Алдашева камар сагингалиевна


- сөздіктерге қоғам мүшелері мен арнаулы мамандар тарапынан сұраныс  артқан; -



Pdf көрінісі
бет29/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- сөздіктерге қоғам мүшелері мен арнаулы мамандар тарапынан сұраныс 
артқан;
- сөздіктер ақпараттық-анықтамалық құрал жəне ресми аударма ісін 
жүргізудің негізгі құралы ретінде кеңінен пайдаланылады;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл саясатын жүзеге асыру 
мақсаттарында кейінгі жылдары жарияланған сөздіктер реттеу, түзу 
қызметтерімен қатар оқу-ағартушылық, мəдениет пен тарих туралы 
мəліметтерді жинақтаушы жəне одан хабардар етуші танымдық-кумулятивтік 
қызметтерді қоса атқарады. 
Зерттеудің нысаны мен басты бағытын тұжырымдау мақсаттарында соңғы 
25 
жыл 
көлемінде 
жарияланған 
нормативті, 
түсіндірме, 
екітілді 
терминологиялық сөздіктердің материалдары іріктелді [102] .
Емле жəне нормативті орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктерде жаңа 
сөздер нормативті ұстанымға қарай іріктелгендіктен, олар əдеби тілдегі жаңа 
сөздердің барлық көлемін қамти алмайды жəне бұл олардың міндеті де емес.
Жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануының ерекшеліктерін зерделеу 
мақсатында олардың толық сипатын таныта алатын қалыптандырушы қайнар 
көздердің негізгілеріне талдау жасай отырып, Мемлекеттік терминологиялық 
комиссияның, онлайн сөздіктердің жəне ЖОББЖ-дағы мектеп оқулықтарының 
қызметіне тоқталамыз (Сурет 3).


54 
Сурет 3 – Жаңа сөздерді қалыптандыру мен нормаландырудың негізгі 
қайнар көздері 
Қалыптанудың жалпы сипаттамасы заңдастыру ісін жүргізетін (тұтастай 
алғанда, тіл саясатын жүзеге асыратын) органдардың заңды, ресми мəртебесіне 
байланысты. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік 
терминология комиссиясы (əрі қарай – Мемтерминком) 1970 жылдардан бастап 
жұмыс істейді. Комиссия – «экономиканың, ғылымның, техниканың, 
мəдениеттің 
барлық 
салалары 
бойынша 
ұсыныстарды 
əзірлейтін 
консультациялық кеңес органы; одан талқыланып, əзірленген терминдерді өз 
мəжілісінде қарап, бекітеді» [103, 97]. Талқылап, бекіту барысында Комиссия 
қазақ тілінің байырғы лексикалық байлығын термин жасау ісінде сарқа 
пайдалану міндеттеріне айрықша назар аударады. Комиссияның қазақ тіліндегі 
терминдерді қазақыландыру, реттеу, бір ізге түсіру бағыттарындағы көлемді 
жұмыстары айрықша маңызға ие. Комиссия жұмысының статистикалық 
көрсеткіші мыналарды айғақтайды: 1990 жылы 79 сөз (термин) бекітілсе, 2004 
жылы – 399 термин мен терминдік тіркестер, 2006 жылы 865 сөз бен терминдік 
орамдар бекітілген [104]. Бұл факт қазақ терминологиясын қазақыландыру «төл 
тілдің байлығын сарқа пайдалану» жолындағы жұмыстың, қоғам мүшелерінің 
қазақ тіліне деген көзқарастарының бірте-бірте саналылық деңгейіне көтеріле 
бастағаны ескеріле отырып, бірте-бірте қарқынды сипат алып, кезең-кезеңімен, 
дəйекті жүргізілгенін көрсетеді. Мемтерминком тарапынан бекітілген 
терминдер негізінде екітілді – қазақша-орысша жəне орысша-қазақша 
терминологиялық сөздіктің 31 томы жарияланды (2000 жəне 2014 жылдар), 
ғылым мен техниканың, экономика мен мəдениеттің 31 саласын қамтитын 
сөздіктің əрқайсысына 5000-ға жуық термин енгізілген; олардың ауқымды 
бөлігін төл тілдің мүмкіндіктерімен жасалған терминқор жəне күнделікті 
тұрмыстық, əлеуметтік-мəдени атаулар құрайды.
Қазіргі қазақ əдеби тіліндегі жаңа сөздердің жəне ғылыми-техникалық 
терминдердің нормалануы мен қалыптануы үдерістерін зерделеу мүддесінде 
біздің тарапымыздан Мемтерминком бекіткен 31 екітілді терминологиялық 
Жаңа сөздерді 
қалыптандыру мен 
нормаландырудың 
негізгі қайнар 
көздері
Мемлекеттік 
терминологиялық 
комиссия
Мектеп 
оқулықтары
Нормативті 
орфографиялық, екітілді 
түсіндірме жəне онлайн 
сөздіктер 
(www.sozdik.kz)


55 
сөздіктер қатарынан: 1. Əдебиет жəне лингвистика; 2. Биология; 3. География; 
4. Философия жəне саясаттану; 5. Педагогика жəне психология; 6. Мəдениет 
жəне өнер; 7. Іс жүргізу жəне мұрағат ісі; 8. Заң жəне құқықтану; 9.Əскери іс 
жинақтарының материалдары зерделенді; басты мақсат – төл тілдің əлеуетін 
сарқа пайдалану арқылы жасалған жаңа аталымдардың көлемі жөніндегі 
ақпаратты толық қамту арқылы олардың қалыптану мен нормалану 
үдерістеріне талдау жасау. Көрсетілген сөздіктерден төл тілдің əлеуеті арқылы 
жасалған 592 сөз жинақталды. Төл тілдің əлеуеті ретінде: а) байырғы төл 
сөздердің (жергілікті тіл ерекшеліктері, кəсіби лексика, сирек қолданыстағы 
сөздер) терминдік ұғымды иеленуі жəне ə) сөзжасам амалдарымен жасалған 
жаңа сөздер түсіндіріледі [105].
Үкімет тарапынан бекітілген терминологиялық сөздіктер – аса құнды 
еңбектер. Бекітілген терминдердің сөздіктер сериясы: а) соңғы ширек ғасыр 
көлемінде пайда болған, қазақыландырылған ғылыми аталымдарды, басқа да 
мəдени-тұрмыстық атауларды жинақтау, тұтастай алғанда, терминқорды жасау 
жағынан маңызды; ə) оларда жинақталған тілдік фактілер қазақ əдеби тілінің 
коммуникативтік қолданыс аясын кеңейтуге жол ашады; б) ең бастысы – бұл 
еңбек арқылы қазақ тілінің төл тілдік əлеуетінің барлық мүмкіндіктері айқын 
көрінеді. Мысалы, синонимдік қатарлардың ұғымдар берудегі саралануы 
(пікірсайыс – дискуссия; пікірсарап – рецензия; пікірталас – полемика; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет