81. Балалардың тірек-қимыл аппаратының зақымдалуын түсіндіріңіз


Мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұнынын көрсетіңіз



бет9/20
Дата02.05.2024
өлшемі102.68 Kb.
#500297
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Инклюзив сессия жауаптары Аяулым

89. Мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұнынын көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру» – деп атап көрсеткендей, бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер тұлға қалыптастыру болып табылады.
Мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт.
Жалпы мектептің жоспары – өткен оқу жылындағы мектеп жұмысын талдаудың және алда тұрған оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын жоспарлаудың,оқу-тәрбие жұмыстарын, оқушылардың сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарын, әдістемелік жұмыстарды, ата-аналармен жұмыстарды,өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру мен жетілдірудің ең маңызды міндеттерін анықтаудың құралы болып табылады.
Мектептің тәрбие жұмысын жоспарлағанда өткен оқу жылындағы жұмысты талдау мақсатымен тәрбиелік міндеттерін айқындауды есте ұстау керек.
Мектептің тәрбие жұмысын нақты жоспарласа және дұрыс ұйымдастырса, онда іс-әрекеттердің сапасы мен тиімділігі артады. Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, жоспарға әкімшілік талаптармен ғана қарау, өкінішке орай, жоспарлау процесінде жоспардың құрылуы мен жазылуын шектейді. Мұндай жағдайда, жоспар формальді түрде болып, әрекетке бағыт бере алмайды. Нәтиженің қол жеткен тиімділігі және әрекеттің кез келген табысы әрекеттің қаншалықты сауатты жоспарлануына байланысты болады.
Жоспар жасау дегеніміз -тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ -түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдан ала көре білу. Мыс: мұғалім бірінші сынып оқушыларымен жұмыстың алғашқы күндерінде бірден-бір басты міндеті -балаларды мектептен, сыныптағы негізгі мінез — құлық ережелеріне үйрету, оларды осы дәрежелерді орындай білуге баулу, олардың бойында ережелерді тезірек және дұрыс игеруге деген ынта-ықылас тудыру міндеті шешуге күш салды.
Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар :
жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі;
өмірмен тығыз байланыстығы;
жоспардын жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі;
тәрбие жұмысы формалары оқушылардың жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі;
жоспардың нақтылығы.

Тәрбие жоспарынын үлгісі:


Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Өткен оқу жылына сай атқарылатын тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылына атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет