А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Импорттық тауар бойынша нарықтың ықтимал сыйым-



Pdf көрінісі
бет50/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   165
Маркетинг (1)

Импорттық тауар бойынша нарықтың ықтимал сыйым-
дылығы көрсетілген елдің экономикалық жəне саяси жағдайына 
байланысты тауарды сатудың ықтимал көлемі ретінде анықталады; 
сыйымдылық елдің ұлттық тауар өндірісінің «экспортты шегеру 
импортты қосу» деген көлеміне тең.
Осыған орай, фирманың жұмысын анық көрсететін көрсеткіш 
«нарықтың үлесі» — фирма тауарының сатылу көлемінің 
(тауарға байланысты физикалық бірлікте немесе ақшалай 
мөлшерде) нарықтың ықтимал сыйымдылығына қатынасы болып 
табылады.
Маркетинг пен маркетинг ұстанымдарының мəнінен шығатын 
қорытынды, «нарықтық зерттеу» жəне «маркетингтік зерттеу» 
түсініктері бірқатар сипаттары бойынша ерекшеленеді: 
Олардың арасындағы бірінші айырмашылық — зерттеу 
нысандарының өзгешелігі. Егер зерттеудің бірінші түрі түгелдей 
нарыққа, онда болып жатқан үрдістерге, оның жеке элементтеріне 
арналса, ал маркетингтік зерттеу үшін нарық жəне нарық 
үрдістері — бұл құрамына келесі міндетті бөлігі кəсіпорынның 
— экспортердің маркетингтік қызметін енгізетін саралаудың 
құрамдас бөлігі ғана. Нарық туралы мəліметтер базасын жинау, 
нарықтың элементтері мен параметрлерін кешенді зерттеу, мұның 
барлығы маркетингтің басқа құрамдастырылған зерттеу функ-
цияларынан шектелген жүйелі түрде өткізілетін дербес жұмыстар 
(соның ішінде оның маңызды бөлігі — нарықтағы өзіндік іс-
əрекеттің жəне өзіндік мүмкіндіктердің тиімділігін зерттеу — 
ғылыми-техникалық, өткізу, басқарушылық жəне т.б.). «Нарықты 
зерттеу» немесе «нарықтық зерттеу» дегеніміз осы.
Бұл жұмыстың жалғасы (екінші кезең) — жүргізілген 
нарықтық саралауды кəсіпорынның (сыртқы сауда фирмасының) 
сыртқы нарықтағы осы сəтте жүзеге асырылып жатқан немесе 
шамаланған іс-əрекетімен салыстыру: ондағы шамаланған не-
месе қалаған позициялар, алға қойылған міндеттерді орындау 
барысы, өзіндік нарықтық іс-əрекеттің жағымды жақтары жəне 
кемшіліктері, қолданылмаған мүмкіндіктер жəне т.б. Зерттеу-
сараптау қызметінің осы екі құрамдас бөлігі біріккен кезде, ал 
нарықтық, өзіндік жəне бəсекелестік мүмкіндіктерді бағалау 
бір үрдіске ықпалдасқан жəне кəсіпорынның халықаралық мар-
кетингтік қызметтегі сыртқы нарықтың нақты даму жағдайындағы 
болашағы бар болса, онда əңгіме маркетингтік зерттеу туралы 
болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет