Қорытынды әріптік баға және ECTS (иситиэс) балл жүйесі бойынша цифрлық эквиваленті
Әріптік жүйе бойынша
|
Баллдың сандық эквиваленті
|
Жалпы балл (%)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
74-79
|
С+
|
2,33
|
70-73
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттандырылмайды
|
F
|
0
|
0-24
|
Электронды журнал бойынша бағалау тәртібі
Барлық балл саны - 1000
Емтиханда алатын балл саны - 400
Семестр көлемінде білім алушы тарапынан меңгерілетін балл саны – 600:
1- рейтингте - 300 балл меңгеріледі
2- рейтингте - 300 балл меңгеріледі
300 баллдың жіктелу реті: 30 балл - сабаққа қатысқаны үшін
270 балл барлық тапсырма түрлерін орындағаны үшін
Практикалық, семинарлық сабақтар, БАӨЖ
|
Аралық бақылау
|
Баллдың сандық эквиваленті
|
Әріптік жүйе бойынша
|
Дәстүрлі жүйе бойынша
|
20
|
70
|
100
|
А+
|
ӨТЕ ЖАҚСЫ ОТЛИЧНО
|
19
|
67
|
95
|
А
|
18
|
63
|
90
|
А-
|
17
|
60
|
85
|
В+
|
ЖАҚСЫ ХОРОШО
|
16
|
56
|
80
|
В
|
15
|
52
|
74
|
В-
|
14
|
49
|
70
|
С+
|
ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ УДОВЛЕТВОРИТЕЛЬНО
|
13
|
46
|
65
|
С
|
12
|
42
|
60
|
С-
|
11
|
39
|
55
|
D+
|
10
|
35
|
50
|
D
|
9
|
34
|
49
|
FX
|
ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАЙДЫ
НЕУДОВЛЕТВОРИТЕЛЬНО
|
0-5
|
0-17
|
0-24
|
F
|
4. Дәрістік сабақ конспектілері
Мәдениет морфологиясы
1. Мәдениет ұғымы және оның мәні.
2. Мәдениеттану пәні, оның құрылымы, негізгі міндеттері.
3. Мәдениеттану қазіргі ғылымдар жүйесінде.
4. Мәдениет тәжірибесінің сабақтастық, мұрагерлік механизмдері.
«Мәдениет» дегеніміз не?
Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты “культура” мен “натураны” қарсы қоюшылық. Көне заманда “культура” деген ұғым “жерді өңдеу” деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э,д. 45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.; б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро – мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).
Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүру мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады: 1) мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау: 2) мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 3) мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, филисофия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.
Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау бар:
1. Адамдарды қалыптастыру қызметі. Бұл – мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. “Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті” (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли – көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
2. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.
Мәдени ақпараттар – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |