Аға оқытушы Г. Т



бет1/5
Дата04.03.2016
өлшемі460 Kb.
#39148
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
"Бекітемін"

ОӘБ төрағасы

д.п.н., профессор

______________С.Т.Каргин

ОӘБ отырысында қаралды

"_____"___________2003 г.


"Мемлекет және құқық теориясы"

пәні бойынша тест тапсырмалары


бағыт топтары гуманитарлық
021600 юриспруденция мамандығы үшін

Құрастырушы:

_______________аға оқытушы Г.Т.Байжанова

Парақ саны 58

Тест тапсырмалары саны 200

"Мемлекет және құқық теориясы"

пәні бойынша тест сұрақтары
$$$ 1

Мемлекет және құқық теориясы:

A) мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы, мәні, қызметі және дамуы туралы білім жүйесі

B) қоғамның құқықтық ұйымының пайда болуының, дамуы мен қызметінің арнайы заңдылықтары туралы гуманитарлы ғылым

C) Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік құқықтық құбылыстарының құрылу, даму және қызмет етуінің тарихи-теориялық жолдарының жалпы заңдылығы туралы білім жүйесі

D) құқықтық мемлекеттің адам және азаматтардың материалды және материалды емес игілігін, осылардың арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды ғылым

E) мемлекеттік басқару саласында пайда болатын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге бағытталған құқықтық жүйенің дербес саласы
$$$ 2

Мемлекет және құқық теориясының пәні:

A) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтары

B) мемлекеттік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мен дамудың негізгі жалпы заңдылықтарын зерттеудің белгіленген теоретикалық қағидаларын, логикалық әдістері мен әлеуметтік тәсілдер жиынтығын қолдану

C) мемлекеттік-құқықтық қатынастар

D) азаматтармен өз құқыларын жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар

E) мемлекет дүниежүзілік қоғамдастық ретінде
$$$ 3

Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі

A) мемлекет және құқықтың пайда болуы, қызмет ету және дамудың негізгі жалпы заңдылықтары

B) білімнің объективті шынайылығын көрсететін, ақиқат білім алу үшін қолданылатын ғылыми әрекеттің қағидаларының, әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы

C) мемлекеттік-құқықтық қатынастар

D) азаматтармен өз құқыларын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар

E) мемлекет дүниежүзілік қоғамдастықтың мүшесі ретінде
$$$ 4

Білім алу үшін ғылымда қолданылатын құрал, тәсіл, ережелер жиынтығы

A) концепциялар

B) әдістер

C) функциялар

D) презумпциялар

E) қағида
$$$ 5

Жалпы ғылымдық әдістер:

A) материалистік, диалектикалық

B) статистикалық, кибернетикалық

C) жүйелілік, қызметтік

D) салыстырмалы-құқықтық, формалды-заңды

E) талқылау, анықтау, жүзеге асыру
$$$ 6

Мемлекет және құқық теориясының әдістері:

A) жалпымемлекеттік, жалпы құқықтық, теоретикалық

B) фундаменталды, қолданбалы, салалық

C) жалпы ғылымдық, жеке ғылымдық

D) жалпы міндетті, жеке міндетті

E) салалық, тәжірибелік
$$$ 7

Заңдық ғылымдар:

A) белгіленген қоғамдық қатынастар берілген нақты қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттерінің байланысы

B) құқықтық құбылыстардың қызмет етуінің кейбір заңдылықтары туралы білім жүйесі

C) мемлекеттік құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет ету туралы білім жүйесі

D) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және әрекет етуінің жалпы және жеке саяси заңды заңдылықтары туралы білімдер жүйесі

E) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет етуі туралы білім алу үшін ғылымда қолданылатын әдістер, тәсілдер жиынтығы
$$$ 8

Тарихи-теоретикалық заңдық ғылымдар:

A) мемлекет және құқық тарихы және криминология

B) мемлекет және құқық теориясы және Қазақстан тарихы

C) қылмыстық атқару құқығы және әкімшілік құқық

D) саяси және құқықтық білімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясы

E) мемлекет және құқық теориясы, халықаралық құқық
$$$ 9

Салалық заңдық ғылымдар:

A) криминология, прокурорлық қадағалау, криминалистика

B. рим құқығы, шет мемлекеттерінің конституциялық құқығы

C) мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқық тарихы

D) азаматтық құқық қылмыстық құқық, еңбек құқығы

E) заңды психологогия, салық құқығы, әкімшілік құқық
$$$ 10

Қолданбалы заңдық ғылымдар:

A) миниципалды құқық, қаржы құқығы, кәсіпкерлік құқық

B) мемлекет және құқық теориясы, саяси-құқықтық білімдер тарихы

C) криминалистика, заңдық психология, соттық психиатрия

D) криминология, прокурорлық қадағалау, әділ сотты ұйымдастыру

E) азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы
$$$ 11

Мемлекеттің пайда болуының себептері

A) саяси, мәдени

B) идеологиялық, діни

C) салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық

D) зайырлық, құқықтық, демократиялық

E) экономикалық, әлеуметтік
$$$ 12

Мемлекет және құқықтың пайда болуының теориялары

A) әмбебап, органикалық

B) батыстық, шығыстық

C) психологиялық, психиатриалық

D) азиялық, еуропалық

E) патриархалды, органикалық
$$$ 13

Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясының негізін қалаушылар:

A) Покровский, Фильмер

B) Гоббс, Спиноза, Руссо

C) Гумплович, Каутский, Дюринг

D) Энгельс, Маркс

E) Петражицкий, Гуго
$$$ 14

Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар.

А) Покровский, Фильмер

В) Эпикур, Спиноза, Руссо

С) Гумпилович, Каутский, Дюринг

D) Энгельс, Маркс

Е) Петражицкий, Гуго
$$$ 15

Мемлекеттің пайда болуының патриархалды теориясының негізін қалаушылар:

А) Покровский, Фильмер

В) Эпикур, Спиноза, Руссо

С) Гумпилович, Каутский, Дюринг

D) Энгельс, Маркс

Е) Петражицкий, Гуго
$$$ 16

Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы былай деп т.сіндіреді:

А) мемлекет бір тайпаның екінші тайпаны басып алуы нәтижесінде құрылды

В) мемлекет әлеуметтік эволюцияның жемісі, биологиялық организммен тепе-тең

С) мемлекет бұл құдай еркінің жемісі

D) мемлекет табиғи жолмен пайда болды

Е) мемлекет тап күресі нәтижесінде пайда болды
$$$ 17

Мемлекеттің пайда болуының типтік және ерекше нысандары

A) құл иеленушілік

B) шығыстық, оңтүстіктік

C) римдік, афиндік

D) шығыстық, еуропалық

E) батыстық, солтүстіктік
$$$ 18

Мемлекеттік билік рулық биліктен қандай белгісімен ажыратылады:

A) экономикалық жүйесімен

B) биліктің бөлінуімен

C) тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуымен

D) мәдени -білімдік қағидасымен

E) өндіріс нысанымен
$$$ 19

Мемлекет:

A) белгілі аумақта саяси билікті жүзеге асырудың құралы мен әдістерінің жиынтығы

B) мүшелері көзқарастар бойынша біртұтас болып бірігетін мемлекеттік құрылыс нысаны

C) жария - биліктік құзыреті берілген жұмысшы табы жағынан қоғаммен басқаруды жүзеге асыратын саяси биліктік ұйым

D) белгілі аумақта атқару - реттеу қызметін жүзеге асыратын саяси ұйым

E) белгілі аумақта жоғарғы билікпен қамтылған саяси ұйым
$$$ 20

Демократия:

А) басқару нысаны, органдарды ұйымдастыру және қызмет ету тәртібі, құрамы, құзіреті.

В) мемлекеттік құрылыс нысаны, мемлекеттік билікті аумақтық ұйымдастыру.

С) халықты мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде тану, оның саяси шешімдерді қабылдауға қатысудағы құқықтарын тану, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең көлемін жариялау

D) саяси режим нысаны, авторитарлық мемлекеттің бір түрі.

Е) мемлекеттік органдардың депутаттарының жиналысы
$$$ 21

Билік:


А) қоғамды әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі қызметінің бір түрі, адамдардың іс-әрекеттерін басқару мүмкіндігі бар беделді күш

В) бір ерікке сендіру және мәжбүрлеудің көмегімен бағындыратын саяси партияның қызметінің негізгі бағыттарының бір түрі

С) қоғамдағы мемлекеттік билікті ұйымдастыру

D) қанаушы тап тарапынан қоғамды мемлекеттік басқару

Е) өзара байланысты және біртұтас бірлікті қалыптастыратын элементтердің көп түрлілігі
$$$ 22

Қоғам:


А) қоғамның біртұтас саяси ұйымы

В) ұлттық белгісі бойынша тұлғалардың бірлігі

С) тұрақты және объективті сипаттағы көзқарастармен өзара байланысты адамдар жиынтығы

D) заң жобаларын дәл және толық жүзеге асыру нәтижесінде анықталатын қоғамдық қатынастар жүйесі

Е) қоғамдық билік нысаны
$$$ 23

Мемлекет типі:

A) адам әрекетінің жалпылама нормалары мен принциптері

B) адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші әлеуметтік нормалардың жиынтығы

C) сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтардың жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі

D) әр түрлі мемлекеттердің діни, азаматтық, қылмыстық және өзге заңдарының жиынтығы

E) мемлекет органдарын ұйымдастыру мен әрекет етуінің тәртібін жүзеге асырушы мемлекеттік билікті ұйымдастыру
$$$ 24

Мемлекет типі мынадай болады:

А) құқықтық

В) автократиялық

С) унитарлы

D) социалистік

Е) федеративті
$$$ 25

Мемлекеттің формациялық типінің басты факторы:

A) мәдениет деңгейі, дін, адамгершіліктің дамуы

B) климаттық және географиялық жағдай

C) ұлттық ерекшеліктер

D) тұлға бостандығының көріну деңгейі

E) өндірістік қатынастар типі
$$$ 26

Базис:


А) саяси және құқықтық қатынастар жиынтығы

В) мемлекеттің экономикалық құрылысы

С) адамдардың бірлігі

D) ұйымның саяси нысаны

Е) мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы
$$$ 27

Қондырма:

А) саяси және құқықтық қатынастар жиынтығы

В) мемлекеттің экономикалық құрылысы

С) адамдардың бірлігі

D) ұйымның саяси нысаны

Е) мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы
$$$ 28

Өркениеттік мемлекет типінің басты факторы:

A) қоғамдағы өндірістік қатынастардың даму деңгейі

B) тұлға бостандығының көріну деңгейі

C) таптық қайшылықтар мен тап күресі

D) рухани белгілер

E) реттеуші белгілер
$$$ 29

Мемлекет нысанының элементтері:

А) саяси билік, егемендік, басқару нысаны

В) басқару нысаны, саяси режим, мемлекеттік құрылыс нысаны

С) мемлекеттік құрылыс нысаны, биліктердің тәуелсіздігі, саяси режим

D) саяси режим, басқару нысаны, сайлау органдары

Е) басқару нысаны, саяси режим, құқықтық әдет-ғұрып
$$$ 30

Басқару нысаны:

А) мемлекеттің құрамдық бөліктерінің арасындағы, орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын ашатын ұлттық және әкімшілік - аумақтық құрылыс.

В) мемлекеттік және қоғамдық ұйымның, соның ішінде елдің саяси өміріне қатысатын еңбек ұжымдарының барлық ұиымдастырылғен жиынтығын білдіру

С) мемлекеттің пайда болу, қызмет ету және дамуының негізгі жалпы заңдылықтары.

D) мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы.

Е) мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын ұйымдастыру, олардың құрылымы, құрылу тәртібі, құзірет бөлісу және тұрғындармен өзара қарым-қатынасы
$$$ 31

Монархия:

А) жоғарғы мемлекеттік билік сайланбалы органға берілген басқару нысаны

В) жоғарғы мемлекеттік билік билік басында отырған монархқа мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілген басқару нысаны

С) қоғамның саяси ұйымының құрылысы

D) мемлекеттік құрылыс нысаны

E) саяси режим түрі
$$$ 32

Республика:

А) бірқатар мемлекеттердің одағын білдіретін күрделі мемлекет

В) жоғарғы мемлекеттік билік монархқа берілген басқару нысаны

С) жоғарғы мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға берілген басқару нысаны

D) мемлекеттің саяси өмірін білдіретін және қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдардың жүйесі

Е) биліктің қайнар көзі ретінде халықты тануға негізделген мемлекеттің қоғамдық билік нысаны
$$$ 33

Федерация:

А) заңды анықталған бағыныштылыққа ие мемлекеттік құрылымдардан тұратын (одақ, бірлестік) мемлекеттік құрылымның жәй нысаны

В) кейбір мәселелер бойынша мемлекеттердің уақытша одағы

С) кейбір мәселелер бойынша мемлекеттердің тұрақты одағы

D) заңды түрде белгілі дербес ұлттық - мемлекеттік құрылымнан тұратын (одақ, бірлестік) күрделі басқару нысаны

Е) мемлекеттік немесе заңды анықталған дербестікке ие ұлттық-мемлекеттік құрылымдардан тұратын мемлекеттік құрылымның күрделі нысаны
$$$ 34

Унитарлы (біртұтас) мемлекет:

А) бөлігі бір-бірінен тәуелсіз, бөлінген мемлекет

В) белгіленген дербестігі бар мемлекеттік құрылымдардан тұратын біртұтас мемлекет

С) мемлекеттің аумағы әкімшілік - аумақтық бөліністерден тұратын жәй басқару нысаны

D) ұлттық құрылымдардан тұратын және әкімшілік бөліністерге бөлінетін күрделі мемлекеттік құрылыс нысаны

Е) мемлекет аумағы әкімшілік - аумақтық бөліністерге бөлінетін ұлттық - мемлекеттік құрылымның қарапайым, бөлінбейтін, біртұтас нысаны
$$$ 35

ҚР-ның мемлекеттік құрылыс нысаны:

А) федерация

В) конфедерация

С) унитарлы

D) достастық

Е) республика
$$$ 36

Мемлекеттік құрылыс нысаны:

А) орталық және жергілікті биліктердің арасындағы өзара қатынастардың сипаты, мемлекеттің саяси - аумақтық құрылымы

В) мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, соның ішінде мемлекеттің саяси өміріне қатысатын еңбек ұжымдарының барлық жиынтығын ұйымдастырылған түрде білдіру

С) мемлекеттің пайда болу, қызмет ету және дамудың негізгі жалпы заңдылықтары

D) мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы

Е) мемлекеттің мемлекеттік бөліну белгісі
$$$ 37

Саяси режим:

А) мемлекет пен құқықты зерттейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы

В) саяси билікті жүзеге асырудың мазмұны мен сипатын білдіретін әдістері мен тәсілдерің жиынтығы

С) белгілі бір мақсатқа жету үшін биліктік қатынастармен және құрылыммен қамтылған мемлекеттік құрылыс нысаны

D) қоғамда мемлекеттік билікті жүзеге асырылатын органдар жүйесі

Е) мемлекет қызметінің негізгі бағыттары
$$$ 38

Мемлекет саяси режиміне байланысты төмендегідей бола алмайды:

А) демократиялы

В) шығыстық

С) либералды

D) авторитарлы

Е) тоталитарлы.
$$$ 39

Мемлекет функциясы

A) қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, ролін көрсететін әрекеттерінің басты бағыттары

B) қоғамдық қатынастарға мемлекеттік әсер етудің механизмін көрсететін қоғамның саяси жүйесі әрекетінің басты бағыттары

C) мемлекеттің өзге қоғамдық ұйымдарға қатынасын сипаттайды, оның мазмұны мен сипатын көрсетеді

D) жария-биліктік қатынастар мен құрылымдары бар мемлекеттік органдар жүйесі

E) басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын және мемлекеттік режимді қамтитын мемлекеттік билікті ұйымдастыру
$$$ 40

Мемлекет функциясы түрлері:

А) императивті, диспозитивті

В) қамтамасыз етуші

С) өкілеттік етуші

D) ішкі, сыртқы

Е) рұқсат етуші, тыйым салушы
$$$ 41

Қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін мемлекет әрекетінің негізгі бағыттары:

А) мемлекет функциясы

В) мемлекет механизмі

С) мемлекет типтері

D) мемлекет билігі

Е) әлеуметтік билік
$$$ 42

Мемлекеттің сыртқы (қызметі) функциялары:

А) әскери және басқа мемлекеттермен ынтымақтастық

В) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қорғау

С) экологиялық

D) қаржылық, мәдени

Е) әлеуметтік қызмет
$$$ 43

Мемлекет функциясын жүзеге асырудың негізгі нысандары:

А) заң шығарушы

В) атқарушы- жарлық етуші

С) соттық

D) бақылау - қадағалау

Е) құқықтық және ұйымдастырушылық
$$$ 44

Мемлекеттің механизмі:

А) барлық мемлекеттерге тән өте мәнді белгілердің жиынтығы

В) мемлекеттің өз міндеті мен қызметін орындауына көмегі тиетін жалпы қағидалары және түпкі мақсаттардың бірлігімен өзара байланысқан органдар мен мекемелердің жүйесі

С) құқықтық нормаларды бекіту және білдіру әдістерінің жүйесі

D) саяси биліктің қағидасы

Е) өзіндік құқықтық құралдардың арнайы жүйесі ретіндегі қоғамдық қатынастарға нәтижелі және нормативті ұйымдастырылған әсер ету механизмі
$$$ 45

Демократизм, биліктің бөлінуі, субординация және координация, заңдылық, кәсіпқойлық төмендегілердің қайсысының қағидасы

А) саяси жүйенің

В) құқықтың

С) мемлекет механизмінің

D) сот билігінің

Е) мемлекеттік құрылым нысанының
$$$ 46

Мемлекеттік аппарат:

А) мемлекет функциясын жүзеге асыратын шенеуліктердің қызметі

В) федералды аппарат

С) адамдар белгілі бір тобын басқару аппараты

D) мемлекеттік құрылымның элементі

Е) мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыруды тікелей жүргізетін биліктік өкілеттік құзыреті бар органдар жүйесі
$$$ 47

Құзіретінің сипаты бойынша мемлекет органдары төмендегідей болады:

А) құқықшығармашылық

В) өкілеттік

С) федералды

D) алқалы

Е) жалпы, арнайы
$$$ 48

Иерархиясы (орналасу сатысы) бойынша мемлекеттік органдар:

А) құқықшығармашылық

В) жоғарғы, жергілікті

С) федералды

D) алқалы

Е) өкілетті
$$$ 49

Шешім қабылдау тәсілі бойынша мемлекеттік органдар:

А) құқықшығармашылық

В) өкілетті

С) федералды

D) алқалы, жеке

E) заң шығарушы, атқарушы
$$$ 50

Бағыныштылық сипаты бойынша төмендегідей мемлекеттік органды анықтауға болады:

А) құқық шығармашылық, құқық қолданушы

В) өкілетті, атқарушы

С) вертикалды, екі жақты бағынышты.

D) алқалы, жеке

Е) жалпы, арнайы
$$$ 51

ҚР-ның Парламенті:

А) заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы атқарушы орган

В) заң шығару қызметін жүзеге асыратын жергілікті өкілетті орган

С) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асыратын жергілікті заң шығарушы орган

D) заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган

Е) заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы сот органы
$$$ 52

ҚР Президентінің өкілеттік ету мерзімі:

А) екі рет қатарынан.

В) 7 жыл


С) 5 жыл

D) 4 жыл


Е) 65 жасқа дейін
$$$ 53

Вето:


А) қандай да бір шешімге құзіріті бар органмен немесе азаматпен салынған жазбаша тыйым

В) қандай да бір санкцияға құзіретті органмен салынған ауызша тыйым

С) қандай да бір шешімге құзіретті органмен немесе тұлғамен салынған ауызша немесе жазбаша тыйым

D) барлық соңғы жағдайларға күші бар және оларға міндетті ереже, норма болып табылатын нақты істер бойынша мемлекеттің органдарының шешімі

Е) кодификациялық акт
$$$ 54

Мемлекет басшысының лауазымына отырудың салтанатты рәсімі:

А) прерогатива

В) импичмент

С) инаугурация

D) вето


Е) референдум
$$$ 55

ҚР - ның Үкіметі:

А) белгілі аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган

В) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асыратын заң шығарушы биліктің атқарушы органы

С) атқарушы билікті жүзеге асырады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады, атқарушы билік органдары жүйесін басқарады

D) өкілетті органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті билік органы

Е) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын, Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда көрсететін өкілетті орган
$$$ 56

Сот билігі:

А) сот органдарына қадағалауды жүзеге асырады

В) заңға бағынышты нормативті - құқықтық актілерді өмірге келтіреді

С) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асырады

D) әділ сотты жүзеге асырады

Е) соттық нормативті - құқықтық актілерді шығарады
$$$ 57

Мәслихаттың өкілеттік мерзімі:

А) 5 жыл

В) 6 жыл


С) 4 жыл

D) Жаңа сайланған ҚР Президентінің алдында құзіреті тоқтатылады

Е) Үкіметтің құзіретінің мерзіміне сәйкес болады
$$$ 58

Мәслихат:

A) ҚР-ның заңшығарушы биліктің өкілетті органы, депутаттардың жиыны

В) ҚР-ның облыс, аудан, қала, қала ішіндегі аудан аумағындағы атқарушы органы

С) биліктік құзірет берілген лауазымды адам

D) депутаттардың жиыны, облыс, аудан, қала аумағындағы ҚР-ның тұрғындарының өкілетті органы

Е) заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын жалпы ұлттық өкілетті мекеме
$$$ 59

Облыс, республикалық маңыздағы қала және астананың әкімдерінің өкілеттік мерзімі қай уақытта тоқтатылады?

А) 9 жылдан кейін

В) 5 жылдан кейін

С) 4 жылдан кейін

D) Республика Президентінің жаңадан лауазымға отыруы кезінде

Е) жаңадан Премьер Министрдің лауазымға отыруы кезінде
$$$ 60

Азаматтық қоғам:

A) топтық, әулеттік, таптық қатынастармен біріктірілген қоғамның саяси ұйымы

B) өзара байланысты мемлекеттік органдардың жиынтығы

C) мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес органдардың, ұйымдардың, мекемелердің жиынтығы

D) мемлекеттің саяси қызметімен орнықтырылмаған қоғамдық қатынастардың - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, идеологиялық, діни, моралдық - сан алуандығы

E) топтық, әулеттік таптық қатынастармен, отбасы жағдайымен біріккен адамдардың байланыстарының жүйесі
$$$ 61

Құқықтық жүйе төмендегінің пайда болуына себеп болды, ол:

А) әлеуметтік жүйе

В) саяси жүйе

С) экономикалық жүйе

D) анық жүйе

Е) адам
$$$ 62

Саяси жүйенің құрылымы:

А) қоғамның саяси ұйымы, сана, құқықтық нормалар, қатынастар, тәжірибе

В) саяси партиялар, қозғалыстар, шіркеу, жастар ұйымы, кәсіподақ, фермерлер, заңгерлер бірлестігі

С) заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, нұсқаулар

D) депутаттар, президент, министрлер, әкімдер, соттар, адвокаттар

Е) парламент, үкімет, жоғарғы сот, маслихаттар, әкімшіліктер
$$$ 63

Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:

А) саяси бірлестіктер (ұйымдар, партиялар және т.б.)

В) саяси сана

С) саяси қатынастар

D) идеология

Е) пайдалану экономикасы
$$$ 64

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде:

А) қоғамның саяси жүйесінде екінші рөлде

В) мемлекет қоғамның саяси жүйесінде жетекші орынды иемденеді

С) мемлекет, партия, ұйымдар саяси жүйенің тең құқылы элементтері

D) тек мемлекеттік органдар арасындағы қатынастарды реттейді

Е) саяси партиялардан кейін тұрады, олардың басымдылығын таниды
$$$ 65

Зайырлы мемлекет:

А) қоғамда діни бірлестіктер мемлекеттік органдармен бірге саяси билікті жүзеге асырады

В) жариялы - биліктік қатынастар және құрылымдарға ие қоғамдық бірлестіктер

С) мемлекеттік аппараттың дербес түрі, құрылымдық ерекшеленген звено

D) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін биліктік өкілеттік берілген діни бірлестіктердің жиынтығы

Е) діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және мемлекеттік функцияларды орындамайды
$$$ 66

ҚР-ның қоғамдық бірлестіктері:

А) ұйым шеңберінде жария - биліктік құзырет берілген мемлекеттік құрылым нысаны

В) ерікті негізде құрылған әртүрлі мемлекеттердің діни ұйымдары

С) жалпы бір мақсатқа жету үшін құрылған мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жиынтығы

D) заңға қайшы келмейтін бір жалпы мақсатқа жету үшін ерікті негізде құрылған саяси партиялар, кәсіподақтар және басқа да азаматтардың бірлестігі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет