Химия пәнін екі тілде үйрену бағытындағы «Ағылшын тіліндегі бейорганикалық химия терминологиясы» факультативтік курс бағдарламасы мектеп-лицей, гимназиялар мен жалпы орта білім беретін мектептердің химия пәні мұғалімдеріне 9 сыныпта бағдарлама бойынша берілген негізгі тақырыптардағы ұғымдар мен терминдерді ағылшын тілінде үйрену мен сандық есептерді шығарудың алгоритмін тереңірек меңгерту бағытында алынған көмекші құрал болып табылады.
Мазмұны
Түсінік хат..........................................................................................................
Курстың мақсаты, күтілетін нәтиже...................................................................
Курс бағдарламасының мазмұны....................................................................
Курс бағдарламасының тақырыптық күнтізбелік жоспары .....................
Терминдер сөздігі..........................................................................................
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................
«Ағылшын тіліндегі бейорганикалық химия терминологиясы»
тақырыбындағы факультативтік курс
Түсінік хат
Көптілділік –полимәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі таңда білім беру саласында мектептерде функционалды-сауатты, патриотты, жауапты, көптілді меңгерген, креативті және сыни ойлай алатын оқушыларды қалыптастыратын оқу ортасын құрубасты мақсат болып белгіленіп отыр.
Қазақстанның әлемнің білім кеңістігіне толығымен кірігуін халықаралық деңгейге көтеруді талап еткендіктен ағылшын тілі мәселесі елімізде негізгі арқау болып отыр. Ғылымдағы өзгерістер бүгінгі күні жас ұрпаққа іргелі білім мен сапалы тәрбие берудің жаңаша талабын қоюда. Осы орайда -8-9 сыныпта химия пәнінен негізгі ұғымдарды ағылшын тілінде меңгеру бағытында қосымша факультативтік курстар енгізілуде.
Пәнаралық байланысты кеңейтіп, химия пәнін екі тілде үйрену бағытында алынған «Ағылшын тіліндегі бейорганикалық химия терминологиясы» курс бағдарламасын құруда Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылы 10 сəуірде №8424 тіркелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізге алынды.
Бұл бағдарлама 9 сыныпқа бағдарлама бойынша берілген негізгі тақырыптардағы ұғымдар мен терминдерді ағылшын тілінде үйрену мен сандық есептерді шығарудың алгоритмін тереңірек меңгерту бағытында алынған курс болып табылады. Бұлтек ағылшын тілінде терминологияны меңгеріп қана қоймай, бейорганикалық химияның теориялық тақырыптарын терең меңгеруде, оқушылардың әртүрлі тәсілдермен сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіріп, дамытуда маңызды. Бағдарлама мазмұнын құруда оқушылардың 8 сыныпта алған химия, ағылшын пәні бойынша алған негізгі тірек білімдері ескеріліп, сол алған білімдерін 9 сыныпта берілетін түрлі тақырыптар бойынша тереңдетіп, кеңейту бағытында арналды.
Достарыңызбен бөлісу: |