8-тақырып. Түркі тілдерінің классификациясы
Жоспары:
1. Тілдерге генеологиялық классификация жасаудың маңызы.
2. Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған ғалымдар.
3. «Түркі филологиясының негіздері» еңбегіндегі тілдік жіктеулер.
Тірек сөздер: Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы -тарихи зерттеулер негізінде іштей бірнеше туыстас топтарға бөліп қарау-көптен келе жатқан ғылыми дәстүр,түркі тілдерінің туыстығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, оларды алғаш рет топтастырып классификация жасаған ғалымдардың қатарына И.Н.Березин, Николай Иванович Ильминский, Николай Фёдорович Катанов, Ф.Е.Корщ, Александр Николаевич Самоилович, Сергей Ефимович Малов, Т.Текин т.б. атауға болады,түркі тілдеріне ең алғаш рет талдау жасаған ғалым-Махмуд Қашқари, Николай Александрович Баскаков классификациясының ерекшелігі.
1.Тілдерге туысқандық жақтан жіктеме жасаудың тіл білімі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақындығын салыстырмалы тарихи зерттеулер көрсетіп береді. Лексикалық құрамы мен дыбысталу жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау онша қиындық туғызбайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің барлығы да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бермейді. Мысалы, қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырсақ, бұлардың арасындағы үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды. Төмендегі сөздерді салыстырып көрейік:
қазақша
|
қыз
|
су
|
Же
|
бар
|
қарын
|
аяқ
|
көз
|
арқа
|
чувашша
|
хер
|
хер
|
Си
|
гур
|
хырам
|
ура
|
куç
|
çуран
|
қазақша
|
бар
|
бар
|
Арт
|
кір
|
қазан
|
сүт
|
балық
|
балта
|
чувашша
|
пур
|
чере
|
қыç
|
кер
|
хұран
|
сет
|
пула
|
пурта
|
Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарасақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің туыстық (қазақ тілі мен чуваш тілі) қатынасын анықтау арнайы ғылыми талдауды қажет етеді. Бұл олардың тарихи даму жолына да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдер әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінің ұқсас белгілері өте көп, олардың туыстығын дәлелдеп жату қажет те емес. Себебі, олар ру, тайпа тілдері ретінде ұзақ уақыт бойына қалыптаса бастады.
Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде іштей бірнеше туыстас топтарға бөліп қарау-көптен келе жатқан ғылыми дәстүр. Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді туысқандық жақтан топтастырудың әлі де шешімін таба алмай жүрген мәселелері жоқ емес. Бұған себеп, біріншіден, дүние жүзі тілдерінің бәрі бірдей толық зерттелгендігінде болса, екіншіден, тіл элементтерінің күрделігі мен сан қырлылығына байланысты.
2.Тілдерге туысқандық талдау жасауда қиындық туғызатын екінші бір мәселе бірден-бір «таза» тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі халықтарының тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым-қатынас жасап келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз, дыбыс не грамматикалық элементтер ауысып отырады. Түркі тілдерін туыстық жақындығына қарай жүйелеп, бөлген бірнеше ғалымдар болған. Олар: И.Н.Березин, Николай Иванович Ильминский, Василий Васильевич Радлов, Николай Фёдорович Катанов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самайлович, Сергей Ефимович Малов, Николай Александрович Баскаков, Андрей Николаевич Кононов, М.Рясянен т.б.
Түркі тілдерін топтастырудың ең алғаш ұсынған-М.Қашғари. Ол өзінің «Диуани лұғат-ит түрк» деген сөздігінде түркі тілдерін орналасқан орнына қарай және тілдердің тазалығына қарай топтастырады.
Батыс ғалымдарынан алғаш рет (1820) түркі тілдерін жүйеге келтірген А.Ремюза болатын. Ол түркі тілдерін: якут тобы (саха тілі), ұйғыр тобы (ұйғыр, шағатай, түрікмен тілдері), ноғай тобы (Қырым-Астрахань төңірегіндегі татарлар тілі), қырғыз тобы, түрік тобы деп беске бөледі. Түркі тілдерінің жүйесін жасауда орыс ғалымдарының еңбегі зор. Солардың ішінде Василий Васильевич Радловтың, Ф.Е.Корш, Александр Николаевич Самоиловичтердің жасаған жүйесінің орны бөлек.
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне сүйене отырып, Василий Васильевич Радлов оларды: 1. Шығыс тобы. 2. Батыс тобы. 3. Орта Азия тобы. 4. Оңтүстік тобы деп төрт топқа бөледі. Бұл топтастыруда тілдердің орналасу мекен жайы негізге алынса да олардың фонетикалық белгілеріне сүйенген. Мысалы, шығыс тобы деп аталатын түркі тілдерінің тобына сібірдегі түркі тілдер енген. Олардың негізгі фонетикалық белгісі ретінде: 1.и (і) дыбысының болуын; 2.о дауысты дыбысының өзінен кейінгі қысқа дауысты дыбыстарға ықпалының бәсеңдігін; 3.ө дауысты дыбысының өзінен кейінгі қысқа дауыстыларға күшті ықпал етуін; 4. Түбір сөздердің қатаң дауыссыздардан басталатындығын (бас деудің орнына пас деуін); 5.ш,т дыбыстарына аяқталатын түбірлерге дауысты дыбыстан басталатын қосымша қосылса, олар ұяңға айналуын (тиш+ш –тижи; тут+ар-тудар); 6.сөз соңындағы қатаң п,қ,к дыбыстарының дауысты дыбыс алдында ұяңдануын; 7.л дыбысының әрі ұяң, әрі қатаң айтылатын нұсқалары болуын; 8.сөз құрамында мұрын жолды дауыссыздар болған жағдайда сөз басындағы б дыбысы да мұрын жолды дыбысқа айналуын қарастырған. Василий Васильевич Радлов шығыс тобына саха тілін қоспастан, оны жеке тіл ретінде қараған.
Батыс тобына В.В.Радлов Батыс Сібір татарларының, Еділ татарларының тілін сондай-ақ, қырғыз, қазақ, башқұрт тілдерін енгізеді. Бұл топтардың фонетикалық ерекшеліктері ретінде мыналарды атап көрсетеді: 1. Сөз басында қатаң дауыссыздардан қ, к, т және п дыбыстары қолданылады (гүн орнына күн), 2. Сөз басында ұяң б дыбысы қолданылады (пас орнына бас), 3. Сөз соңында үнсіз дауыссыздардың қолданылуы, 4. Сөз басында д дыбысының қолданылуы, 5. Сөз соңындағы қатаң дауыссыз дыбыстың дауысты дыбыстың алдында тұрып ұяңға айналуы (кітап-кітабы, етік-етігі), 6. Сөз соңындағы т дыбысы дауысты дыбыстан басталған қосымша алдында өзінің қатаңдық қасиетін сақтайды, 7. л (жуан) және л (жіңішке) дыбыстарын ажыратады, 8. с, з, ш дыбыстары сөздің барлық позициясында қолданылады, 9. с~ш, ч~ш, ч~ц дыбыстарының сәйкес келуі (қырғызша таш, қазақша тас), 10. э~и, ө~ү, о~у дыбыстарының өзара сәйкес келуі (қырғызша қол, татарша құл) т.б.
Василий Васильевич Радлов Орта Азия тобына өзбек және ұйғыр тілдерін жатқызады да, олардың мынадай ерекшелігін көрсетеді. 1. еріндік о, ө дыбыстары түбір сөздің бірінші буынында қолданылады. 2. ы және и(і) дыбыстары өзгеріске ұшырайды. 3. Сөз соңындағы ұяң дауыссыздар қолданылады. 4. Сөз соңындағы –ығ көрсеткіші –ық нұсқасымен ауыстырылады (ұйғырша сериқ, өзбекше сорық). 5. Етістіктің түбіріндегі қ,п қатаңдары дауысты дыбыстардың алдында тұрып ұяңдамайды (қырғызша чығат орнын чықады). 6. л және л' дыбыстарының конвергенциясы байқалады.
Төртінші етіп оңтүстік топты көрсеткен. Бұл топтың құрамына түрікмен, әзірбайжан, оңтүстік және Қырым татарларының кей говорларын қосқан. Бұлардың өзіндік белгілері ретінде: 1.ө,о дауыстылар тек бірінші буында ғана қолданылады. 2.ы және и(і) дыбыстары бір-бірінен ажыратылады. 3.қосымшалардағы қысаң дауыстылар еріндік дауыстыларға айналады. 4.кірме сөздер өте көп болғандықтан дауысты дыбыстардың буын үндесуі (сингорманизм) толық сақталмайды. 5.сөз басында д,г дыбыстары көп қолданылады. 6.сөз соңындағы ч және т дыбыстары өзінен кейін келген дауыстылардың ықпалымен дж және д-ға өтеді. (түрікмеше ач+ы-аджи, эт+ер-едер) деп көрсетеді.
Академик Ф.Корштың жіктеуі түркі тілдерінің әрі фонетикалық, әрі морфологиялық ерекшеліктеріне негізделіп жасалған. Ол топтастырудың фонетикалық белгісі ретінде ғ, г дыбыстарының екі түрлі қолдану ерекшелігіне сүйенген: 1. ашық дыбыстардан кейін ғ және у дыбыстарының орын алмасу мүмкіндігі (тағ-тау). 2. қосымшалардың басында, не қысаң дауыстыдан кейін сөз соңында г, ғ дыбыстарының қолданылуы не қолданылмауы (-ған>-ан: қалған>қалан, сарығ>сары).
Морфологиялық ерекшелігі ретінде: 1. көсемшенің -а,-е,-й формасымен қалып етістігінің тіркесуі арқылы осы шақтың мағына беруін. 2. есімшенің -р формасының қолданылуын (келурмен) негіз еткен. Осы екі белгіге сүйене отырып, Корш түркі тілдерін төрт топқа бөлген.
Достарыңызбен бөлісу: |