Тақырыбы:
Абай- кемел ақын
« Ескендір »
« Масғұт »
« Әзімнің әңгімесі »поэмалары
Қара сөздері
ӨМІРІ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттарстилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды
Абай — ұлы ақын әрі ойшыл
Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.
Ежелден шығыс халықтарының фольклорында Ескендір Зұлқарнайын туралы аңыз-әңгімелер кен етек жайған. Тіпті, Ескендір Зұлқарнайын хақында қасиетті Құран-Кәрімнің Кехф сүресінің 83-97 аяттарында да баяндалады [1. 301-302 беттер]. Яғни, Ислам әлемінде қос мүйізді Ескендір туралы әпсананы естімеген адам жоқ десек те болады. Әйткенмен, белгілі фольклортанушы Сейіт Қасқабасов шығыс халықтарында Ескендір жөнінде үш топқа негізделген, яғни, әпсана мен хикаят және жыр жанрында кең таралған мұраның бар екенін алға тартады:
Жалғасы
Үшінші топты құрайтын шығармалар мына сюжетке құрылған:
Ескендір патша жорықта (жолда) келе жатып, керемет бұлаққа тап болады. Бұлақты бойлай жүріп, ол жұмақтың қақпасына жетеді. Патша қақпаны аш деп бұйырады, бірақ қақпаны ешкім ашпайды. Оған қақпаның арғыжағынан орамалға түйілген адамның бас сүйегі (кейде бір дорба ұнмен қоса) тастайды. Оның мәнісін түсінбеген Ескендір ашу шақырады. Сол кезде әміршінің қасындағы Қызыр (данышпан) бас сүйекті таразыға салдырып, өлшетеді. Бас сүйекті еш нәрсе баса алмайды. Сол уақытта таңданған патшаға данышпан:
«Адамның көзі дүниеге тоймайды, тек топырақ қана баса алады!» – деп, бір уыс топырақты сүйектің көзіне салады. Сол сәтте таразының бас сүйек тұрған жағы көтеріледі де, бұл мысалдан ғибрат алған Ескендір патша жаһангерлік райынан қайтады
Абайдың «Ескендір» поэмасының сюжеті осы үшінші топқа жатады. Бірақ, Шығыс аңыздарында Ескендірдің әскерінің елсіз жерге тап болып, судан қаталағаны айтылмайды. Ал, Абай жырлаған поэмада Ескендірдің кенезесі кеуіп, қатты сусағаны баяндалады. Яғни, бұл жерде судың тапшылығы мен қасиетіне мән беріледі:
Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хаиуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына Құдай салды қиын істі.
Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.
Ескендір туралы хикаяттың бірінде де ол қасына Қызыр мен Ілиясты ертіп Зұлматтың өлмес суын іздеп шығады. Алға озып кеткен Қызыр мен Ілияс ол суды ішеді де, Ескендір келгенде су көзден бұл-бұл ұшып, ғайып болады [2. 101 б]. Яғни, бұл хикаяда да су культі ерекше маңызға ие ретінде суреттеледі.
Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда да аса үлкен еңбек сіңірді. Ол қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушылардың бірі болды. Абайға дейінгі және Абай тұсындағы ақындарда ескі араб, парсы сөздерін көп қолдану, оны қазақ сөзімен араластыра сөйлеу салтқа айналған еді. Кейін орыс сөздері араласты. Абай осыларға қарама-қарсы шет тілдер сөздерін көп қолданбай, негізгі шығармаларын қазақтың таза ұлттық тілінде жазды. Тіл, сөз мағынасын жаңартып, байытты. Сөздің халықтық үлгілерін жонып, қырнап, өзі айтқандай, «тіл ұстартты». Бірақ жас кезінде Абайдың өзінде де сыртқы өлең түрі мен тілі жағынан Шығыс ақындарына еліктеу болғаны мәлім. Осыған дәлел ретінде ұлы үш бірдей поэмаларын «Әзім әңгімесі», «Масғұд», «Ескендірді» келтірсек болады. Бұлар шығыс ақындарынан алынса да, өзіндік ұқсастықтары мен айырмашылықтары баршылық. Мысалы, «Әзім әңгімесі» поэмасының тақырыбы «Мың бір түн» ертегісінен алынған. Қазақ ортасында ауызша көп айтылып жүретін «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» деген ұзақ ертегі болаты
Қазақ ортасында ауызша көп айтылып жүретін «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» деген ұзақ ертегі болатын. Сол ертегінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы,жігіттік кездегі басынан кешетін бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқиғалары дастан желісіне арқау етілген.
Абайдың үшінші поэмасы «Масғұд» деп аталады. Бұл поэманың оқиғасы мен тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады. Ақынның 1977 жылы жарық көрген шығармаларының екі томдық толық жинағының түсінігінде «Масғұд» дастаны туралы былай де п жазылған:«Мүрсейіттің 1907 жылғы қолжазбасында Тургеневтен деп көрсетілген. И.С. Тургеневтің «Восточная легенда» атты қысқа әңгімесі мен «Масғұд» поэмасының бірінші бөлімінің сюжеті басынан аяғына дейін дәл түсіп отырады. Дегенмен зерттеуші Д. Досжан бұл туралы мынадай пікір айтады: «Бұл «Восточная легенда» мен «Масғұд» поэмасының бірінші бөлімінің сюжеті басынан аяғына дейін дәл түсіп отырады деген тұжырым қате. Екі нұсқаны салыстырып шыққанда орысша текстін Абай біршама бұрып, өзінше кеңейтіп өзгерткені белгілі болды». Поэманың не� �ізгі ойы – негізгі герой Масғұдты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітіру. Және осы арқылы қай заманның адамына болса да , үлгі боларлық ұжданды адамды жарату. Осы ойының аясында ақын Масғұдқа Қызырды кездестіріп, оған үш жемісті ұсындырады.
Абайдың «Әзім әңгімесі» мен «Вадимі» - аяқталмаған шығармалар. Сондықтан да оларды талдау да, белгілі бір қорытындыға да келу қиын.
«Мың бір түн» әңгімесінен алынған «Әзім» поэмасы ертегіге негізделіп, сол кездердегі «Мың бір түнді» өлеңге аударушы орта ақындардың стилін сақтаушылықтан ба, әлде хат білмейтіндерге түсінікті болуын көздегендіктен бе, әйтеуір бұл поэма қарапайымдау. Абайдың басқа өлең, поэмаларына не тереңдігі, не көркемдігі жағынан келіңкіремейді. Негізінде баяндаумен жазылған. Әзімнің теңіз толқыны, аспанмен астасқан Қап тауы, жер астындағы алтын сарай, айдай аруларға кездескен жерлері Абай сықылды үлкен суретшінің қиялын шарықтатып, әдемі картиналар жасауына толық мүмкіншіліктер туғызарлық жағдайлар болса да, не себептен екені белгісіз, ақын тек жай баяндаулармен ғана қанағаттанады.
Қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағыданалық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: |