ХАТТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
7-сыныпта Ұлы Отан соғысының құрбаны, жалынды, әрі патриот-публицист Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хаты» оқуға, талдауға ұсынылған. Хаттарды оқытуда мына мәселелерге көңіл бөлген жөн:
Жанрлық, композициялық ерекшелігін аңғарту (басқа шығармаларымен салыстыра отырып).
Хаты арқылы хат иесінің көңіл күйіне назар аударту. Мысалы, «Шығыс ұлына хат» аса көтеріңкі көңіл күймен, асқан сеніммен, халқьша, бүкіл Шығыс ұлына арнау мәнінде
жазылған. Хаттың ерекшелігі - жалынды үнінде, Шығыс ұлымен сырласу сипатында.
Хаттың мазмұнын меңгерту айналасында төмендегідей жұмыс жүргізу керек:
а)Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, оки отырып, түсінік беру, ең басты, түйінді мәселелерге көңіл бөлгізу. Бұл жұмыста мұғалімнің алдын ала жазып әкелген кесте-плакатын
пайдалануға болады.
Үлгі:
Мына нәрселерге көңіл бөл:
Хаттың қанды майдан кезінде Шығыс ұлына арналып жазылуы, Шығыс ұлымен сырласа жазылуы.
Хат жазу, яғни «Шығыс ұлына» деп хат жазу себебі -Бейсенәлінің ерліктері, оны командирдің «Шығыс ұлы» деуі.
«Отан деген - бір-ақ сөз». Оған төнген қауіп.
Ана аманаты. «Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз!» -деген солдат анты.
«Елім-ай» әні - ер анты, ер серті. Ол фашистерді құртуға, аттануға шақырады.
Кішкене бөбек, артта есіп келе жатқан жас буын...Оның жауынгерлерге әл-қуат беруі, үміт нұрын себуі.
Шығыс ұлы - Тарғын, Қобыланды, Махамбет, Абайлар ұрпағы.
Қазақ халқы - «намысқой»; «Өлімнен ұят күшті», -дейтін халық.
Панфиловшы 28 батырлар ерлігі - Шығыс ұлына үлгі.
Шабуылға шығу, жеңіс шабуылына шығу.
ә) Тақырыптың түйінді мәселесі жазылған бұл көрне-ілікті басшылыққа ала отырып, мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, сұрақтар коя отырып, ізінше мазмұндату жұмыстарын жүргізу;
б) өз беттерімен оқуға, ойлана отырып, іштей оқуға жағдай жасау. Бұл жұмыста оқушы көрнекіліктегі дараланып көрсетілген такырыптың түйінді дәнін хаттан тауып, белгілеп отырады;
в) Қайталап, дауыстап оқыту. Оқу барысында негізгі мәселелерге тоқтап, мазмұндай отыру, түсіндіру, сұрақ-жауап тәсілін пайдалану.
г) Оқушы қалауы бойынша өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алуға ұсыну.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Хат кімдерге арналған? Шығыс ұлы кім?
«Дәу қараның» ерлігі туралы не жазылған?
Оны неге «Шығыс ұлы» дейді жауынгерлер?
Ана, Отан аманаты туралы не айтылған?
«Елім-ай» әнінің мәні неде? Хат иесі жауынгерлерді сол әнді айтуға неге шақырады?
Хатта жауынгерлер басынан кешірген ауыр күндер туралы не
айтылған?
Досына қандай талап қояды?
«Жаман солдат болуға құқымыз жоқ!» - дейді. Осы сөздің мағынасын түсіндір.
Хатта қазақтың қандай қасиетті ұлдарының аты аталған? Хат
иесі олардың есімін неге келтірген?
«Өлімнен ұят күшті» деген халық мақалы арқылы хат иесі не айтпақшы болған?
«Мықты бол, Шығыс ұлы» дейді, осы сөздің мәнін түсіндір.
Мазмұнын меңгерту жұмысынан кейін идеялық проблематикасы, тіл ерекшелігіне, жанрлық ерекшелігіне талдау жасау.
Мұғалім әңгімесі, түсінігі мына мәселелерді қамтуы керек:
Баубек Бұлқышев туралы әңгімелеу, оның жалынды серкесөз шебері, патриот болғандығын айту. Оның жазушы Мұқан Иманжановпен ерекше достығын үлгі ету. Соғыстағы ерлігіне тоқталу. Басқа да шығармаларына қысқаша шолу
жасау. Бұл кіріспе әңгімеде оқушыларды қызықтыру үшін, фотосуреттер (Баубек туралы), фактірлер, қосымша материалдарды пайдаланудың тиімділігі зор.
«Шығыс ұлына хаттың» жанрлық ерекшелігін еске
алып, әрі мұндай шығармалардың балаларға бірінші рет беріліп отыруы себепті, әдеби-теориялық ұғым беру (эпистолярлық жанр туралы).
3. Пікірлесу, әңгімелесу әдісі арқылы оқушыларды хаттың негізгі идеясы, ойына үңілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |