Гипофиз үш бөліктен тұрады – алдыңғы, аралық және артқы. Бұлардың әрқайсысы өз алдына ішкі секреция бездерінің қызметін атқарады. Артқы бөлігі нерв талшықтарымен өте бай қамтамасыз етілген, гипоталамуспен өте тығыз байланысты, сондықтан да оны нейрогипофиз деп те атайды. Ал алдыңғы бөлігін аденогипофиз деп атайды.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Аденогипофиз (АГ) 55–60% хромфобты және хромофильді клеткалардан тұрады. Өз кезегінде хромофильді клетканың 30-35% ацидофильді және 5-10% базафилді клеткалардан тұрады. Хромофобты клеткалар гормонды шығармайды, хромофильді клетканың негізін қалаушы деп есептеледі. Ацидофильді клеткалар соматотропин гормо-нын және пролактинді шығарады. АГ гормондарының барлығы белокты заттардан тұрады. Базафилді клеткалар адренокортикотропты, тиретропты және гонодотропты гормондарды шығарады.
Жас балаларда бездің қызметі төмендесе, өсу үдерісі тоқталады. Бұны гипофиздік ергежейлік деп атайды. Мұндай адамдардың дене тұлғасы салыстырмалы түрде бірдей болғанмен де саусақтары, табаны кішкентай, жіңішке, жыныс мүшелері дұрыс жетілмеген. Ауру өте қиын өтеді. Имотенция төмендейді, әйелдері стирильді, ұрықтануға қабілеттілігі жоқ. Жас кезінде бездің қызметі жоғарыласа, гипер “алыптық” болады. Бойы 240–250 см, салмағы 150 кг. Егер осы фактор ересек адамдарда болатын болса, бойы өспейді, тек дене бөліктерінің мөлшері үлкейеді (аяқ, қолы, мұрын, төменгі жақ сүйектері, тілі, кеуде клеткасы, құрсақ). Бұл ауруды акромегалия дейді. Бұл ауру ұйқы безінде де әсерлеп, қант ауруын туғызады. Акромегалияның басты себебі, ацидофильді клеткадан тұратын алдыңғы бөлігіндегі ісікке байланысты.
Гонодотропты гормондар. Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі базофилді клеткаларда жасалынатын фолликул жандандырушы (ФЖГ) және лютеин гормондар. Бұлардың ең басты әсері жыныс клеткаларының қалыптасуына әсер етеді.
ФЖГ-гипофиздың бөлінуі гипоталамус нейросекреттері арқылы болады. Қанның құрамында еркектерде андрогендердің, әйелдерде эстрогендердің жоғарылауы, осы факторда, былайша айтқанда, ФЖГ-ны және ет бөлінуін тежейді. Бұл кері байланыс ағзадағы жыныс гормондарының деңгейін реттеп отырады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі ацидофильді клеткадан бөлініп шығатын гормон пролактин немесе лютетропин сүт бездерінің қызметін күшейтіп, сүттің түзілуіне және сары дененің дамуына әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |