Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


а. Яхуди, ибрани және исрайыл терминдері



бет29/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126
Діндер тарихы

а. Яхуди, ибрани және исрайыл терминдері


Яхуди: Ысқақұлы Жақыптың он екі баласы бар еді. Төртінші ұлының есімі Яхуда болатын. Оның есіміне байланысты Исрайл ұлдары Яхуди деп аталып кеткен. Палестинаның оңтүстік аймағында құрылған Яхуда патшалығы да осы атаудан шыққан деп есептеледі. Өйткені Йорданияның батысы, Самарияның оңтүстік аймағы Яхуда деп аталады. Езгіде болғандықтан жалпы халық Израйлдіктер деп аталса, жеке тұлғалар бір-бірін яхуди (иудей) деп атайтын. Осылайша олардың ұрпақтары да қазіргі күнге дейін осы есіммен аталып келеді.
Шахристани «яхуди» сөзі араб тілінде «һәдә» етістігінен шыққанын, яғни «қайту», «тәубеге келу» деген мағынаны білдіретінін, бұл есімнің яхудилерге берілуін Хз. Мұсаның «Біз саған қайта оралып жалбарынамыз» сөзімен байланыстырылатынын айтады.
Ибрани (иврит): Бұл атау «ибри» немесе «хибри» сөзінен өрбіген. Аталмыш сөздер б.з.д. XV-XIV ғ.ғ. Палестинадағы бір көшпелі тайпаның аты еді. Яғни «арғы беттің адамдары» мағынасында қолданылған. Ол Евфрат және Йордан өзендерінің арғы жағасынан келген көшпенділер дегенді білдіреді. Яхудилерге бұл атты Кенан өлкесінің жергілікті тұрғындары берген. Яхуди қасиетті кітаптарында Кенанға сілтеме жасалуда (37).
Исрайл (израйл): Бұл сөз «Тәңірмен және адамдармен (білектесіп) күресіп, жеңген» мағынасындағы Жақыпқа Құдайдың өзі берген лақап аты. Бұл жөнінде Тауратта егжей-тегжейлі жазылған (38). Дүниежүзілік еврей энциклопедиясында аталмыш сөздің негізгі мағынасы белгісіз екендігі, Тауратта «Тәңірмен күрескен» деп жазылғанына қарамастан, оның «Тәңірмен айтысып-тартысқан» деген мағынаға келетіндігі айтылады (39). Табари Хз. Жақыпты «түн ішінде тәңірге жөнелген» деген мағынадағы «исрайл» деген есіммен аталғанын айтады (40). Он екі еврей тайпасы да Исрайл атауымен аталған (41). Бірақ айтып өту керек, бұл ат Хз. Сүлейменнен кейін екіге бөлінген елдің солтүстік аймағында қалған тайпалардың патшалығын сипаттау ретінде қолданылған. Сонымен қатар Вавилон қуғын-сүргінінен кейін Яхудаға қайта оралған еврейлер яхуда тайпасына жататындағына қарамастан, жалпы, исрайлдіктер деп аталып кеткен.
Исрайл сөзі ең алғаш рет II Рамзестің ұлы Мернептахтың (б.з.д. 1232-1224 ж.ж.) бұйрығымен тұрғызылған «Исрайл ескерткіші» деп аталған кітапта кездеседі.
Яхудилердің сенімі бойынша бұл ат Тәңір тарапынан берілген. Осыған байланысты иудаизм ұлттық дін, Егова ұлттық Тәңір болып қабыл етіледі. Олардың түсінігі бойынша Исрайыл ұлдары таңдаулы қауым. Бұл ат кейіннен барлық яхудилерді қамту үшін қолданылған. Қазіргі таңдағы Израйыл да осы атты қолдануда.
Құранда 40 аятта 41 рет «бәни исрайыл» (Исрайыл ұлдары) кездеседі. Бұл аяттарда Аллаһтың Исрайыл ұлдарына берген нығметтері жайында баяндалады. Бұл нығметтерге сай Исрайыл ұлдарының уәде етуі және уәделерін орындамағанына тоқталады. Аллаһқа иман етуі, Одан басқаға құлшылық етпеу керектігі, ғибадат етуі, намаз оқып зекет беруі, пайғамбарлардың жолынан жүруі, адам өлтірмеуі, ата-анаға, туған-туыстарына, жоқ-жітіктерге жақсылық жасауы, оларға харам етілгеннен басқаларын жеулерін, уәделерінен тайқымауы керек.
Бұл қауым Кенан өлкесіне (Палестина) орналаспай тұрып ибрани, ол жерде Исрайілдік, сүргіннен кейін де қоғам ретінде Исрайыл ұлдары, тұлға ретінде яхуди деп аталған. Алайда бұл үш сөз бір-бірінің орнына қолданылған әлі де қолданылуда. Осы үшеуімен сол діндегілерді де, сол қоғамды да білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет