А. НҰрмановтың ҚҰланның ажалы романының КӨркемдік әлемі



бет28/45
Дата25.11.2023
өлшемі145.09 Kb.
#484434
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
КУЧЕРБАЕВА ДИНАРА

Қорытынды:А.Нұрманов «Құланның ажалы» романында 50 фразеологизм табылды. Оның 30 теріліп, 28нің мағынасы ашылды.


ІІ. Шығарма тілінің көркемдік ерекшеліктері


Мақал – мәтелдер мен авторлық афоризмдер
Қазақтың белгілі паремиолог ғалымы Ә.Қайдар мақал-мәтелдерді зерттеп, «Халық даналығы» атты еңбегін басып шығарды. «Халық даналығы» (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу) атты еңбегінде екі мыңнан астам қазақтың мақал-мәтелдері зерттелген. Ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтелдер туралы былай дейді: «Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді. Қазақ тілінде ғасырлар бойы қалыптасып,қауым жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра болып келе жатқан мыңдаған мақал- мәтелдерді даналыққа балап және оларды халық бойындағы асыл қасиетке теңеп, «Халық даналығы» деп атап отырмыз»- деген.[Ә.Қайдар. «Халық даналығы» 142-бет].
Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады.
Тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұң – мұқтажы мен тұрмыстық жағдайлары көрініс табады. Себебі, мақал – мәтелдер халықтың рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және мақал – мәтелсіз тілдегі ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін толық сипаттау мүмкін емес.
Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани – мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп, тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті, ұлттық таным мен талғамды, мінез бен көзқарасты, сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік тұтынуында. Басқаша айтқанда, әр тіл – өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек дәстүрлі лингвистиканың ғана емес, этнолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, когнитивтік лингвистика т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналып отыр. Мұның өзі тіл табиғатына терең бойлап, жан – жақты қарастыру нәтижесінде тілдік жүйе құрылымының сипатын айқын тануға жол ашты. Сондықтан да тілді қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке кереғар әсер етеді және зерттеу мүмкіндіктерін шектейді. Тіл , көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет. Сондықтан да қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытына сәйкес, ол – әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттық тарихи жетістігі. Тілдегі мақал – мәтелдер – мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдени ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этнос мәдениетінің өзгешелігін, екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Тіл, соның ішінде мақал – мәтелдер, қазіргі, келер ұрпақты үлкен бір тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады [С.Ғ.Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)» 3 бет].
Этномәдени танымды айшықтайтын қазақ тіліндегі мақал – мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұнына қарай да алуан түрлі. Оның басты себебі: ұлттық менталитетіміздің тілдегі ерекше бір жарқын, мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын мақал–мәтелдер – қазақ этносына тән дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым – тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің – барша болмысының қайнар бұлағы. Мақал-мәтелдер сан ғасырлар бойы екшеленіп, қырланған, мазмұны түрліше, сан алуан тақырыпты қамтуымен қатар, адам өмірінде, тұрмыс – тіршілікте, әр қилы қоғамдық жағдайларда кездесетін құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға. Халық арасына өте көп тараған және жалпы тіліміздің қаймағы ретінде ұзақ өмір сүретін құрамдық бөлшегі де – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер – шешендік өнермен туыстас жатқан сөз өрнегі. Мақал-мәтелдер – жалпы тұрақты тіркес саласының ең көлемді, қолдану аясы кең, мазмұны тиянақты тарауы болып есептеледі. Кезінде мақал-мәтелдерді айтушылар болған. Олар – ұлы ойшылдар, ақын – жыраулар, шешендер, дана билер, қазылар, қысқасы ақыл – парасат иесі, өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлері. Бұлар халықтың мүддесін ойлаған, жұртшылыққа үлгі – өсиетін айтып, ақыл – кеңесін беріп, мұңды – шерлі жүректерді жұбатып, асып – тасығанның төгілетінін, қоғамнан тосқауыл көретінін ескертіп, жастың өсетініне, жарлының байитынына, қиянаттың қияметке қалмайтынына сендірген [Ш.П.Қарсыбекова ‟Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдерді топтастырудың этнолингвистикалық принциптері” 3-бет].
Зерттеуші ғалым Ж.И.Исаева өзінің 2007 жылы қорғаған ‟Дүниенің паремиологиялық бейнесі (лингвомәдениеттанымдық аспект)” атты кандидаттық диссертациясында мақал – мәтелдердің зерттелуі жайында толығырақ, жүйелі түрде мәлімет береді.
Қазақ паремиологиясының қалыптасу тарихын 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1)ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40 – 60 жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен сипатталады (Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ф.Катанов, В.В.Катаринский, П.М.Мелиоранский, Н.Н.Пантусов, А.Е.Алекторов, М.Ысқақов, А.Байтұрсынов, Ө.Тұрманжанов, Б.Ақмұқанова, М.Аққозин т.б.).
2) Мақал-мәтелдердің ғылыми айналымға түскен кезеңі. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Адамбаев, М.Әлімбаев, Н.Төреқұлов, Т.Кәкішов, З.Қабдолов, М.Базарбаев, С.Қасқабасов, С.Нұрышов, Б.Ақмұқанова т.б. әдебиетші ғалымдар зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдерінің әдеби табиғаты, Р.Сәрсенбаев, Ә.Қайдар, Б.Шалбаев, Ө.Айтбаев, М.Мұқанов, З.Ерназарова, Қ.Бейсенов, Ғ.Тұрабаева, А.Нұрмаханов, С.Сәтенова, Д.Бегалықызы, Б.Сағын, С.Қанапина т.б. тілші – мамандар зерттеулерінде тілдік ерекшеліктері сөз болды.
ХХ ғасырда қазақ лингвистикасында үстемдік еткен құрылымдық – жүйелілік парадигма аясындағы зерттеулерде мақал-мәтелдер фразеологияның шеңберінде лексика–семантикалық, лексика– грамматикалық, құрамдық –құрылымдық, стилистикалық тұрғыдан зерттеліп, олардың жалпы құрамдық, мағыналық заңдылықтары мен іштей жіктелу принциптері, узуальды және окказиональды қолданысы мен стильдік мәнері, шығу төркіні мен тілара ауыс – түйістігі, көркемдік – поэтикалық табиғаты, ауыспалы – идиомалық мағыналары, эмоционалды – экспрессивтік реңкі т.б. мәселелер қарастырылды.
3) ХХІ ғасыр тіл білімінде мақал-мәтелдер паремиологияның зерттеу нысанына айналып, анторпоцентристік бағытта қарастырылуда.
Зерттеушілер мақал-мәтелдер, яғни паремиялар предикативтік типтегі кешенді сөйлесімдік құрылымдар ретінде фразеологияның шеңберінде емес, тілтанымдық дербес пән – паремиологияның зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы қажет екенін айтады.
Қазақ паремиологиясының антрополингвистикалық бағыттағы дербес пән ретінде қалыптасуының теориялық тұжырымдамасын академик Ә.Қайдар негіздеп, қазақ паремиологиясының фразеологиядан бөлініп шығып, антрополингвистикалық бағыттағы дербес ғылым саласы болып қалыптасуына қажет алғышарттарды нақтылап, паремиологиялық зерттеудің ғылыми принциптерін, мақсат – мүддесін, көтерілер проблемаларын, зерттелер қырларын анықтап берді. Қазақ мақал-мәтелдері танымдық – прагматикалық, этнолингвистикалық тұрғыдан Д.Бегалықызы, С.Қанапина, Р.Атаханова, Ш.П.Қарсыбекова зерттеулерінде қарастырылды [Ж.И.Исаева ‟Дүниенің паремиологиялық бейнесі (лингвомәдениеттанымдық аспект)” 9 – 10 бет].
Қазақтың белгілі паремиолог – ғалымы Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: ‟Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан – ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді”. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды шартты түрде ‟Адам”, ‟Қоғам” және ‟Табиғат” деп атауды ұсынады. Бұлай үш салаға бөліп қараудың ұстанған принципі – барлық құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз.
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді ‟аталар сөзі”, ‟даналық сөздер”, ‟нақыл сөздер”, ‟асыл сөздер” деп атап, ‟Ақылың бар ма – ақылға ер, ақылың жоқ па – нақылға ер”, ‟Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара”, ‟Мақал-мәтел мардан сөз” деуі – халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады [С.Ғ.Қанапина ‟Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)” 4 – 5 бет].
Афоризмді мақалдан айыру қиын. Өйткені, көптеген афоризмдер мақал – мәтелдердің қатарына қосылып, халық аузында айтылып кетеді. Шынында, афоризм дегеніміз де халық мақалы.
Бірақ бір – біріне қаншама ұқсас болса да, олардың өзара кейбір айырмашылығы барлығы байқалады.
Афоризм мақал мен мәтелдерге қарағанда, белгілі бір автордың атынан айтылады. Сонымен қатар, афоризм, көбіне, жазба әдебиет тұсында пайда болатын категория. Ал мақал-мәтелдер, әрқашан, ауыз әдебиеті негізінде жасалып, ауызша пайда болатындықтан, оның авторы болмай, халық қазынасы деп аталады.
Ақын Мұзафар Әлімбаев афоризмге мынадай анықтама береді: ‟Қанатты сөздердің қайнар көзі – халық тілі – мақалдар мен мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, әдеби тіл – жазушылардың, оқымыстыларлың тарихта өткен атақты қайраткерлердің өткір нақылдары, сөз байламдары”.
Афоризм мен мақал – мәтелдердің аралық жігін дәл жоғарыдағыдай етіп бөлу, жазба әдебиеті соң басталған халықтар үшін, оның ішінде қазақ халқы үшін кейбір ерекше жағдайды қажет етеді. Өйткені, мақал – мәтелдер мен афоризмді бір – бірінен ажыратуға мұны меже тұтатын болсақ, жазба әдебиетіміз афоризмдерге аса кедей болар еді. Оған себеп, ауыз әдебиетінде белгілі ақын, жырау, салдардың атынан айтылатын кейбір афоризмдерді ешбір категорияға жатқызуға болмас еді. Сондықтан, қазақ афоризмдері, жазба әдебиеті ертеден дамыған орыс афоризмдеріне қарағанда, өзіндік ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Сонымен қатар, ертеректе белгілі ақын, сал, жыраулардың атынан айтылатын қазақтың нақыл сөздері, көбіне, өлең түрінде, басқаша айтқанда, прозалық түрден гөрі, поэзиялық құрылымда жасалатын болған. Бұған себеп, қазақ әдебиетінде (ауыз әдебиетінде де) поэзия прозадан бұрын қалыптасты. Сондықтан нақыл сөздердің де ерте кезде поэзиялық құрылыспен жасалуы заңды жағдай. Кеңес үкіметі тұсында пайда болған нақыл сөздердің құрылысы әр түрлі. Олар поэзиялық, прозалық түрде де кездесе береді.
Жалпы алғанда мақал – мәтелдерден афоризмді мынадай жақтарына қарап ажыратуға болатын сияқты:
а) афоризм әрқашан оқиғаны, затты, яғни өмірде болатын істің мазмұнын терең, өткір етіп береді. Сонымен қатар, афоризм қашанда оқиғаны тура мағынада да, ауыспалы мағынада да қолданыла береді. Дегенмен, мақал – мәтелдер, афоризмге қарағанда, оқиғаны образды түрде бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет