А.Қ. Бекболғанова жаңа педагогикалық технологиялар оқу құралы талдықОРҒан 2013


ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІН ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет17/19
Дата02.03.2020
өлшемі326.12 Kb.
#448068
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
18.jana (1)

8. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІН ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.



«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі - жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі - деңгейлік саралау сондай – ақ дамыта оқыту технологиясының элементін қолдану болып табылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы.


Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

  1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

  2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Деңгейлеп - саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Осы деңгейлеп оқытуда қазіргі білім кеңістігінде қолданып сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдану қажет. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлген дұрыс болады:


  1. сабақтың мазмұны,

  2. сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,

  3. сабақтың нәтижелігі.

Оқытудағы ұстаздың міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.

Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, өзіндік тест құру.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, яғни өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында жаңа технологияларды қолдану керек. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланған тиімді болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді.

Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:



  1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты болады.

  2. Алгоритмдік деңгей. Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

  3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

  4. Шығармашылық деңгей. Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу үрдісінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.

Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В:В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.



Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу үрдісі оқушылардың талдау, жинақтау, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.

Бұлардан басқа оқу үрдісінде оқушылардың көптеген ақыл ол қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.

Сызба – 1. Дамыта оқыту технологиясын сабақта қолдану.

Ой тастау










Жаңа сабаққа байланыс

ты тапсырма






Іздену













Деңгейлік тапсырма






Бекіту,қоры- тындылау,













Нәтиже





Мағынаны таныту







Жаңа сабақты түсіндіру





Үй тапсырма- сын сұрау

Дамыта оқыту технологиясы сабақта мәселе қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.

Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда төменде көрсетілген сызба бойынша өткені тиімді болады. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады. Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.

Төменде дамыта оқыту технологиясын сабақта қолдану мысалдары берілген.



Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет