Басқару саясаты

3. Менеджменттің әдістері

4. Менеджменттің сыртқы ортасы

5. Менеджменттегі ашық және жабық жүйелер р:

6.Жүйенің тармақтары құру

7.Ашық және жабық жүйелердің ерекшеліктерін талдау

8.Менеджменттегі сыртқы және ішкі ортасына сипаттама беру

9.Кәсіпорнының басқару саясатын құру



Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006

3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006

4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005

5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005



6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г

Тақырып 3. Менеджмент туралы ғылымды қалыптастыру және дамыту

          1. Менеджментің бастапқы теориялары

          2. Менеджменттің негізгі мектептері

          3. Дамыған елдерде менеджментке көзқарас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет