« Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру»
1 Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар
2 Мөлдектерді стандартты және жүйелі әдістермен орналастыру
3 Мөлдектерді орналастырудың рендомизациялық әдісі
1 Тәжірибеде мөлдектерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар
Танаптық тәжірибені салу және жүргізу әдістемесін қатаң сақтау – тәжірибе қателігін азайту, тәжірибенің дәлдігін арттыру және сенімді нәтижелер алу қажеттілігінен туындайды. Дәл осыған бұдан бұрын, яғни жоғарыдағы бөлімде қарастырылған әдістемелік сұрақтар негізделген (нұсқалардың, қайталымдардың саны, мөлдектердің көлемі (ауданы), пішіні және бағыты, қорғаныс алаңдары және т.б.).
Тәжірибенің дәлдігін арттыруға бағытталған келесі кезектегі әдістемелік шаралар – тәжірибелік мөлдектерді нұсқалар және қайталымдар бойынша орналастыру әдісі болып табылады, оның өзі дұрыс нәтижелер алуда үлкен маңызға ие.
Танаптық тәжірибелерде мөлдектерді бір немесе бірнеше қабат (ярус) әдісімен орналастыруға болады, мұның өзі тәжірибедегі нұсқалар мен қайталымдарға, мөлдектердің көлеміне (ауданына), топырақтың құнарлылығына, тәжірибені салуда және жүргізуде қолданылатын техникалар мен құралдарға және көптеген басқа да факторларға тікелей байланысты. Мөлдектерді орналастырғанда келесідей жағдайларды (талаптарды) сақтаған дұрыс:
1. Әр түрлі топырақ құнарлылығын біртекті нұсқалармен мүмкіндігінше көп дәрежеде қамту, ал зерттеліп отырған шараның әр қайталымның мөлдектері топырақтың біркелкі құнарлылығы, ылғалмен қамтамасыз етілуі, жер бедері, аграрлық аясы және т.б. жағдайларында орналасуы тиіс.
2. Мөлдектерді көп қабатты әдіспен орналастырғанда, әр бір қабатта бір немесе бірнеше, бүтіндей бір қайталымды, қандай да бір қайталымның әр түрлі қатарлар бойынша ажырауына (үзілуіне) жол бермей орналастыруға болады.
3. Бір нұсқаның мөлдектері, тәжірибені көп қабатты әдіспен орналастырғанда горизонтальды бағыт сияқты, вертикальды бағытпен де жақын болмауы керек, ал көрші мөлдектер өздерінің ұзын жағымен жанасуы (жалғасуы) тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |