Субъектінің бақылауы немесе әсер етуінен тыс қызмет
-
Оқиғалар мен мәміле субъектінің бақылауы мен әсер ету аясынан тыс болуы мүмкін. Оқиғалар, немесе мәміле егер субъектінің шешімі, немесе қаулысы осы мәміле жасау, немесе оқиғаға әсер етпесе субъектінің бақылауы, немесе әсер етуінен тыс деп есептеледі.
Төтенше баптарды анықтау
-
Баптың төтенше немесе төтенше еместігі мәселесін субъектінің операциялық ортасы мен ол қызмет ететін мемлекеттік басқару деңгейі аясында қарастыру керек. Әрбір жағдайда сарапшының бағасы қолданылуы керек.
-
Қоғамдық сектордың немесе мемлекеттік басқару деңгейлерінің кейбір субъектілеріне төтенше басптардың пайда болуына міндетті түрде алып келмесе де, алып келуі мүмкін оқиғалар мен мәмілеге байланысты қаржылай ағындар мысалдары төменде келтірілген:
-
Есептік кезеңнің басында қарастырылмаған және субъектінің қарапайым қызметінің және бақылауының аясынан тыс босқындарға қызмет көрсетумен байланысты қысқа мерзімді қаржылай ағындар. Егер осындай қызметтер бір ғана есептік кезең бойында көрсетілмесе, олар төтенше деп топтастырылмайды; және
-
Табиғи немесе антропогенді апаттарға орай, мысалы, жер сілкінісі салдарынан баспанасыз қалған адамдарға қан беру секілді қызмет көрсетумен байланысты ақшалай қаражаттық ағындар. Осындай жер сілкінісін төтенше деп мойындау үшін, ол орын алған географиялық ауданда да, субъектіге жақын географиялық ауданда да күтілмеуі керек және сәйкес субъектінің жедел көмек көрсету қызметі немесе маңызды қызметтерді қалпына келтіруіне сәйкес субъектінің қарапайым қызметінің аясынан шығуды талап етеді. Субъектіге табиғи апаттардың салдарынан зардап шеккендерге қызмет көрсету бойынша жауапкершік жүктелген жағдайда осы қызметке байланысты шығындар төтенше бап анықтамасы аясына кірмейді.
-
Қызметтің құрылымын өзгерту әдетте қоғамдық сектордың жеке субъекті үшін де, өзіне мемлекеттік органды қосатын жалпы қоғамдық субъект үшін де төтенше болып табылмайтын оқиғаның мысалы болып табылады. Қандай да бір бап төтенше деп танылмас бұрын төтенше бапты анықтау үшін, барлық үш өлшемдерде орындалуы тиіс. Құрылымын өзгерту субъекттің қарапайым қызметінен айқын бөлінуі мүмкін. Бірақ мемлекеттік басқару органдарында құрылымын өзгерту жиі болып тұруы мүмкін. Құрылымын өзгерту әдетте жалпықоғамдық субъект әсері аясында болуы маңызды. Құрылымын өзгерту үкіметтің басқа деңгейімен, немесе сыртқы реттегішпен, немесе басқа сыртқы билікпен жүзеге асқанда жалпы қоғамдық субъект бақылуы мен әсері аясынан тыс деп жүйеленуі мүмкін.
-
Әрбір төтенше баптың сипаты мен сомасын анықтау қаржылай түсімдер және төлемдер есебінің өзінде немесе қаржылық есепке түсініктеме хат ретінде құрастырылған басқа да қаржылай есептерде көрсетілуі мүмкін. Субъект, сонымен қатар, қаржылай түсімдер есебінде және төлемдерде төтенше баптардың жалпы сомасын ашу туралы шешім қабылдауы және анығырақ түсініктеме хатында жазуы мүмкін.
Әкімшілік сипаттағы операциялар
2.1.15 Қаржылық есеп түсініктеме хатында субъектке оның бақылауынан тыс болған жағдайда басқа субъекттердің агенті ретінде ақшалай қаражаттардың ағымдық сипаты мен ақшалай қаражаттардың сипатын және ақшалай қаражаттардың қалдығы көлемін ашу рұқсат етілген.
2.1.16 Басқа субъекттерден агент ретіндегі субъекттің басқаратын мәмілелерімен байланысты ақшалай қаражаттардың ағымы есеп беруші субъект бақылайтын банктік есеп арқылы өтпеуі мүмкін. Осындай жағдайда субъект өзі басқаратын ақшалай қаражаттардан өз мақсаты үшін пайдаланып, немесе басқа да пайдаға асыра алмайды. Осы ақшалай ағымдарды субъект басқармайтын болғандықтан ақшалай түсімдер және төлемдер немесе құрылуы мүмкін қаржылық есептердегі жалпы соммаға қосылмайды. Дегенмен де, негізгі түрлері бойынша осы мәмілелердің көлемі мен сипатын ашуға рұхсат етілген, өйткені субъект қызметінің көлемі туралы қажетті ақпарат ашуға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде субъект қызметін бағалау үшін, маңызды орынға ие.
2.1.17 Егер осындай ақшалай түсімдер мен төлемдер субъект басқаратын банктік есеп арқылы өтетін болса, олар ақшалай қаражаттардың ағымы ретінде қарастырылады және субъектінің ақшалай қаражаттарының қалдығы ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы есептегі жалпы сомаға қосылады. Осы Стандарттың 1-бөлімнің 1.3.13 (a) параграфы нетто-негіздегі ақашалй түсімдер мен төлемдерді көрсетеді. 2.1.18-тен бастап 2.1.22-ге дейінгіпараграфтар ақшалай түсімдер, төлемдер және қалдықтарға қатысты басшылықты қамтиды, олар:
(a) Үкімет немесе үкімет субъектісі бақылауы мүмкін және осы Стандарттың 1-бөліміне сәйкес ақшалай түсімдер және төлемдер туралы есепке қосылады; және
(b) Құрастырылуы мүмкін ақшалай ақаражаттардың және төлемдердің немесе басқа да қаржылық есептерге қосылмайтын әкімшілік мәмілелер болып табылады, бірақ оларды ашуға рұқсат етілген.
Табыстарды жинау
2.1.18 Қоғамдық сектордың субъектілері ақшалай қаражатарды бақылай алады, немесе ақшалай түсімдер, немесе төлемдерді үкімет, немесе басқа да үкіметтер, немесе үкіметтік субъектілер атынын басқара алады. Мысалы, Салық органына (немесе табыстар туралы Комитетке) жеке банктік есеп пен өз ісін қаржыландыру үшін ақшалай бөлінуі мүмкін. Органның функциясына салық туралы заңнаманың кейбір тұстарын басқару кіреді және үкімет атынан салық жинау да кіруі мүмкін.
2.1.19 Салық органы оған бөлінген және ол басқаратын банкте орналасқан есептегі ақшалай қаражаттарды өзінің операциялық мақсаттары үшін пайдалануы мүмкін және басқа мақсаттарға оларды пайдаланып, олардан табыс табуға жол бермейді. Осындай жағдайда орган өзіне қолданысқа бөлген қаражатты бақылауда ұстайды. Бірақ үкімет атынан салық жинау шаралары арқылы орган жинайтын ақшалай қаражаттар әдетте белгілі бір үкіметтік мақсатты бағытталған қорда депонирацияланады, немесе Қазыналық, немесе соған сәйкес орган басқаратын мемлекеттік банк есебіне аударылады. Осындай жағдайларда жиналған ақшалай қаражаттар салық жинау органының мақсаттары үшін пайдаланылмайды, немесе белгілі бір себепсіз соған сәйкес органның қалауы бойынша, немесе үкіметтің, немесе соған сәйкес органның арнайы нұсқауысыз жұмсалмайды. Сөйтіп, жиналған ақшалай қаражаттар салық органымен басқарылмайды және ақшалай түсімдерді немесе ақшалай қаражаттардың қалдығын құрамайды. Үкіметтің шешімініе сәйкес жиналған қаражаттың кейбір бөлігі қаржылық бөлуге немесе органның өзімен қолдануға берілуі мүмкін. Бақылаудың пайда болуына алып келетін жағдай ол ақшалай қаражаттарды жинау емес, бірақ үкіметтің Салық органына ақшаны жұмсауға рұқсат беру туралы шешімі болып табылады.
2.1.20 Осындай жағдайлар егер бір үкімет, мысалға, мемлекеттік немесе жергілікті басқару органы үкіметтің басқа тұлғасынан (мысалға, ұлттық үкіметтен) ақшалай қаражаттарды жинауды жүзеге асырады. Осындай жағдайларда үкімет ақшалай қаржаттарды жинау агенті ретінде қызмет атқарады. Агент ретінде жүзеге асырған операциялар нәтижесінде пайда болатын ақшалай қаражаттар табыс бойынша комиттің банктік есебіне салынбайды және сондықтан да ақшалай қаражаттардың, төлемдердің немесе есеп беруші субъектінің ақшалай қалдықтарының бөлігі болып табылмайды.
Ақшалай қаражаттардың “тесік” ағымдары
2.1.21 Кейбір жағдайларда басқа субъектінің агенті ретінде үкімет немесе үкімет субъектісі атқаратын табыстарды жинаудың әкімшілік тәртібі жиналған бірінші реттік қаржыларды ақырғы алушыға ауыстырғанға дейін банктік есептерінде сақтауды қамтиды. Осындай мәмілелердің нәтижесінде пайда болатын ақшалай қаражаттардың ағымын кейде ақшалай қаражаттардың «Тесік» ағымы деп аталады. Осындай жағдайларда субъект:
(a) Ол агент ретінде жинайтын ақшалай қаражаттарды бақылайды, және әдетінше ақшалай қаражаттарды үшінші субъектіге ауыстырғанша аз ғана кезеңге банктік есепке орналастырылады;
(b) Пайыздық пайда алып келетін есепке депозиттік салымға салынған кез келген соммадан кез келген пайданы басқа субъектке ауыстырғанға дейін алады; және
(c) Заңнамалық талаптар немесе әкімшілік шараларға сәйкес үшінші субъектілерге жиналған ақшаларды ауыстыру бойынша мәнге ие.
Есеп беруші субъектінің бақылайтын агентінің жасаған мәмілелерінен түскен Осы Стандарттың 1 бөлімінің 1.3.4 (a)(i) параграфтарындағы ақшалай түсімдер және төлемдер туралы есеп туралы салық жинаудың нәтижесі болып табылатын ақшалай түсімдер, ақшалай аударымдар және ақшалай қалдықтар ақшалай қаражаттар банктік есеп арқылы өтеді. Осы Стандарттың 1 бөлімінің 1.3.13 (a) параграфы өзге жақ тұлғаларының қаржылық есептерде көрсетілген субъектілері жүргізген мәмілелерінің нәтижесі болып табылатын ақшалай түсімдер мен төлемдерді нетто-негізде құрастыруға болатынын анықтайды.
Трансферттік төлемдер
-
Үкіметтің мақсаты, заңнаманың немесе басқа өкілеттіліктерге (министрлік, агенттік және т.б.) сәйкес субъектіге бөлінген қаражаттар басқа тұлғаларға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, зейнеткерлер мен мүгедектерге, көп балалы отбасыларға берілетін сомалар және басқа да әлеуметтік төлемдер өзіне қосылады. Кейбір жағдайларда осы қаражаттар субъект бақылайтын банктік есеп арқылы өтеді. Осындай жағдайлар жүзеге асқанда субъект өзіне есептік кезең бойында беруге бөлінген ақшалай қаражаттарды, болашақта берілуге тиіс есептік кезеңнің соңына қарай қалатын есептік кезең бойында берілген сомаларды мойындайды.
Ақашалай қаражаттардың негізгі ағымдарын анықтау
2.1.23 Ақшалай түсімдер және төлемдер немесе қаржылық есеп немесе есептерге қосымшаларда туралы есепте төмендегі ақпараттар келтірілген:
(a) Сыныптастыруды пайдалана отырып, үшінші жақ тарапынан ақшалай төлемдер мен төлемдерді, немесе төлемдер сипатына негізделген, немесе субъект ішіндегі функцияларды қажетінше толық сараптау үшін; және
(b) Қарыздардан, қарыздардан алынған түсімдер түрі мен қайнар көздері бойынша түсімдер.
-
2.1.23(a) параграфтарда ұсынылған сынып параграфтары ақшалай түсімдер және төлемдер туралы есепте осы Стандарттың 1-бөлімінің 1.3.12 және 1.3.24 – параграфтары талаптарына сәйкес келтірілуі мүмкін. Ақашалай түсімдер мен төлемдер туралы есепте артүрлі негізді пайдалану кезінде қосымша ықшамдалған ашулар ұсыну керек. 2.1.23(a) параграфтарда келтірілген ашулар жеке есеп ретінде немесе қаржылық есепке түсініктеме хат ретінде ұсынылуы керек.
2.1.25 Ақшалай төлемдер мен үшінші субъектілер арасында өндірілген төлемдер есеп беруді жақсарту үшін, осы бағытталған негізгі мақсаттарды анықтау арқылы сыныптық параграфтарға бөлуге болады. Сонымен қатар, арнайы бағдарламаларға шығындар мен шығындарды өтеу үшін, есеп беруші субъектінің қызмет түрлеріне немесе басқа да сәйкес сегменттеріне бөлуге болады. Субъектіге төменде келтірілген екі әдістерінің негізінде берілген ақпаратты ұсынуға рұқсат беріледі:
-
Алғашқы әдіс төлемдер сипатына негізделген әдіс ретінде танымал. Ақшалай қаражаттардың түсімі және сипатына сәйкес төлемдер (мысалы, материалдырды сатып алу, көлік шығындары, жалақы) есебінде бірігеді және субъект аясында әртүрлі функцияларға қайта бөлінеді. Төлемдер сипаты әдісі негізінде жүйеленудің мысалы:
|
Ақшалай төлемдер
|
Үшінші жақ тарапынан жүргізілген төлемдер
|
Жалақы
|
(Х)
|
(Х)
|
Көлік шығындары
|
(Х)
|
(Х)
|
Капитал алу
|
(Х)
|
(Х)
|
Қарыздар бойынша шығындар
|
(Х)
|
(Х)
|
Басқа
|
(Х)
|
(Х)
|
Төлемнің жалпы соммасы
|
(Х)
|
(Х)
|
2.1.27 Екінші әдіс жүйелеудің функционалды әдісі деп аталады және ол төлемдерді ол бағытталған бағдарламалары немесе мақсаттарына сәйкес бөледі. Осы әдіс қолданушыларды сенімді ақпаратпен қамтамасыз етеді, дегенмен функциялары бойынша төлемдерді жүзеге асыру ерікті және пікірге көбірек мүмкіндік береді. Төменде ақшалай қаражаттардың фукцияналды жүйеленуінің мысалы келтірілген:
|
Ақшалай төлемдер
|
Үшінші жақ жүргізген төлемдер
|
Денсаулық сақтау
|
(Х)
|
(Х)
|
Білім
|
(Х)
|
(Х)
|
Капитал алу
|
(Х)
|
(Х)
|
Қарыздар бойынша шығын
|
(Х)
|
(Х)
|
Басқа
|
(Х)
|
(Х)
|
Төлемдердің жалпы сомасы
|
(Х)
|
(Х)
|
2.1.28 Осы әдіске сәйкес субъект орындайтын негізгі функциялармен байланысты ақшалай төлемдер жеке көрсетіледі. Берілген мысалда субъект денсаулық сақтау мен білім беру аясында қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді атқарады. Субъект әрбір функциясы бойынша ақшалай төлемдердің баптарын ұсынуы тиіс.
2.1.29 Атқаратын қызметі бойынша ақшалай төлемдерді жүйелейтін субъектілер қызметкерлерге еңбек ақысы мен басқа да төлемдерді қоса есептегенде төлем сипатына қарай қосымша ақпараттың ашылуына рұқсат береді.
2.1.30 Осы Стандарттың 1-бөлімінің 1.3.12-параграфы субъектінің ақшалай түсімдерінің жалпы көлемі туралы, оларды сәйкес жүйелеу әдісін пайдалана отырып, топшаларға бөліп, ақпаратты ашуды талап етеді. Ақшалай түсімдердің топшаларға жүйеленуі осы қаражаттардың көлемі, сипаты және қызметіне байланысты. Сыртқы көмектен келіп түсетін және қарызға алынатын сомаларды ашуға қосымша ретінде төмендегі топшаларды қолдануға болады:
(a) Салықтан түсетін қаражат (олар әрі қарай салық түрлеріне қарай бөлінуі мүмкін);
(b) Жинақ, айыппұл, жаза және лицензия беруден түскен түсімдер;
(c) Тауарлар мен қызметтер сату және қолданушы жарнасын қоса есептегенде айырбасталатын операциялардан келіп түскен қаржылар (егер олар айырбасталатын операциялар деп жіктелсе);
(d) Сыртқы көмек аясында гранттар мен қарыздар берілген мақсаттар; осы қызметті ұсынушылар мен ұсынылған соммалар;
(e) Гранттардан, трансферттерден немесе бюджеттік бөлінген қаржылардан түскен қаржылар (мүмкін қайнар көзі бойынша жүйеленген);
(f) Пайыздар мен девиденттерден түскен қаржылар; және
(g) Сыйлықтар мен қайырымдылықтан түскен қаржылар.
Байланысқан тараптар туралы ақпаратты ашу
2.1.31 Қаржылық есепке, Қоғамдық Сектор үшін Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты –Стандарт 20 – байланысқан жақтар туралы ақпаратты ашу талап ететін ақпараттарға түсініктеме хаттарда ашу субъект үшін рұқсат етілген.
2.1.32 20 Стандарт - Қоғамдық Сектор үшін Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты сериясында есептеу әдісі бойынша байланысқан жақтар туралы ақпаратты ашумен байланысқан жақтарға және басқа да сәйкес терминдермен байланысқан жақтар қатынасы және негізгі басқару қызметшілерінің жалақыларының жалпы көлемі туралы ақпаратты қоса есептегенде, байланысқан жақтар арасындағы транзакциялар туралы ақпараты ашуды талап етеді.
Активтер, міндеттемелер туралы ақпаратты ашу және оны бюджетпен салыстыру
2.1.33 Субъектке қаржылық есепке түсіндірме хатта келесі ақпаратты ашу рұқсат етілген:
(a) Активтер туралы және субъектінің міндеттері туралы ақпарат; және
(b) Егер субъект өзінің бекітілген бюджетін жарияламаса, оны бюджетпен салыстыру.
-
Үкіметтер мен үкіметтік субъектілер ақшалай қаражатқа қосымша қорлардың әдеуір бөлігін басқарады және оларды қызмет көрсетудегі мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланады. Олар сондай ақ өз қызметін қаржыландыру үшін, несиелер алады, басқа да қарыздар жинақтайды және өз қызметінің барысында қаржылық міндеттемелерді алады, сондай ақ күрделі активтерді алуға қаражат жұмсау бойынша міндеттемелерді көтереді. Ақшалай емес активтер мен міндеттемелер бухгалтерлік есептің кассалық әдісіне негізделіп жасалған, ақшалай қаражат түсімі мен төлемдер туралы немесе басқа да қаржылық есептерге енгізілмейді. Дегенмен, үкіметтер өз қарыздарының, басқа да міндеттемелері мен ақшалай емес активтерінің есебін жүргізеді, оларды бақылауға алып, басқарады. Белгілі бір бағдарламалар мен қызмет түрлері үшін активтер мен міндеттемелер, шығындар туралы ақпаратты ашып көрсету жауапкершілікті көтереді және осы Стандарт оны құптайды.
-
Осындай ашып көрсетуді жүзеге асыратын субъектілер, мысалы келесі жолмен активтер мен міндеттемелерді айқындауға итермеленеді:
(a) Алынатын активтер, инвестициялар немесе жылжымайтын мүлік пен жабдықтар; және
(b) Төлеуге берілетін шот, қарыздар түрлері мен басқа да борыштар секілді міндеттемелер.
Осындай ашып көрсету барлық уақытта толық ақпарат бере бермейтіндіктен, субъектілердің оларды ары қарай дамытып, оларды негізге алуы құпталынады. Осы Стандарттың 1-бөлігіндегі 1.3.5 және 1.3.37-параграфтарының талаптарын орындау мақсатында, осы ашып көрсетулер қаржылық ақпаратқа қойылатын талаптарға сәйкес келуі және нақты жазылып берілуі мен түсінікті болуы тиіс. Есептеу әдісіне негізделген ҚСҚЕХС, атап айтқанда 13 Стандарт «Жалгерлік», 17 Стандарт «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» және 19 Стандарт «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» субъектілер үшін активтер мен міндеттемелер туралы қосымша ақпараттарды ашып көрсететін пайдалы нұсқаулықтар ұсына алады.
Бюджеттермен салыстыру
2.1.36 Қоғамдық сектордың субъектілері, тәртіп бойынша, әрекетке заңды түрде енгізілетін бөлінген қаражат немесе басқа да бюджеттік құзыреттіліктердің формасындағы бюджеттік шектеулерге байланысты болып келеді. Қоғамдық сектордың субъектілерімен әзірленетін қаржылық есептіліктің мақсаттарының бірі – ақшалай қаражаттардың заңды бекітілген бюджетке сәйкес алынғаны және қолданылғаны бойынша есеп беру болып табылады. Кейбір мемлекеттерде бұл талап заңнама арқылы қарастырылған. Бекітілген бюджетті жариялайтын субъектілер осы Стандарттың 1 бөлігінің 1.9.1–1.9.4 параграфтарының талаптарын сақтауы қажет. Осы Стандарт қаржылық есептілікке басқа субъектілер арқылы (яғни бекітілген бюджеттерді жарияламайтын субъектілер) қаржылық есептілік пен бюджет бірыңғай есепке алу әдісін қолдану арқылы құрылған болса, есептік мерзімдегі нақты және бюджеттік сомаларды салыстыру бойынша ашулардың енгізілуін марапаттайды. Басқа субъектілердің бюджеттеріне қатысты есептілік төмендегілерді қоса, әр түрлі әдістермен ұсынылуы мүмкін:
(a) Бюджеттік және нақты сомалар бойынша жеке бағандары бар түсіндірме жазбахатты дайындау. Толық ақпаратты ұсыну мақсатында бюджет пен бөлінген қаражат арасындағы кез келген айырмашылықты көрсете отырып, жеке ұяшықты құруға болады; және
(b) Бюджеттік сомалардың жоғарылағандығы туралы бюджеттік ақпаратты ашып көрсету. Егер бюджеттік, немесе бөлінген қаражаттардың сомасы жоғарылаған болса, немесе төлемдер бөлінген қаражаттарды ескерусіз, немесе кез келген басқа формада орындалған болса, онда бөлшектері қаржылық есептіліктің сәйкесінше тармағы бойынша түсіндірме жазбахатта ашып көрсетілуі мүмкін.
-
Өзінің қаржылық есептілігінде нақты және бюджеттік сомалардың салыстырылуын ашып көрсеткен субъектілер, сервистік жетістіктер туралы ақпараттан тұратын есептерге қиылыстырылған сілтемелерді қаржылық есептілігіне қосқаны үшін марапатталады.
-
Көпжылдық бюджеттерді қабылдайтын субъектілер бюджеттік мерзімнің қарсаңында бюджеттік және нақты сомалар арасындағы өзара байланысқа қатысты түсіндірме жазбахаттарға қосымша ақпаратты ашып көрсеткені үшін марапатталады.
-
Сервистік жетістіктер туралы ақпаратты қосатын қосымша бюджеттік ақпарат қаржылық есептілікпен қатар басқа құжаттарда да ұсынылуы мүмкін. Өзінің қаржылық есептілігінде нақты және бюджеттік сомалардың салыстырылуын ашып көрсеткен субъектілер бюджеттік және нақты мәліметтерді қаржылық емес бюджеттік мәліметтер мен сервистік жетістіктермен байланыстыру мақсатында мұндай құжаттарға қиылыстырылған сілтемелерді қаржылық есептілікке қосқаны үшін марапатталады.
-
Осы Стандарттың 1.9.32-параграфында белгіленгендей, субъектілер көпжылдық бюджеттің шегінде жылдық бюджетті анықтау үшін, әр түрлі тәсілдерді пайдалана алады. Көпжылдық бюджеттер қабылданған жағдайда, субъектілер көпжылдық бюджет, жылдық бюджет компоненттері мен бюджеттік мерзім қарсаңындағы нақты сомалар арасындағы өзара байланыс сияқты сұрақтарға қатысты қосымша ақпаратты ашып көрсеткені үшін марапатталады.
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
-
Субъект қаржылық есептіліктегі түсіндірме жазбахатқа келесі ақпаратты ашып көрсеткені үшін марапатталады:
(a) Бақыланатын субъектілердегі меншік үлесінің пропорциясы, егер бұл үлес акциялар түрінде болса, дауыс беру құқығы болады (өзіндік үлестен ерекшеленетін болса ғана);
(b) Мұнда қолданылады:
(i) Кез келген бақыланатын субъектінің атауы, мұнда бақыланатын субъект бақылаудың қалай жүргізілетініне қатысты қосымша ақпаратты ұсынумен бірге 50% немесе одан кіші мөлшерде өзіндік үлесі мен дауыс беру құқығына ие болады; және
(ii) Бақыланатын субъектінің өзіндік үлесі 50 %-дан асатын кез келген субъектінің атауы, алайда, ол бақылаудың неліктен жүзеге асырылмайтындығы туралы ақпаратты ұсынатын бақыланатын субъект болып табылмайды; және
(c) Субъектінің жеке қаржылық есептіліктері, бақыланатын субъектілер бойынша есепке алу әдісінің сипаттамасы.
-
Қаржылық түсімдер мен төлемдер туралы шоғырландырылған қаржылық есепті ұсынбайтын бақылайтын субъект шоғырландырылған қаржылық есептің неліктен ұсынылмағаны бойынша себептерді және бақыланатын субъектілер жеке қаржылық есепте ескерілмеуі бойынша әдістерді ашып көрсеткені үшін марапатталады. Сонымен қатар, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялайтын бақылаушы субъектінің атауы мен негізгі мекен-жайын ашып көрсеткені үшін де марапатталады.
-
Осы Стандарттың 1-Бөлімінің 1.6.20 (b) параграфы талап еткендей, бақыланатын субъектінің есебі шоғырландырылмауының себептері ашып көрсетілуі тиіс. Стандарттың 1–1.6.7 және 1.6.8-параграфтары белгілегендей, толық меншігі бар бақылайтын субъект немесе нақты түрдегі толық меншіктегі бақылаушы субъект шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынуы қажет емес. Мұндай жағдайда субъектілер жоғарыда 2.1.42 – параграфта келтірілгендей, ақпаратты ашып көрсеткені үшін марапатталады.
Бақыланатын субъектілерді және басқа да операциялық бөлімшелерді сатып алу және жүзеге асыру
-
Бақыланатын субъектілерді немесе басқа операциялық бөлімшелерді сатып алу және жүзеге асыру бойынша операциялардың нәтижесі болып табылатын ақшалай қаражат ағындарының жалпы көлемі туралы ақпаратты ашып көрсеткені және жеке ұсынғаны үшін субъект марапатталады.
-
Субъект келесі тармақтар бойынша белгілі бір мерзім қарсаңында бақыланатын субъектілерді немесе басқа операциялық бөлімшелерді сатып алу және жүзеге асыру бойынша операциялардың нәтижесі болып табылатын жалпы соманы қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбахатында ашып көрсеткені үшін марапатталады:
(a) Сатып алу және жүзеге асыру кезіндегі төлемнің жалпы сомасы (ақшалай қаражаттарды немесе басқа активтерді қоса алғанда);
(b) Ақшалай қаражаттармен орындалған сатып алу және жүзеге асыру кезіндегі төлемнің бөлігі; және
(c) Сатып алынатын немесе жүзеге асырылатын бақыланатын субъектілердің немесе операциялық бөлімшелердің ақшалай қаражаттарының мөлшері.
-
Бақыланатын субъектілерді немесе басқа операциялық бөлімшелерді сатып алу және жүзеге асырумен, активтер және міндеттемелер бойынша сомаларды жеке ашып көрсетумен байланысқан ақшалай қаражаттардың ағындары бойынша нәтижелерді жеке түрде ұсыну ақшалай қаражаттардың берілген ағындарын субъектінің басқа қызметтерінің нәтижесі болып табылатын ақшалай түсімдер мен төлемдерден ажыратуға мүмкіндік береді. Сатумен байланысқан ақшалай қаражаттардың ағындары бойынша нәтижелер сатып алумен байланысқан ағындардан шегерілмейді, бұл тұтынушыларға сатып алу мен сату нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.
-
Сатып алу және жүзеге асыру нәтижесінде алынған немесе шығындалған ақшалай қаражаттардың жалпы мөлшері нетто-негізде ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы есепте көрсетіледі.
-
2.1.33 параграфы субъектінің активтер мен міндеттемелерді ашып көрсетуін марапаттайды. Сатып алынатын немесе жүзеге асырылатын бақыланатын субъектінің немесе операциялық бөлімшенің ақшалай қаражаттарынан басқа субъектінің активтері мен міндеттемелері жеке ашып көрсетіліп, негізгі санаттардың әрқайсысы бойынша қосылуы мүмкін. Осы Стандарттың 1-Бөлімінің 1.3.37-параграфына сәйкес, егер мұндай ашып көрсетулер ұсынылған жағдайда, активтер мен міндеттемелер нақты сәйкестендірілуі тиіс және олар расталып, өлшенетін әдістер сипатталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |